Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать
  1. Қазақстандағы жоғарғы мектеп тарихы, қазiргi жағдайы және даму бағыттары.

Жоғары мектеп – жалпы немесе арнаулы орта дәрежелі білім негізінде жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындарының жалпы атауы. Оларда әр түрлі өнеркәсіптер мен құрылыстар, жол қатынасы, байланыс бөлімдері, ауыл шаруашылығыденсаулық сақтаумәдениетғылым, т.б. салалардағы практикалық, педагогикалық немесе ғылыми қызметке мамандар даярланады. Жоғары мектепке университеттер, политехникалық және салалық (инженерлік, ауыл шаруашылығы ,экономикалықмедициналықзаңпедагогикалық, көркемөнер, т.б.) институттар, академияларжоғары училищелер, т.б. жатады. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, беретін білімнің көлеміне, даярланатын мамандардың біліктілік деңгейіне қарамай, толық орта білім негізінде мамандыққа даярлайтын кез келген оқу орны Жоғары мектеп болып есептеледі. Сондықтан бірқатар елдерде Жоғары мектеп қатарына тек жоғары оқу орындары ғана емес, сонымен бірге техникумдар мен арнаулы орта оқу орындары дәрежесінде кадрлар даярлайтын оқу орындары да жатады.

Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылыми және педагог кадрлар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы , мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. Жоғары оқу орындарыда бар. Б.з.б. Афина мен Римде, б.з. 425 ж. Константинопольде ашылған, өз дәуірі үшін Жоғары оқу орындары болып саналған философиялық мектептер “университет” деп аталды. Нағыз Жоғары оқу орындары түріндегі университеттер 11 – 12 ғ-ларда Италияда (Салерно жәнеБолонья), Францияда (Париж), 12 – 13 ғ-лар аралығында Испанияда (Саламанка), Англияда (Оксфорд) пайда болды. ТМД елдеріндегі алғашқы жоғары мектептерГрузиядағы Колхида (4 ғ.), ИкалтоГермГелат (11 – 12 ғ-лар) академиялары болды. 13 – 14 ғ-ларда АнглияИталияПортугалияИспанияЧехияПольшаГермания, т.б. елдерде университеттер құрылды. 1579 ж. Вильнюс академиясы, 1632 ж. Киев – Могилян академиясы, 1687 ж. Мәскеуде Славян-грек-латын академиясы, т.б. Жоғары оқу орындары құрылды.

17 – 18 ғ-лардағы өнеркәсіп пен мәдениеттің зор қарқынмен дамуы университеттердің және маманданған жоғары мектептердің ашылуына ықпал етті. Ресейде Мәскеу математика және навигация ғылымдар мектебі (1701), Санкт-Петербург теңіз академиясы (1715) мен Тау-кен училищесі (1773), т.б. оқу орындары ашылды. Тұңғыш орыс университеті 1725 ж. Санкт-Петербургте ҒА-ның жанынан (Академиялық университет) ашылды. 1755 ж. М.В. Ломоносовтың ұсынысымен Мәскеу университетінің іргесі қаланды. 1804 ж. Қазан университеті құрылды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде машина өндірісінің дамуына байланысты көптеген елдерде университеттермен қатар инженерлік және басқа да Жоғары оқу орындары ашылды.

Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі Жоғары оқу орындарыдары ретінде ШымкентӘулиеатаТүркістанАқмешіт медреселерін атауға болады. 1919 – 20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл атқарды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы және шаруа жастарына жалпы орта білім беру және Жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік туғызу мақсатында жұмысшы факультеттері ашылды. 1921 ж. ашылған Орынбордағы жұмысшы факультетін С.МұқановҒ.Мүсірепов тәрізді танымал жазушылар оқып бітірді. 1920 ж. қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия университеті) құрылды. Бұл университет Орта Азия мен Қазақстанға маман кадрлар даярлаудың негізгі Орталық болды. Университет жанында қазақ жастары үшін арнаулы даярлық бөлімі ашылды. Одан жүздеген қазақ жастары білім алды. 1920 ж. Ордада Бөкей халық ағарту бөлімі Бөкей ағарту институтын құрды. Сондай-ақ, осы жылдың күзінде Семейде халық ағарту институты құрылса, 1921 ж. Орынборда Қазақ халық ағарту институты (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда (Алматы) Қазақ ағарту институты ашылды.

1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі халық ағарту институты Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылды. Бұл институттың тұңғыш директоры Т.К. Жүргенов болды. Институттың физика-математикажаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық және лингвистика бөлімдері болды. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – 1928 ж. Алматыда ашылған Қазақ педагогикалық институты (Алматы мемлекеттік университеті). Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылар қатарында А.БайтұрсыновМ.ӘуезовС.СейфуллинҚ.Жұбанов, т.б. дәріс оқыды. Бұдан кейін Алматы малдәрігерлік институты (1929), Қазақ ауыл шаруашылығы институты (1930), Қазақ медицина институты (1931), Орал педагогикалық институты (1931) ашылды. 1932 ж. Қазақстанның 6 Жоғары оқу орындарында 2 мың студент оқыды, оның 40,5%-ы қазақ жастары болды. 1934 ж. Қазақ мемлекеттік университеті мен Кен-металлургия институты ашылды. 1950 – 60 ж. АқтөбеАтырауТараз,ҚостанайКөкшетауӨскеменПавлодарПетропавлАқмола (қазіргі Астана) қалаларында педагогикалық институттар, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медициналық институттар, Алматыда халық шаруашылығы, Қарағандыда политехникалық және кооперативтік, Павлодарда индустриалдық, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада инжерлік құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және технология институттары, 1972 ж. Қарағанды мемлекеттік университеті, Арқалық, Талдықорған педагогикалық институттары ашылды.

  1. Білім берудегі қазіргі парадигма. Шет елдердегі жоғары білім беру жүйесіне сипаттама. Қазіргі заманда жоғары білім берудің рөлі.

Парадигма «paradeigma» үлгі, (образец) Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін, болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі. (Т. Кунт)

  1. Дәстүрлі-консервативті парадигма

  2. Технократиялық парадигма

  3. Экзотериялық парадигма

  4. Бихевиористикалық парадигма

  5. Гуманистикалық парадигма

Экзотерикалық парадигма – құпия, жасырын, дін, магия, мистика, қазір космос мәселесіне бой ұрғандарға арналған. Көрсеткіш жеке тұлға жоғалып, өзгеше этика қалыптасады.

Дәстүрлі парадигма. Үш сатыдан тұрады. 1. Базалық білім – оқу, жазу, санау, сауаттылық. Білім беру жүйесі базалық ғылым бөлімдеріне негізделген.

2. Гуманистикалық - Жалпы адамзаттық құндылықтарға көңіл бөлу.

Технократиялық парадигма - Кез келген нәтиже «ия, жоқ», «меңгерді, меңгермеді», «тәрбиелік, тәрбиесіз» деп бағаланады. Қажетті білім, тәртіп туралы ұғым мемлекеттік деңгейде құрастырылады. Көрсеткіші: танымдық қабілетінің деңгейіне сенімсіздік, сынақ алу, рейтінгілік қатар, білім стандарты, еңбек практикасы.

Ұтымдылығы: алгоритмизация, программалау, компьютерлік ойындар, тірек конспектілер. Бихевиористикалық парадигма.

Рационалистік, іс-әрекеттілік. Ішкі әлемге көп көңіл бөлмей, сыртқы бейнесіне көңіл бөледі. Мектеп – ортаға бейімдейтін білім беру механизмі. Мектеп – фабрика, шикізат – оқушы. Мектеп мақсаты – оқушы бойында қалыптастыру.

Көрсеткіші: Қалай телефон соғу керек? Науқас адаммен қалай сөйлесу керек? Жауабын білмесең қалай құтылуға болады? Бұл парадигма бойынша педагогикадағы жаңа ұғымдар: Б.Скиннер «Әлеуметтік инженерия», Б.Блум «Толық меңгеру концепциясы» - орташа және төмен оқушылардың қабілетін қарқынды дамыту.

Гуманистік парадигма. Оқушының интеллектуалдық қажеттіліктерімен аралық қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамыту. Өмірге бейімдеу арқылы жеке тұлғаның өсуіне жағдай тудыру. Адамға өзін-өзі, шындықты тануға деген жолды көрсету.

Білім беру мазмұнын жаңарту: жеке тұлғаға негіздеу; құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам идеясы; зерттеу, жоба, өздігінен білім алу әдістерін қолдану; таңдау мүмкіндігі; экономикалық білім; шет тілін меңгеру; ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану; жоғары сыныпта кәсіби оқыту; қоғамның рөлін күшейту (ата-ана).

Жаңашыл мектепте білім беру мазмұнын жаңарту не арқылы іске асады? жаңа технология, әдіс, құрал, форма; бағдарлама, жоспар, оқулық; педагогикалық жүйе; конференция, олимпиада, интеллектуалды сайыстар.

Нәтижеге бағытталған білім беру моделі (ООР): Компенттілік (құзіреттілік) – меңгерген білімі мен тәжірибесін әр түрлі өмірлік жағдайда қолдана алу қабілеттілігі.

Білім беру парадигмаларының сипаттамалары

Классикалық парадигма

Жаңа парадигма

Білім берудің негізгі міндеті: өскелең ұрпақты дайындау

Білім берудің негізгі міндеті: жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру жағдайын қамтамасыз ету

Адам - қарапайым жүйе

Адам - күрделі жүйе

Білім - өткен шақ тәжірибесінен

(«еске алу мектебі»)

Білім – болашаққа бағдар

(«ой-өріс мектебі»)

Білім беру – білім, білік, дағдылардың белгілі үлгілерін оқушыға беру

Білім беру - адам өз санасында әлем бейнесін жасау оны пәндік, әлеуметтік, рухани мәдениетпен ұштастыруы

Оқушы – педагогикалық ықпал ету обьектісі

Оқушы – танымдық іс-әрекеттің субъектісі

Субъект-объектілік, педагог пен оқушының монологиялық қатынасы

Субъект-субъектілік, педагог пен оқушының диалогтық қарым- қатынасы

Оқушының “жауап берушілік”, репродуктивті іс-әрекеті

Оқушының белсенді, шығармашылық іс-әрекеті

Білім берудің жаңа парадигмасы– жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, инттеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық мектепте ғылыми-әдіснамалық негізделген білім берудің концептуалдық моделі деген анықтама берілді.

Инновациялық креативті білім беру– қазіргі мектептерде оқытудың шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделу арқылы танылатын әрбір жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттайтын интеллектуалдық процесс.

Креативтілік– рухани құндылықтарды жасаушы және жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту шарты бола отырып, рефлексия мен субъективтік өзін-өзі бағалау негізінде жаңа нәтижелерге жетуде шығармашылыққа қабілеттілігінен көрінетін сапалық қасиеті.

Шығармашылық іс-әрекет - мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.

  1. ЖМ-гі педагогикалық ғылымдардың әдістемесі

Педагогикалық әдістер[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады

Бақылау әдісі

Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу.

Бақылау құралдары:

  • оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау;

  • тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме, жүргізу;

  • оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп жасаулары.

Байқап көру мен қателер әдісі

Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі.

Жобалар әдісі

Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік мектептерде кең қолданылған.

Рейтинг әдісі[өңдеу] #

Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданылады.

Басқару әдісі[өңдеу] #

Басқару субьектісінің баскау обьектісіне мақсатты түрде әсер етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы.

Білім берудегі әдістеме[өңдеу] #

Білім берудің жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің нақты тәсілдерін, жолдарын, техникаларын сипаттау.

Әдістемелік жұмыс[өңдеу] #

Білім беру мекемелерінде оқытушылар мен тәрбиешілердің үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу әдістемелік процесті жоғары деңгейге жеткізу мен сол дәрежеде ұстауға бағытталған. Ол оқу жылы бойы жұргізіледі және педагогтердің күнделікті тәжірибесімен шектес орындалады Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық зерттеулердің дамуына ықпал етеді.

Әдістемелік жұмыс мақсаты[өңдеу] #

  • оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ең оңтайлы әдістері мен жолдарын игеру;

  • педагогтің оқу-тәрбие жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін көтеру;

  • педагогика ұжымның мүшелерінің тәжірибе алмасулары және озық педагогика тәжірибені анықтап, оны насихаттау.

Ғылым әдіснамасы[өңдеу] #

Ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның әдістері мен құралдарын, білімді негіздеу және дамыту тәсілдерін зерттейтін ғылымтанудың бөлігі.

Педагогика әдіснамасы[өңдеу] #

Педагогикалық білім және оны игеру процесі, яғни, педагогикалық таным туралы ілім. Ол:

  • педагогикалық білімнің оның ішінде педагогикалық проблематиканың;

  • құрылымы мен қызметі жөнінде ілімді қамтиды;

  • әдістемелік мәні бар бастапқы, өзекті, іргелі философиялық теорияларды; тұғырнамаларды, болжамдарды;

  • педагогикалық танымның әдістері жөнінде ілімді.

Тәрбие әдістері[өңдеу] #

Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру процесінде олардың санасының қажеттілік - мотивациялық саласын дамыту үшін, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру үшін, сонымен бірге оларды түзету мен жетілдіру үшін қолданылатын тәрбие жұмысының өзіндік тәсілдері мен жолдарының жиынтығы.

Ұлттық психикологияны зерттеу әдістері[өңдеу] #

Адамдардың ұлтық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін біркелкі тәсілдер мен әдістер. Бұл тәсілдердің арасында жиірек қолданылатындары:

  • бақылау;

  • эксперимент;

  • әңгімелесу;

  • сұрақтар қою;

  • іс нәтижесін талдап-жинастыру;

  • "тән қасиеттерін сұрыптау" және "ерікті суреттеу" әдістері;

  • этникалық стереотиптерді зерттеу әдістері;

  • модель жасау әдісі және т.б.

Үдеріс-латынша алға жылжу,өзгеріс деген мағынаны білдіреді.Жағдай,даму сатысының қалыпты ауысымы. Мәселе-латынша міндет,тапсырма.Бұл субъектінің нақты жағдайда туындаған қиндықтар мен қайшылықтарды өз білімі мен тәжірибесі арқылы шеше алмайтынын ұғыну.Мысалы,балаларды оқытудың әдістемесін жетілдіру педагогикалық зерттеулер мәселесі болуы мүмкін.Алайда,мәселені біржолғы эксперименттік зерттеу арқылы шешу мүмкін емес,себебі мәселе шешудің мол әдістері бар. Болжам-бұл мөлшерлік ерекшеліктегі тұжырым,алға ұсыну мен эксперименттік тексеріске ғылыми және тәжірибелік ерекшеліктегі негіздерді қажет ететін пікір. Рейтинг – білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі.Өзгеше айтқанда,рейтинг-қосалқы бақылау әдісі.Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адмның кейбір қасиеттерін бағалау үшін "сотқа" жүгіну. Көрсеткіштік – сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі.Өрнектеу оқушылардың кәсіби сапалық бағасын(қабілеттілігі,ұжымдағы қатынасы,кәсіби ерекшеліктері,т.б.)анықтауда,оларға мінездеме құрастыруда молынан қолданылады. Педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі,өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы. Аннотация-мәтіндердің,кітаптардың,қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы;мәтіндерде берілген ойлардың,бағалардың,автордың қорытындыларының маңызын ашу. Сұхбат – әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар,сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар,оқиғалар т.б.туралы мәліметтер алу үшін қолданылады. Баяндама-зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастыратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау.

Этникалық стереотиптерді зерттеудің әдістері[өңдеу] #

Этникалық қауымдастықтар туралы тұрақты құндылықтар бағыты, ұстанымдар, түсініктер (шынайы не бұрмаланған) және олар туралы түсініктер психологиясы.

Педагогикалық зерттеу әдістері[өңдеу] #

Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор. Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:

  • байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);

  • педагогикалық тәжірибені жалпылау;

  • эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);

  • сауалнама жургізу;

  • интервью жүргізу;

  • педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;

  • жобалық әдістер;

  • тестілеу;

  • ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;

  • шкалалау т.б.

Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:

  • анализ;

  • синтез;

  • индукция;

  • дедукция;

  • модельдеу;

  • ой эксперименті;

  • формализация әдісі т.б.

Бағыттандырылмаған байланыс әдісі[өңдеу] #

Әлеуметтік педагогиканың бейімделмеген, психикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балалармен және жеткіншектермен жұмыста қолданылатын әдісі. Оны іске асырғанда баланың проблемасының мәнін түсіну мен оларды шешудің жолдарын анықтау үшін метафоралар, түрлі оқиғалар, сиқырлы ертегілер, мақал-мәтелдер т.б. қолданылады.[1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]