Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;

9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;

4) әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

5) жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;

5-1) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді;

6) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындайды;

7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларын бекітеді;

8) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

9) мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін анықтайды;

10) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;

11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін айқындайды;

12) Қазақстан Республикасының Президентіне адам тәрбиесіне, оқуына және кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқан жекелеген білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді және Білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;

13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

14) білім беру мониторингін жүзеге асырудың тәртібін белгілейді;

15) "Болашақ" халықаралық стипендиясын беруге арналған Үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;

16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;

17) "Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекітеді;

18) "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" және "Үздік педагог" атақтарын беру ережелерін бекітеді;

19) тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекітеді;

Қазіргі қоғамда білімнің рөлі күн сайын арта түсуде, өйткені ол қоғамның барлық жағынан ықпал ететін көп факторлы әсерге ие болуда. Сонымен қатар білім қоғамның стратификациялық сипаттамасының ажырамас бір бөлігін құрайды, сондай-ақ ол адамның материалдық жағдайына, оның саяси мәдениетінің өсу деңгейіне, әлеуметтік баспалдақпен алға жылжуына тікелей және жана-ма түрде әсер етеді. Білімнің барлық қоғамдағы өскелең рөлі мен мәні тиімді ұйымдастыру бойынша қоғамға орасан зор пайда әкелуі мүмкін, немесе, зиян келтіруі де мүмкін, сондықтан осы әлеуметтік мәлелені дұрыс ұйымдастырған жөн.

Білім жүйесі қоғамның өндірістік және бүтіндей экономикалық жүйесінің қарым-қатынасында бір-неше қызметтің орындалуын қамтамасыз етеді.

Бірінші кезекте халықтың кәсіби-біліктілік құрылысының қалыптасуы. Осы қызметтерді ашу барысында, басқалар сияқты, сапалы және мөлшерлі сипатамасы тұрғысында қарастырылуы мүмкін. Қоғамдық білім жүйесінің мөлшерлі қөзқарасымен қарау, халықтың кәсіби-білім жүйесінің қалыптасуына жауап береді.

Білімнің формалдық жүйесі тікелей кәсіби және білікті құрылымды қалыптастырады. Егер нақты білім жүйесінің осы құрылысқа әсер ететінін ескерсек, халықтың әртүрлі кәсіби топтарының ұдайы біліктілігінің өсуін қамтамасыз етеді.

Мұндай өндіріс тәжірибеде табысты болады. Білім жүйесі ұйымдық және институционалдық сер-пінді қозғалыста немесе кейбір әлеуметтік топтардың бірлескен мүдделерінде жеке дайындалған кәсіби жасақтарды қайта жасап шығуы мүмкін. Мұндай қайта дайындау халықтың кәсіби-білім құрылысына,ал ол әлеуметтік және экономикалық сфераға мүлдем кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалға, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарын бітірген заңгерлер мен экономистердің саны шамадан тыс артып кеткен.

Жарқын болашақта университеттердің атынан жаңа талаптар шығады. Біріншісі, кәсіби білім мен еңбекпен қамтамасыз ету сферасында әлеуметтік әріптестікке қатысты. Ол осы сферадағы барлық мүдде танытқан субъектілерді – билік, жұмыс берушілер, отбасылар мен кәсіби білім алған жастарды және жұмыс орнына үміткерлерді біріктіуге күш салуға тиісті.

Екінші міндет, кәсіби білім мен әртүрлі білім беру бағдарламаларын дамытудың әлеуметтік кеңістігін игеруден тұрады. Білім саласындағы әлеуметтік жіктелістің механизмдері арасында білім алуды ақыландыру және осының негізінде ақылы білім алушылар арасындағы әлеуметтік-экономикалық сұрыпталу үрдісін бөліп қарастыруға болады. Білім алуды ақыландыру отбасының экономикалық дәрежесіне қарай ша-малайтын, элиталық білімнің қалыптасуына жол ашатын, сондай-ақ жеке кәсіби топтарды өндіруге бағыттайтын білім саласындағы адамдардың жіктелуі.

Қазақстандағы білім саясатының негізгі субъектісі мемлекет болып қалып отыр, өйткені, мемлекет білім сферасының жағдайына, қоғамның барлық мүшесі үшін білімнің қолжетімділігіне жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Алайда мемлекет шектеулі бюджеттік мүмкіндіктер тұрғысынан білім үрдісіне бірыңғай талаптар қойып,әрбір азаматтың мүмкіндігін теңестіруді қамтамасыз ету, заман талабына сәйкес қажеттілікке орай білім сапасы мен қолжетімділік, білімді дамытудағы ұлттық басымдылықты арттыру бойынша қызметтің көлемін кеңейтуді іске асырып жатыр.

66

67 Жоғары мектептегі педагогикалық жүйенің құрылымның бірліктерін анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-әрекеттері (В.А.Сластенин). Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:

Бірінші деңгей – мемлекеттік орган бекіткен не сайланған университет ректоры: университет кеңесі, студенттер қоғамы, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде университеттің стратегиялық даму бағыты анықталады.

Екінші деңгей – ректордың орынбасарлары әлеуметтік-мәдени пдагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.

Үшінші деңгей – оқу барысында және оқудан тыс білім-тәрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметін атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.

Төртінші деңгей – сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметі тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ққатынастың «субъект-субъектті» сипатын баса танытыды. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші – субъект рөлін де атқарады.

Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынғы ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі – жалпы мектептік және сынып ұжымы; екіншісі – оқушылардық қоғамдық ұжымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу- үйрену топтары (бригадалары) және т.б.

Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:

мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңнің соңғы нәтижесін болжастырып, ой-санадан нақтылау);

жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағаыттары бойыншв ұзақты болашақ пен әр жылға жоспар түзу);

реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әр қилы бағыттағы әр түрлі қызмет жүйелерінің іс-әректтерін үйлестіру);

ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау, мұғалімдердік рухан бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру, жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау;

қадағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгіліу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақытылы ақпараттар алып тұру);

педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбиелеу жұмыстарын, білім мекемесінінң материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар және тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қортындылар жасап, ұсыныстар беру).

Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады: 1) ұйымдастыру - басқару жұмыстар (басқарымдағалардың іс-әрекетіне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау және т.б) және 2) басқарушылар іс-әрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-әрекеттердің технологиялық негізін қалау).

Педагогикалы басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару қызметін іске асыоу құралдар ретінде қарастырылады. Басқару әдістерінің негізгі топтары төмендегідей:

педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны және сапасына орай, категориялары мен атақ дәрежелеріне сәйкес жалақы беру);

әкімшілік ұйымдастыру әдістері ( орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б);

психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ыньалылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);

қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);

қоғамдық әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін ұлықтау).

Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау әдістерін қолдана білу шарт.

Сынып жетекшілік – ерекше ұйымдық форма, ол орта мектептегі әлеуметтік және психологиялық өзгерістерге қарамастан дәстүрлі түрде қалыптасты және дамыды. Сынып жетекшісінің қызметі әр баланың жеке дамуына қамқорлық және жеке қабілетін неғұллым дамытуға әсер ету қажет болатын тәрбие үрдісінде туындайды.

Сонымен, сынып жетекшісі оқушының дербес дамуының стратегиялық міндеттерінің орындалуын үйлестіреді. өйткені ол топ педагогы және әр баланың рухани дамуын қадағалайды, мұндай міндеттерді келесі қызметтер арқылы іске асырылады:

оқушының қоршаған ортаны жеке қабылдауы (әлеуметтік, обасылық, мектептік);

оқушының жеке әрекетін ұйымдастыру;

балаға өмірлік мәселелерді шешуде педагогикалық көмек көрсету және түзетулік ықпал жасау;

оқушының өмірді ұғынуы және ішкі дүниесіндегі «Мен» орнын жекелеу;

жеке оқушының дамуының диагностикасы.

Сынып жетекшісінің кәсіптік мақсаты топтың тіршілік әрекетін әр түрлі топтың әрекетін ұйымдастыру, жалпы адамзаттық, әлеуметтік, жеке өмірін ұйымдастыру. Осы міндеттерді орындаған кезде сынып жетекшісі балаға әлеуметтік-психологиялық тәрбиелеу қалай әсер ететінін аңғарады. Ол баламен жеке түзету және педагогикалық көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді.

Сабақтардың әр түрлілігін, балалардың дүниемен байланасын, топтың оқу-даму деңгейін сынып жетекшісі бақылайды. Сынып жетекшісі мектептегі құндылықтарды сақтауға және оларды ұлғайтуға баулиды. Балаларды дене шынықтырумен, түрлі жарыстарға қатысуға, көркемдік өнермен айналысуға үйретеді.

Сынып жетекшілік – ерекше ұйымдық форма, ол орта мектептегі әлеуметтік және психологиялық өзгерістерге қарамастан дәстүрлі түрде қалыптасты және дамыды. Сынып жетекшісінің қызметі әр баланың жеке дамуына қамқорлық және жеке қабілетін неғұллым дамытуға әсер ету қажет болатын тәрбие үрдісінде туындайды.

Сонымен, сынып жетекшісі оқушының дербес дамуының стратегиялық міндеттерінің орындалуын үйлестіреді. өйткені ол топ педагогы және әр баланың рухани дамуын қадағалайды, мұндай міндеттерді келесі қызметтер арқылы іске асырылады:

оқушының қоршаған ортаны жеке қабылдауы (әлеуметтік, обасылық, мектептік);

оқушының жеке әрекетін ұйымдастыру;

балаға өмірлік мәселелерді шешуде педагогикалық көмек көрсету және түзетулік ықпал жасау;

оқушының өмірді ұғынуы және ішкі дүниесіндегі «Мен» орнын жекелеу;

жеке оқушының дамуының диагностикасы.

Сынып жетекшісінің кәсіптік мақсаты топтың тіршілік әрекетін әр түрлі топтың әрекетін ұйымдастыру, жалпы адамзаттық, әлеуметтік, жеке өмірін ұйымдастыру. Осы міндеттерді орындаған кезде сынып жетекшісі балаға әлеуметтік-психологиялық тәрбиелеу қалай әсер ететінін аңғарады. Ол баламен жеке түзету және педагогикалық көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді.

Сабақтардың әр түрлілігін, балалардың дүниемен байланасын, топтың оқу-даму деңгейін сынып жетекшісі бақылайды. Сынып жетекшісі мектептегі құндылықтарды сақтауға және оларды ұлғайтуға баулиды. Балаларды дене шынықтырумен, түрлі жарыстарға қатысуға, көркемдік өнермен айналысуға үйретеді.

Мектептің отбасылармен жүргізілетін барлық жұмыстары ұжымдық және дербес болып екі топқа бөлінеді.

Ұжымдық жұмыс формаларын мыналар құрайды:

Педагогикалық лекторилер ата-аналардың назарын белсенді тәрбиелік мәселелерге аударуды мақсат тұтады.

Сынып бойынша педагогикалық білім беру деп аталатын жұмыс формасын 1-11 сыныптан бастап қолға алуы қажет.

Көптеген мектептерде педагогикалық білім университеттері табысты жұмыс істейді.

Мектептерде ата-аналардың тәрбие проблемаларына арналған жылдық қорытынды ғылыми-практикалық конференцияларын өткізу дәстүрге айналған. «Балаларды еңбекке тәрбиелеу» т.б. тақырыпта жылдық қорытынды зерттеулер болуы қажет.

Ашық есік күндері немесе ата-аналар күні үлкен дайындықты қажет етеді. бүл күнге арнайы тақырыпқа сай безендендіріледі, кезекшілік ұйымдастырылады, мерекелік бағдарлама түзіледі.

Сыныптатардағы кездесулер оқушылар өз ата-аналарына үйренген дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді.

Сынып ата-аналарының жиналысы – дәстүрлі жұмыс формасы.

Педагогикалық консультация – дербес жұмыстың кең тараған түрі.

68

69

70

72. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.  Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.  Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады.  Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.  Индуктив жəне дедуктив əдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық əдістері. Индуктив əдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады. 73. Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйесі арқылы іске асырылады. Ереже – бұл педагогикалық іс-əрекеттің нақты жағдайларда белгілі мақсаттарға жеткізу тəсілінің суреттемесі (описание).  Неміс педагогі Э. Мейман бірнеше ерекше заңдарды негіздеп, ұсынды:  — жеке адамның дамуы əуел бастан көбіне оның табиғи нышандарына тəуелді жүріп жатады;  — ең алдымен бала тіршілігі мен оның қарапайым қажеттерін қанағаттандыруға арналған сапа-қасиеттер дамиды;  — балалардың жан жəне тəн дамуы əрқилы деңгейде өтеді. Оқу процесінің жеке (нақты) заңдылықтары:  — дидактиканың тек өзіне тəн (оқу нəтижесі қолданылған оқу əдістері мен құрал-жабдықтарына, оқытушының кəсіби шеберлігіне жəне т.б. байланысты);  — таным теориясына (гносеологиялық) сай (оқу нəтижесі оқушылардың танымдық белсенділігіне, ептілігіне жəне оқуды қажетсінуіне, т.б. тəуелді);  — психологиялы? (оқу нəтижесі шəкірттердің оқу-үйрену мүмкіндіктеріне, зейін деңгейі мен тұрақтануына, ой-ақыл ерекшеліктеріне жəне т.б. байланысты);  — əлеуметтік (жеке адамның дамуы төңірегіндегі басқа адамдармен тікелей не жанама қарым-қатынасына, қоршаған ортаның ақыл-парасат дəрежесіне, мұғалімнің оқушымен қатынас жасау стиліне жəне т.б. тəуелді);  — ұйымдастырушылық (оқу процесінің тиімділігі оның ұйымдастырылу дəрежесіне, сол процестің оқушыда оқуға болған ынтаны, қажеттікті тəрбиелеуге бағытталуына, таным қызығушылығын қалыптастыруына, қанағаттану лəззатына бөлеп, танымдық белсенділікті қанаттандыруына жəне т.б. тікелей байланысты);  Принциптері - саналылық жəне белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік жəне бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Оқудың саналылық жəне белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:  — алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну- саналы оқудың қажетті шарты: оларды оқушыларға көрсету маңызы мен мəнін түсіндіру, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе білу;  — оқыту барысында оқушы не, неліктен жəне қалай істеу керектігін түсінуі, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мəн, мағынасын ұғынуы;  — оқу барысында танымдық іс-əрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдалану, талдауды біріктіру тəсілімен, индукцияны дедукциямен салыстыруды қарама-қарсы қоя, біріктіру, сəйкестікті жиі пайдалану, балалардың жасы кіші болса, индукция тəсілін жиі қолдану;    Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді əртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез жəне берік бейнеленіп қалады.   Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын игеру жəне оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрылымына ғана тəуелді болып қоймай, оқушылардың сол пəнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, əрқилы оқу түрлері мен əдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар   Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тəжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан – оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан – дидактикалық процесті оқушылардың даму деңгейімен сəйкестендіре ұйымдастыру жəне іске асыруға тəуелді. 75. ЖОО-да оқу үдерісі оқу, тәрбие, өндірістік іс-тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмыстарының болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ЖОО әлемдік стандарттар талаптарына жауап бере алатын, ғылым мен білімді интеграциялауда көп жылдық отандық және шетелдік тәжірибелерге арқа сүйетін жаңа шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.     ҒЗЖ-ға қатысу студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.      СҒЗЖ негізгі маңызды қағидасы айналысу тәсілі мен түрінің курстан курсқа, кафедрадан кафедраға, бір оқу саласынан келесі біріне, бір оқу түрі мен тапсырмасынан екінші бір түріне негізделеді. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мысалы, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындау қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Мұнда рефераттық жұмыстармен лабораториялық жұмыстар шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстары. Ал үшінші курста жалпы техникалық және арнайы дайындықтар, көлемі үлкен емес өзіндәк ғылыми жұмыстардың орындалуы және шығармашылық негіздегі тапсырмалар, жаңашыл ғылыми зерттеулерді негіздеу, зерттеу әдістерін тереңдету, техникалық құрал жабдықтар негізінде ғылыми зерттеулер жасау  және нәтижесін шығару .   Студентке ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу формасын таңдау құқығы беріледі және анықталады; Кафедраның ғылыми-білім беру бағытымен студенттің қызығушылығының тығыз байланысы орнатылады, бинарлық білім беру процесінде оның оқытушымен шығармашылық байланысы нығаяды; Ғылыми зерттеуді жоспарлау, ғылыми мақаламен жұмыс істеу, ғылыми ұсыныстарды (жобаларды) дайындау және ресімдеу,  мәліметтерді статистикалық өңдеудің негізгі әдістерін қолдану, негізгі ғылыми құжаттарды құрастыру дағдыларына студенттер  үйренуі тиіс; Библиографиялық жұмыс дағдыларын, ғылыми әдебиетпен, электронды базалармен және басқа да ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады; Этикалық норма дағдыларын дамыту, зерттеудің ғылыми толықтығына және оның  шынайылығына, мазмұнды және тәжірибелік пайдалылығына жауапкершілік сезіміне тәрбиеленеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]