- •1. Жоғары мектеп педагогикасы педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде.
- •3. Жоғары мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі құрылымдық сызбасы. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі
- •Жоғары мектеп педагогикасының пәні, ұғымдары және оның міндеттері
- •Қр білім беру саясаты. Жоғары білімнің қазіргі заманғы концепциялары.
- •Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
- •Үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасына талдау жасау. Жоғары бiлiм берудің негiзгi мәселелерi және оларды шешудің жолдары.
- •Қазақстандағы жоғарғы мектеп тарихы, қазiргi жағдайы және даму бағыттары.
- •Жоо педагогикалық үрдісі бойынша халықаралық құжаттар. Болондық процесс. (Болондық декларация материалдары және болондық үдеріске талдау жасау).
- •Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Кәсіби біліктілік ұғымы.
- •15.Жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық шеберлiгi.. Оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Оқытушылардың біліктілігін жетілдіру жолдары.
- •16.Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын оқытушысының қызметіне сипаттама.Талаптар. Жоғары мектеп
- •17.Эдвайзер, Тьютор мен офис регистратордың қызметтері. Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тьютордың, эдвайзердің қызметіне талдау
- •18. Студенттердің танымдық қызығуларын қалыптастыру жолдары. Оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекеттестіктің мәні.
- •19. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектеп дидактикасының негiзгi проблемалары. Қазіргі кезеңдегі дидактикалық тұжырымдамалар.
- •20. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары және қозғаушы күштері. Білім берудің оқу үдерісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру.
- •Ойындар
- •22. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Жоғары білім берудің мазмұны.
- •23. Жоғары мектепте кәсіптік білім берудің жаңа технологиялары. Жоғары мектеп дидактикасындағы модульді оқыту ерекшеліктері
- •Жаңа технологиялардың жіктемесі және оларға сипаттама беру.
- •Педагогикалық технология түсініктері: мәні және қолдану ерекшеліктері.
- •Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары.
- •Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың инновациялық формалары, оларға сипаттама, инновациялық процестер.
- •27. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру (мөж, моөж, сөж, соөж).
- •28. Білім беру үдерісінде студентердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Баяндама, ғылыми мақала, курстық жұмыс, магистрлік диссертация және т.Б. Зерттеулердің ғылыми аппаратын құрастыру.
- •29. Мөж (сөж) түрлері және оның әдістері мен ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері.
- •30.Жоғары мектеп - мамандарды қалыптастырудың әлеуметтік институты.
- •Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні және негізгі бағыттары. Факультеттің және кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына талдау.
- •32.Білім берудегі менеджмент. Білім менеджменті жүйесі: мәні, мазмұны және құрылымы. Білім беру ұйымдарын басқару үлгілеріне талдау жасау, модел құрастыру
- •33) Семинар, семинар сабақтарының типтерi, мәнi және оған сипаттама, талдау жасау әдiстемесi.
- •35) Жоғары оқу орындарындағы лабораториялық (практикалық) сабақтар, оған дайындалу және өткiзу және талдау әдiстемесi.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары
- •4. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формалары
- •Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау
- •Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
- •52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- •Оқытудың кредиттік жүйесі және оны басқару мәселелері
- •54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
- •55. Мемлекеттік қорытынды аттестациялауға даярлық және оны өткізу
- •Тестілеу жүйесіне (тms-ке) қойылатын жалпы талаптар
- •4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар
- •5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар
- •6. «Тестті құрылымдаушы» модуліне қойылатын талаптар
- •7. «Тестілеу қорытындысы» модуліне қойылатын талаптар
- •Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу
- •4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу
- •5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару
- •Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы
- •Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралыНұсқаулық
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
- •3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
- •56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.
- •57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
- •Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
- •Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі, қашықтан оқыту және дамыта отырып оқыту мәселелері.
- •60. Жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдары: ерекшеліктері мен олардың сипаттамасы.
- •61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
- •65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
Мақсаты: Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдіснамасы, педагогикалық зерттеу құрылымы мен логикасы жайлы жалпы ақпарат беру, педагогика ғылымының әдіснамасымен таныстыру.
Жоспары:
Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесі.
Педагогика ғылымының әдіснамасы.
Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.
Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
1. Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негіздлеген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегеніде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми – танымдық іс - әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе – нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптвтік.
Дескриптвтік әдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт – бағдар береді. Ал прескриптвтік әдіснама – зерттеу іс - әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс - әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
2. Педагогика ғылымының әдіснамасы.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді. (Э.Г.Юдин). Философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық - әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай – ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама – зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе – нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы.
Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай – ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.
Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қаситтері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары келесідейзерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты, байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайлылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дәстүрлерді қажет ететін сұрақтардың туындауына жол ашады.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері
Ғылыми – педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама – қарсылықтары және себепті – салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
құбылыстарды даму барысында зерттеу;
бір құбылысты екіншілермен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
зерттеу процесіндегі қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін – бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән – мағынасына сай келуі;
даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама – қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
сынақталушыға, білім – тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік – инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
3. Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы және болжам – жобалау деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми – практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргзізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені, мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткішер: зерттеу көкйкестілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс - әрекеттік (орындау - процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс пен дер кезіңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зертттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал – жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама – қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі – нысан. Зерттеу дені (предмет) – нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа – қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір – бірімен ауысып барады, сондай – ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына тәуелді келеді.
4. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды – теориялық немесе теориялық, прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын – ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
Ғылыми әдіснама дегеніміз не және оның түрлері?
Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы дегеніміз не?
Педагогика саласындағы зерттеулерге не жатады?
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер қалай жіктеледі?
Зерттеу бағдарламасының құрылымы қандай?
Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыздар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.
2. Безрукова В.С.Как написать реферат,курсовую,диплом. – СПБ,2004.
3. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003.
4. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен диплом жұмысы. – А., 2004.
5. Скалкова Я.И др.Методология и методика педагогического исследования. – М.,1986.
6. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж
Тақырып 3: Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі.
Мақсаты: Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығымен, тақырыптың көкейкестілігін ескереу қажеттілігімен таныстырып, қазіргі педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.
Жоспар:
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
Зерттеу тақырыбын негіздеу.
Проблеманы қою және дамыту
1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.
Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.
Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:
ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;
жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;
тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;
ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.
Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
Зерттеу тақырыбын негіздеу.
Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».
Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.
Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.
Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).
3. Проблеманы қою және дамыту
1. Проблеманы қою
Қарама – қайшылықтарды
тіркеу
Сұрақтар
Ізденіс бағыты және
нәтижелері
2. Проблеманы негіздеу
Теориялық білімнің және
табылған тәсілдердің жетімсіздігін
анықтау
Негіздер (алғышарттар)
Бейне (нәтиженің жобасы)
3. Проблеманы анықтау
Кішігірім проблемалар,
міндеттер
Тақырыппен жұмыс кезеңдері:
педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.
Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.
Нақты пәндік зерттеуді анықтау.
Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.
Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.
Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.
Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
