
- •1. Жоғары мектеп педагогикасы педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде.
- •3. Жоғары мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі құрылымдық сызбасы. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі
- •Жоғары мектеп педагогикасының пәні, ұғымдары және оның міндеттері
- •Қр білім беру саясаты. Жоғары білімнің қазіргі заманғы концепциялары.
- •Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
- •Үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасына талдау жасау. Жоғары бiлiм берудің негiзгi мәселелерi және оларды шешудің жолдары.
- •Қазақстандағы жоғарғы мектеп тарихы, қазiргi жағдайы және даму бағыттары.
- •Жоо педагогикалық үрдісі бойынша халықаралық құжаттар. Болондық процесс. (Болондық декларация материалдары және болондық үдеріске талдау жасау).
- •Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Кәсіби біліктілік ұғымы.
- •15.Жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық шеберлiгi.. Оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Оқытушылардың біліктілігін жетілдіру жолдары.
- •16.Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын оқытушысының қызметіне сипаттама.Талаптар. Жоғары мектеп
- •17.Эдвайзер, Тьютор мен офис регистратордың қызметтері. Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тьютордың, эдвайзердің қызметіне талдау
- •18. Студенттердің танымдық қызығуларын қалыптастыру жолдары. Оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекеттестіктің мәні.
- •19. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектеп дидактикасының негiзгi проблемалары. Қазіргі кезеңдегі дидактикалық тұжырымдамалар.
- •20. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары және қозғаушы күштері. Білім берудің оқу үдерісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру.
- •Ойындар
- •22. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Жоғары білім берудің мазмұны.
- •23. Жоғары мектепте кәсіптік білім берудің жаңа технологиялары. Жоғары мектеп дидактикасындағы модульді оқыту ерекшеліктері
- •Жаңа технологиялардың жіктемесі және оларға сипаттама беру.
- •Педагогикалық технология түсініктері: мәні және қолдану ерекшеліктері.
- •Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары.
- •Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың инновациялық формалары, оларға сипаттама, инновациялық процестер.
- •27. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру (мөж, моөж, сөж, соөж).
- •28. Білім беру үдерісінде студентердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Баяндама, ғылыми мақала, курстық жұмыс, магистрлік диссертация және т.Б. Зерттеулердің ғылыми аппаратын құрастыру.
- •29. Мөж (сөж) түрлері және оның әдістері мен ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері.
- •30.Жоғары мектеп - мамандарды қалыптастырудың әлеуметтік институты.
- •Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні және негізгі бағыттары. Факультеттің және кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына талдау.
- •32.Білім берудегі менеджмент. Білім менеджменті жүйесі: мәні, мазмұны және құрылымы. Білім беру ұйымдарын басқару үлгілеріне талдау жасау, модел құрастыру
- •33) Семинар, семинар сабақтарының типтерi, мәнi және оған сипаттама, талдау жасау әдiстемесi.
- •35) Жоғары оқу орындарындағы лабораториялық (практикалық) сабақтар, оған дайындалу және өткiзу және талдау әдiстемесi.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары
- •4. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формалары
- •Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау
- •Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
- •52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- •Оқытудың кредиттік жүйесі және оны басқару мәселелері
- •54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
- •55. Мемлекеттік қорытынды аттестациялауға даярлық және оны өткізу
- •Тестілеу жүйесіне (тms-ке) қойылатын жалпы талаптар
- •4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар
- •5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар
- •6. «Тестті құрылымдаушы» модуліне қойылатын талаптар
- •7. «Тестілеу қорытындысы» модуліне қойылатын талаптар
- •Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу
- •4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу
- •5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару
- •Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы
- •Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралыНұсқаулық
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
- •3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
- •56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.
- •57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
- •Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
- •Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі, қашықтан оқыту және дамыта отырып оқыту мәселелері.
- •60. Жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдары: ерекшеліктері мен олардың сипаттамасы.
- •61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
- •65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
Тәрбие жеке тұлағаның сапасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.Ұлы ғұлама Әл-Фараби «Бақытқа жету жолдары» атты еңбегінде «Тәрбие дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерді дамыту» - деп тұжырымдап «Тәрбиесіз берілген білім адмзаттың өміріне опат әкеледі» деді.
Ж.Аймауытов «Тәрбие» атты мақаласында «тәрбиеге әсер ететін орта өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Сонысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастық азғырып, не түрлі жаман мінезді жұқтырытыны белгілі» деп жазған.
Ұлы ғұлама, ойшыл Әл-Фараби тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айнылысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Тәрбие процесі деп – қоғам талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.
1993 жылы Қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында «Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынас дүниетанымын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру»- деп анықтама берілген.
Тәрбиенің қызметтері:
• жалпы адамзаттық гуманитарлық доминанттар деңгейін игеру немесе меңгеру.
• этикалық және эстетикалық мәнерлерде қоғамды меңгеру яғни негізгі әлеуметтік және кәсіптік қызметі, жеке-құндылығы және амалы.
• тәрбиелеу процесіндегі жеке адамның иарархиялық сапасын және деңгейін игеру.
Тәрбие бағытталған процесс, әрі негізгі мақсат оның мазмұны мен бағыты арқылы анықталады.
Тәрбиелеу процесінің толық және жеке бағыты әр түрлі деңгейде іске асырылады: деңгейде, әлеуметтік институттарда, жеке әлеуметтік топтарда, жеке өзара және өзіндік тәрбиелеу деңгейінде.
Тәрбиенің артықшылықтары:
жеке адамның қоғамдық ортадағы адамға гуманистік құндылық бағдарының қалыптасуы;
демократизм және толеранттық қатынасын;
ұлттық санасы мен ұлттық ойынның ерекшелігін;
жеке адамның креативтік мәнін ашу қабілеттілігін.
Тәрбиенің құрылымдық компоненттері:
Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсатына және нәтижесіне қол жеткізуге байланысты қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Тәрбие әдістері:
сендіру;
жаттықтыру;
мадақтау;
жазалау;
үлгі көрсету түрлері әдістерді классификациялаудың базалық негізі бола алады.
Сендіру әдісінің негізгі қаруы – сөз, ақпараттандыру, адам санасына әсер ету.
Жаттықтыру әдісі – іс-әрекетінің көп рет қайталануы арқылы қалыпты әдет қалыптастыру.
Мадақтау әдісі – жағымды іс-әрекетінін бақылау арқылы жеке адамды белсендендіру. Ол мақтау, сый көрсету, жақтау, алғыс білдіру сипатында іске асырылады.
Жазалау әдісі адамның қатесін түсіндіруге, жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Қоғам талабын орындау керектігін үйретеді. әрине, жазалау әдісіне педагогикалық тұрғыдан денеге зақым келтіру, яғни, ұрып-соғу, балағаттау жатпайды.
Үлгі көрсету – сөз бен істің бірлігі. Адам тек сөзімен ғана емес, ісімен тәрбиеленушіге үлгі көрсетуі тиіс.
Тәрбие құралы - әлеуметтік тәжірибеде жиынтығы. әдістер мен құралдардың жиынтығы тәрбие формасын анықтайды. «Форма» терминінің мәні: 1) тәрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тәрбиеленушінің ұжымдық және жеке-дара іс-әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі, сонымен, форма – бұл тәрбиелек істер процесінднгі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі. Тәрбие формалары төмендегідей қызметтерді атқарады. ұйымдастырушылық; реттеушілік; ақпараттандырушылық.
ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды әрекетінің қисынын (логикасын) бейнелейді.
реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілір арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді.
ақпараттық: тәрбиеленушінің игерген білімдерін ғана біржақты қабарлауына мүкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тәрбиелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске асуына жол ашады.
60-80 жылдар мектеп және жоғарғы оқу орындарда оқитын жастарды тәрбиелеу теориясы мен практикасы сияқты жұмастарында Ф.Кумбс, Г.Нинв, Дж. Вильсон, Дж. Брунер, Х. Беккер, Ч. Зильберман, Дж. Анкс, К. Кенистон, Х. Лэш, Ч. Рейс, Т. Роздан, Ф. Кармел және т.б. әйгілі мамандар бір ауыздан қоғамда және ең бастысы оқу орындарда жастарды тәрбиелеу дағдарысқа ұшырағанын мойындады. Л. Колбергтің айтуы бойынша келешекте өзінің қызметі мен функциясын атқарып қоғамның алға басуға жағдай жасап, әділ қоғам құру үшін, жастарға мектептер мен жоғарғы оқу орындар көмектесу қажет.
П. Херст, Л. Колберг, А. Харрис басқаларға қарағанда алысырақ кетті, олар өнегелі тәрбиелеуде өсіп келе жатқан ұрпақтарда мектептер мен оқу орындарында өткізілетін «адамгершілік тілі» - жақсылықпен жамандықтың айырмашылығын, әділеттілік ұғымын, бостандық, шындықтар, адамгершілікті силау және т.б. тақырыптарға байланысты әңгіме және пікірсайыс әдістері басты рольды атқарады дейді.
Тәрбиеленушілерде қоғамдық армандарға лайықты мінез-құлықтар болу үшін, тәрбиеші мақсатқа бағытталған жігерінен тәрбиеленушіде жеке адам аралық көңіл қалыптастырып, өздігінен оның идеясы мен өнегелі мәнін табуға итермелеу керек. Тәрбиелеу үрдісі мен адамды социализациялауда бұл формула ең негізгісі деп айтуға болады. Адамның өзі жасаған іс-әрекет үрдісінен шыққан сезімдер, эмоциялар және орынды нәтижелер арқасында дәлеті жиналады. Сондықтан студенттердің өзін-өзі басқару тәрбиелеу үрдісінің күшті фактор ретінде қабылданады.
Қазіргі замандағы педагогикада (әсіресе психологияда) тәрбиелеуде тұлғаның құрылуына таңдаған идеалға мақсатты бағытпен жетуден көрі, тұлғаның дамуына шарттарды жасауда көрінеді.
Тәрбиелеудің ең басты тәсілі – адамды қалқысыз бағаламай, ол адам қандай болса, солай жай қабылдау.
Оқытушының ең басты міндеті – баланың, жасөспірімнің, бозбаланың өмірлік тәжірибенің шектелгеннің, білімнің аздылығынан және бүкіл мәдени байлықты меңгермегеннен ашылмаған тәрбиелеушінің алдынан кең алаңын көрсету. Осындай кең алаңды көрсеткенде тәрбиелеуші қандайда бір таңдауға өзінің бағалау көңілің жасыра алмайды. Әрқашан тәрбиеленушінің өз бетімен таңдау жасауға құқығынан айырмау керек.
Келесі қажетті міндет – тәрбиеленушінің дара қызмет және қатынас стилін, өмірлік стилін таңдауға көмектесу.
Студенттік ұжымында қоршаған ортаның қолайлы жағдайы, студенттің қалыпты тұлға ретінде дамуға көмектеседі.
Оқытушы-куратор топтағы үрдістердің заңдылықтарын түсініп, олардың қалыптасуына қолайлы әсер көрсету керек.
Студенттік топтың жастары (әдетте жас айырмашылықтары 5 жылдан артық емес) бір мөлшерде болуы, назарлардың, мақсаттардың ұқсастығы, психологиялық ерекшеліктері сияқты, топты біріктіруіне жағдай жасайды. Студенттік топтың басты әрекеті – оқу болғандықтан, өндірістікке қарағанда, оқу ұйымдасқандық едәуір әлсіз болады, сондықтан кейбір кезде біріккен ұжым салынбайды, әркім өз бетімен журеді.
Студентік топта «ұжымдық көңіл-күй» (ұжымда, қоршаған әлемде болатын оқиғаларға ұжымның эмоционалды реакциясы; ұжымның көңіл-күйі ұжымның қызметін ынталандыра алады немесе керісінше бұзалады, соның салдарынан қанағаттанбаушылық, оптимистік, парықсыз көңіл-күй көрінеді), «ұжымдық пікір» (ұжым өмірінің сұрақтарына пікірдің ұқсастығы, көзқарастары, оқиғаларды, топ мүшелердің қылықтарының мақулдау немесе ұялту), «еліктеу құбылыстары, иланушылықтың немесе жарыс құбылыстары» (табысқа жетуге ұмтылуға адамдардың өзара әрекеттесу түрі, өз қызмет нәтижелеріне қызу ынталары жатады) әлеуметтік-психологиялық құбылыстар байқалады.
Қауымдастық – тұлғалық мәнді мақсаттарынан өзара қатынастар тұрғызылған топ (достардың, таныстардың тобы).
Кооперация – бұл топ нақты жұмыс істейтін құрылыммен ерекшеленеді, жеке тұлғаның көңілі іскерлік мінез-құлықты көрсетеді, бағыныштылардың нақтылы мақсаттың орындалуына қойылатын нәтижеге жетудің қызметтің айқын түрі.
Бірлестік – ішкі мақсаттармен біріккен топ, топталған мақсаттарға жету үшін әр қилы жағдайға қарамай, немесе басқа топты пайдалану арқылы.
Кейде топталған эгоизмге жеткенде, еңбек немесе оқу топтарда бірлестік рухқа ие болады.
Ұжым – уақытқа турақты топтың ішіндегі адамдардың басқару органдарымен байланысы, әлеуметтік-пайдалы қызметпен және топтың ішіндегі адамдарды формалды (іскерлік) және формалды емес қарым-қатынастағы мақсатпен біріккен. Оқу ұжымы екі құрылымнан турады: бірінші, бұл оның көптеген ерекшелліктерін анықтайтын педагогтармен кураторлардың мақсатты әрекет етулері; екіншеден, оқу ұжымы – әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарына бағынатын салыстырмалы түрде өз бетімен дамитын құбылыс.