Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар

4.1. ТMS өзінің барлық элементтеріне мүмкіндік құқығын белгілеуді, тестті пайдалану мүмкіндігіне рұқсат етілмеуден қорғауды жүзеге асыруы тиіс.

4.2. Тестілеу жүйесінің негізгі пайдаланушылары белгілі бір рөлді иемденетін, тікелей білім беру үдерісінің қатысушылары болып табылады:

  • мұғалім;

  • оқушы;

  • ТMS басқарушысы.

4.3. Жүйеге ену басқарушы тағайындағын логин мен құпия сөздің көмегімен жүзеге асырылады. Пайдаланушы, басқарушының есепке тіркегенін алысымен, жүйеге жергілікті желі немесе Интернет жілісі құралы арқылы белгілі адреске авторизацияланады.

4.4. ТMS басқарушысы пайдаланушылардың жүйеге ену мүмкіндігін бақылау мен тіркелуі енетін, пайдаланушыларды басқару қызметін атқарады, МАБ-ы өткізудің белгіленген тәртібін сақтауды, жүйе қызметінің әдептілігін және ақпараттық қауіпсіздік ережесін қамтамасыз етуді бақылайды.

4.5. Мұғалім тестілеу үшін топ құрады, сынып және жеке оқушылар үшін тестілеуге мүмкіндік жасайды; оқушыларға топтық және жеке тесттер белгілейді; тесттер құру мен олардың нәтижелерін көру құқығына ие бола алады.

4.6. Оқушы ашық каталогта бар немесе мұғалім белгілеген тестілеуге арналған тестке енуге мүмкіндігі бар, on- или off-line тесттерін орындайды; өзінің тестілеу нәтижесін көруге мүмкіндігі бар.

5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар

5.1. Модуль тренингтік және ашық рұқсат тестілер көмегімен ағымдық тестілеуге және шектеулі рұқсат тестілер көмегімен бақылау тестілеуді өткізуге мүмкіндік береді.

5.2. Ағымдық және диагностикалық тестілеу оқушының болашақ білім алуына дайындығының бастапқы деңгейін анықтауға, белгілі тақырыптар, оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша меңгерген білімінің сапасын тексеруге арналған ағымдық бақылау мақсатында өткізіледі.

5.3.Тренингтік тестілеу оқушылардың өздігінше жұмыс істеулерінің бір түрі болып табылады, МАБ мен ҰБТ-ге дайындалу барысында тренажер рөлін атқарады, МАБ мен ҰБТ-дің тесттік тапсырмаларын реттеу мен бланк құжаттарын толтыру жаттығуларын қамтамасыз етеді. Барлық тест тапсырмаларының үлгілері ҚР Ұлттық Тестілеу орталығының спецификациясына сәйкес дайындалуы тиіс.

5.4.Ашық рұқсат тесттері, тест ақпараттарын (өзіне меншікті жауаптар, бағалар, сұхбаттар, дұрыс жауаптар, жауаптан кейінгі түсініктеме) көруге мүмкіндік береді.

5.5.Бақылаушы тестілеу оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау мен олардың білімдерінің нақты бағасын аралық және қорытынды бақылау мақсатында өткізіледі. Бақылаушы тестілеуді белгілі уақытта бірыңғай бір дүркін өткізу ұйғарылуы мүмкін. Қажеттілік жағдайына қарай оны қайталап өткізу белгіленеді.

5.6.Модульде пәндер бойынша, тақырып пен бөлім бойынша, мақсатты белгіленген тесттер каталогы бар.

5.7. Тест сұрақтарының мазмұны жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде құрылуы тиіс және олардың ауқымынан шықтау керек.

5.8.Тест тапсырмалары айқын, анық, нақтылы, қос мағыналы жауап жіберілмей құрылуы қажет. Тапсырма барынша қарапайым синтаксистік құрылымдануы қажет.

5.9.Тестті бастау алдында, оны орындау барысында оқушылардың не істеу қажеттігін анық түсіндіруді қамтамасыз ететін нұсқаулық берілуі керек.

5.10 ТMS тест тапсырмаларын шапшаң жүктеуді қамтамасыз етеді: оқушы сұрақтарды жүктегенде ұзақ уақыт бойы күтпеуі қажет; тестте әрбір сурет, кесте оңтайландырылып немесе қысылып берілуі қажет; тест сұрақтарында артық ақпараттар берілмеу керек, тек ең қажетті бөлімді ғана қосу керек.

5.11 ТMS-де оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тестілеу уақытына шектеу қоюға мүмкіндік бар. Бұл жағдайда оқушының тестілеу уақытында тесттен өтуге қанша уақыты қалғанын көруге мүмкіндік жасалған.

5.12 Тест орындау барысында оқушылардың қиындық тудыратын сұрақтардың орнын ауыстыруға және кейінге қалдыруға мүмкіндіктері бар.

5.13.Бақылаушы тестілеу процесінде оқушы тапсырмаға дұрыс жауап бергенін көре алмайды. Оқушыларға оның нәтижелері тестті аяқтағаннан кейін көрсетіледі және «Тестілеу қорытындысы» модулінің бағдарламасына автоматты түрде енгізіледі.

5.14. ТMS тестілеуге көңіл бөлу есебін қамтамасыз етеді – тестілеуге сәтсіз талаптану әрекеті, егер де тест кейбір себептермен үзілген жағдайдың есебі үшін, әрбір тестілеуді өткізуде пайдаланушылардың әрекеттерін бақылауды қамтамасыз ету үшін жазып отыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]