Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать
  1. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні және негізгі бағыттары. Факультеттің және кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына талдау.

2 Тәрбие жеке тұлағаның сапасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.Ұлы ғұлама Әл-Фараби «Бақытқа жету жолдары» атты еңбегінде «Тәрбие дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерді дамыту» - деп тұжырымдап «Тәрбиесіз берілген білім адмзаттың өміріне опат әкеледі» деді.

Ж.Аймауытов «Тәрбие» атты мақаласында «тәрбиеге әсер ететін орта өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Сонысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастық азғырып, не түрлі жаман мінезді жұқтырытыны белгілі» деп жазған.

Ұлы ғұлама, ойшыл Әл-Фараби тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айнылысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Тәрбие процесі деп – қоғам талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

1993 жылы Қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында «Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынас дүниетанымын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру»- деп анықтама берілген.

Тәрбиенің қызметтері:

• жалпы адамзаттық гуманитарлық доминанттар деңгейін игеру немесе меңгеру.

• этикалық және эстетикалық мәнерлерде қоғамды меңгеру яғни негізгі әлеуметтік және кәсіптік қызметі, жеке-құндылығы және амалы.

• тәрбиелеу процесіндегі жеке адамның иарархиялық сапасын және деңгейін игеру.

Тәрбие бағытталған процесс, әрі негізгі мақсат оның мазмұны мен бағыты арқылы анықталады.

Тәрбиелеу процесінің толық және жеке бағыты әр түрлі деңгейде іске асырылады: деңгейде, әлеуметтік институттарда, жеке әлеуметтік топтарда, жеке өзара және өзіндік тәрбиелеу деңгейінде.

Тәрбиенің артықшылықтары:

жеке адамның қоғамдық ортадағы адамға гуманистік құндылық бағдарының қалыптасуы;

демократизм және толеранттық қатынасын;

ұлттық санасы мен ұлттық ойынның ерекшелігін;

жеке адамның креативтік мәнін ашу қабілеттілігін.

Тәрбиенің құрылымдық компоненттері:

Тұлға қалыптастырудағы мақсатты бағыт жүйесі, яғни іс-әрекеттің бағыты болғанда ғана ол тәрбие процесі бола алады.

Арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесі бұл барлық әдіс-тәсілдер арқылы нәтижеге жету.

Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара байланыстылығы.

Тәрбие процесі мен оның салаларын ажырату педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігі тәрбие процесі мәселесі төмендегідей жіктеледі.

• Педагогикалық диагностика яғни тәрбиеленушінің тәрбиелілік деңгейін анықтап, соған сай үйлесімді тәрбие процесін іске асыру міндеттерін айқындау.

• Бағыт бағдарлы жоба құру. Тәрбиені іске асыруды жоспарлап, оның мазмұнын, формасын, әдістерін анықтау.

• Ұйымдастырушылық яғни жоспарланған іс-әрекетті іске асырудың тәсілдерін, жүргізілу жолдарын белгілеу.

• Нәтижелі бақылау және бағалау.

Тәрбиенің басты ерекшелігі: тәрбие мен оқыту. Олар өзара байланысты.

Екеуінің басты айырмашылығы: оқыту барысында әр түрлі ғылымдардың негізін меңгеру көзделсе, тәрбие процесінде оның жеке қасиеттерін қалыптастыру көзделеді.

Тәрбие процесінің сипаты:

мақсатты бағытталуы;

мақсаттың бірлігі;

көп факторлығы (тұлға жағымды және жағымсыз фак.);

ұзақтылығы;

тәрбие процесінің үздіксіздігі; кешенділігі;

вариативтілігі;

қарама-қайшылығы.

Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіруге байланысты саналы, мақсатты іс-әрекеті.

Жеке адам өзін-өзі тәрбиелеумен саналы түрде айналысуы тиіс. Бұл процесс педагогикалық процесте өзін-өзі тәрбиелеу процесі деп аталады. Мұның құрамына: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі аңғару, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бағалау т.б.

Қайта тәрбиелеу – қиын да ұзақ процесс. Ол ұстаздар тарапынан педагогикалық аса шеберлікті қажет етеді. Шеберлік – ұстаздың педагогтік жұмысының жоғары сатысы. Қайта тәрбиелеудің мәні баланың мінез-құлқында бұрыннан қалыптасқан жағымсыз, зиянды дағдылар мен әдеттерді түзету, кемшіліктерді жоюды көздейді. Қайта тәрбиелеу мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамдық саналарды дамытуға бағытталған тәрбие түрі. Қайта тәрбиелеудің жұмысының нәтижелі ұйымдастыруында төмендегідей мәселелерді ескеру қажет:

Балаларға әсер ететін келеңсіз жағдайлардың себебін анықтау.

Баланың мінез-құлқында кездесетін жат қылықтарын зерттеп тану.

Баланың жеке басында кездесетін жағымды қасиеттерді анықтап, соған сүйену.

Қоғамдық пайдалы жұмыстарға араласу, қызықты істерге қатыстыру.

Ұстаздар мен ата-аналар тарапынан бақылауды күшейту.

Балалардың сенімі мен қалыптастыру.

Мұғалім мен ата-аналар арасында ынтымақты қарым-қатынас орнықтыру.

Жаттықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеуді, қайта тәрбиелеумен ұштастыру.

Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді

Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді.

Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады.

Тәрбиенің негізгі заңдылықтары:

Тәрбиенің іс-әрекет процесінде іске асу заңдылығы.

Тәрбиенің тұлғаның қоғамман, басқа адамдармен қарым-қатынасына тәуелді болу заңдылығы.

Тәрбие мен өмірдің байланысты болу заңдылығы.

Жеке тұлғаны тәрбиелеу педагогикалық іс-әрекеттің қатар жүру заңдылығына сай іске асырылады.

Тәрбие мазмұны тәрбиеленушінің өмір сүріп отырған тарихи кезеңіне тәуелді болады.

Тәрбиенің мазмұны, әдістері, формасы жас, жыныс және дара ерекшеліктеріне сай жүргізілуі

Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым-қатынас тәуелді.

тәрьбие тәрбиешінің кәсіби біліктілігіне тәуелді.

Тәрбиенің нәтижелілігі оған қатысушылардың іс-әрекеттерін келісіп іске асыруы.

Тәрбие принциптері дегеніміз – тәрбие процесін жүзеге асыру барысында ұстануға тиісті талаптар. Олар:

тәрбиенің өмірмен, қоғаммен байланыстылығы;

тәрбиенің міндеттілігі тәрбиеде іске асырылуы тиіс:

кешенділік;

барлық принциптердің тепе-теңдігі;

ізгілік принциптері;

жағымды қасиетке сүйену;

тұлға дамуына бағытталу принципі.

Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсатына және нәтижесіне қол жеткізуге байланысты қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Тәрбие әдістері:

сендіру;

жаттықтыру;

мадақтау;

жазалау;

үлгі көрсету түрлері әдістерді классификациялаудың базалық негізі бола алады.

Сендіру әдісінің негізгі қаруы – сөз, ақпараттандыру, адам санасына әсер ету.

Жаттықтыру әдісі – іс-әрекетінің көп рет қайталануы арқылы қалыпты әдет қалыптастыру.

Мадақтау әдісі – жағымды іс-әрекетінін бақылау арқылы жеке адамды белсендендіру. Ол мақтау, сый көрсету, жақтау, алғыс білдіру сипатында іске асырылады.

Жазалау әдісі адамның қатесін түсіндіруге, жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Қоғам талабын орындау керектігін үйретеді. әрине, жазалау әдісіне педагогикалық тұрғыдан денеге зақым келтіру, яғни, ұрып-соғу, балағаттау жатпайды.

Үлгі көрсету – сөз бен істің бірлігі. Адам тек сөзімен ғана емес, ісімен тәрбиеленушіге үлгі көрсетуі тиіс.

Тәрбие құралы - әлеуметтік тәжірибеде жиынтығы. әдістер мен құралдардың жиынтығы тәрбие формасын анықтайды. «Форма» терминінің мәні: 1) тәрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тәрбиеленушінің ұжымдық және жеке-дара іс-әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі, сонымен, форма – бұл тәрбиелек істер процесінднгі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі. Тәрбие формалары төмендегідей қызметтерді атқарады. ұйымдастырушылық; реттеушілік; ақпараттандырушылық.

ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды әрекетінің қисынын (логикасын) бейнелейді.

реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілір арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді.

ақпараттық: тәрбиеленушінің игерген білімдерін ғана біржақты қабарлауына мүкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тәрбиелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске асуына жол ашады.

60-80 жылдар мектеп және жоғарғы оқу орындарда оқитын жастарды тәрбиелеу теориясы мен практикасы сияқты жұмастарында Ф.Кумбс, Г.Нинв, Дж. Вильсон, Дж. Брунер, Х. Беккер, Ч. Зильберман, Дж. Анкс, К. Кенистон, Х. Лэш, Ч. Рейс, Т. Роздан, Ф. Кармел және т.б. әйгілі мамандар бір ауыздан қоғамда және ең бастысы оқу орындарда жастарды тәрбиелеу дағдарысқа ұшырағанын мойындады. Л. Колбергтің айтуы бойынша келешекте өзінің қызметі мен функциясын атқарып қоғамның алға басуға жағдай жасап, әділ қоғам құру үшін, жастарға мектептер мен жоғарғы оқу орындар көмектесу қажет.  

П. Херст, Л. Колберг, А. Харрис басқаларға қарағанда алысырақ кетті, олар өнегелі тәрбиелеуде өсіп келе жатқан ұрпақтарда мектептер мен оқу орындарында өткізілетін «адамгершілік тілі» - жақсылықпен жамандықтың айырмашылығын, әділеттілік ұғымын, бостандық, шындықтар, адамгершілікті силау және т.б. тақырыптарға байланысты әңгіме және пікірсайыс әдістері басты рольды атқарады дейді.

Тәрбиеленушілерде қоғамдық армандарға лайықты мінез-құлықтар болу үшін, тәрбиеші мақсатқа бағытталған жігерінен тәрбиеленушіде жеке адам аралық көңіл қалыптастырып, өздігінен оның идеясы мен өнегелі мәнін табуға итермелеу керек. Тәрбиелеу үрдісі мен адамды социализациялауда бұл формула ең негізгісі деп айтуға болады. Адамның өзі жасаған іс-әрекет үрдісінен шыққан сезімдер, эмоциялар және орынды нәтижелер арқасында  дәлеті жиналады. Сондықтан студенттердің өзін-өзі басқару тәрбиелеу үрдісінің күшті фактор ретінде қабылданады.

Қазіргі замандағы педагогикада (әсіресе психологияда) тәрбиелеуде тұлғаның құрылуына таңдаған идеалға мақсатты бағытпен жетуден көрі, тұлғаның дамуына шарттарды жасауда көрінеді.

Тәрбиелеудің ең басты тәсілі – адамды қалқысыз бағаламай, ол адам қандай болса, солай жай қабылдау.

Оқытушының ең басты міндеті – баланың, жасөспірімнің, бозбаланың өмірлік тәжірибенің шектелгеннің, білімнің аздылығынан және бүкіл мәдени байлықты меңгермегеннен ашылмаған тәрбиелеушінің алдынан кең алаңын көрсету. Осындай кең алаңды көрсеткенде тәрбиелеуші қандайда бір таңдауға өзінің бағалау көңілің жасыра алмайды. Әрқашан тәрбиеленушінің өз бетімен таңдау жасауға құқығынан айырмау керек.

Келесі қажетті міндет – тәрбиеленушінің дара қызмет және қатынас стилін, өмірлік стилін таңдауға көмектесу. 

Студенттік ұжымында қоршаған ортаның қолайлы жағдайы, студенттің қалыпты тұлға ретінде дамуға көмектеседі.

Оқытушы-куратор топтағы үрдістердің заңдылықтарын түсініп, олардың қалыптасуына қолайлы әсер көрсету керек.

Студенттік топтың жастары (әдетте жас айырмашылықтары 5 жылдан артық емес) бір мөлшерде болуы, назарлардың, мақсаттардың ұқсастығы, психологиялық ерекшеліктері сияқты, топты біріктіруіне жағдай жасайды. Студенттік топтың басты әрекеті – оқу болғандықтан, өндірістікке қарағанда, оқу ұйымдасқандық едәуір әлсіз болады, сондықтан кейбір кезде біріккен ұжым салынбайды, әркім өз бетімен журеді.

Студентік топта «ұжымдық көңіл-күй» (ұжымда, қоршаған әлемде болатын оқиғаларға ұжымның эмоционалды реакциясы; ұжымның көңіл-күйі ұжымның қызметін ынталандыра алады немесе керісінше бұзалады, соның салдарынан қанағаттанбаушылық, оптимистік, парықсыз көңіл-күй көрінеді), «ұжымдық пікір» (ұжым өмірінің сұрақтарына пікірдің ұқсастығы, көзқарастары, оқиғаларды, топ мүшелердің қылықтарының мақулдау немесе ұялту), «еліктеу құбылыстары, иланушылықтың немесе жарыс құбылыстары» (табысқа жетуге ұмтылуға адамдардың өзара әрекеттесу түрі, өз қызмет нәтижелеріне қызу ынталары жатады) әлеуметтік-психологиялық құбылыстар байқалады.

Қауымдастық – тұлғалық мәнді мақсаттарынан өзара қатынастар тұрғызылған топ (достардың, таныстардың тобы).

Кооперация – бұл топ нақты жұмыс істейтін құрылыммен ерекшеленеді, жеке тұлғаның көңілі іскерлік мінез-құлықты көрсетеді, бағыныштылардың нақтылы мақсаттың орындалуына қойылатын нәтижеге жетудің қызметтің айқын түрі.

Бірлестік – ішкі мақсаттармен біріккен топ, топталған мақсаттарға жету үшін әр қилы жағдайға қарамай, немесе басқа топты пайдалану арқылы.

Кейде топталған эгоизмге жеткенде, еңбек немесе оқу топтарда бірлестік рухқа ие болады.

Ұжым – уақытқа турақты топтың ішіндегі адамдардың басқару органдарымен байланысы, әлеуметтік-пайдалы қызметпен және топтың ішіндегі адамдарды формалды (іскерлік) және формалды емес қарым-қатынастағы мақсатпен біріккен. Оқу ұжымы екі құрылымнан турады: бірінші, бұл оның көптеген ерекшелліктерін анықтайтын педагогтармен кураторлардың мақсатты әрекет етулері; екіншеден, оқу ұжымы – әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарына бағынатын салыстырмалы түрде өз бетімен дамитын құбылыс.

Студенттер - ұтқыр әлеуметтік топ, өзінің ұлттық және әлеуметтік құрлымымен ерекшеленеді, жасына қарай, сонымен бірге сол уақытқа тән ерекше қабілетті болу. Бұл ерекшеліктер студенттердің қалыптасуымен байланысты оқу үрдісімен бірге өзгеше студенттік мәртебесіне қатысты уақытша ұстанымдарды ұстану. Студент өмірінің өзгешелігі, тұлғаны қарқынды дамытуға белсенді қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Әлеуметтік бағыттарды қалыптастыруда, жоспар бойынша бірінші орынға құндылықты бағыттар шығады.

Студенттердің әлеуметтік бейімділік шарттары мыналарды талап етеді:

1) креативті, дамытатын орта, студенттердің ғылыми ізденушілігін дамыту тек оқу үдерісінің шеңберінде ғана емес, сонымен қатар кафедра клубтарының, ғылыми үйірмелер; жеке шығармашылық, әлеуметтік-мәдени әрекеттердің әртүрлі формалары мен бағыттарын қамтамасыз ету;

2) жоғары оқу орнының қоғам үшін ашықтыңы - елдердегі жоғарғы оқу орындары арасындағы байланыс, бірігіп шаралар өткізу, республикалық жастар ұйымдарына қатысу;

3) студенттерді оқуға келгеннен бастап әлеуметтік-мәдени әрекеттерге тарту, себебі университет туралы олардың қабылдаулары бірден оның әлеуметтікмәдени ортасын қалыптастыруда өздерінің қажетті қабілеттіліктерін пайдалану.

Тәрбие жұмысы аудиториядан тыс жағдаймен ғана шектелмеуі қажет. Тақырыптар тәртібіне патриоттық тәрбиеге, студенттердің азаматтық мәдениетін көтеретін, әлеуметтік-гуманитарлық циклдарға арналған тақырыптарды міндетті түрде қосу қажет.

Студенттерді жаңа қоғамдағы өмірге дайындау, Қазақстандағы қарқынды түрде дамып келе жатқан болашақ кәсібіне үйрету, патриоттық сапасын қалыптастыру - бұл міндет, оқу үдерісінің деңгейінде шешілуі қажет. Бірінші орында, әлеуметтік-гуманитарлық тәртіп (ӘГТ) циклін оқыту. Әлеуметтік-гуманитарлық тәртібінің қызметі педагогика, психология кафедралары, саясаттану және тарих факультеттерінде жүзеге асады.

Педагогика кафедрасы - арнайы курстарды ашу мүмкіндігін қарастыру, студенттердің жоғары оқу орындарындағы ортаға үйренуіне көмектесу, мәдени ортада және этикалық қылықтардың (мысалы, «студент және жаңа қоғам») дұрыс қалыптасуын береді.

Психология кафедрасы жалпы «Психология» курсын беру әдістемесін реттеу мүмкіндігін қарастырады, немесе «тұлғалық өсу» арнайы тренингін өңдейді, ол жаңаша бәсекелестерге қарсы тұратын элиталық оқу орындарының түлегінің үлгісінің қалыптасуына бағытталған.

Саясаттанау кафедрасы жалпы «Саясаттану» курсына кіретін жұмыс лекциялық бағдарламалардың тақырыбына патриоттыққа тәрбиелеу, Қазақстанның тәуелсіздігіне қол жеткізуге арналуы тиіс.

Қазақ тілі кафедрасы жалпы қазақ тілін үйрету курстарының қорытынды бақылау жұмысы ретінде «Мен Қазақстан патриотымын» деген шығарма жазуды енгізу мүмкіндігін қарастыру. Осы түпнұсқалық қорытынды бақылау орыс тілін үйренуде қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар, тарих факультеті «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы: дәстүрі және өркендеуі» арнайы өңдеу курсының мүмкіндігін қарастыруға міндетті. Бұл және басқа да элективті курстардың бағыты студенттердің мынадай қабілетін, әлеуметтік және кәсіби шапшаңдығы сияқты, толеранттылығын, өмірлік тағдырдың жеке жауапкершілігін, өз-өзін кәсіби дамытуына, бәсекелестік қабілеттілігін дамытуға бағытталған.

Тәрбиелік жұмыстардың нәтижесін жоғарылатудағы маңызды іс студенттердің интелектуалды жұмыстарды дамытуда ғылыми зерттеулерге қызығушылығын күшейту, студенттерді терең кәсіби дайындау болып табылады.

Университеттердегі оқу жұмысында тәрбиелеу аспектісін оңтайландыру мақсатында мына шарттар орындалуы тиіс:

  • 1) Дайындықты және педагогикалық ұжымға бағытталған ұйымдастыруларды, тәрбие жұмыстарын оқыту кезінде жүргізу.

  • 2) Әлеуметтік-педагогикалық кіріктірілген орта, студенттер мен оқытушы арасындағы түсініспеушілікті жеңу.

  • 3) Нормативтік-құқықтық, педагогика кафедрасының тәрбие жұмысын әдістемелі-ұйымдастырылған жүйемен қамтамасыз ету.

  • 4) Жеке тәрбие беретін шараларды өткізуде университеттегі гуманитарлы педагогикалық ортаны жүйелі түрде қалыптастыру жоғарғы оқу орнының жаңа өмірге қадам басуы.

  • 5) Жүйелі түрде қызығушылығын білу сұраныстары, студенттердің және оқытушылардың бағытын бағалау, оқу үрдісінде тәрбиелік жұмыстардың негізгі жоспары болып табылады.

  • 6) Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда студенттердің болашақ мамандығына қарай ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуына кең мүмкіндік беру.

  • 7) Тәрбиелік әлеуеттің базалық тәртібінің қолданылуы, элективті курстар, түрлі формадағы оқу жұмыстарының азаматтықты қаыптастыруы,студенттерді тек оқыту субъектісіне айналдыру ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қайраткер ретінде қалыптастыру.

Студенттер мен оқытушылардың рухани және материалдық жүйесін қалыптастыруда, оқу үрдіснде тәрбие жұмысын іске асыруды ынталандыру 

Оқудан тыс тәрбие жұмысындағы негізгі бағыттар

1. Азаматтық және әлеуметтік ұстанымдар белсенділігінің қалыптасуы:

- университеттік, қалалық, республикалық шаралар, акциялар, қозғалыстар, гуманистік, әлеуметтік және моральдық-психологиялық бағыттарға қатысу;

- жастар Комитетінің ұйымдастыруымен өтетін патриоттық сипаттағы шараларға қатысу;

- студенттер арасынан және оқытушылар құрамынан этникалық және ұлт аралық келісімді сақтау үшін шаралардың өткізілуі;

- конференция, семинар, тақырыптық кештер, елдегі ұмытылмас оқиғаларды өткізу;

- студенттердің саяси мәселелерге қатысу жөнінде әңгімелер, пікір-сайыстар, «дөңгелек үстелдер»;

- оқу тәрнтібін бақылау, жатақхана тәртібін сақтау.

2. Моральдық-психологиялық тәрбие және адамгершілік:

- этикалық тақырыптардағы кештерде сұрақтар мен жауаптарға қатысу;

- кәсіби негіздегі және этикалық мәндегі лекцияларды тыңдау.

3. Таңдалған мамандыққа тәрбиенің саналы қатынасы:

- байқауларға, курстық жұмыстарға, студенттік конференциялар мен семинарларға қатысу;

- кітапхана қызметкерлерінен кеңес алу, кездесу;

- қарапайым дидактикалық құралдарды, ғылыми рефераттық шолу мәселелерін дайындау;

- университетті жабдықтауға арналған сенбіліктерге қатысу.

4. Эстетикалық тәрбие:

- эстетикалық бағыттағы клуб жұмысына қатысу;

- демалыс кешін ұйымдастыру;

- жазушылар мен өнер қайраткерлерімен кездесу;

- студенттердің шығармашылығы және өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнері.

5. Дене тәрбиесі:

- бөлімдерде дене дайындығын жетілдіру, жарыстарға қатысу;

- топпен жұмыста денсаулық сақтауды насихаттау;

- спорттық дене тәрбиесіндегі шараларды ұжыммен өткізуді ұйымдастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]