Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

28. Білім беру үдерісінде студентердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Баяндама, ғылыми мақала, курстық жұмыс, магистрлік диссертация және т.Б. Зерттеулердің ғылыми аппаратын құрастыру.

Реферат – көбіне бірінші курс студенттері орындайтын өзіндік жұмыстары. Реферат дайындау кезінде студенттер ізденіс дағдысы мен керек материал жинап үйренуден басқа шешендік өнерді де үйренеді.

Баяндама – студенттердің өзіндік жұмыстарының әдеттен қолданып жүрген бір түрі. Баяндама дайындау кезінде рецензент, оппонент және қосымша баяндама жасайтын адам тағайындауға болады.

Шығармашылық тапсырма.

а) қойылған тапсырманы шешу;

ә) жеке оқу курсындағы мәселелі сұрақтарды шешуін іздеп табу;

б) қатесі бар мәтінмен жұмыс істеу; оны студенттердің өздері құрастырса да болады немесе оқытушы құрастырады.

Ғылыми немесе мәселелі ақпаратты көп жағдайда көкейкесті мәселеге байланысты оқытушы жоспарлайды. Бұл сияқты өзіндік жұмыстарды бір курстың студенттерінің арасында талқыға салу арқылы өткізуге болады.

Курстық жұмыс – бұл оқудың нәтижесін көрсететін студенттің дербес шығармашылық мазмұндамасы. Студенттің білімінің тереңдеуі мен кеңеюіне себебін тигізеді, теориялық және негізгі материалды талдай білуіне, жазбаша түрде өз ойын жеткізе білуге үйретеді.

Курстық жоба, дипломдық жоба оқу ісінің синтезін құрайтындықтан, болашақ маман үшін өте қажет курстық жобаны ерекше атап өткен жөн тәрізді.

Тәжірибеге жүгінсек, бір курстық жобаны, 2-3 студент орындаса жобаның практикалық сапасын арттыруға болатындығы белгілі болды, яғни бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін арттыруға себебін тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау кезінде студенттер таңдау еркіндігін алады, яғни, психологиялық сәйкестіктеріне байланысты қосымша авторларды, берілген тізімнен жобаның тақырыбын, зерттелетін бағдарламаны, беттердегі көріністердің ықшамдалуы мен орналасуын, жобаны қорғаған кездегі баяндамадағы бөлімдердің айту тәртібін – осының барлығын таңдауды студенттердің өз еркіне беруге болады.

Жоғары оқу орындарында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі – коллоквиум болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жинақ түрінде ұйымдастырылып, студенттердің жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» оқытушылар әр түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған болса, нәтижесінде, өздігінен орындайтын жұмыстарының пайдасы студенттер үшін әлдеқайда тиімдірек болар еді. Сонымен қатар, студенттердің жұмыстарын студенттердің өздеріне бағаландыру, глоссарий құрастыру, ғылыми шолуларды, статьяларды және т.б. дайындау және жазу шараларын қолдану да жақсы нәтиже береді. Бұған, әрине, оқытушылардың шығармашылық әдіс-амалдары қажет.

Сабақ өткізу кезінде іскерлік ойындар ұйымдастыру да үлкен жетістікке жеткізетіндігі жаңалық емес. Ойынның мақсаты оқу жоспарының мағынасына, студент-ойыншылардың құрамына, олардың дайындығына, ойынға кететін уақытқа және сабақтың тақырыбы мен мәніне байланысты шешіледі. Ойын пікірталасқа негізделген мағыналы, ақпаратты және берілген сабақтың тақырыбын ашатын нақтылы болуға тиісті. Ойынға қатысушы студенттер нақтылы жағдайды өз беттерімен қарастырып, ойынның мақсатына өз жетістіктерімен жетулері тиіс. Ең бастысы – оқытушы ойынды ойыншы қауымның өздері ұйымдастыруына ерік беріп, оларды қанаттандырып отыруы керек.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады, ал бұл – оқушының қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Өздігінен орындайтын жұмыстың нәтижесі жақсы болуы үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы және студенттерді оқу-әдістемелік, анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз етілуі қажет.

Оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдарға: әр пәннің аудиториялық жұмысына арналған студенттерге таратып берілетін материалдары: лекцияның тақырыптары, семинар сабақтарының жоспары, аудиториялық сабақтарға арналған мультимедиялық көріністер; студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдары:үй тапсырмаларының тақырыптары, әр тақырыпқа арналған өзіндік тексеру материалдары, курстық жұмыстар мен рефераттардың типтік үлгілері, оқу электрондық материалдары; алған білімді тексеру материалдары: жазбаша бақылау тапсырмалары, жазбаша электрондық тест сұрақтары, сынақ билеттері және әр пәнге арналған жоспар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]