- •1. Жоғары мектеп педагогикасы педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде.
- •3. Жоғары мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі құрылымдық сызбасы. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі
- •Жоғары мектеп педагогикасының пәні, ұғымдары және оның міндеттері
- •Қр білім беру саясаты. Жоғары білімнің қазіргі заманғы концепциялары.
- •Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
- •Үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасына талдау жасау. Жоғары бiлiм берудің негiзгi мәселелерi және оларды шешудің жолдары.
- •Қазақстандағы жоғарғы мектеп тарихы, қазiргi жағдайы және даму бағыттары.
- •Жоо педагогикалық үрдісі бойынша халықаралық құжаттар. Болондық процесс. (Болондық декларация материалдары және болондық үдеріске талдау жасау).
- •Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Кәсіби біліктілік ұғымы.
- •15.Жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық шеберлiгi.. Оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Оқытушылардың біліктілігін жетілдіру жолдары.
- •16.Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын оқытушысының қызметіне сипаттама.Талаптар. Жоғары мектеп
- •17.Эдвайзер, Тьютор мен офис регистратордың қызметтері. Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тьютордың, эдвайзердің қызметіне талдау
- •18. Студенттердің танымдық қызығуларын қалыптастыру жолдары. Оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекеттестіктің мәні.
- •19. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектеп дидактикасының негiзгi проблемалары. Қазіргі кезеңдегі дидактикалық тұжырымдамалар.
- •20. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары және қозғаушы күштері. Білім берудің оқу үдерісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру.
- •Ойындар
- •22. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Жоғары білім берудің мазмұны.
- •23. Жоғары мектепте кәсіптік білім берудің жаңа технологиялары. Жоғары мектеп дидактикасындағы модульді оқыту ерекшеліктері
- •Жаңа технологиялардың жіктемесі және оларға сипаттама беру.
- •Педагогикалық технология түсініктері: мәні және қолдану ерекшеліктері.
- •Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары.
- •Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың инновациялық формалары, оларға сипаттама, инновациялық процестер.
- •27. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру (мөж, моөж, сөж, соөж).
- •28. Білім беру үдерісінде студентердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Баяндама, ғылыми мақала, курстық жұмыс, магистрлік диссертация және т.Б. Зерттеулердің ғылыми аппаратын құрастыру.
- •29. Мөж (сөж) түрлері және оның әдістері мен ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері.
- •30.Жоғары мектеп - мамандарды қалыптастырудың әлеуметтік институты.
- •Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні және негізгі бағыттары. Факультеттің және кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына талдау.
- •32.Білім берудегі менеджмент. Білім менеджменті жүйесі: мәні, мазмұны және құрылымы. Білім беру ұйымдарын басқару үлгілеріне талдау жасау, модел құрастыру
- •33) Семинар, семинар сабақтарының типтерi, мәнi және оған сипаттама, талдау жасау әдiстемесi.
- •35) Жоғары оқу орындарындағы лабораториялық (практикалық) сабақтар, оған дайындалу және өткiзу және талдау әдiстемесi.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары
- •4. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формалары
- •Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау
- •Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
- •52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- •Оқытудың кредиттік жүйесі және оны басқару мәселелері
- •54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
- •55. Мемлекеттік қорытынды аттестациялауға даярлық және оны өткізу
- •Тестілеу жүйесіне (тms-ке) қойылатын жалпы талаптар
- •4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар
- •5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар
- •6. «Тестті құрылымдаушы» модуліне қойылатын талаптар
- •7. «Тестілеу қорытындысы» модуліне қойылатын талаптар
- •Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу
- •4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу
- •5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару
- •Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы
- •Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралыНұсқаулық
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
- •3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
- •56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.
- •57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
- •Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
- •Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі, қашықтан оқыту және дамыта отырып оқыту мәселелері.
- •60. Жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдары: ерекшеліктері мен олардың сипаттамасы.
- •61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
- •65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың инновациялық формалары, оларға сипаттама, инновациялық процестер.
Жоғары мектепте оқытудың инновациялық технологиялары
Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.
Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру.
Педагогикалық технологиы үш аспектіде қаралады: ғылыми, процессуалды –сипаттамалы, процессуалды –әрекеттік. Осындағы жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын зерттеуші ғылыми ретінде, принциптер мен зерттеуші қызметін атқарады.
Педагогикалық технологияда алғаш рет анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы В.П.Беспалько. Ол «педагогикалық технологияны практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен.
Б.Т.Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі» ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады.
Қазақстандағы Ж.А. Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және тағы басқа ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап,түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін ӛмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже ,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, елестету мен есте сақтауын , белсенділігін дамытып ,білім сапасының артуыны көмектеседі.
Дамыта оқыту теғнологиясы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік –зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезеңге дейінгі тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп,содан барып оның білімін алуға деген ынтасы артып,білім алуға әрекеттенеді.
Қорыта келгенде оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді.
Бiлiм берудi ақпараттандыру: проблемалар мен перспективалар.
Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы мектеп оқушыларын компьютерлік оқытуға, ақпараттық-қатынастық технологиялар (АҚТ) саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді олардың белсенді игеруіне, Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық-білімдік ортаны жасауға бағытталған. Осының барлығы, ақыр соңында, білім берудің сапасын жаңарту мен арттыруға, мектеп оқушылары мен болашақ кәсіпқойлардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, әлемдік қоғамдағы Қазақстан азаматтарының мәдениаралық және тілдік қатынастары үшін негіздерді жасауға бағытталған болатын.
Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы кең ауқымды сипат алды және білім берудің барлық саласына: кәсіптік мектептерге, коледжілерге, жоо-на, институттарға және кәсіптік кадрлардың біліктіліктерін арттыру курстарына тарады.
Ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
- АҚТ-ды оқу процесіне енгізу бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
- компьютерлік техникамен қамтамасыз етушіліктіктің әлемдік көрсеткішіне жету үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;
- орта білім беру ұйымдарын Ғаламтор желісіне қосу;
- білім берудің барлық деңгейлерінде арақашықтықтан оқыту технологияларын дайындау және енгізу;
- аймақтарда білімдік ақпараттық ресурстық орталықтарды және министірліктің білімдік порталын құру;
- білімдік бағдарламаларға сәйкес орта білім беру ұйымдарын электрондық оқулық басылымдармен жасақтау;
- мемлекеттік органдардың біртұтас көліктік ортасының базасында портал мен аймақтардың ресурстық орталықтарын біріктіру;
-мониторингтің (сараптаманың) ақпараттықжүйесіненгізу;
- білім беру ұйымдарынбасқаружәнеталдау.
Ақпараттық қатынастық технологияларды оқу процесіне енгізужәне білім берудің жай-күйін сараптау мен талдаудың шеек келтірмейтін мәліметтерінің негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау есебінен білім беру сапасының деңгейін арттыру.
Жоғары мектепте оқыту нәтижелерін диагностикалау.
Оқу үрдісінде компьютер оқып үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыты тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, студенттердің саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, Ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі таңда жоғары мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, жоғары оқу орындарында әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламалармен тікелей жұмыс ітеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.
Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістері ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларында жетілдіру қажет. Мұның өзі мынадай оқыту-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
-оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір Пәнді оқытудың сапасын жаксарту үшін қолдану берілген ерекшеліктерге байланысты:
1. Бірнеше мәрте кайталау есебінен туденттердің ойлау, сөйлеу және тілдік материалды есте сақтау дағдыларын жаттықтыруды қамтамасыз етеді. Осы қасиеті үшін ғалымдар компьютерге "төзімді оқытушы" деген ат берген;
2. Компьютермен оқытылып жатқан пән мазмүнының әдістемесінің және көрнекілігінің өзгеруіне тез бейімделеді;
3. Бір компьютерлік бағдарламаның өзін әртүрлі аудиторияда, оқу орындарында пайдалану мүмкіндігі бар. Қажет болған жағдайда бағдарламаға түзетулер, өзгертулер енгізуге болады;
4. Бағдарламаны жасауға білікті мамандардың тартылатыны белгілі. Олай болса, компьютермен жүмыс істей отырып, студент таңдаулы адамдармен "жүмыстас" болады. Аталған еоекшеліктер студенттердің жұмыс жасауына оңтайлы мақсатқа жету үшш әртүрлі бағдарламалық жетістіктерді қолдана білу, ақпараттық техңологияның іс-әрекеттік және дидактикалық міндеттерін білуі талап етіледі.
Білім саласын ақпараттандыру оку процесінің тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық технологиялардың қосымша әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын карастыруға ықпалын тигізеді, сонымең катар оқушылардың болащақ мамандығын игеру барысында ақпараттық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын дамытады.
Қазіргі кезде оқу процесінде заманауи ақпараттык технологияларды қолдануды арттырудың мәні көптеген факторлармен айқындалады:
- жоғары оқу орнында арнайы пәндерді интефациялау, сонымен қатар алдыңғы қатарлы компаниялар мен ғылыми-зерттеу ұйымдары бар жоғары оқу орнын интеграциялау жағдайында педагогикалық процест ерді күрделендіру;
- оқу материалының көлемін арттыруға жэне оны талдап Қорыту кажеттілігіне саятын студентгің кэсіби білімін кеңейту;
- эрқилы кэсіби: жобалық, зерттеу, техноло-гиялықжәне т.б. міндеттерді шешу қажеттілігіне экеліп саятын қызмет салаларын кеңейту;
- авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;
- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
- ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.
1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.
2. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.
Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әртүрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.
Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:
- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;
- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
- қысқа мәтіндер мен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшлығы тура осы жерде көрінеді);
- әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
3. Моделдеу. Моделдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделеу әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып табылады.
4. Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіп пен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев қалыптасқан дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетеді. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Сондықтан да ол «Қазіргі білім бру жүйесін дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі» қажеттілігін қадап айтты.
Бүгінгі күннің талабына сай еліміздегі орта кәсіптік білім беру жүйесінде экологиялық биологиялық пәндерді оқытуды жаңаша мазмұнда жетілдіру ақпараттық қоғам қойып отырған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Биология, экология, химия сияқты түрлі ғылым салаларының көптеген мәселелері компьютерлік жүйелер арқылы шешіледі. Қоғамның ақпараттануы ақпаратты маңызды қоғамдық ресурс ретінде пайдалануға жағдай жасайды.
Қоғам өмірін ақпараттық-биологиялық андыру және онымен байланысты ақпараттық-коммуникация құралдарын жан-жақты дәріптеу орта кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Оқу-тәрбие үрдісіне қажетті жаңа техникалық құралдарын береді, кәсіби білім беруге және оны меңгертуге қажетті автоматтандырылған ақпараттық жүйені жасауға ынталандырады.
«Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы, «Экологиялық білім бағдарламасы» құжаттарында қарастырылған мәселелер (ғаламдық экологиялық мәселелер, қоғамды экологияландыру, экологиялық білім мен тәрбие берудің инновациялық тетіктерін мемлекеттің білім беру жүйесіне енгізу т.б.) бойынша экологиялық-биологиялық кәсіби білім негіздерін меңгерген маман тұлғасын қалыптастыру мәселесі тұр.
Еліміздің білім берудегі саясаты білім жүйесіне түбегейлі өзгерістер жасай отырып әлемдік білім кеңістігіне бірігу екені мәлім. Оның мақсаты – оқу жүйелеріне жаңа технологиялардың көмегімен оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беру арқылы ұстаздар қауымының белсенділігін арттыру.
Осы аталған мәселені зерттеу барысында қазіргі оқу-тәрбие үрдісінде мынадай қайшылықтар орын алып отырғаны анықталды.
1.Экологиялық-биологиялық пәндерді оқыту барысында орта кәсіптік білім беру орындары студенттерінің табиғатқа жауапкершілікті қарым-қатынасын қалыптастырудың қажеттілігі мен пәнаралық байланыс мүмкіндіктерінің ғылыми-әдістемелік негізде жеткілікті қарастырылмауының арасындағы қарама-қайшылық.
2.Қоршаған ортаға деген жан-жақты қатынасты қалыптастырудың қажеттілігі мен орта кәсіптік білім беру орындарының жеке пәндерінің мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық.
Жоғарыда аталған қарама-қайшылықтардың біріншісінде аталған пәнаралық байланыста информатика пәнінің негізінде ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану арқылы іске асырудың тиімділігі айтарлықтай жоғары.
Л. Луцевич «оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратты өңдеудің, тасымалдаудың, таратудың машиналық (ЭЕМ көмегімен орындалатын) технологиясы, информатиканың есептеу және бағдарламалық орталары» деген анықтама берген. Ал М. Жалтакова ақпараттық технология ретінде адамдардың білімін кеңейтетін және олардың техникалық, әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндіктерін дамытатын ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдаудың, бейнелеудің техникалық орталары мен әдістерінің жиынын түсіндіреді.
Студенттерді оқытуда қолданылатын ақпараттық технологиялардың техникалық және технологиялық жабдықталуы қатарында келесі құралдарды атауға болады:
- дербес компьютерлер;
- оқу мақсатына бағытталған жергілікті желілердің жабдықтары;
- байланыс желілері арқылы мәліметтер қабылдау және жөнелту құралдары;
- жалпы және жүйелік бағдарламалық құралдар;
- аспаптық бағдарламалық құралдар;
- бағдарламалық-әдістемелік кешендер;
-оқу мақсатына арналып жасалған ақпараттық жүйелер.
Тест, ұғымдарына мазмұндық сипаттама беру.
Педагогикалық өлшемдердің ең көп тараған түрі – тест.
Педагогикалық тест дегеніміз белгілі мақсатқа байланысты ғылыми негізде құрастырылған тапсырмалар жинағы.
Тест ұйымдастырудың талаптары:
тест жоспарланған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Барлық студенттер біркелкі жағдайда, бірдей сұраққа жауап береді.
тест мазмұны қатаң құпияда сақталуы қажет.
Тест – сұрақтар арқылы берілген оқу модулінің жеке тақырыптары бойынша орындалатын жазбаша бақылау түрі.
Тестілеу – бақылау сапасын арттыру және оқу үдерісінің тиімділігін бағалау құралы ретінде қарастырылады. Бұл жөнінде толығырақ тоқталайық.
Тест түлектердің білім, білік, дағдыларын анықтаудың объективті бағасын алуға, белгіленген стандарттарға сай болуын, оларды дайындаудағы кемшіліктерді анықтауға көмектеседі.
Тест білім алушылардың дайындық деңгейлерін анықтау және обьективті бағалау мақсатында белгілі мазмұндағы жеңілден ауырға қарай берілетін тапсырмалар жүйесі деп түсіну қажет [2, 22б.].
Тест тапсырмалары тек сұрақтар мен есептерден ғана емес, олар дұрыс, не дұрыс емес деген жауаптардан тұратын пайымдаулар түрінде де болатынын айта кетейік. Тестілеу рәсімінің технологиясы бойынша, жауаптар «1» - дұрыс және «0» - дұрыс емес деп белгіленеді және бұл түрде ақпаратты өңдеудің заманауи жүйелеріне де түсуі мүмкін.
Тест тапсырмасы бірнеше талаптарға сай болуы тиіс. Ол нақтылы формада, тек пәннің мазмұны айналасында, қисындық жағынан дұрыс құрылған, технологияландырылған, белгілі бір қиындық дәрежесі бар және таңдалған критерийлерге сай болуы қажет. Аталған талаптарға қарап, тест тапсырмалары эмпирикалық жағынан тексеруден өтуі тиіс дейміз.
Тест сапасы екі негізгі критерий бойынша бағаланады.
Біріншісі – тест сенімділігі, ол дегеніміз белгілі бір білім алушылар контингентіне қосымша тестерді немесе бақылаудың басқа әдістерін қолдану арқылы олардың сол тест тапсырмаларын орындағанда алған нәтижелерін қайта жаңғыртумен және салыстырумен анықталады.
Екінші – тест анықтылығы (валидность), яғни автор өз ойы бойынша білім алушылардың бойындағы анықтағысы келген өлшемді көрсетуге бағытталады. Тест анықтылығын айқындау барысында ол сараптамалық бағалаудан өтеді.
Қазіргі кезде дидактикада тест тапсырмаларының негізгі төрт түрі бар. Оларды қарастырайық.
1. Жабық формадағы тапсырмалар, бұл жерде білім алушылар бірнеше ұсынылған жауаптар ішінен дұрыс дегенін таңдайды. Бұл дұрыс нұсқалар «дистрактор» деп аталады. «Дистрактор» неғұрлым қисынды дұрыс құрылған болса, соғұрлым студент бұған еліктеп, дұрыс емес жауап береді. Қарапайымдылығына қарап, студент таңдамайтын нашар «дистракторларды» тест тапсырмаларынан алып тастау қажет. Мысалы, мұғалім іс-әрекетінің нысаны болып табылатындар:
А) оқушы
В) оқыту
С) тұтас педагогикалық үдеріс
Д) әріптестер
Е) тәрбиелеу.
2. Ашық формадағы тапсырмалар, бұл жерде білім алушылар негізгі сөзді жаза отырып, пайымдауларды шынайы немесе жалған етіп шығарады, оның дұрыстығын анықтамамен дәлелдейді. Бұл тест пайымдауы ішінде сұрақ та жауап та бірге болады. Ол аз сөздерден құралуы тиіс (неғұрлым аз болғаны жақсы), ал білім алушылардың жазатын негізгі сөзі пайымдауды аяқтап тұруы қажет. Тапсырмаларды құру кезінде аз сөзбен тапсырма мазмұнын нақты ашатынын қарастыру қажет. Мысалы, «Нәтижесінде оқушы білім, іскерлік, дағды жүйесін меңгеретін педагог пен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған, басқарылатын үдеріс....аталады (оқыту).
3. Сәйкестендіру тапсырмалары, мұнда бір бірліктің элементтерін екінші бірлік элементтерімен сәйкестендіру қажет, екінші бірліктегі элементтер біріншіге қарағанда 20-30% көп болуы тиіс. Бұл білім алушыларға дұрыс жауапты іздестіруде мүмкіндік береді.
4. Дұрыс тәртіпті орналастыру тапсырмалары. Білім алушылар сандар көмегімен тапсырма қажет ететін іс-әрекет реттілігін көрсетеді. Мысалы, сабақты ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгіле: 1. диагностикалау; 2. мақсат қою; 3. жаңа тақырыпты түсіндіру; 4. жаңа тақырыпты бекіту, меңгеру дәрежесін бақылау; 5. бағалау, үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқау беру.
Тестілеу дәстүрлі бақылаудан мынадай айырмашылықтары бар:
-біріншіден, олар бақылаудың обьективтілігін арттырады, оқытушы мен білім алушылардың қарым-қатынасы, олардың ішкі сезімдері сияқты бағалауға әсер ететін ішкі факторлардан аулақ болуына мүмкіндік береді;
-екіншіден, тест бойынша алынған баға, барынша жекелік (дифференциалды). Бақылаудың 4 балдық бағалау жүйесі қолданылатын дәстүрлі түрлеріне қарағанда, тестілеу нәтижесі ерекше ұйымдастырушылыққа байланысты құрылымдық түрде ұсынылуға мүмкіндік алады, сондай-ақ тестілеу білім алушының белгілі бір тақырыпты немесе тұтастай білімді тексеруге мүмкіндік тудырады. Тестің стандартты бағалау формасы арқылы білім алушылардың жалпы пән мен оның модульдері бойынша оқу жетістіктерінің деңгейлері анықталып, сол көрсеткіштері өз тобы мен басқа топ білім алушыларының оқу жетістік деңгейлерімен салыстыруға мүмкіндік береді;
-үшіншіден, тестілеуді топ ішінде, курста және факультет бойынша да жүргізуге болады. Бұл орайда тестілеуді арнайы кілттер арқылы тексеруге жазбаша жұмыстарды тексеруден қарағанда неғұрлым аз уақыт бөлінеді;
-төртіншіден, тест нәтижелері оқу бағдарламасының негізгі ұғымдарын меңгеруге бағытталған, ал дәстүрлі бақылауда білім алушы білімі жалпы тексеріледі;
-бесіншіден, тестілер көп жағдайда ықшам келіп, автоматтандыруға жеңіл бағынады.
Бақылау әдісі ретінде тестілеудің шектеулері де болады. Ең жеңілі тест арқылы оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау. Ал пәнді терең меңгеру дәрежесін, ойлау стилін анықтау бұл орайда барынша қиынға соғады, бірақ мүмкін болатын нәрсе. Бір жағынан, білім алушымен тікелей қарым-қатынастың жоқтығы бақылауды әділ жүргізуге жол ашса, екінші жағынан басқа факторлардың әсер ету мүмкіндігін жоғарылатады. Сөйтіп, бақылаудың дәстүрлі әдістерін тестпен үйлестіру ғана жақсы нәтиже береді деген қорытынды жасауға болады
