
- •1. Жоғары мектеп педагогикасы педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде.
- •3. Жоғары мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі құрылымдық сызбасы. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі
- •Жоғары мектеп педагогикасының пәні, ұғымдары және оның міндеттері
- •Қр білім беру саясаты. Жоғары білімнің қазіргі заманғы концепциялары.
- •Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
- •Үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасына талдау жасау. Жоғары бiлiм берудің негiзгi мәселелерi және оларды шешудің жолдары.
- •Қазақстандағы жоғарғы мектеп тарихы, қазiргi жағдайы және даму бағыттары.
- •Жоо педагогикалық үрдісі бойынша халықаралық құжаттар. Болондық процесс. (Болондық декларация материалдары және болондық үдеріске талдау жасау).
- •Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Кәсіби біліктілік ұғымы.
- •15.Жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық шеберлiгi.. Оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Оқытушылардың біліктілігін жетілдіру жолдары.
- •16.Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын оқытушысының қызметіне сипаттама.Талаптар. Жоғары мектеп
- •17.Эдвайзер, Тьютор мен офис регистратордың қызметтері. Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тьютордың, эдвайзердің қызметіне талдау
- •18. Студенттердің танымдық қызығуларын қалыптастыру жолдары. Оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекеттестіктің мәні.
- •19. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектеп дидактикасының негiзгi проблемалары. Қазіргі кезеңдегі дидактикалық тұжырымдамалар.
- •20. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары және қозғаушы күштері. Білім берудің оқу үдерісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру.
- •Ойындар
- •22. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Жоғары білім берудің мазмұны.
- •23. Жоғары мектепте кәсіптік білім берудің жаңа технологиялары. Жоғары мектеп дидактикасындағы модульді оқыту ерекшеліктері
- •Жаңа технологиялардың жіктемесі және оларға сипаттама беру.
- •Педагогикалық технология түсініктері: мәні және қолдану ерекшеліктері.
- •Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары.
- •Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың инновациялық формалары, оларға сипаттама, инновациялық процестер.
- •27. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру (мөж, моөж, сөж, соөж).
- •28. Білім беру үдерісінде студентердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Баяндама, ғылыми мақала, курстық жұмыс, магистрлік диссертация және т.Б. Зерттеулердің ғылыми аппаратын құрастыру.
- •29. Мөж (сөж) түрлері және оның әдістері мен ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері.
- •30.Жоғары мектеп - мамандарды қалыптастырудың әлеуметтік институты.
- •Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні және негізгі бағыттары. Факультеттің және кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына талдау.
- •32.Білім берудегі менеджмент. Білім менеджменті жүйесі: мәні, мазмұны және құрылымы. Білім беру ұйымдарын басқару үлгілеріне талдау жасау, модел құрастыру
- •33) Семинар, семинар сабақтарының типтерi, мәнi және оған сипаттама, талдау жасау әдiстемесi.
- •35) Жоғары оқу орындарындағы лабораториялық (практикалық) сабақтар, оған дайындалу және өткiзу және талдау әдiстемесi.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары
- •4. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формалары
- •Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау
- •Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
- •52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- •Оқытудың кредиттік жүйесі және оны басқару мәселелері
- •54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
- •55. Мемлекеттік қорытынды аттестациялауға даярлық және оны өткізу
- •Тестілеу жүйесіне (тms-ке) қойылатын жалпы талаптар
- •4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар
- •5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар
- •6. «Тестті құрылымдаушы» модуліне қойылатын талаптар
- •7. «Тестілеу қорытындысы» модуліне қойылатын талаптар
- •Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу
- •4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу
- •5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару
- •Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы
- •Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралыНұсқаулық
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
- •3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
- •56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.
- •57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
- •Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
- •Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі, қашықтан оқыту және дамыта отырып оқыту мәселелері.
- •60. Жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдары: ерекшеліктері мен олардың сипаттамасы.
- •61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
- •65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары.
Жаңа білім беру жүйесі
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Жаңа технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тенологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту-тәрбиенің негізі.
Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі-мектепте және жоғары оқу орындарында апта айтқанда экологиия пәнін оқыту. Екінші- өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту егіз ұғым.
Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту-тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі жүйелі түрі десек, ауыз толтырып айтарлықтай «Әулие-Ата» университетінің және Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының «Жасыл ел» атты студенттік құрылыс отряды жасаған жас кезіндегі жұмысы табиғаттқа деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді дамыта түседі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилылығын, әсемділігін, әсерлігін адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындап толықтыруға болады.Оқыту-тәрбиенің интелектуалды түрі.
Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты.
Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мзмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауап кершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
Оқу -тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанскиннің есептер шығару, Палтышевтың физиканы есептеп шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту ( тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің мәселелік оқыту оқытудың белсенді әдісі, т.т.
Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Қарайевтің оқытуды диференциялау және білім беру демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.
Мәселен, Л. Б. Эльконин, В.В Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:
Жоғарғы денгейдегі қиындыққа оқыту
Теориялық білімнің жетекші ролі
Оқу материалын жеделдете оқыту
Оқу үрдісін оқушының сезінуі
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұгалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады.
Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде калыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі сол, олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Бүгінгі таңда қазақстандық педагог ғалымдар: Ә. Жүнісбек, Ж.А. Қараев және Жанпейісованың еңбектері білім беру үрдісінде кеңінен қолданады. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың таным қабілеттеріне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға: басқару сапасын жетілдіруге: оқушылардың дамуына бақылау жасауға: соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат. Сондай-ақ Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы; көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлімен атқаратын қызметінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып- білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялық түрлерінде, т.б.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау, сондай-ақ сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту жүйесінде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей берілуі тиіс.