Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

22. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Жоғары білім берудің мазмұны.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Жоғары мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу- әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

-оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

-студенттердің тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

-мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

-студенттерді білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

-жоғары мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Оқу үрдісінде компьютер оқып үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыты тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, студенттердің саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, Ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда жоғары мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, жоғары оқу орындарында әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламалармен тікелей жұмыс ітеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістері ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларында жетілдіру қажет. Мұның өзі мынадай оқыту-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

-оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір Пәнді оқытудың сапасын жаксарту үшін қолдану берілген ерекшеліктерге байланысты:

1. Бірнеше мәрте кайталау есебінен туденттердің ойлау, сөйлеу және тілдік материалды есте сақтау дағдыларын жаттықтыруды қамтамасыз етеді. Осы қасиеті үшін ғалымдар компьютерге "төзімді оқытушы" деген ат берген;

2. Компьютермен оқытылып жатқан пән мазмүнының әдістемесінің және көрнекілігінің өзгеруіне тез бейімделеді;

3. Бір компьютерлік бағдарламаның өзін әртүрлі аудиторияда, оқу орындарында пайдалану мүмкіндігі бар. Қажет болған жағдайда бағдарламаға түзетулер, өзгертулер енгізуге болады;

4. Бағдарламаны жасауға білікті мамандардың тартылатыны белгілі. Олай болса, компьютермен жүмыс істей отырып, студент таңдаулы адамдармен "жүмыстас" болады. Аталған еоекшеліктер студенттердің жұмыс жасауына оңтайлы мақсатқа жету үшш әртүрлі бағдарламалық жетістіктерді қолдана білу, ақпараттық техңологияның іс-әрекеттік және дидактикалық міндеттерін білуі талап етіледі.

Білім саласын ақпараттандыру оку процесінің тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық технологиялардың қосымша әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын карастыруға ықпалын тигізеді, сонымең катар оқушылардың болащақ мамандығын игеру барысында ақпараттық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын дамытады.

Қазіргі кезде оқу процесінде заманауи ақпараттык технологияларды қолдануды арттырудың мәні көптеген факторлармен айқындалады:

- жоғары оқу орнында арнайы пәндерді интефациялау, сонымен қатар алдыңғы қатарлы компаниялар мен ғылыми-зерттеу ұйымдары бар жоғары оқу орнын интеграциялау жағдайында педагогикалық процест ерді күрделендіру;

- оқу материалының көлемін арттыруға жэне оны талдап Қорыту кажеттілігіне саятын студентгің кэсіби білімін кеңейту;

- эрқилы кэсіби: жобалық, зерттеу, техноло-гиялықжәне т.б. міндеттерді шешу қажеттілігіне экеліп саятын қызмет салаларын кеңейту;

- авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

- ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.

1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.

2. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.

Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әртүрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.

Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

- қысқа мәтіндер мен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшлығы тура осы жерде көрінеді);

- әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

3. Моделдеу. Моделдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделеу әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып табылады.

4. Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіп пен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев қалыптасқан дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетеді. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Сондықтан да ол «Қазіргі білім бру жүйесін дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі» қажеттілігін қадап айтты.

Осы аталған мәселені зерттеу барысында қазіргі оқу-тәрбие үрдісінде мынадай қайшылықтар орын алып отырғаны анықталды.

1.Экологиялық-биологиялық пәндерді оқыту барысында орта кәсіптік білім беру орындары студенттерінің табиғатқа жауапкершілікті қарым-қатынасын қалыптастырудың қажеттілігі мен пәнаралық байланыс мүмкіндіктерінің ғылыми-әдістемелік негізде жеткілікті қарастырылмауының арасындағы қарама-қайшылық.

2.Қоршаған ортаға деген жан-жақты қатынасты қалыптастырудың қажеттілігі мен орта кәсіптік білім беру орындарының жеке пәндерінің мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық.

Жоғарыда аталған қарама-қайшылықтардың біріншісінде аталған пәнаралық байланыста информатика пәнінің негізінде ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану арқылы іске асырудың тиімділігі айтарлықтай жоғары.

Л. Луцевич «оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратты өңдеудің, тасымалдаудың, таратудың машиналық (ЭЕМ көмегімен орындалатын) технологиясы, информатиканың есептеу және бағдарламалық орталары» деген анықтама берген. Ал М. Жалтакова ақпараттық технология ретінде адамдардың білімін кеңейтетін және олардың техникалық, әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндіктерін дамытатын ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдаудың, бейнелеудің техникалық орталары мен әдістерінің жиынын түсіндіреді.

Студенттерді оқытуда қолданылатын ақпараттық технологиялардың техникалық және технологиялық жабдықталуы қатарында келесі құралдарды атауға болады:

- дербес компьютерлер;

- оқу мақсатына бағытталған жергілікті желілердің жабдықтары;

- байланыс желілері арқылы мәліметтер қабылдау және жөнелту құралдары;

- жалпы және жүйелік бағдарламалық құралдар;

- аспаптық бағдарламалық құралдар;

- бағдарламалық-әдістемелік кешендер;

-оқу мақсатына арналып жасалған ақпараттық жүйелер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]