Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать
  1. Ойындар

Жоғапғы мектептің процесінде қолдануға тиімді ойындардың ішінен келесідей түрлерін қарастырып кетуді ұйғардық:

  1. Рөлдік ойындар

2. Іскерлік ойындар

А) Іскерлік өқу ойындары

- саяхат ойындары

- блиц ойындары

Ә) Өндірістік ойындар

3. Имитациялық ойындар

Рөлдік ойындар

Рөлдік ойындар – тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Педагогикалық саласында зерттеу жүргізетін ғаламдардың басым көпшілігі оқу\оқытудың ойын әдістерін кәсіби дамуды қамтамасыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептейді. Өйткені іс-әрекет арқылы үйрену\үйрету – танымның ең тиімді тәсілі екендігі баршаға аян: адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік ойындар студенттердің өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз “қолдарымен” жасауды меңзейді.

“Ойын” сөзі сабақта инсценировканың орын алып әрекеттердің спектакль түрінде көрсететіндігін меңзейді. Ал “рөлдік” сөзі әр қатысушының белгілі бір рөл орындайтын және де бұл рөлдің басқа рөлдердің қатарында болып, олармен тығыз қарым-қатынаста болатындығын білдіреді. Бұл қарым-қатынас өмірде орын алған қарым-қатынастарды қайталайды, сол себепте де рөлдік ойындар қоғамда кең етек алған проблемалар мен оларды шешудегі тиімді әрекеттерді меңгеруді мақсат тұтады. Мұнда студенттер пікірталастағыдай өз түсініктері мен көзқарастарына туындаған позицияларды ұстанбай , өздерін басқалардың орнына қояды.

Бұл әдіс студенттерде жинақталған теориялық білімдерін өмірде ұстанатын құндылықтарды ерін түрде меңгеру және қолдану дағдыларын қалыптастырды.

Пікірталас.

Студенттер өз позицитяларын негіздейді, дәледейді. Олар мұнда басқалардың пікірімен санасу, бітімгершілікке келу, мағыналы сөздерді демагогиядан ажырата білу секілді дағдыларды меңгереді.

Проблемалық лекцияларда қарастырылып жатқан тақырып бойынша бір-біріне қарама-қарсы пікірлер мен көзқарастар немесе қалыптасқан түсінікке қайшы теориялар келтіріледі. Бұл жерде басты мақсат студентті үйреншікті қалыптан шығарып, білім игеру процесін өзіндік тұрғыдан ұйымдастыру болып табылады: студент келтірілген пікірлерді таңдау мен дәлел келтіру арқылы өзіндік түсінік қалыптастырады.

Проблемалық лекцияда басты назар күрделі теориялық мәселелерге аударылып, пікірталас тудыратын сұрақтар қойылады, олардың ішінен біреуін таңдауды талап етіліп, студенттердің өзіндік пікір қалыптастырылуына жол беріледі. Бұл әдіс студенттерді проблемалық сұраққа жауап іздеуге ынталандырып, зерттеу жұмысына баулиды. Мұндай ізденіс барысында студенттердің өздері де проблемалық (екіұшты, дәлелдеуді қажет ететін, пікірталас туғызатын,түсінікке қиын,т.б.) сұрақтарды қойып, оларға өздігінен жауап беру тұрғысынан ізденеді. Сол себепті де проблемалық лек­ция диалогқа және зерттеу процесіне ұқсас.

Сол сияқты комплекстік технологиялық тапсырмалардың «кейс-стади» технологиясын қолданудың да мәні зор, оны орындау барысында студент өзінің жаңашыл ойын, дәстүрге кірмеген әдіс-амалын көрсетіп жеткізуіне болады.

Өз тәжірибемізде пайдаланылып жүрген кейстік технологияның әдістемесі:

Кейстік оқыту әдісі бойынша /нақты мәселе/ - сабақ жоспары.

Дәрісханада ситуациямен жұмыс жасау:

Студенттердің ситуация мәтінімен жеке танысу;

Оқытушының кіріспе сөзі, кейс бойынша негізгі сұрақтардың қосылуы;

Студенттерді шағын топтарға бөлу /4-6 адам/;

Студенттердің шағын топтағы жұмысы «скиперді» таңдау;

Әрбір шағын топқа «шешімді» жариялау;

Жалпы сұрақтар пікір-сайыс;

Оқытушының ситуацияны талдау тұжырымдамасы;

Кейс – келесі негізгі кезеңдерге бөлінеді:

1 – кезең. Кейсті құрудағы мақсатты анықтау, мысалы, кәсіпорын ішкі қатынастарын тиімді оқыту.

Бұл үшін танымал кәсіпорынның кейсін жасауға болады, фирма ішіндегі қызметкерлермен жұмысты ұйымдастыру үшін менеджерлерді пайдалануға болады. Студенттердің әртүрлі коммуникация түрлерін игеруге арналған сұрақтар мен тапсырмаларды әзірлеу;

2 – кезең. Нақты ситуацияның немесе фирманың (экономика секторы) сәйкес мақсаттарын идентификациялау;

3 – кезең. Кейс үшін ақпарат көздерін іздеу бойынша алдын-ала жұмыс жүргізу. Статистикалық мәліметтер, газет-журналдардағы жариялымдар мен мақалалар, басылымдар каталогі, интернеттен негізгі сөздер бойынша іздестіруді пайдалануға болады;

4 – кезең. Кейс үшін әр-түрлі көздерді пайдаланып деректер мен ақпараттар жинау;

5 - кезең. Кейске алғашқы вариантты ұсынуға дайындау. Бұл кезеңге макет жасау, материалдарды үйлестіру таныстыру түрлерін анықтау енеді.

6 – кезең. Егер ақпараттар белгілі бір фирманың деректерінен тұрса, кейсті жариялауға рұхсат алу керек.

7 – кезең. Апробация алдында эксперттің бағасын алып және мүмкіндігінше кең аудиторияны тарта отырып кейсті талқылау. Мұндай бағалау қорытындылар кейске қажетті өзгертулер мен жақсартуды ендіру мүмкіндігіне ие.

8 – кезең. Кейсті пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау. Кейсті таныстыру және пікір сайыстарды жүргізу үшін сұрақтар мен тапсырмалар әзірлеу.

Кейс әдісі бойынша оқу қызметі.

Кейсті талдау ерекшеліктері:

басты проблеманы анықтау;

жұмыс әдісін таңдау (қолдану түсініктерді, математикалық әдістерді, іс-әрекеттің альтернативті кейіпкерін бағалау және т.б.);

қажетті ақпаратты іріктеу;

Бірінші кезекте «кейстің» басты проблемасын анықтау және шешу үшін ұсынылған қай ақпарат маңызды екенін түсіну қажет. «Кейстің» контекстік ситуациясына кіріп және оның басты іс-әрекет етуші адамдарын анықтап талдау үшін талап етілетін фактілер мен түсініктерді іріктеу, мәселерді шешуде қандай қиыншылықтар тууы мүмкін екенін түсіну.

Кейс әдісінің нәтижесі:

Дағды: әлеуметтік, практикалық, өзін-өзі талдау, сараптамалық.

Шеберлік: танымдық қасиетін жетілдіру, шешімді тез іске асыру, кәсіптік, жылдам шешім қабылдау.

Жеке тұлғалық даму: мақсаткерлік, ұстамдылық, қабілеттілік, қызығушылық.

Кейстің түрлері:

Баспалық, мәтін, сурет, диаграмма, кесте.

Бейнелік, көркем фильм, деректі фильм, клип.

Мультимедиялық, көпшілік, классикалық, кабинеттік.

Кейс – дайындау әдісі бойынша типтерге бөлінеді:

кітапханалық, көпшілік, классикалық, кабинеттік.

Кейс мазмұны бойынша төмендегідей типтерге бөлінеді:

бағалау мен талдауға үйрету, проблемаларды шешу мен шешім қабылдауға үйрету;

проблеманы, шешімді, тұжырымдаманы иллюстрациялауға үйрету;

Кейс – құрамындағы материалды ұйымдастыру тәсілі бойынша ерекшелінеді:

құрылымдамалық, кішігірім сұлбалық, жалпыламалық, алғашқылық;

Көшбасшылық (лидерлік) немесе басқару дағдыларын қалыптастыру тренингтері болашақ маман және басшы ретінде студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталады.

Мұндай тренингтерде тыңдаушылар ұжымды басқарудың кейбір ерекшеліктерімен танысып, ұжым қызметшілерін ынталандыру, бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру, шешім қабылдау және де басқа дағдыларды қалыптастыруға белсенді әрекеттер арқылы үйренеді. Бұл әрекеттердің қатарына ситуацияларды ойнау және талдауды, іскерлік және рөлдік ойындарды, пікірталастарды жатқызуға болады.

Үйрену нәтижесінде қатысушылар басқару ісіне (жоспарлау, таңдау және шешім қабылдау, бақылау, бағалау, болжау, ынталаныдру, т.б.) талдау жасап, басқару мәселелерін тиімді шешудің әрекеттері мен алгоритмдеріне үйренеді, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытады.

Мұндай тренингтер «көшбасшы деген кім?», «Бәсеке және билік», «басшылықтың қасиеттері қандай болуы керек?», «келіссөздерді жүргізу», «Конфликтерді басқару» тақырыптарын қарастыруға болады.

Соңғы кезде үйрену процесінде видеотренингтердің қолдануы күрт ұлғаюда. Олардың ерекшелігі видео жахбаларды оқу мақсатында қолдануда.

Видеотренингтер ойын әрекеттеріне негізделіп, екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде берілген тапсырма бойынша студент немесе студенттердің шағын тоыб проблема шешудің жолдарын іс-әрекет тұрғысынан көрсетіп береді. Мәселен, оқытушы студенттерге тұлға аралық немесе іскерлік қатынаста туындайтын ситуациялар ретінде жиналыс жүргізу немесе онда сөз сөйлеу, тұтынушымен әңгімелесу, жұмысқа қабылдау немесе тұру, бастықпен немесе қол астындағы қызметкермен сөйлесу сияқты жағдайаттарды аудиторияда көрсетіп, рөлдердің көмегімен ойнап шығуды ұсынады. Бұл үшін топ (топтар) өз әрекеттері мен диалогтарын бірер уақыт талқылап, жоспарлайды.

Осыдан кейін топ проблемала шешімін өз түсінігінен туындаған қалыпта көрсетеді де, олардың әрекеттері оны бейне таспадан көреді. Мұнда ситуацияны «қоюшы» студенттер өз әрекеттерін тағы да басынан өткеріп, басқа студенттермен бірге оларды талқылау және бағалау, ұсыныстар жасап, өзгертулер енгізу мүмкіншілігін алады.

Әрине бұл жұмыста оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтары, пікірлері мен ұсыныстары тек позитивті тұрғыдан болғандығы дұрыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]