
- •1. Жоғары мектеп педагогикасы педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде.
- •3. Жоғары мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі құрылымдық сызбасы. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі
- •Жоғары мектеп педагогикасының пәні, ұғымдары және оның міндеттері
- •Қр білім беру саясаты. Жоғары білімнің қазіргі заманғы концепциялары.
- •Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
- •Үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасына талдау жасау. Жоғары бiлiм берудің негiзгi мәселелерi және оларды шешудің жолдары.
- •Қазақстандағы жоғарғы мектеп тарихы, қазiргi жағдайы және даму бағыттары.
- •Жоо педагогикалық үрдісі бойынша халықаралық құжаттар. Болондық процесс. (Болондық декларация материалдары және болондық үдеріске талдау жасау).
- •Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Кәсіби біліктілік ұғымы.
- •15.Жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық шеберлiгi.. Оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Оқытушылардың біліктілігін жетілдіру жолдары.
- •16.Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын оқытушысының қызметіне сипаттама.Талаптар. Жоғары мектеп
- •17.Эдвайзер, Тьютор мен офис регистратордың қызметтері. Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тьютордың, эдвайзердің қызметіне талдау
- •18. Студенттердің танымдық қызығуларын қалыптастыру жолдары. Оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекеттестіктің мәні.
- •19. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектеп дидактикасының негiзгi проблемалары. Қазіргі кезеңдегі дидактикалық тұжырымдамалар.
- •20. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары және қозғаушы күштері. Білім берудің оқу үдерісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру.
- •Ойындар
- •22. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Жоғары білім берудің мазмұны.
- •23. Жоғары мектепте кәсіптік білім берудің жаңа технологиялары. Жоғары мектеп дидактикасындағы модульді оқыту ерекшеліктері
- •Жаңа технологиялардың жіктемесі және оларға сипаттама беру.
- •Педагогикалық технология түсініктері: мәні және қолдану ерекшеліктері.
- •Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары.
- •Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың инновациялық формалары, оларға сипаттама, инновациялық процестер.
- •27. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру (мөж, моөж, сөж, соөж).
- •28. Білім беру үдерісінде студентердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Баяндама, ғылыми мақала, курстық жұмыс, магистрлік диссертация және т.Б. Зерттеулердің ғылыми аппаратын құрастыру.
- •29. Мөж (сөж) түрлері және оның әдістері мен ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері.
- •30.Жоғары мектеп - мамандарды қалыптастырудың әлеуметтік институты.
- •Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні және негізгі бағыттары. Факультеттің және кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына талдау.
- •32.Білім берудегі менеджмент. Білім менеджменті жүйесі: мәні, мазмұны және құрылымы. Білім беру ұйымдарын басқару үлгілеріне талдау жасау, модел құрастыру
- •33) Семинар, семинар сабақтарының типтерi, мәнi және оған сипаттама, талдау жасау әдiстемесi.
- •35) Жоғары оқу орындарындағы лабораториялық (практикалық) сабақтар, оған дайындалу және өткiзу және талдау әдiстемесi.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары
- •4. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формалары
- •Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау
- •Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
- •52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- •Оқытудың кредиттік жүйесі және оны басқару мәселелері
- •54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
- •55. Мемлекеттік қорытынды аттестациялауға даярлық және оны өткізу
- •Тестілеу жүйесіне (тms-ке) қойылатын жалпы талаптар
- •4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар
- •5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар
- •6. «Тестті құрылымдаушы» модуліне қойылатын талаптар
- •7. «Тестілеу қорытындысы» модуліне қойылатын талаптар
- •Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу
- •4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу
- •5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару
- •Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы
- •Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралыНұсқаулық
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
- •3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
- •56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.
- •57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
- •Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
- •Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі, қашықтан оқыту және дамыта отырып оқыту мәселелері.
- •60. Жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдары: ерекшеліктері мен олардың сипаттамасы.
- •61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
- •65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
20. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары және қозғаушы күштері. Білім берудің оқу үдерісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру.
Кредиттік оқыту жүйесі – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, «жалпыға ортақ білім» парадигмасынан «әркімге арналған білім» парадигмасына қадам жасатады.
Оқу үрдісі барысында студент пен оқытушы арасында өзара жаңаша байланыс қалыптасып, студентке өзінің әр оқу пәні бойынша жеке дайындығына көп уақыт бөліп, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуы және алға қойған мақсатқа жетуге деген тұрақты қызығушылығының болуын талап етеді.
Жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру, студенттің оқу жылына арналған білім кеңістігін қалыптастырып, кәсіби маман болып шығуында маңызды роль атқарады.
Оқу үрдісін ұйымдастыруға – студенттің белгілі академиялық кезең ішіндегі оқу пәндері бойынша білім алуы мен бақылау іс-шаралары жиынтығы кіреді. Жоспарланған іс-шаралар, оларды өткізу мерзімі студенттің оқу орны басшысы бекіткен академиялық күнтізбесінде көрсетіледі.
Оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру бүкіл оқу кезеңіне білім кеңістігін анықтауда студенттің қатысуын; оқу жоспарында көрсетілген пәндердің белгілі бір бөлігі мен тьюторларды таңдау еркіндігін; академиялық кеңесшілер қызметтерінің енгізілуін (эдвайзерлер және тьюторлар); студенттердің білімін бағалау үшін балдық-рейтингтік жүйенің пайдалануын көздейді.
Оқу үрдісі студентке мамандық бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес оқу пәндерінің теориялық материалдары мен кәсіби практикада тәжірибе жинақтауға қажетті жағдай туғызу үшін ұйымдастырылып, кредиттік оқыту жүйесінің мынадай ерекшеліктеріне сай жүргізіледі:
Студенттің жеке оқу жоспарын құру тәртібі туралы ереже
Жеке оқу жоспары (Individual Academic Program) - әр студенттің оқу жылына арналған білім кеңістігін айқындайтан басты құжат.
студенттің жеке оқу жоспарын құруын офис-регистрация мен деканат эдвайзерлер көмегімен жүзеге асырады;
студенттің жеке оқу жоспары оқу пәніне жазылу нәтижесінде қалыптасады;
оқу пәндері міндетті және элективті (таңдау) болып бөлінеді;
студент жеке оқу жоспарын құру барысында типтік оқу жоспарында көрсетілген міндетті оқу компоненттерін көрсетілген семестрлер бойынша оқуға міндетті;
элективті оқу пәндерін болашақ кәсіби мамандығының ерекшелігіне қарай таңдайды;
студент жеке оқу жоспарын құру барысында әр оқу пәні бойынша білім беруші тьюторды да таңдау құқығы бар;
пән тьюторын таңдау оқытушының білімділігі мен кәсіби шеберлігі, жеке басының адамгершілік қасиеті басты критерий болып табылады;
студенттің жеке оқу жоспарын құруы оқу жылына арнап жүргізіледі;
әр студент пән таңдау мен тьютор таңдау өтінішін өзі толтыруы тиіс;
бөгде адамның толтыруына қатаң тиым салынады;
студенттің жеке оқу жоспарын құру мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетіледі;
жаңадан қабылданған бірінші курс студенттері үшін жеке оқу жоспарын құру 1 қыркүйекке дейін аяқталуы керек;
2-ші және жоғары курс студенттері жаңа оқу жылына арналған жеке оқу жоспарын эдвайзер көмегімен 1-15 сәуір аралығында құрып, 25 сәуірге дейін офис-регистраторға тапсыруы керек;
2-ші және жоғары курс студенттері 25 тамызға дейін жеке оқу жоспарына өзгеріс енгізе алады;
студенттің жеке оқу жоспарына енгізетін өзгертулер туралы өтініші офис-регистраторға (деканатқа) беріледі.
Қазіргі танда Қазақстанның көпшілік жоғары оқу орындарында жаћандану үрдісінің талаптарына лайық пайдаланылып жүрген жоғарыда көрсетілген ереженің мазмұнына талдау жасай отырып мынадай қорытынды жасауға болады.
Біріншіден, жаңа оқу жүйесінің демократиялануы мен гумани тарлануына бағытталғандығын көрсетеді. Екіншіден, кредиттік оқу жағдайындағы оқу үрдісінің бұрынғы дәстүрлі жүйеден педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарағанда ұйымдастырылуы, оқу-әдістемелік, бақылау және қадағалау жүйесінің мүлдем басқаша екендігін байқатады. Үшіншіден, оқу үрдісінде бұрын соңды аса мән берілмеген оқытушы мен студенттің, студентпен - студент арасында сенім мен ынтымақтастық, диалогтық және мәдени қарым-қатынастың қажеттілігін аңғартады. Төртіншіден, оқу үрдісінде студенттерге қойылатын талаптардың жан-жақты екендігін байқауға болады, атап айтқанда студенттерді өздігінен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыратын жүйе болып табылады. Бесіншіден, оқу үрдісінің субъектілерінің атқаратын қызметіне байланысты жаңаша атауларын көрсетеді (мысалы, оқытушы-тьютор, эдвайзер, офис-регистратор және т.б).
Кредиттік оқыту жүйесінде оқу үрдісін ұйымдастыру мен студенттердің білім деңгейін бағалауды бірнеше кезеңге бөліп, оларды арнайы ережелер бойынша өткізу, жаңа жүйеде студенттердің өздігінен жұмыс істеуіне аса зор мән беріліп отырғанын анғартады. Ал ол, кредиттік оқыту жағдайындағы студенттердің өздігінен атқаратын жұмыстарының әр түрлі кешенді болуына байланысты, себебі студенттер қорытынды бағалау кезеңіне дейін семестр бойы әр пән бойынша өздігінен іздену барысында, өздігінен орындайтын жұмыстарды дер кезінде тапсыру арқылы ұпай (балл) жинайды. Мысалы, студент аптасына 1 аудиториялық сағатқа қосымша 2 сағат өздігінен және оқытушының бағыттап отыруымен білім алады, сонымен қатар аудиториядан тыс уақыттарын өздігінен орындайтын жұмыстарға жұмсайды. Сондықтан кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлеріне, оны үйымдастыра білуге, оған қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарға үлкен мән беріледі, өйткені өздігінен орындалған әр жұмыстың қорытынды нәтижелеріне сенімді болуына мүмкіндік береді.
МӨОЖ- мына төмендегідей жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
1. МӨОЖ-ның формалары.
1.1. Аудиторияда оқытушының бақылауымен және жетекшілігімен өткізілетін МӨӨЖ-ры: дәрісте; тәжірибелік сабақтарда; лабораториялық сабақтарда, семинар сабақтарында; консультацияларда; т.б. түрлері.
1.2. Аудиториядан тыс оқытушының жетекшілігімен және бақылауымен өткізілетін МӨОЖ-ры: қосымша сабақтарда; пәндер бойынша ағымдық консультацияларда; курстық және басқа да жұмыстар бойынша консультациялар; квалификациялық дипломдық жұмыстар бойынша консультациялар; оқу-ізденушілік жұмыстар; т.б. түрлері.
1.3 Аудиториядан тыс оқытушының жетекшілігінсіз және бақылауынсыз жүргізілетін МӨОЖ-ры: аудиториялық сабақтарға дайындық; теориялық материалдарды оқу; бақылау және курстық жұмыстарды орындау; ЭЕМ, компьютермен жұмыс істеу; баяндамаға дайындалу; реферат, эссе жазу; олимпиадаларға дайындалу; конкурстарға дайындалу; өз әріптестерінің ғылыми жұмыстарына (баяндамаларына, курстық жұмыстарына, рефераттарына) пікір жазу. т.б. түрлері.
21- ЖОО-да оқытудың әдістері мен белсенді үлгілеріне мазмұндық сипаттама беру. Оқытудың белсенді әдістері: проблемалық дәріс, интер-активтік дәріс, кейс стади және пікір сайыс әдістері, рөлдік ойындар, тренингтер.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы тез өсіп бара жатқан жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалға – адамның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.
Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту.Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдық) те шешуші рольге ие.
Қазіргі заманғы оқушының әсіресе, студенттің басты мақсаты көптеген пәндерден, олардағы ұшан-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәндік көзқарас жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады.
Инновациялық білім беруді ұйымдастырда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмеологиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология («акме» - грек сөзі, «шың», «төбе», «бір нәрсенің ең биік басқышы» - дегенді білдіреді) – зерттеу обьектісі өмірдің әртүрлі өзін-өзі көрсету сфераларында өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа
Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына – жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.
Интерактивті лекцияның негізгі қағидалары
- Интербелсенді лекцияда ақпарат дайын күйінде берілмейді.
Интербелсенді лекция үйренушінің қандай да бір тақырып немесе мәлімет бойынша бірлескен әрекеттер негізінде (топтық пікір алмасу, талқылау, пікірталас, ой қозғау. т.б.) студенттерде өзіндік пікір мен көзқарас қалыптастыруға бағытталады, Интербелсенді лекцияда негізгі қағида «беру», «үйрету» емес - «ұсыну» болады. Ұсынылған мәлімет бойынша студенттер бірлескен белсенді әрекеттер арқылы өздігімен жаңа білім қарастырады.
- Интербелсенді лекция тақырыпты дамытуға, тереңдетуте бағытталады.
Дәстүрлі монолог түріндегі лекция «студенттердің қарастырылатын тақырып бойынша білімі мен деректері жоқ немесе жоқтың қасы» деген қағиданы ұстанады. Сол себепті де дәстүрлі лекция ақпараттың көп мөлшерін «беруге» мүдделі. Студенттер мұнда әдетте белсенді (пассив) орекеттер атқарады: тыңдайды, көшіреді.