Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-75.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

17.Эдвайзер, Тьютор мен офис регистратордың қызметтері. Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тьютордың, эдвайзердің қызметіне талдау

Эдвайзер және оның қызметі

Эдвайзер қызметін бұғанға дейін куратор атқарған. «Кураторң (curator) сөзі – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің өмір сүруіндегі тәрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, әлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы. Куратор университетте студенттермен бір мезгілде пайда болды және жоғары білімнің бүкіл даму тарихымен бірге болды. Онымен бірге куратордың міндеттері, дәрежесі, біліктілік мазмұны, студенттермен қарым-қатынасының сипаты өзгеріп отырды.

Кеңестік жоғары мектепте куратор 50-жылдары пайда болды. Ол студенттермен жұмыста администрацияның көмекшісі түрінде қарастырыла бастады және бірінші курстан бастап бесінші курсқа дейін әрбір академиялық топқа тағайындалды. ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында жоғары білім беру жүйесінің дамуына байланысты жоғары оқу орындары куратордың студенттік өмірдегі ролін қайта қарастыру қадамын жасады. Кейбір жоғары оқу орындары куратордың көмегінен бас тартса, басқалары кураторды бірінші, екінші, үшінші курстарға қалдырды да , ал жоғары курстарға , студентке қажет болған жағдайда көмек сұрай алатын, бір оқытушы-консультантты бекітті. Үшіншілері біртіндеп бастапқы кураторлық жүйеге қайтып оралды.

Кураторларды берілетін курста жұмыс істейтін оқытушылардың ішінен сәйкес кафедралар тағайындайды, сонан кейін оны декан бекітеді. Кураторлар тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасарының көмегімен, қолдауымен жұмыс істейді. Жұмыс процессінде куратор академиялық топтың белсенді мүшесіне, студенттерге, олардың инициативаларына жүгінеді. Ол авторитарлық әдісті сирек қолдануы керек, тек басқа амал қалмаған жағдайда.

Жарты жылдық жұмыс жоспарын жасамас бұрын куратор студенттерді, олардың қабілеті мен қызығушылығын, сұранысын, семья жағдайын, материалдық жағдайын анықтап алады. Содан кейін , топтың белсенді мүшесімен бірге жұмыс жоспарын жазады. Оны топтың жалпы жиналысында қарастырғаннан кейін, ол документ дәрежесіне жетеді. Жоспарды жасағанда нақты орнын, бар мүмкіндіктерін ескеріп жасайды. Берілген жұмыс бәріне түсінікті, әрі қызықты болуы керек. Әрбір студент жұмыстың нақты бір бөлігін алуы және оған жауапкершілікпен қарауы керек. Жоспардың орындалу қадамдарын периодты түрде талдап отыру , көзделген мақсатқа жеткізеді.

Тьюртор: студенттерге оқу сабағын жүргізетін және олардың нақты пән бойынша білім алуына академиялық кеңес беретін оқытушы.

студент жеке оқу жоспарын құру барысында әр оқу пәні бойынша білім беруші тьюторды да таңдау құқығы бар;

пән тьюторын таңдау оқытушының білімділігі мен кәсіби шеберлігі, жеке басының адамгершілік қасиеті басты критерий болып табылады;

студенттің жеке оқу жоспарын құруы оқу жылына арнап жүргізіледі;

әр студент пән таңдау мен тьютор таңдау өтінішін өзі толтыруы тиіс;

ағымдық бақылау ведомосына міндетті түрде тьютордың қолы қойылады;

студенттің аралық бақылауда білімін тексеруді мамандықтың оқу жоспарындағы міндетті оқу компонеттерінен кешенді түрде комьютерлік технология орталығы (КТО), таңдау бойынша оқу компоненттерінен тьюторлар комиссия арқылы тест түрінде қабылдайды;

- әр аралық бақылауда жеке оқу пәндері бойынша студент білімі 30 балға дейінгі көрсеткішпен бағаланады;

- міндетті компонент бойынша тестілік бақылау сұрақтарды институт КТО-ға ұсынған ережеге сәйкес болуы қажет;

- міндетті компонент тьюторлары тестілік бақылау сұрақтарын КТО-ға аралық бақылауға дейін 10 күн бұрын ұсынған ережеге сәйкес тапсыруы керек және оның дұрыстығына тікелей жауап береді;

- КТО тьютордан қабылдап алған тест сұрақтары мен жауаптарының сәйкестігін қатаң қадағалауы тиіс;

Офис регистратор - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]