- •Мазмұны
- •Бұлтартпау шарасының ұғымы, белгілері, түрлері
- •1.2 Бұлтартпау шараларын қолдану негіздері және оны қолданудың
- •1.3 Қылмыстық іс жүргізудегі кепіл институтының қалыптасуы мен дамуы
- •Іі. Кепіл бұлтартпау шарасы ретінде
- •2.1. Қылмыстық процестегі кепіл бұлтартпау шарасының түсінігі және оны қолданудың мәні
- •2.2 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша кепілдің пәні мен мөлшері және оның субъектілері
- •2.3 Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану барысында туындайтын мәселелер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет тізімі
Мазмұны
КІРІСПЕ.............................................................................................................
І. БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Бұлтартпау шарасының ұғымы, белгілері, түрлері...................................
1.2 Бұлтартпау шараларын қолдану негіздері және оны қолданудың
тәртібі .................................................................................................
1.3 Қылмыстық іс жүргізудегі кепіл институтының қалыптасуы мен
дамуы..............................................................................................................
ІІ. КЕПІЛ БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ
2.1 Қылмыстық процестегі кепіл бұлтартпау шарасының түсінігі және
оны қолданудың мәні...............................................................................
2.2Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасы бойынша кепілдің пәні мен мөлшері және оның субъектілері................................
2.3 Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану барысында туындайтын
мәселелер......................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.........................................................
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыстың арқауына қылмыстық іс жүргізу құқығының теориясындағы күрмеуі қалың күрделі мәселелердің бірі – бұлтартпау шарасы ретінде кепіл өзекті болып саналады. Осы жұмыста қылмыстық іс жүргізу құқығындағы бұлтартпау шарасының ұғымын және кепіл институтының қалыптасуы мен дамуын, кепіл бұлтартпау шарасының түсінігін, мәнін, маңызын, кепілді қолданудың негіздерін, кепіл бұлтартпау шарасының қылмыстық процестің міндеттерін орындауды қамтамасыз етудегі заңды қолдануды жетілдірудің неғұрлым ұтымды бағыттарын анықтауға, бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану барысында туындайтын мәселелерді де зерделеп, зерттеуге арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытуға байланысты көптеген шаралар қолданылу үстінде. 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық – процестік кодексі күшіне еніп, бірқатар, жаңа өзгертулерді көрсетіп отыр. Осы кодекске сәйкес, қылмыстық іс жүргізуде ізгілік және демократиялық бастамалардың дамуы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым аз шектеу арқылы қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін орындауды көздеді. Бұл идеялар, әсіресе қылмыстық іс жүргізуде адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуге арналған бұлтартпау шараларына қатысты, өзектілігін арттырады.
ҚР Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген [1, 4б.]. Ал құқықтық мемлекеттің басты белгісі заң үстемдігі мен адам құқықтарының қорғалуы болып табылады. Осы тұрғыдан мемлекетте заңдылықты нығайтуда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын заңды, негізді және дұрыс қолданудың маңызды болары сөзсіз. Сол себепті мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына жататын бұлтартпау шарасы - кепілді - заңды, негізді және дұрыс қолдану мәселесі қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылып кеткен. Онда, Елбасы Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-орындаушылық және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстері қайта әзірленіп, енгізілу керектігін нақты талап қойған. Және біздің қарастырып отырған қылмыстық процестегі бұлтартпау институты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Қылмыстық-процестік кодексінде көрініс табумен айқындалады делінген [2, 10б.]. Сондықтан да заң күшінің мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, қылмыстық іс жүргізудегі бұлтартпау шарасының бірі болып саналатын кепіл институтын қолдану, оны дұрыс ұйымдастыру және тәжірибеде толық пайдалануға аса мән берілуде.
Бұлтартпау шараларын реттейтін заңнама республикамыздың қылмыстық сот өндірісі туралы басқа да заңнамалары сияқты даму және жетілдірілу үстінде. Ұлттық заңнамаларымыздың дамуы адам құқықтарының басымдығы туралы конституциялық ұстанымдарға сай олардың кепілдіктеріне деген ықыласты тереңдете түсумен сипатталады. Осы бағытта қол жеткізілген табыс ретінде айыпталушының (күдіктінің) құқықтарына байланысты кепілдіктердің нығая түсуіне мүмкіндік берген Қазақстан Республикасының Қылмыстық – процестік кодексін атауға болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығын реформалау, бұлтартпау шаралары институтын құқықтық регламенттеуге байланысты енгізілген өзгертулер бұлтартпау шараларының қылмыстық іс жүргізудегі алатын орнын белгілеуге, кепіл институтын қолдану барысындағы тәжірибеде кездесетін қателіктерді анықтаудағы, оларды түзетудегі құқық қолдану тәжірибелерін қалыптастырудағы рөлін анықтауға бағытталған теориялық зерттеулерді одан әрі қарай жалғастыруға себепші болады. Осыған байланысты айтылған жәйлар аталмыш зерттеу тақырыбын таңдауға, оның тәжірибелік және ғылыми маңыздылығын саралауға ой салып, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Сонымен, бұлтартпау шараларын қолдану мәселесінде, соның ішінде кепіл бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты, бүгінгі заман талабы мен кейінгі уақыттарда қабылданып жатқан заңнамалардағы өзгерістерге орай, тақырыптың өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық іс жүргізуде адам құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым аз шектейтін бұлтартпау шараларының бірі – кепіл бұлтартпау шарасы. Бірақ зерттеулер көрсеткендей, оның тәжірибеде қолданылуы өте сирек. Кепіл бұлтартпау шарасын кеңінен қолдануға қандай кедергілер ықпал ететіндігін зерттеп, анықтау бұл тақырыптың өзекті екендігін, оның келесі мән-жайларға байланысты тереңірек зерттелу қажеттігін көрсетіп отыр: кепіл институтының басқа бұлтартпау шараларына қарағанда жаңа институт болуы; бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану негіздері мен шарттарының әлі де болса теориялық талдауды қажет ететіндігі; оны тәжірибеде кеңінен қолдануға кедергілердің болуына байланысты, осы кедергілерді жою жолдарын іздестіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыс отандық ғалымдардың бұлтартпау шараларының теориясы мен қолданылу тәжірибесін жетілдіру мәселесіне арналған ғылыми еңбектерінің негізінде дайындалды. Олардың қатарына: Ахпанов А.Н., Ерешев Е.Е., Лившиц Ю.Д., Нұрмашев Ү.Ө., Сарсенбаев Т.Е., Толеубекова Б.Х., Хан А.Л., Ханов Т.А. сияқты ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.
Сонымен қатар зерттеу жұмысын жазу барысында Кеңес Одағы мен Ресей Федерациясының ғалымдары, соның ішінде Еникеев З.Д., Зинатуллин З.З., Коврига З.Ф., Корнуков В.Н., Петрухин И.Л., Лупинская П.А., Гуценко К.Ф., Коврига З.Ф., Давыдов П.М., Галкин И.С., Кочетков В.Г., Алексеев Н.С., Даев В.Г., Кокорев Л.Д., Элькинд П.С., Базылев Б.Т., Михайлов В.А. сияқты заңгер ғалымдардың ғылыми еңбектері зерделеніп, тиісті бағасын алды.
Зерттеу жұмысының мақсаты кепіл бұлтартпау шарасының қылмыстық процестің міндеттерін орындауды қамтамасыз етудегі, соның ішінде қылмыстылықтың алдын алу мен жолын кесуде, қылмысты ашу мен сот үкімінің орындалуын қамтамасыз етудегі маңызын және оны негізді, заңды қолдануды жетілдірудің неғұрлым ұтымды бағыттарын анықтау болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Жоғарыдағы мақсатқа жету жолында келесідей міндеттердің шешімін табу керек болады:
Бұлтартпау шарасы ұғымы мен маңызына түсінік беру;
Бұлтартпау шараларын қолдану негіздері және оны қолданудың тәртібі анықтау;
Бұлтартпау шарасы ретінде кепілдің қалыптасу тарихына талдау жасау;
Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану мәселелерінің шешімін қарастыру;
Бұлтартпау шарасы ретінде кепілдің қолданудың негіздері мен шарттарына талдау жасау;
Кепілдің пәнін зерттеу;
Кепіл бұлтартпау шарасын қолданғанда туындайтын құқықтық қатынастардың субъектілерін анықтау.
Зерттеу объектісі болып қылмыстық іс жүргізу барысында бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану кезінде пайда болатын құқықтық қатынастар табылады.
Зертеу пәні болып кепіл бұлтартпау шарасын қолдануды реттейтін қолданыстағы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, бұлтартпау шаралары, соның ішінде кепіл бұлтартпау шарасы мәселесіне байланысты ғылыми зерттеулер, бұлтартпау шараларын қолдануға байланысты тергеу және сот тәжірибесі табылады.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасын жалпы философиялық әдістер, статистикалық, логикалық-заңдылық, салыстырмалы-құқықтық және басқа арнайы құқықтық әдістер құрайды.
Зерттеудің нормативтік базасын отандық нормативтік-құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Қылмыстық - процестік кодексі; Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдары; Бұлтартпау шарасы ретінде кепіл және үйде қамап ұстау туралы Нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қазандағы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 6 қазандағы, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2005 жылғы 7 қазандағы Бірлескен бұйрығы құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан сот реформасы аясында қылмыстық іс жүргізу туралы заңдарға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты қылмыстық іс жүргізу құқығының бұлтартпау шаралары институтының жаңартылған нормаларын зерттеуге, кепіл бұлтартпау шарасын реттейтін нормаларды зерттеуге, осыған байланысты құқық қорғау органдары мен сот тәжірибесінің қажетті деңгейде қалыптасу жолдарын анықтауға бағытталған, қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу мәселелерін егжей-тегжейлі саралау жүзеге асырылған монографиялық еңбек болып табылады.
Зерттеуде негізделген кепіл бұлтартпау шарасын қолдану бойынша іс жүргізуді реттейтін ҚР ҚПК-нің нормаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар дипломдық жұмыс жаңалығының дәлелі болып табылады.
Зерттеу жұмысында кепіл бұлтартпау шарасының авторлық түсінігі беріліп, оны қолдану негіздері мен мақсаты, кепілдің пәніне қатысты теориялық және ғылыми‑практикалық ережелер нақтыланды.
Дипломдық жұмыста қылмыстық іс жүргізу құқығында кепілді бұлтартпау шарасы ретінде қолданудың тәжірибесі жаңаша зерттеліп, автордың қорытындылары тұжырымдалды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдамалар:
1. Кепіл бұлтартпау шарасын таңдаған қылмыстық іс жүргізуші орган кепіл мөлшерін анықтаған кезде ескеретін мән-жайлар: жасалған қылмыстық іс әрекеттің сипаттамасы (оның ауырлық санаты, келтірілген залалдың мөлшері, қылмыс жасаудың себептері мен жағдайлары, оны жасағандығы үшін көзделген жаза т.б.), айыпталушының мінездемесі (оның әлеуметтік мәртебесі, мүліктік жағдайы, денсаулық жағдайы), кепіл мөлшерінің айыпталушының тергеу органы мен соттың шақыруы бойынша келуін нақты қамтамасыз ете алатындығы.
2. ҚР ҚПК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты ұсыныстар:
ҚР ҚПК-нің 145-бабының 1-бөлігіне «күдікті, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуi және өзін дұрыс ұстау жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етуге» деген толықтыру енгізу.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Бұл дипломдық жұмыста зерттеліп отырған мәселенің теориялық та, тәжірибелік те маңызы өте зор. Кепіл бұлтартпау шарасын заң талаптарын сақтай отырып қолдану, оларды қылмыстық іс жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін дұрыс атқару және ең бастысы, азаматтардың осы тұрғыдағы құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету қазіргі заманғы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде халықаралық шарттарға қосылудағы мәртебесін айқындайтын шарттардың бірі болып табылады. Кепіл бұлтартпау шарасын қолдану азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтіндіктен, оның заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуші нақты қатаң іс жүргізушілік кепілдіктер керек. Біздің мемлекетте қылмыстық іс жүргізу мақсаттарына азаматтың құқықтары мен бостандығын мүмкіндігінше аз шектеу арқылы қол жеткізу көзделген. Біздің ойымызша осы еңбекте ұсынылған ережелер мен құқықтық ұғымдардың нақтылануы теория мен тәжірибеде қылмыстық процестің міндеттерінің орындалуы, адам құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, алты тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі қойылған талаптарға сай.
І. БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
