- •Мазмұны
- •Vі тарау. Биологиялық қару. Әскерді биологиялық қарудан қорғау және медициналық тасымалдау кезеңдерінің негіздері…………………………50
- •Қысқартылған сөздердің тізімі.
- •1.2. Әскерге жұқпалы аурулардың ену жолдары және соғыс кезіндегі эпидемиялық процестің білінуіне, дамуына әсер ететін факторлар
- •Іі тарау Соғыс уақытындағы санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің (бөлімшелердің) жұмысын ұйымдастыру
- •Ііі тарау Әскерде санитарлық-эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру
- •3.1 Әскери әрекет жасалатын ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау белгілері
- •3.2 Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын талаптар. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың ерекшеліктері. Бөлімшенің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау белгілері
- •3.3 Әскери бөлімнің және әрекеттегі ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының бағалауына байланысты оңашалау (обсервация, карантин) шараларын енгізу ерекшеліктері
- •IV тарау Соғыс уақытында әскерге эпидемияға қарсы (алдын алу) санитарлық шараларды ұйымдастыру және оның мазмұны
- •4.1 Жеке құрамды эпидемияға қарсы қорғау бойынша жүргізілетін шаралар, жұқпалы ауруларды анықтау, оңашалау және тасымалдау ерекшеліктері
- •4.2 Әскер санын қосымша жауынгерлермен толықтыру кезінде жұқпалы аурудың енуінің алдын алу шаралары
- •4.3 Соғыс уақытында әскери қызметкерлерді тағаммен, ауыз сумен, монша қызметімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды медициналық бақылау
- •4.5 Бөлімде егу жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қолданылатын техникалық құралдар
- •V тарау Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі жұмыстардың мазмұны және ұйымдастырылуы
- •5.1 Медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі эпидемияға қарсы шаралардың жалпы мақсаты мен мазмұны
- •5.2 Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпте бригаданың медициналық ротасының (пмп) жұмысын ұйымдастыру
- •5.3 Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі қосымшаның жеке медициналық батальонының ұйымдастыру жұмыстары мен мазмұны
- •5.4 Арнайы тағайындалған қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Тарау Биологиялық қару. Әскерді биологиялық қарудан қорғау және медициналық тасымалдау кезеңдерінің негіздері
- •6.1 Биологиялық қару туралы түсінік және оның зақымдау қасиеттері
- •6.2 Биологиялық қаруды қолдану заттары, тактикасы, әдістері. Биологиялық зақымдалу ауданы (ошағы) туралы түсінік
- •6.3 Биологиялық шабуылдардың зардаптарын жоюға және ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолдану қаупі туғанда әскерді биологи-ялық қорғау жүйесіндегі қауырт тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
- •6.3.1 Әскерді биологиялық қорғау жүйесінде қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейінгі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
- •6.3.2 Ықтимал қарсыластың бактериологиялық қаруды қолдану қаупі төнгенде әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
- •6.3.3 Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданған кездегі және биологиялық шабуылдың зардаптарын жоюдағы әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі жүргізілетін арнайы шаралар
- •6.4 Биологиялық барлау және биологиялық заттардың индикациясы
- •6.4.1 Биологиялық барлауға түсініктеме, оның міндеттері. Әскерде биологиялық барлауды жүргізу және жалпы ұйымдастыру
- •6.4.2 Биологиялық заттардың индикациясы. Биологиялық заттардың арнайы индикациясына сынамалар алу, зертханаға жеткізу тәртібі. Арнайы индикацияның әдістері, сатылары және жүргізу сызбасы
- •6.5 Обсервация және карантин кезіндегі шаралардың мазмұны мен ұйымдастырылуы
- •6.5.2 Биологиялық зақымдау ошағындағы жартылай және толық санитарлық өңдеу
- •6.6 Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы медициналық ротаның, жеке медициналық батальонның, әджаг-нің және әдақжаг-нің жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.6.1 Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы медициналық ротаның жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.6.2 Қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы жеке медициналық батальонның жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •6.7 Биологиялық зақымдалу ошағындағы жедел және арнайы профилактика
- •Тест сұрақтары
- •Жауаптар эталоны
- •Әдебиеттер
- •25.03.2010 Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
3.2 Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын талаптар. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың ерекшеліктері. Бөлімшенің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау белгілері
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын негізгі талаптар-ға:үзіліссіз дер кезінде жүргізу, нақты мәліметтер жинау, бір бағытта жүргізу, эшелонмен тасу жатады.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың негізгі әдістері:айналаны тексеру, байқау, сұрастыру болып табылады. Әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының өзгертілуі туралы үзілмейтін мәліметтер алып отыру үшін медицина қызметінің бастығы санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастырады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тұрғындар пункттерін және нысаналарды үзбей үнемі тексеру мақсатында жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау әскери бөлім мен ауданға (аймаққа) жеке беріледі және әскери құрамның жұқпалы сырқаттанушылығы туралы мәліметтер негізінде, аймақтың санитарлы-гигиеналық жағдайына, санитарлық-эпидемиологиялық және биологиялық барлаудың қорытындысы бойынша, сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау негізінде беріледі.
Әскери бөлімнің және әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы: қолайлы, тұрақсыз, қолайсыз және төтенше болады деп қабылданған.
Әскери бөлімнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайлы болып саналады, егер:
жедел жұғатын ауру мүлдем болмаса;
әскери бөлімнің қанағаттанарлық санитарлық-гигиеналық жағдайына (бұрын-соңды бұл жерде кездеспеген) бірен-саран жұқпалы аурулар кездессе;
әскер орналасқан ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы сәтті болса;
ықтимал қарсылас әскер арасында биологиялық қаруды қолданбаса;
Бөлімнің әрекет ету ауданы қолайлы болып саналады, егер:
жергілікті тұрғындар арасында жедел жұқтырылған ауру болмаса;
жергілікті тұрғындар арасында бірен-саран жұқпалы аурулар бар және олардың әрі қарай таралуына жағдай жоқ;
әрекеттегі орналасу ауданының санитарлы-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық;
эпизоотиялық жағдай әскерге қауіп төндірмейді;
қарсылас әскердің әрекеттегі орналасу ауданында биологиялық қаруды қолданбаса.
Әскери бөлімнің және оның орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайлы болғанда бөлімнің медициналық қызметінің күштерімен жоспарлы эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі.
Бөлімшенің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз деп саналады, егер:
бұрын байқалмаған аурулардың бірен-саран кезедесуі;
жұқпалы аурулардың өршуі болса;
бөлімшенің санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық болғанда әрі қарай таралу тенденциясы жоқ топтық жұқпалы аурулар кездессе;
бөлімнің әрекет ету ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз немесе қолайсыз болса;
бөлімнің санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз.
Бөлімнің әрекет ету ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз деп саналады, егер:
жергілікті тұрғындар арасында бұрын соңды кездеспеген топтық жұқпалы аурулар пайда болса;
зоонозды жұқпалардың әскерге ену қаупі бар эпизоотиялық ошақтары болса;
әскердің әрекет ету ауданының санитарлы-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз;
әскер ірі эпидемиялық ошақтардың немесе биологиялық зақымдалу ошақтарының маңайына орналасса.
Бөлімнің және орналасу ауданының тұрақсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы бөлімнің медициналық қызметінің бастығы медициналық қызметтің командиріне және бастығына баяндайды, қажетті қосымша шараларды ұсынады, олардың орындалуына қатысады және бақылау жүргізеді.
Бөлімнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп саналады, егер:
жеке бөлімнің арасында топтық жұқпалы аурулар пайда болса және олардың әрі қарай таралуына жағдай болса;
аса қауіпті жұқпалы аурулар сирек те болса кездессе;
ықтимал қарсылас аса қауіпті жұқпалы аурулары жоқ биологиялық қаруды қолданса.
Бөлімнің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп саналады, егер:
жергілікті тұрғындар арасында жұқпалы аурулар санының эпидемиялық өршуі болса және олардың әрі қарай таралуына жағдай болса;
аса қауіпті жұқпалы аурулар сирек те болса кездессе.
Бөлімнің немесе ауданның қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы командирдің бұйрығымен жарияланады. Бөлімде обсервация тәртібі орнатылады. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін қосымшалар мен бірлестіктердің эпидемияға қарсы күштері мен құралдары жұмылдырылады.
Бөлімнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы төтенше деп саналады, егер:
әскери жеке құрамның арасында жұқпалы аурулардың саны көбейіп, бөлімнің ұрысқа дайындығын әлсіретсе;
аса қауіпті жұқпалы аурулардың қайталанған жағдайы тіркелсе;
аса қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының рецептуралары бар биологиялық қаруды қарсылас қолданғаны туралы фактілер анықталса.
Бөлімнің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы төтенше деп саналады, егер:
жергілікті тұрғындар арасында аса қауіпті топтық жұқпалы аурулар кездессе немесе әскерге қауіпті басқа да жұқпалы аурулар кең таралған болса;
бөлімнің орналасу ауданында биологиялық қару ретінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қолданса;
обаның табиғи ошақтары көбейсе және жергілікті тұрғындар арасында бұл аурумен ауырған сырқаттанушылық болса.
Бөлімнің төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы майдан бастығының бұйрығымен жарияланады. Бөлемде карантин орнатылады. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін бірлестіктердің медициналық қызметінің бастығымен бөлімге қажетті эпидемияға қарсы күштер мен құралдар жіберіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы төтенше деп бағаланған аудандар әскерді орналастыру үшін қолданылмайды. Егер қажет болған жағдайда келесі шараларды ұсынылады:
әскер тұрғындар пунктінен шалғай жерде орналасады және жергілікті тұрғындармен жеке құрамның қатынасы болмайды, майданның медициналық қызметімен анықталған эпидемиялық ошақтарды жоюға барлық шаралар жиынтығы жүргізіледі.
Әскердің барлық көрсетілген ауданға орналасатын жеке құрамы төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың себебі болған жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егіледі, жеке әскери құрам мен жергілікті тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстары ұйымдастырылады. Медициналық қызметтің бастығы әскерге жұқпалы аурулардың енуін ескертуге шаралар қолдануға міндетті. Әскердің орналасқан ауданында эпидемияға қарсы шаралар жергілікті денсаулық сақтау органдарының қатысуымен жүргізіледі.
