Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_SKERI_EPIDEMIOLOGIYa_KITAP.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
516 Кб
Скачать
☆

6.3.2 Ықтимал қарсыластың бактериологиялық қаруды қолдану қаупі төнгенде әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны

Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолдану қаупі төнгенде әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны:

  • қарсыластың биологиялық қаруды қолдану қаупі төнгенде қосымша қорғаныс шараларын қолдану мақсатында әскерді хабарландыру;

  • әскердің жеке құрамын биологиялық қорғау мақсатында шаралардың мазмұны мен көлемін бағалау және болжау;

  • биологиялық қарудан қорғануды жүргізуге құралдар мен күштердің дайындығын тексеріп, жоспарын нақтылау;

  • қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейін барлық шаралардың

толық көлемде орындалуы;

6.3.3 Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданған кездегі және биологиялық шабуылдың зардаптарын жоюдағы әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі жүргізілетін арнайы шаралар

Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданған кездегі және биологиялық шабуылдың зардаптарын жоюдағы әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі жүргізілетін арнайы шаралардың қауырт-тактикалық мазмұны:

  • ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданғаны туралы әскерді дер кезінде хабарландыру және хабарландыруды барлық байланыс торабтарына кезексіз тағайындалған тәртіп бойынша біркелкі белгімен жүзеге асыру;

  • ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі зардаптарын анықтау және жою туралы шешім қабылдау;

  • барлық қорғаныс шараларын, оның ішінде жеке құрамда медициналық қорғау шараларын орындау

Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі жеке құрамды медициналық қорғау шараларына жатады:

  • қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі шаралардың көлемі мен мазмұнын анықтау мақсатында медицина-санитарлық жағдайды бағалауға қатысу;

  • барлық күштер мен медициналық қызметтің құралдарын биологиялық зақымдалған ошаққа бағыттау;

  • әскери жеке құрам орналасқан аудардарда эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық шараларды орындау және ұйымдастыру.

Қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейін полктың медициналық қызметінің бастығы штаб пен барлаудан алынған мәліметтер бойынша жағдайды бағалайды. Бағалау кезінде мүмкін болатын санитарлық шығындарды оның құрамын, зақымдалған ошақтардың сипатын, ол жерде жұмыс атқару жағдайын, медициналық қызметтің күштері мен құралдарын және басқа да элементтерді анықтайды. Одан кейін полктың медициналық қызметінің бастығы полктың командиріне медициналық қызметтің күштері мен құралдарын қолдану тәртібіне, емдеу-тасымалдау, санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастырылуына қабылданған шешімді анықтайды.

Қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі зардаптарды жоюда медициналық қызмет жұмыс жағдайын келесі ерекшеліктермен жүргізеді:

  • биологиялық қарудың сипаты, сонымен қатар қарсылас қарудың нақты түрін аяқ асты және жаппай қолдануы бір мезгілде биологиялық қарумен зақымдалғандардың жаппай санитарлық шығындалуын көрсетеді. Сондықтан медициналық қызмет емдеу-тасымалдау және эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын көлемді түрде жүзеге асыру керек;

  • биологиялық қарудың қолдану орнын, уақытын және масштабын алдын ала анықтау қиындайды. Бөлімшенің медициналық қызметінің бастығы медициналық қызметтің күштері мен құралдарына үнемі қор жинап отыру керек, оның жалпы қолдану тәртібін анықтап, шараларды жүргізуге медициналық қызметтің күштері мен құралдарын үнемі дайындықта ұстау керек;

  • медициналық құрам тері жамылғысын және тыныс алу органдарын қорғайтын қорғаныс құралдарымен жұмыс істеу керек;

  • медициналық құрамнан азық-түлік пен ауыз суды бактериологиялық қарумен зақымдалуы дәлелденгеннен кейін, оларды залалсыздандыруды және қолдануын шектеуді талап етеді.

Бұл жағдайда медициналық қызметтің аса маңызды міндеттеріне жатады:

  • биологиялық барлауды ұйымдастыру және қолданған биологиялық қарудың түрін жылдам анықтау (биологиялық заттардың арнайы және арнайы емес индикациясын жүргізу);

  • жұқпалы ауруларды белсенді ерте анықтау, оңашалау және оларды ауруханаға жатқызу;

  • зақымдалғандарға, жаралыларға, медициналық тасымалдау кезеңдерінде медициналық көмек көрсету және емдеу;

  • әскерде медициналық тасымалдау кезеңдерінде оңашалау-шектеу шараларын және эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті ұымдастыру;

  • жеке құрамның арнайы толық және сапалы өңделуіне, киім-кешектерінің, аяқ-киімдерінің, қаруының дезинфекциясына бақылау жүргізу;

  • жедел және арнайы профилактика жүргізу;

  • зақымдалу қаупі төнгенін анықтау және оларға қадағалауды ұйымдастыру;

  • дезинфекцияның, дезинсекцияның және дератизацияның жүргізілуін ұйымдастыру;

  • жеке құрамның тағамына, ауыз суына, орналасуына бақылауды күшейту;

  • санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]