- •Мазмұны
- •Vі тарау. Биологиялық қару. Әскерді биологиялық қарудан қорғау және медициналық тасымалдау кезеңдерінің негіздері…………………………50
- •Қысқартылған сөздердің тізімі.
- •1.2. Әскерге жұқпалы аурулардың ену жолдары және соғыс кезіндегі эпидемиялық процестің білінуіне, дамуына әсер ететін факторлар
- •Іі тарау Соғыс уақытындағы санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің (бөлімшелердің) жұмысын ұйымдастыру
- •Ііі тарау Әскерде санитарлық-эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру
- •3.1 Әскери әрекет жасалатын ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау белгілері
- •3.2 Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын талаптар. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың ерекшеліктері. Бөлімшенің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау белгілері
- •3.3 Әскери бөлімнің және әрекеттегі ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының бағалауына байланысты оңашалау (обсервация, карантин) шараларын енгізу ерекшеліктері
- •IV тарау Соғыс уақытында әскерге эпидемияға қарсы (алдын алу) санитарлық шараларды ұйымдастыру және оның мазмұны
- •4.1 Жеке құрамды эпидемияға қарсы қорғау бойынша жүргізілетін шаралар, жұқпалы ауруларды анықтау, оңашалау және тасымалдау ерекшеліктері
- •4.2 Әскер санын қосымша жауынгерлермен толықтыру кезінде жұқпалы аурудың енуінің алдын алу шаралары
- •4.3 Соғыс уақытында әскери қызметкерлерді тағаммен, ауыз сумен, монша қызметімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды медициналық бақылау
- •4.5 Бөлімде егу жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қолданылатын техникалық құралдар
- •V тарау Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі жұмыстардың мазмұны және ұйымдастырылуы
- •5.1 Медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі эпидемияға қарсы шаралардың жалпы мақсаты мен мазмұны
- •5.2 Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпте бригаданың медициналық ротасының (пмп) жұмысын ұйымдастыру
- •5.3 Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі қосымшаның жеке медициналық батальонының ұйымдастыру жұмыстары мен мазмұны
- •5.4 Арнайы тағайындалған қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Тарау Биологиялық қару. Әскерді биологиялық қарудан қорғау және медициналық тасымалдау кезеңдерінің негіздері
- •6.1 Биологиялық қару туралы түсінік және оның зақымдау қасиеттері
- •6.2 Биологиялық қаруды қолдану заттары, тактикасы, әдістері. Биологиялық зақымдалу ауданы (ошағы) туралы түсінік
- •6.3 Биологиялық шабуылдардың зардаптарын жоюға және ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолдану қаупі туғанда әскерді биологи-ялық қорғау жүйесіндегі қауырт тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
- •6.3.1 Әскерді биологиялық қорғау жүйесінде қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейінгі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
- •6.3.2 Ықтимал қарсыластың бактериологиялық қаруды қолдану қаупі төнгенде әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
- •6.3.3 Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданған кездегі және биологиялық шабуылдың зардаптарын жоюдағы әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі жүргізілетін арнайы шаралар
- •6.4 Биологиялық барлау және биологиялық заттардың индикациясы
- •6.4.1 Биологиялық барлауға түсініктеме, оның міндеттері. Әскерде биологиялық барлауды жүргізу және жалпы ұйымдастыру
- •6.4.2 Биологиялық заттардың индикациясы. Биологиялық заттардың арнайы индикациясына сынамалар алу, зертханаға жеткізу тәртібі. Арнайы индикацияның әдістері, сатылары және жүргізу сызбасы
- •6.5 Обсервация және карантин кезіндегі шаралардың мазмұны мен ұйымдастырылуы
- •6.5.2 Биологиялық зақымдау ошағындағы жартылай және толық санитарлық өңдеу
- •6.6 Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы медициналық ротаның, жеке медициналық батальонның, әджаг-нің және әдақжаг-нің жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.6.1 Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы медициналық ротаның жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.6.2 Қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы жеке медициналық батальонның жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •6.7 Биологиялық зақымдалу ошағындағы жедел және арнайы профилактика
- •Тест сұрақтары
- •Жауаптар эталоны
- •Әдебиеттер
- •25.03.2010 Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
6.4 Биологиялық барлау және биологиялық заттардың индикациясы
6.4.1 Биологиялық барлауға түсініктеме, оның міндеттері. Әскерде биологиялық барлауды жүргізу және жалпы ұйымдастыру
Биологиялық барлау–қарсыластың бактериялық қаруды қолдану дайындығына және оның қолдану фактісіне, бактериялық қарудың түрлеріне мәліметтер алуға арнайы басқарушылармен, барлаушы органдарымен және жеке қызметтермен жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Биологиялық барлауды басқару медициналық қызметке жүктеледі. Биологиялық барлау медициналық қызметтің барлық звеноларымен, ротаның санитар нұсқаушыларынан бастап, майданның арнайы санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерімен жүргізіледі және ұйымдастырылады.
Биологиялық барлау шешетін міндеттерді шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:
қарсылас биологиялық қаруды қолдануға дайындығы және мүмкіншілігі туралы алынған мәліметтерді жинап талдау;
биологиялық қарудың индикациясы;
биологиялық шабуыл масштабын шамалап анықтау.
Биологиялық қаруды қарсыластың қолдануына дайындығын дер кезінде анықтауда биологиялық барлаудың мәліметтерін жинау және талдау жүргізіледі. Көптеген жиналған мәліметтерді бағалау үшін медициналық құзырлылық (компетенция) қажет болады. Бұл жерде нақты жағдайда әскерді әр түрлі ауруларға қарсы жаппай егу, биологиялық қарудан қорғануға арнайы қорғаныс заттарының (антибиотиктер, дезинфекциялық заттар және т.б.) қорын жинау қажет болады.
Биологиялық барлаудың негізгі әдістері:
қарсылас биологиялық қаруды қолданған аудандарды тексеру, әскер орналасқан аудандардың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайын бағалау;
жергілікті денсаулық сақтау органдарының, ветеринарлық мекемелердің және басқа да қызметтердің мәліметтерін жинау және нақтылау;
адамдардан, жануарлардан және сыртқы орта нысаналарымен алынған материалдарды зертханалық зерттеуге алу;
әскерде тұтқында болғандардан, әсіресе тұтқындағы медицина қызметкерлерінен жауап алғанда қатысу;
ықтималдық қарсыластан алынған құжаттарды зерттеу.
Биологиялық барлауды жүргізу және дайындық кезеңдері:
алдын-ала дайындық кезеңі, барлау жүргізілетін ауданмен алдын ала танысу және міндеттерді құру;
биологиялық барлауды жүргізуге жоспар құру, қажетті күштер мен құралдарды бөлу, биологиялық барлаудың нысаналарын, жүргізу мерзімін, байланыс түрлері мен әдістерін, барлау бойынша ақпарат тәртібін анықтау;
әскерде жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін тұрғылықты жерде биологиялық барлауды жүргізу;
барлаудың қорытындыларын дайындау және эпидемиологялық барлаушының есеп-беру картасын толтыру.
Биологиялық барлауға келесі талаптар қойылады: мақсаттылық, үздіксіздік, дер кезінде анықтау, жылдамдылық, нақтылық, белсенділік, сабақтастық.
Биологиялық барлауды жүргізу жоспарының мазмұнын құрайды:
биологиялық барлаудың нысаналары және міндеттері;
барлаушы топтардың құрамы, олардың жабдықталуы, жол бағыты;
биологиялық барлаудың басталу мен аяқталу уақыты;
биологиялық барлаудың қорытындылары туралы баяндамалардың мерзімі, орны және тәртібі.
Биологиялық барлауды және биологиялық қарудың индикациясын әскери ауданда бөлімшенің СЭЗ-ның командирі ұйымдастырады, ол жерде бактериологиялық зертхана ГАЗ-66 (ӘМЗ) автокөлік кузовында болады. Биологиялық барлау әскердің медициналық бригадасының СЭЖ-ның және майданның СЭЖ-ның күштерімен жүргізіледі. Оны әскердің эпидемиологы және майданның бас эпидемиологы ұйымдастырады. Әскердің жеке медициналық бригадасы және майданның медициналық бригадасы барлаудан, басқа да қызметтерден алынған мәліметтерді талдап, өңдеу жүргізеді. Тұрғылықты жердің зақымдалуы және анықталуы (акватории, ауа кеңістігі) туралы барлық мәліметтер тез арада бастықтарға баяндалады, одан әрі қарай әскерді және тылдағы басқа да нысаналарды биологиялық қарудың зардаптарын тез арада жою мақсатында хабарландырылады. Бөлімшелер мен мекемелерде тиісті оңашалау-шектеу шаралары жүргізіледі.
Биологиялық барлау кезінде алынған мәліметтер медициналық қызметтің бастығына баяндалады және картаға немесе сызба-картаға түсіріледі. Графикалық көріністерге түспейтін басқа да мәліметтер аңыз түрінде көрсетіледі. Осындай аңызы бар карталар мен барлаудың қорытындылары графикалық сызба түрінде көрсетілген карталар эпид.барлаушының есеп-беру карточкасы және жүргізілген биологиялық барлаудың есеп беру құжаты болып табылады.
Биологиялық зақымдалу масштабын шамалап анықтау радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметтерімен, есептеу мәліметтері негізінде медициналық қызметпен арнайы, арнайы емес индикациясы әдістерімен шешіледі.
