Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_SKERI_EPIDEMIOLOGIYa_KITAP.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
516 Кб
Скачать
☆

6.2 Биологиялық қаруды қолдану заттары, тактикасы, әдістері. Биологиялық зақымдалу ауданы (ошағы) туралы түсінік

Бактериялық заттардан жасалған биологиялық қаруды тек арнайы дайындалған биологиялық рецептура түрінде қолданғанда бірінші және екінші санитарлық шығын болуы мүмкін. Биологиялық рецептура дегеніміз – ол әртүрлі препараттардың қосындысы ретінде, өзінің зақымдаушы қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Әрбір биологиялық рецептура бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Оның негізгі құрамдас бөлігі биологиялық агент болады. Егер рецептурада әсер етуші бактериологиялық зат ретінде бірнеше түрі болса, онда рецептура құрастырылған деп саналады.

Биологиялық қарудың тиімділігі тек бактериялық заттардың зақымдау қасиеттеріне ғана емес, қолдану әсеріне де байланысты.

Бактериялық заттар адам организміне келесі жолдармен енеді:

  • ауамен тыныс алу жолдары арқылы;

  • тағам және сумен, асқазан-ішек трактісі арқылы;

  • ауыз, мұрын, көз шырыш қабаты, тері қабаты арқылы;

  • зақымдалған қансорғыш буынаяқтылардың және жәндіктердің (масалар, бүргелер және т.б.) шағуы арқылы.

Осыған байланысты әскердің жеке құрамының, тұрғындардың, ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдалуы аэрозольді, трансмиссивті және диверсионды әдістермен болуы мүмкін.

Биологиялық заттарды аэрозольді әдіспен қолдану атмосфераның жер үсті қабатын, аймақты, жеке құрам мен әскери техниканы зақымдау үшін арнайы биологиялық бомбалар мен аэрозоль генераторларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Биологиялық аэрозоль–аэродисперсионды жүйе, дисперсті фаза өмір сүре алатын микроорганизмдер немесе токсиндерді тасымалдайтын тамшылар мен қатты бөлшектерден тұрады, ал дисперсті орта ауа болып саналады.

Бактериологиялық заттарды аэрозольді қолдану шетел әдебиеттерінде перспективті болып саналады, өйткені аяқ астынан және жасырын түрде үлкен аймақтарды, ауаны, тұрғылықты жерді, техниканы, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерді зақымдай алады.

Ауадағы биологиялық аэрозольдің болуы жүйе ретінде физика заңдарына бағынады. Бірінші аэрозольді бұлттың эволюциясы желдің бағыты мен жылдамдығына байланысты.

Аэрозольді бөлшектерінде болатын микроорганизмдердің өмір сүруін сақтап қалуға ауа ылғалдылығының қажетті шамасы керек. Олардың өмір сүруіне ауа температурасының көрсеткіші көп әсер етеді. Биологиялық аэрозольдің өмір сүру мүмкіншілігіне күн радиациясының ультрафиолетті спектрі әсер етеді.

Ауа температурасының +100С-ден төмен толуы, күн сәулесі радиациясының, қатты желдің болуы, ауа ылғалдылығының 30-90% болуы зақымдалған учаскелердің ұзақ уақыт сақталуына мүмкіншілік етеді. Биологиялық аэрозольдің зақымдау мүмкіншілігіне микробтардың аэрозольда өмір сүру уақыты да әсер етеді.

Биологиялық заттарды трансмиссивті қолдану әдісіне мақсаттағы ауданда жасанды түрде зақымдалған қансорғыш буынаяқтылар (кенелер) мен жәндіктер (масалар) жатады. Табиғатта өмір сүретін қансорғыш буынаяқтыларды тез қабылдауы және ұзақ уақыт бойы қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын сақтауы бұл әдістің негізіне жатады. Зақымдалған тасымалдаушыларды қолдану мүмкіншілігі олардың аурудың қоздырғыштарын ұзақ уақыт бойы өз денесінде сақтауын, адамдарға және жануарларға кенеттен шабуыл жасауын анықтайды.

Биологиялық заттарды диверсионды әдіспен қолдану–бұл биологиялық заттармен жасырын түрде жабық кеңістіктердің ауаның, судың, азық-түліктің зақымдалуы. Биологиялық қаруды қолдану үшін авиациялық бомбалар, кассеталар, реактивті артиллериялық заттары бар, әртүрлі ұзақтылықта әсер ететін ракеталардың бөлшектері, аэростаттар, шашыратқыш құралдар пайдаланады. БҚ-ды диверсионды әдіспен қолданған кезде диверсионды топтар құрамымен арнайы оқытылған адамдарды қатыстырады. Биологиялық заттарды әртүрлі әдіспен қолданған кезде биологиялық зақымдау аудандары (ошақтар) пайда болуы мүмкін.

Биологиялық зақымдалған аудан деп-жеке құрамға, тұрғындарға, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерге, сонымен қатар қоршаған табиғи ортаға шығын келтіріп, бактериялық заттармен зақымдалған ауданды айтады. Бактериялық заттарды қолдану әдісіне байланысты биологиялық зақымдау ауданы деп аэрозоль пайда болғанда атмосфераның жер үсті қабатында зақымдаушы концентрациясы бар биологиялық аэрозоль болғанда және әскер, тұрғындар, әскери техника орналасқан жерде биологиялық аэрозоль бұлты өткен аймақты айтады. Зақымдалған тасымалдаушыларды қолданғанда аудан олардың таралу ауданы деп аталады, ал диверсионды қолданған кезде диверсия нысанасы деп аталады.

Биологиялық қарудан санитарлық жоғалтудың көлемі бірнеше факторларға байланысты болуы мүмкін. Оның ішінде аса маңыздысы зақымдалған ауданның көлемі, жеке құрамның саны, зақымдау ұзақтылығы, қарсыластың қолданған рецептураларының құрамы мен сипаты,жеке құрамның иммундық қорғау дәрежесі,жеке және ұжымдық қорғау заттарының болуы және қолданылуы, санитарлы-гигиеналық жағдайы және т.б.

Биологиялық қарудан санитарлық шығындар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік биологиялық қарудан санитарлық шығынға бактериялық заттармен зақымдалған аэрозольді бұлттардың болуы жатады. Екіншілік санитарлық жоғалтуларға екіншілік аэрозольмен аспирациялық әсер ету, зақымдалған азық-түлікті және ауыз суды қолдану, жұқпалы нысаналармен және жұқпалы аурулармен ауырған адамдармен қатынаста болу жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]