Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
292.55 Кб
Скачать

32. Рим құқығы. Рим құқығының негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.

Рим құқығының негізгі қайнар көздері:

1) бірінші римдық құқық кодификациясы — əдет құқығы жазбасы түріндегі XII кесте заңдары;

2) б.э. III ғ-ның соңында екі кодекс құрастырылды: грегориян жəне гормогениан кодекстері;

3) б.э. 483 ж. алғашқы ресми жүйелендіру — Фиодосий кодексі қабылданды, мұнда б.э. IV ғ. бастап императорлардың конституциялары жинақталды;

4) б.э. XII ғ. рим құқығының соңғы жүйелеуі аяқталды, ол Юстиниан императордың тұсында жүзеге асырылып, «азаматтық құқық жинағы» — Корпус Юрис — Цивилис деген атқа ие болды,

— юстинианның кодексі — 12 кітаптан құралған император конституцияларының жинағы. Бірінші кітапта шіркеулік құқыққа қатысты конституциялар енген; 2-8 кітаптар азаматтық құқыққа арналған; 9 кітап — қылмыстық құқыққа; 10 кітап мемлекет басқару туралы ережелерге арналған;

— новеллалар — жинақтың басқа үш бөлігі жасалуы уақытында шығарылған Юстиниан конституциялары оларды негізінен мұрагерлік құқықтың нормалары көрініс тапқан. Құқыққабілеттілікті иелену үшін статус деп аталатын үш жағдай (шарт) қажет болды: бостандық статусы, яғни, Римнің тек еркін азаматтары ғана құқыққабілеттілікті иелене алатын (құлдар құқықтың субъектісі емес, объектісі болып табылатын); азаматтық статусы — римдік қалалық қауымға тиесілі тұлғалар ғана толыққұқылы жəне жалғыс өкілі болып үй иесі табылатын.

Римде міндеттемелердің екі қайнар көзі болған: деликтілерден (құқықбұзушылардан) туындаған міндеттемелер жəне шарттардан туындаған міндеттемелер. Неке — отбасы құқығы бастапқы кезеңдерінде үй иесінің отбасы мүшелерінің үстінен шексіз үстемдігімен сипатталған. Екінші кезеңде некенің жаңа нысаны пайда болды, бұл кезде əйел біраз мүліктік жəне жеке дербестікке ие болды. Мұрагерлік құқықта заң бойынша мұрагерлік жəне өсиет бойынша мұрагерлік орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек огнаттар, яғни, қандық туыстығына қарамастан үй иесінің билігінде болған тұлғалар танылған. Қылмыстық құқықта жариялылық сипаттағы (өртеу, адам өлтіру,) жəне жеке сипаттағы (ұрлық, дене жазалары мен өлім жазасы) қылмыстар ажыратылған.

12 кесте заңдары Рим құқығының негізгі қайнар көзі болды. Олар 12 кесте созылып жазылып, қаланың басты алаңы Форумда қойылған еді. Бұл заңдарды әрбір азамат білуге міндетті болды. 12 кесте заңдары плейберлерден жасырын сақталынған патрицийлардың рулық салтына негізделіп жасалынды. Бұл тақталарда негізінен мүліктік, отбасылық және мұрагерлік қарым қатынастарды реттейтін нормалар енгізілген, бұл номиналдардың бір бөлігін қылмыстық құқыққа жатқызуға болады. Меншіктік құқық 12 тақта заңдарында толық жарияланбады. Алғашқы ғасырлар бойындағы римдік республикада жер римнің барлық толық құқылы азаматтарының меншігінде болды және оның қоғамдық алқап деп атады. Белгілі бір руға кіретін отбасы жерге ие болып отырды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік пайда болып , қалыптаса бастады, бірақ ол нормадан тыс және қоғамдық меншікке бағынышты нысанда көрініс тапқан.

33. Ликург және Спартының қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістер.

Спартаның негізін қалаушы ретінде Ликург патша саналады. Спартада үстемдік құрушы класс ретінде спартиаттар —толық құқылы азаматтар саналған, олардың саны 8 мыңдай болған жəне тек Спартада өмір сүрген. Оларда жерге, малға жəне солардың жерінде жұмыс істейтін илоттарға меншік

құқығы болған. Спартиаттардың ұйымдасуы рулық сипатта болған. Барлық спартиаттар үш рулық филге бөлінген, əрбір фил — он «обаға», əрбір оба — он триакидке бөлінген. Спартада қанаушы тапқа илоттар — жауланған аумақтардың бас иген тұрғындары мен пэриектер — жеке бостандығы бар, бірақ саяси құқықтарды иеленбейтін жəне Спартаға төлем төлейтін тұрғындар жатқан.

Спартада мемлекеттік биліктің келесі органдары болған:

1. Халық жиналысы — апелла, ол герусияның ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан.

2. Герусия — ақсақалдар кеңесі, 30 геронттан құралған, олардың ішіне екі патша — басилевстер «архагеттер) енген, бұл Спартаның мемлекеттік құрылымының өзіндік ерекшелігі. Архагеттер герусияға бағынған жəне оның келісімінсіз ешбір маңызды шешімді қабылдай алмаған.

3. Эфарат — архагеттер мен герусияны бақылау функциясын жүзеге асыратын бес адамнан құрылған комиссия. Спартадағы құқықтың негізгі қайнар көзі ретралар табылған. Бұл — Ликург патша шығарған Спартаның негізгізаңдары. Олардың ішінде ең маңыздысы — «Ликург ретрасы».

(жалғасы 24 сұрақта, өмірі туралы)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]