Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

84.ХХғ. Ақш, ф.Рузвельттің ,, Жаңа бағыты,, және Президент билігінің күшеюі жайлы не білесіз?

ХХ ғасырдың басына қарай АҚШ əлемдегі ірі державаға айналды. Мемлекеттегі халық саны көшіп келушілердің есебінен бірнеше есеге дейін өсті. Ұлттық табыстың көп бөлігін ірі қаржылық-өнеркəсіптік корпорациялар иеленді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ борышкер-мемлекеттен несие беруші-мемлекетке айналды. 20-жылдардан бастап сайлау жүйесін демократизацияландыру байқала басталды. 1920 жылы əйелдерге ерлермен тең сайлау құқығы берілді .1961 жылы астаналық округ Колумбияның сайлаушылары АҚШ-тың президентін жəне вице-президентін сайлауға қатысу құқығын иеленді. 1964 жылы азаматтардың салық, оның ішінді сайлауға қатысты салық, төлемегені себепті сайлау құқықтарын шектеуге тыйым салынды. 1971 жылы 18 жасқа толған барлық азаматтар сайлау құқығын иеленді.60-70 жылдары білім беру, тұрмыстық қызмет көрсету,еңбек салаларына қатысты бірқатар заңдар қабылданды.

РУЗВЕЛЬТТІҢ “ЖАҢА БАҒЫТЫ”

ХХ ғасырдың 30-жылдарында АҚШ-та бұрын-соңдыболмаған экономикалық тоқырау орын алды. Өнеркəсіптікөндіріс 56 %-ке дейін, ұлттық табыс 48 %-ке дейін төмендеді,банктердің 40 %-і банкрот болды. 17 миллионға жуық адамжұмыстарынан айырылды, Г.Гувердің үкіметі ешбір шара қолдана алмады. Бұл елдегі əлеуметтік-экономикалық жағдайды күрделендіре түсті. Наразылық демонстрациялары мен ереуілдер жиі-жиі бой көтеріп отырды.1932 жылы президенттіке сайлауда демократиялық партияның өкілі Ф.Д.Рузвельт жеңіске жетті. Оның бағдарламасы“Жаңа бағыт” деп аталды.Ақша жүйесін тұрақтандыру үшін алтынды шекарадан шығаруға тыйым салынды, доллардың девальвациясы жүзеге асырылды, банктар жүйесі күшейтелді, нəтижесінде ірі банктар қазынадан ауқымды несиелер мен субсидиялар алды.Өнеркəсіпті сауықтыру үшін арнайы мекеме — Өнеркəсіптіқалпына келтірудің ұлттық əкімшілігі құрылды. 1933 жылғы 16маусымдағы “Ұлттық экономиканы қалпына келтіру туралы”заңға сəйкес бүкіл өнеркəсіп 17 топқа бөлінді, олардың əрқайсының қызметі жылдам уақытта қабылданған норматив тік актілер — адал бəсекелестік кодекстерімен реттелді. Ауыл шаруашылығы үшін Ауыл шаруашылығын реттеу əкімшілігі құрылды, бұл орган 1933 жылғы 12мамырдағы“Ауыл шаруашылығының жағдайын жақсарту туралы” заңның негізінде жұмыс жасады жəне ауыл шаруашылық өнімдерінің188бағаларын реттеу жəне оларды 1909-1914 жылдардағы деңгейге жеткізу құқығын иеленді.Жұмыссыздықты азайту мақсатында Төтенше көмек көрсетудің федералдық əкімшілігі құрылды, көп ұзамай бұл органның орнына

Аталған заңның орындалуын қадағалау Еңбекқатынастары бойынша ұлттық басқармаға жүктелді.1935 жылы əлеуметтік камсыздандыру туралы жалпыфедералдық заң қабылданды. Əлеуметтік сақтандыру бойыншабасқарма құрылды. Енді кəрілігі бойынша зейнетақылар 65жасқа толған АҚШ азаматына, егер оның 1936 жылғы 31желтоқсаннан бастап ол 65 жасқа толғанға дейінгі жалақысы 3мың доллардан аспаса, төленетін болды. Оған төленетін зейнетақының мөлшері жоғарыда аталған жалпы жалақының1/2-не теңелетін болды. Зейнетақы қорын құру үшін басқасалықтарға қоса жұмысшылардың жеке табыстарына жаңа əржылдық салық енгізілді, бұл салық алғашқыда табыстың 1 %-інқұраса, одан кейінгі əр 3 жыл сайын 0,5 %-ке өсіп отыратынболды. Кəсіпкерлер үшін бұрынғы салықтармен қоса оларғатөленген жалақының 1 %-ін құрайтын салық енгізілді, бұлсалық та əр 3 жыл сайын 0,5%-ке өсіп отыратын болды.1938 жылы “Жұмысшы күшін əділ түрде жұмысқа алу”туралы заң қабылданды. Бұл заң кейбір жұмысшылар үшін еңұзақ жұмыс уақытын жəне ең төменгі жалақыны тағайындауға тыйым салды.“Жаңа бағыт” мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық қаты-настар саласына алғашқы тікелей енуі болып табылды. “Жаңабағыттың” тəжірибесінің маңызы өте зор, себебі, экономикалық тоқырау кезінде тек қатаң мемлекеттік бсқару ғана мемлекетті төңкеріс пен қозғалыстардан сақтап қала алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]