Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
292.55 Кб
Скачать

59.Ортағасырлық Жапон мемлекеті және ондағы Сегунат турасында не білесіз?

 Жаңа заман кезеңінде Жапонияда да Азияның басқа елдері сынды феодалдық мемлекет болды. Бірақ Азияның басқа елдері Қытай, Иран, Осман империясына қарағанда Жапон қоғамындағы феодалдық қатынас феодал иеліктерінің көптігімен ерекшеленеді. Сонау орта ғасырларда Индия, Қытай, Жапонияда қалалар пайда болды. Бір ерекшелігі Жапон қалалары сол кездің өзінде-ақ феодалдардан тәуелсіздік алып, еркін муниципалды басқару жүйесі бар қалаларға айналды. Азия елдерімен тығыз байланыста болған Жапония буддизм, конфуцизм сынды идеологиялық жүйелерді қабылдады. Азия Батыс елдеріне қарағанда феодалдық тәртіп ұзақ сақталды. Жапон қоғамында сонау 16 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы буржуазиялық укладтар, өсімқорлық орталықтар жалдамалы еңбекке негізделген мануфактуралық өндіріс, тауар-ақша  қатынастары енді. Батыс елдерінде бұл уақытта үлкен ғылыми ашылымдар мен «Ренесанс» кезеңі, ұлы географиялық ашылымдар сынды тарихи оқиғалар болып жатты. Теңіз жолы ашылған соң ескі құрлықтағы сауда жолын маңызын жойды. Бұл Азиядағы ірі қуатты елдердің артта қалуына тікелей себепкер болды. Европалықтар теңізде жүзуді меңгеріп Оңтүстік Азиядағы әлсіз аймақтарды колониялай бастады. 1497 жылы португал теңізшісі Васко Да Гама Үндістанға жете кешінен испандықтар мен голландтар Индонезия мен Филиппинді иеленді. Әлсіз алғашқы қоғамдық құрылыстық даму сатысындағы жергілікті тұрғындар европалықтарға қарсылық көрсете алмады.

1542 жылы португалдықтар тұңғыш рет Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралына табан тіреді. Будан кейін португалдықтардың Жапон жағалауларына келуі жиіледі 1549 жылдан бастап елге Рим папасының қолдауымен христиан- католиктік миссионерлер көптеп келе бастады. Бұл миссионерлер мен көпестерді жергілікті феодалдар қолдау көрсетті. Жапониямен сауда байланысында Жапондықтар қыруар табысқа кенелді. Жапон феодалдары да өз кезегінде европалық қару — жарақтарды сатып алуға мүдделі болды.

Миссионерлер елде кең ахуалды үгіт насихат жүргізіп, зор табысқа жетті. 16 ғасырдың 80-ші жылдары Кюсю аралында 100000 христиан болса, 17 ғасырдың ортасында 700000 — ға жетті. Сонымен бірге бір уақытта ағылшын және голланд көпестері де Жапонияға келе бастады.

Елді біріктіру жолындағы күресте жапонның аңызға айналған 3 тұлғасы Ода Нобунага, Теотому Хидаеси, Ияху Токугава сынды тұлғалар шықты. Жапондар бұл үш арысын осы күнге дейін құрметпен пір тұтады. Елдің бірігуіне тағы бір себеп шаруалардың феодалдарға қарсы таластармаған бас көтерулері әсер етті.

Сонау 7 ғасырда қалыптасқан императорлар билігі 16 ғасырда құқығынан айрылып қала сыртындағы сарайда мамыратай тіршілік қалпына көшті. Сегун әскерлері император сарайын қатаң күзетті, ішкі, сыртқы қатынастарын бақылауға алды. Жапон императоры қатты құрметтелді. әрі ол жоғарғы абыз саналды. 17 ғасыр басында Иэясу Токугава өз билігіне Жапонияның көп бөлігін қаратып, сегун болып жарияланды. Осы кезден бастап токугава сегунаты жалпы 250 жыл билік етті. Сегун елді шексіз билеп кең құқықтар иеленді. Жалпы алғанда архипелагтық ірі Хонсю, Кюсю, Сикокуу, Хоккайдо мен майда аралдардан құралған Жапониядағы бытыраңқылық пен феодалдық сепаратизм жойылды.

Шаруаларды қанау олардың ашаршылыққа күйзеліске әкелді. Шаруалар күйзелістен шығу үшін өсімқорлардан қарыз алды, соңында олар төлей алмас қарыздарға айналды. Өсімқорлық капитал жүйесі жапон деревьнясына тереңдеп ене бастады.

Токугава саясатының елді біріктіру қалалар мен сауданың өркендеуіне жол ашты. Токугава тұсында 200-ге жуық қалалар мен қалалық типтегі поселкілер болды. Жапон қалалары қолөнер мен сауданың орталығы болды. Қолөнершілер цехқа бірігіп, кей салаларда монополия болып алды. 17 ғасырдан бастап мануфактуралық типтегі өндіріс орындарының саны өсті. Қаладағы көпестер өте ауқатты тұрып, қоғам өміріне өз ықпалын жүргізе алды..

Токугава сегунаты тұсында елге феодалдық қатынас дағдарысқа ұшырады. Шаруаларды қанау одан ары күшейді. Барған сайын төменгі тап өкілдерінің бас көтерушілері күшейді.

Жапонияның «Жабық есік саясатын» ұстануы Европалықтардың елге ықпал етуін доғарып, феодалдық тәртіпті ретке келтіру мақсатында жасалды. Сегун мен феодалдықтар Европалықтардың келуі өз біліктерінен айыруы мүмкін деп қорықты. Бұған себеп 1637 жылы Симабарадағы христиан туы астындағы шаруалардың антифеодалдық бас көтеру болды.

Жапонияның ресми табылуы Европамен сауда байланыстарын тоқтатты. Тек Симабарадағы көтерілісті басуға көмектескен үшін голландықтарға ғана кейбір порттарға келуге мүмкіндік берілді. Жапония, Қытай көпестерімен сауданы жандандырып, екі елде ашық сауданы өркендетті. Жапон көпестері Қытай, Индонезияда, Филиппиныда сауда жүргізді.

жапон экономикасының капиталистенуіне феодалдық тәртіп бөгет жасады. Шаруаларды қанау барынша күшейе түсті. Төменгі сословиеге салынатын салық түрлері де көбейді. Бүкіл 18 ғасырда он бойы шаруалар көтерілістерімен ерекшеленді. Токугава сегунаты тұсында елде сословиелік күрес анық байқалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]