Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
292.55 Кб
Скачать

66.ХуіІғ. Ағылшын революциясына, Англиядағы ,,Ұзақ парламент,, актілеріне сипаттама беріңіз.

Капиталистік бастаудағы өнеркәсіптің дамуы. Жүз жыл ішінде Англиядағы көмір өндірісі 14 есе өсіп, 3 млн. тоннаға жетті. Ал бұл сол кездегі Еуропадағы көмір өндірісінің 4/5 бөлігін құрады. Темір рудасының дамуы 3 есе өсті, ал қорғасын, мыс, қалайы мен тұз 6-8 есе өсті. Шаруашылықтың бұрынғы салаларынан шұға өндіру тез дамыды. Егер XI—XV ғғ. ағылшын экспортының басты бөлігін жүн мен қой терісі құраса, онда XVI ғасыр ортасында шұға өндірісінің экспорты жүн экспортынан асып түсті. Осылайша, XVI ғасыр ортасында 122 мың шұға бөліктері мен 5-6 мың жүннің қабы жіберілді. 1614 жылы жүннің экспортына рұқсат мүлдем берілмеді. Сыртқы сауда өнеркәсіп өнімдеріне сұранысты арттырды, дегенмен көне цехтік жүйе сыртқы нарық сұранысын қанағаттандыра алмады. Цехтер жолды мануфактураға бере бастады. Революция алдындағы Англияда көптеген тау, шұға өнеркәсібінің мануфактурасы өмір сүріп, кеме, қару жасау салалары дамыды. Өндірістің капиталистік әдісі тек қана өнеркәсіптілік пен саудамен ғана шектелмей, сонымен қатар ауыл шаруашылығында да белсенді жеделтілді. Англия экономикасының аграрлық секторы XVI—XVII ғғ. капитализм дамуында өнеркәсіптен қалған жоқ, тіпті озып та жатты. Жер өңдеу мен мал өсіру саудасының айтарлықтай өсуі, шалшықтың кептірілуі, мелиорация, шөп өсірудің түбірлендірілуі, агрономдық әдебиеттің таратылуы, жүнге, нанға, сүтке сұраныстың өсуі – осының бәрі ауылға көптеген ауқатты адамдардың назарын аударды.Ағылшын буржуазиялық революциясының маңызды алғышарттарының бірі шаруалардың жіктелуі болды.

Өндірісті дамытудың капиталистік әдісі болып табылатын мануфактуралық саты өз мүмкіндіктерін тауысты. Фабрикалық сатыға өтуге қажетті барлық алғышарттар дайын болды. Мануфактуралық кезеңде машинамен жұмысқа дайындалған жалдамалы жұмысшылардың үлкен армиясы құрылды. Жеке кәсіпкерлер қолында отарларды тонау арқасында жиналған қомағай көлемді қаржы болды. Бұл капиталдар Англияның индустриализациялануының маңызды көзі болды. Дәл осы жағдайлар елдің басқа елдерге қарағанда өнеркәсіптік төңкеріске ерте келуіне себепкер болды

Ұзақ парламентті патша 1640 жылдың қараша айында шақырды, ол 1652 жылға дейін жұмыс істеді,сол себепті де, ол Ұзақ парламент деген атқа ие болды.Парламент Конституциялық деп аталған революцияның бірінші кезеңінің басталуынаəсер етті. Ұзақ парламент парламенттің патшаның еркіне қара-мастан əрбір үш жыл сайын шақырылуын көздеген үшжылдықакт жəне парламентті оның келісімінсіз таратуға тыйым салған акт сияқты маңызды құжаттарды қабылдады. Арнайы актімен “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссия” таратылды. Нəтижесінде патша мен парламенттің арасындағы азаматтықсоғысқа алып келді. Патша Оксфордқа көшіп кетті, сөйтіп,мемлекетті іс жүзінде Лондон мен Оксфордтағы екі үкімет басқарды.

67.Оливер Кромвель және оның мемлекеттік қайраткер ретіндегі сипатына тоқталыңыз.

Парламенттік əскердің патша əскерімен соғысындағы алғашқы сəтсіздіктер оны генерал О. Кромвельдың “Жаңаүлгісі” бойынша қайта құрылуына əкеп соқты. Индепендент болғандықтан, О. Кромвель жоғарғы лауазым орындарын индепенденттік қауымға берді. Əскери басшылықтан ақсүйектердіаластату үшін парламент мүшелеріне əскерде басшылыққызмет атқаруға тыйым салатын “ Өздігінен бас тарту туралыбиль” қабылданды. 1645 жылы патша əскері соғысты жеңілді. ІКарл Шотландияға қашып, ол жақтан парламентке берілді.

Индепенденттік республика жəне Кромвельдің протектораты. 1649 жылы патшаны өлтірілген соң парламент Англияны республика ретінде жариялады. Лордтар палатасы жойылды, ал қауымдар палатасы өздерін жоғарғы биліктің иесі ретінде жариялады. Атқарушы жоғарғы орган ретінде Мемлекеттікеңес құрылды.Индепенденттер мен левеллерлердің арасында бұл оқиғаларға дейін бекітілген “Халықтық келісімде” келесі əрекеттермақсаттар ретінде көзделді: Ұзақ парламентті тарату, барлық ер адамдардың қатысуымен жаңа сайлауларды ұйымдастыру,барлығының заң алдындағы теңідігі жəне т.б. Алайда,Кромвель үшін “Халықтық келісім” əрекеттердің шынайы бағдарламасы емес, айлалық мойын ұсыну болып табылды. Мұны білген левеллерлер бірнеше əскери бөлімдердің қолдауымен көтеріліс бастады. Бірақ, Кромвель көтерілісті басып тастады.1653 жылы парламенттен қолдау таппаған Кромвель онытаратып жіберді.

1653 жылдың соңында О.Кромвельдің диктатурасын нығай-та түскен “Басқару қаруы” атты конституция қабылданды. Бұлактіге сəйкес жоғарғы заң шығару билігі лорд-протектор менбірпалаталы парламентке тиесілі болды. Атқарушы жоғарғыбилік лорд-протектор мен құрамында 13-тен 21-ге дейін мү-шесі бар Мемлекеттік кеңеске берілді. Кейінірек Кромвельпарламентті шақыруды тоқтатты жəне Мемлекеттік кеңестіңмүшелерін өз қалауы бойынша тағайындайтын болды. 1657жылы парламенттің жоғарғы палатасы қалпынакелтірілді.Осылай, Кромвельдің өзіндік диктатурасы революциялық көте-рілістерді басып тастады — мемлекетте республиканың орнына монархияға ұқсас жалғызілікті билік орнады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]