Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

85.ХХғ. Ұлыбритания және 1911ж. Қабылданған Парламент туралы Актіге сипаттама беріңіз.

Британия версальдық бейбіт келісім бойынша жеңіскер — державалардың катарына жатты. Алайда, соғыс оның қаржылық-экономикалық жағдайын əлсіретті, тек əскери өндіріс қана күшейе түсті.Жұмысшылардың қозғалысы белсенденіп, тред-юниондардың саны екі есеге дейін өсті. Осымен қатар,өнеркəсіптің монополизациялануы күшейе түсті. 1916 жылы монополистердің ірі бірлестігі — Британдық өнеркəсіп құрылды, оның басты мақсаттарының бірі болып үкіметті жəне мемлекеттік аппаратты монополистік капиталдың мүдделеріне бағындыру табылды.1918 жылғы 8-желтоқсандығы сайлауда консерваторлар мен либералдар лейбористердің біртұтас блогын құрады жəне парламентке өздерінің 60 депутатын өткізді. Билік басында жүз жылдай тұрған либералдық партия құлдырау жағдайында болды. 1924 жылы екінші лейбористік үкімет құрылды.Сонымен, Ұлыбританияда екі партиялық жүйе бекітілді.Партиялық жүйедегі өзгерістермен қатар сайлау жүйесіндеде демократиялық өзгерістер орын алды. Алғашқы сайлау реформасы 1918-1919 жылдары жүргізілді. Бұл заңға сəйкес 21жасқа толған жəне белгілі бір жерде алты ай тұрақты тұрған еркек жынысты тұлғалардың барлығы дауыс беру құқығын иеленді. Əйелдер, егер 30 жасқа толған болса жəне 5 фунтстерлингтен кем емес табыс əкелетін жылжымайтын мүлкі болса немесе осы талаптарға жауап беретін тұлғамен некеде болса ғана дауыс бере алатын. 1914 жылы Хабеас корпус актінің күші жойылды жəне Мемлекетті қорғау туралы акт қабылданды, оған сəйкес соғыс уақытындағы барлық билік толығымен үкіметке берілді. Соғыстан кейін бұл актінің күші жойылды

1939 жылы парламент үкіметтің мемлекеттік қауіпсіздікті жəне қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету саласындағы төтенше өкілеттіктері туралы акт қабылдады. 1949 жылы лейбористік үкімет лордтар палатасына қатысты парламенттік реформаны жүзеге асырды.1911 жылғы парламент туралы актіге өзгерту енгізу туралы заң 1949 жылғы заң лордтар палатасының қаржылық емес билльдерге қатысты вето құқығын 1 жылға дейін қысқартты. Жергілікті жерлерде басқару 1972 жылғы заң бойынша екі деңгейлік органдар жүйесі арқылы жүзеге асырылды. 1985 жылы ірі өнеркəсіптік қалалардағы муниципалитеттер жойылды.Жалпы алғанда өнеркəсіп жəне экономика саласында мемлекеттік монополизациялау үрдісі байқалды. 1945 жылы ағылшын банкін ұлттандыру туралы заң қабылданды, ал 1946жылы көмір өндіретін 800 кəсіпорын ұлттандырылды. Экспорт-импортты реттеу, экономиканы бағдарламаландыру,корпорацияларды ірілендіру енгізілді. Осы шаралардың барлығы мемлекеттің экономика саласына тереңірек енуін көздеді.

86.ХХғ. Франция және ондағы үшінші, төртінші, бесінші республикаларға сипаттама беріңіз.

ҮШІНШІ РЕСПУБЛИКА

Версальдық бейбіт келісім бойынша ФранцияғаЭльзас пен Лотарингия қайтарылды.Мемлекеттің экономикасы ерекше қарқынмен дамыды. 1930жылы ауылшаруашылық өндірістің үлесі 40 %-ті құрады.Тресттер мен ірі корпорациялардың да айрықша дамуы байқалды. Алайда, бірінші дүниежүзілік соғыс Францияны несие беруші-мемлекеттен борышкер-мемлекетке айналдырып

жіберді.Кеңестік Ресей 1917 жылдан бастап француз банктерінен алған заемын қайтарудан бас тартты, себебі, заемдарды патшалық үкімет алған болатын.Соғыс уақытында Франция 4 миллиард АҚШ долларына дейін қарыз болды.1920 жылы социалистік партия коммунистер мен социалистерге бөлінді. Алайда, елдегі күрделі ішкі саяси жағдайға қарамастан, 1875 жылғы конституция өз күшін сақтап қалды.1919 жылы жартылай пропорционалдық сайлау жүйесі енгізілді. 1919 жылғы сайлау заңы сайлаудың мажоритарлық жəне пропорционалдық жүйелерінің үйлесуін көздеді.

1927 жылы консервативтік саясатты ұстанған Р.Пуанкереніңүкіметі мажоритарлық жүйені қалпына келтірілді. 1927 жылғы заңға сəйкес Франция мен оның теңіздің ар жағындағы иеліктері 612 сайлау округіне бөлінді, олардың тоғызы Алжирде, оны қалған колонияларда болды; сол жерлерде тұратын француздар ғана дауыс беретін,колониялардың тұрғылықты халқы сайлау құқығын иеленбеді.

30-жылдары үкіметтің билігінің күшеюі байқалды. Енді үкімет заңдарды парламенттің келісімінсіз əкімшілік тəртіпте ұсынатын болды.

ТӨРТІНШІ РЕСПУБЛИКА

Француз қарсылығының қозғалысын генерал Ш.де Голль басқарды. Англияда тұрғанда Ш. де Голль 1940 жылы “Еркін Франция” (1942 жылдан бастап “Айқасушы Франция”) қозғалысының негізін қалады. Көп ұзамай Голль ағылшын үкіметімен “барлық еркін француздардың басшысы” ретінде

танылды. 1945 жылы Францияның уақытша үкіметі жаңа Конституция қабылдау үшін Құрылтай жиналысына сайлау өткізу жəне сонымен бірге референдум өткізу туралы шешім қабылдады. Сайлаушыларға келесі екі сұраққа жауап беру ұсынылды:

1) олар жаңа Конституция қабылданғанын қалай ма немесе1875 жылғы конституциялық заңның күшінде қалғанын қалайма;

2) Құрылтай жиналысы қабылдаған Конституцияның жобасы референдуммен бекітілуі тиіс пе.

1946 жылғы сəуір айында Құрылтай жиналысы конституцияның жобасын жасап аяқтады.Бұл жоба бойынша жалғызпалаталық парламент енгізу,президентті вето құқығынан, парламентті таратып жіберу құқығынан, кешірім жасау құқығынан айыру жəне де өнеркəсіптің жекелеген түрлерін ұлттандыру бекітілді. Бұл жоба референдумның барысында қайтарылып жіберілді.Референдумның нəтижесінде Құрылтай жиналысының жаңақұрамын сайлау қажеттілігі туындады. Алайда, бұл жолы көпдауысты Халықтық-республикалық қозғалыс жинады, сонансоң коммунистер, олардан кейін социалистер тұрды.Конституцияның жаңа жобасы 1946 жылғы қазандағы референдумда бекітілді. Преамбулада 1789 жылғы Адам жəне азамат құқықтары туралы декларацияда жарияланған азаматтың құқықтары мен бостандықтары салтанатты түрде бекітілді.Сонымен қатар, қосымша саяси құқықтар да енгізілді. Республика жаулап алушылық соғыстарды жүргізбеуге міндеттенді.Конституция парламанттік республиканы құруды көздеді.Парламент екі палатадан тұрды: Ұлттық жиналыс жəне Республикалық кеңес. Ұлттық жиналыс жалпыға ортақ, тікелей сайлау құқығының негізінде 5 жылға сайланатын болды, тек Ұлттық жиналыс қана заң шығару құқығын иеленген болаты.Республикалық кеңесті жалпыға ортақ жəне жанама сайлау құқығының негізінде коммуналар мен департаменттер сайлайтын.Республика президентін парламент 7 жылға сайлайтын,жəне ол келесі мерзімге қайтадан сайлана алатын. Мемлекетті тікелей басқаруды

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР1948 жылы Республикалық кеңеске сайлаудың мажо-ритарлық жүйесі енгізілді, кейін бұл жүйе Ұлттық жиналысқасайлауда да қолданылатын болды. 1951 жылғы 8 мамырдағызаңға сəйкес партия немесе партиялар блогы егер сайлау-шылардың даусының 50 %— ін алған болса сол округтағымандаттардың барлығын иеленетін. Егер бұл жүйе бір де бір

партияға дауыстардың қажетті санын алуға мүмкіндік бермесе,сайлаудың пропорционалдық жүйесі қолданылатын.Республикалық кеңестің мəртебесі өзгерді. 1954 жылғы 7желтоқсандағы заңмен екі палатада заң шығару саласындатеңестірілді. Кеңес өз құқықтары бойынша соғысқа дейінгі

Сенатқа ұқсады. Аталған заңмен Ұлттық жиналыстың қызметету уақыттары анықталды. Бұған дейін Ұлттық жиналыстұрақты қызмет ететін құрылым болып табылған. Осының нəтижесінде үкіметтің билігі күшейді.

БЕСІНШІ РЕСПУБЛИКА

Төртінші республиканың конституциялық режимінің құлауының тікелей себебі болып Алжирдегі жағдайлар табылды. Онда 1958жылдың сəуір-мамыр айларында ұлт-азаттық көтерілісті басуды талап еткен оңшыл күштер күшейе түсті. Оларды колония əскерлерінің бірқатарəскери бөлімдері жақтады. “Француздық Алжир” ұранынбасшылыққа алған ашық əскери қимылдар басталды. Жаңа Конституцияның жобасы жасалды. Оның негізін деГолльдің қазіргі кездегі француз мемлекетіне қатысты идея-лары құрады. 1958 жылғы Конституцияны қабылдау Бесіншіреспубликаның пайда болуын білдірді.Конституцияға сəйкес президентке атқарушы биліктіңбасшысы ретінде көптеген өкілеттіктер берілді. Президент мынадай құқықтарды иеленді: премьер-министрді тағайындау,ал оның келісімімен министрлерді тағайындау; заң шығару ынтасын білдіру; мемлекетте төтенше жағдайды жариялау

жəне парламенттің төтенше сессияларын шақыру; Республиканың парламенті екі палатадан тұрды: Ұлттық жиналыс жəне Сенат. Ұлттық жиналыс тікелей дауыс беру арқылы, ал Сенат жанама дауыс беру арқылы сайланатын болды.Конституцияның негізінде құрылған жаңа орган болып

Конституциялық кеңес табылды. Оның құрамына 9 жылдық өкілеттік мерзімін иеленген 9 мүше кірді.

87.Германиядағы Веймар республикасының орнығуы және 1919 ж. Конституцияға сипаттама беріңіз.Соғыстағы сəтсіздіктер жəне Ресейдегі революция Германияда революциялық жағдайдың орнауына əкеліп соқты.1918 жылдың қараша айында Кил қаласында əскери моряк-тардың көтерілісі орын алды. Көтерілісшілерге Германияның ірі қалалары — Гамбург, Лейпциг, Мюнхен, Бремен — бірікті.Жұмысшылар мен солдат депутаттарының кеңесі билікті өзқолдарына алды. 1918 жылғы 9 қарашада революция Берлиндежеңіске жетті.Кайзер Вильгельм Голландияға қашып, Германимпериясы құлады. Еңбекші депутаттардың Берлиндық кеңесінің келісімін алып, Уақытша социал-демократиялық үкіметҚұрылтай жиналысына сайлау туралы жариялады. Алайда,демократиялық көзқарастарды ұстанған социал-демократтархалықтың қанын төгудентайынбады: 1919 жылғы 15 қаңтардаБерлин демонстрациясы таратылып, Мюнхендегі Бавар кеңестік мемлекеті де басылып тасталды. Президент ретінде 1905 жылдын бері социалдемократиялық партияның басқарма мүшесі, 1916 жылдан бері социал-демократиялық партия мен рейхстагтың басшысы МаксЭберт сайланды.Парламент екі палатадан тұрды: рейхстаг жəне рейсрат. Рейсрат 18 жердің өкілдерінен тұрды. Рейхстаг пропорционалдық жүйе бойынша 4жылғы сайланатын. Германия 30 сайлау округтарына бөлінді.Сайлауға қатысатын əр партия өз депутаттарының тізімін енгізді. Депутаттық орындар дауыс санына қарай бөлінді: көпдауыс болса көп орын берілді.Барлық маңызды мəселелер — сыртқы байланыстар, əскермен флот, салық жəне қаржы жүйесі, байланыс пен көлік жəне мəселелерді де шешетін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]