- •1) Мемлекет және құқығының жалпы тарихы пәні және міндеттері:
- •2) Мемлекет және құқық тарихының кезеңдері:
- •3.Алғашқы қауымдық құрылыс және мемлекетке дейінгі әлеуметтік басқару нысандарына талдау жасаңыз.
- •27. Ежелгі Римнің қоғамдық құрылысы.
- •28. Сервий Тулий реформалары.
- •29. Рим Республикасы және оның негізгі сипаттамалары.
- •30. 31. Рим империясының құрылу тарихы және мемлекеттік құрылысы. Принципат Доминант
- •32. Рим құқығы. Рим құқығының негізгі қайнар көздері. Хіі кесте заңдары.
- •33. Ликург және Спартының қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі өзгерістер.
- •34. Құқық дамуытудағы рим юристерінің ролі.
- •35. Франк мемлекеті
- •37. Хлодвигтің Франк мемлекеті мен құқығын дамытуағы ролі
- •38. Салич правдасы,, және франктердегі негізгі құқықтық институттар.
- •39. Франк мемлекетіндегі варварлық шындық
- •42. Франциядағы Бас штаттар және оның мемлекеттік басқарудағы орнына тоқталыңыз.
- •44.Франциядағы Ришелье реформасы.
- •52) Англияның алғашқы Парламенті және оның құқықтық сипаты
- •59.Ортағасырлық Жапон мемлекеті және ондағы Сегунат турасында не білесіз?
- •60.Ортағасырлық Жапон құқығы мен Тайхоре кодексіне талдау жасаңыз
- •61.Ерте Орыс мемлекетінің қалыптасуы және дамуына сипаттама беріңіз.
- •62.Ерте кезеңдегі ,,Орыс правдасы,, және оның мазмұнына сипаттама беріңіз
- •63.Россияда бірорталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы және сословиелік-өкілдік монархияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат беріңіз.
- •64.Ресейдегі Иван іу реформаларына талдау жасаңыз.
- •66.ХуіІғ. Ағылшын революциясына, Англиядағы ,,Ұзақ парламент,, актілеріне сипаттама беріңіз.
- •67.Оливер Кромвель және оның мемлекеттік қайраткер ретіндегі сипатына тоқталыңыз.
- •68.Англияда конституциялық монархияның бекуі мен 1679 және 1689 ж. Актілерге тоқталыңыз.
- •69.Хуііі-хіх ғғ. Ағылшын парламентаризмі даму және екі партиялы жүйенің қалыптасуы, хіХғ. Сайлау реформалары жайлы не білесіз?
- •71.Ақш 1776 ж. Тәуелсіздік декларациясына талдау жасаңыз.
- •72.1787Ж. Ақш Констиуциясы және Құқық туралы Билль туралы толыққанды ақпарат беріңіз.
- •73.1864-1865 Жж. АқШтағы Азамат соғысы мен құлдықтың жойылу тарихына сипаттама беріңіз.
- •74.Франциядағы 1789-1794жж. Революция және конституциялық монархияның қалыптасу тарихына сипаттама беріңіз.
- •75. 1789Ж. Француз Декларациясы және оның тарихи маңызына тоқталыңыз.
- •76. Наполеон төңкерісі және 1799ж. Конституция, Франциядағы Бірінші империя жайлы не білесіз?
- •77. Хіх бірінші жартысындағы Францияға және 1814,1830 жылдардағы Хартияларға сипаттама беріңіз.
- •78.Франциядағы 1848,1852 жылдардағы Конституцияларға талдау жасаңыз.
- •79.ХіХғ. Екінші жартысындағы Франция, 1871ж. Париж коммунасы, 1885ж. Конституция жайлы әңгімелеп беріңіз.
- •80.ХіХғ. Бірінші жартысындағы Германия және Германияның бiрiгуi үшiн крес туралы әңгімелеп беріңіз.
- •81. 1815 Ж. Герман Одағының құрылыуы, 1848ж. Революція, 1856ж. Прусс Конституциясы туралы не білесіз?
- •82.Германияның бірігуі мен 1871ж. Конституциясы туралы әңгімелеп беріңіз.
- •83.Хіх ғ. Жапония және ондағы 1868ж. Революция мен 1889ж. Қабылданған Конституция жайлы ақпарат беріңіз.
- •84.ХХғ. Ақш, ф.Рузвельттің ,, Жаңа бағыты,, және Президент билігінің күшеюі жайлы не білесіз?
- •85.ХХғ. Ұлыбритания және 1911ж. Қабылданған Парламент туралы Актіге сипаттама беріңіз.
- •86.ХХғ. Франция және ондағы үшінші, төртінші, бесінші республикаларға сипаттама беріңіз.
- •88. Қытай Халық Республикасының құрылуы мен 1949 ж. Уақытша конституциялық заңдарға талдау жасаңыз.
- •89. ХХғ. Россиядағы Ақпан революциясына сипаттама беріңіз.
- •90.Ресейдегі Қазан төңкерісі және социалистік мемлекеттіліктің даму сатыларына тоқталыңыз.
73.1864-1865 Жж. АқШтағы Азамат соғысы мен құлдықтың жойылу тарихына сипаттама беріңіз.
ХІХ ғасырдың ортасында өнеркəсіптік солтүстік пен құлиеленушілік оңтүстіктің арасында шиеліністі қатынастар туындады. 1860 жылы президент болып республикалық партияның либералдық-демократиялық қанатының өкілі А.Линкольн сайланды. Бұған жауап ретінде оңтүстік штаттар
бөлініп шығу жəне Оңтүстік штаттар конфедерациясын құру туралы шешім қабылдады. 1861 жылы соғыс басталды.1862 жылғы мамырда А.Линкольн “Гомстед-актқа” қолқойды, бұл заң батыста фермерлықпен айналысуға ниет білдіруші əрбір адамға 160 акрден (1 акр = 1017 шаршы метр) жер
учаскесін алу құқығын бекітті. 1862 жылғы қыркүйектеҚұлдықты жою туралы прокламация жарияланды. 1863 жылғықаңтардың бірінен бастап көтеріліс болған аумақтардың негрлері еркін деп жарияланды. Бұл шаралар солтүстікшілдердіңбеделін жоғарылатып, олардың əскеріне өз еркімен келу-
шілердің санын көбейтті. 1865 жылғы ақпан айында КонгрессАҚШ-тың Конституциясына бүкіл елде құлдықты жою туралы120ХІІІ түзетуді енгізді. 1865 жылғы көктемде оңтүстіктіңəскерлері талқандалды.
1865 жылғы 14-ақпанда оңтүстікшілдердің жібергенжалданбалы кісі өлтірушісі А.Линкольнды өлтірді. 1867 жылыКонгерсс қабылдаған жоспар бойынша бүлік көтеруші оңтүстікəскери басшылықтағы бес əскери округтерге бөлінді. Əскериəкімшілік жетекшілік етуде Конституцияның ХІV (1868 ж.)жəне ХV (1870 ж.) түзетулерін басшылыққа алды. БіріншісіАҚШ-тың барлық азаматтарының (бүлік көтерушілер менүндістерді есептемегенде) заң алдындағы теңдігін жариялады,ал екіншісі — бүкіл еркектерге оладың түсіне карамастансайлау құқығын беруді жариялады.1872 жылы оңтүстіктегі əскери əкімшілік қысқара бастады,ал 1877 жылы бүлік көтеруші оңтүстік штаттардан федералдықəскерлер шығарылды. 1881 жылы Теннеси штатында ДжимКроудың заңы ретінде танылған, ақ адамдар мен қараадамдарға болек вагондар бекітетін нормативтік актқабылданды. Осы жəне басқа да осындай нəсілдік сегрегациябойынша актілерді АҚШ-тың Жоғарғы соты Конституцияғасəйкес деп танып, бұл “ақадамдар мен қара адамдарды бөлек,бірақ тең құқылы етеді” деп түсіндірді. Бұл, əрине,əділетсіздіктің көрінісі болып табылды.
74.Франциядағы 1789-1794жж. Революция және конституциялық монархияның қалыптасу тарихына сипаттама беріңіз.
ХVІІІ ғасыр Франция үшін Ұлы француз буржуазиялық революциясымен ерекшеленді. Оның түбірлі себебі болып өндірістік күштер мен феодалдық өндірістік қатынастардың арасындағы шиелініскен қарама-қайшылықтардың өршуі табылды. Феодализм елдің объективтік тарихи дамуын тежеді.
Жаңа формацияның ауқатты топтары — өнеркəсіп иелері,саудагерлер, банкирлар өздерінің жағдайына көңілі толмады.Ішкі нарық өнеркəсіп үшін өте тар болды. 1788 жылыФранцияда айрықшаэкономикалық тоқырау орын алды. Селолардағы астықтың шықпауы шаруалардың көтерілісіне түрткі болды.
Бас штаттарды шақыру1789 жылғы 5-мамырда өтті. Бұдан соң бірден мына мəселелерге қатысты даулар басталды: депуттардың өкілеттігінтексеру тəсілдері, біріккен жəне бөлек отырыстар, Басштаттардың мақсаттары, үшінші сословиенің (буржуазияның)құқықтары туралы. Патшаның қолдауын тапқан алғашқы екісословие — дворяндар мен дін қызметкерлері дауыс берудіңескі тəртібін жақтады: əр сословиеден бір дауыс берілді. Бұнымен үшінші сословиенің өкілдері келіспеді. Олар отырыс-тардың сословиелер бойынша бөлек емес, бірге өтуін жəне осыотырыстардағы шешім көпшілік дауыспен қабылдануын талапетті. Үкімет дауыс берудің мұндай тəрітібін қабылдаудан бастартты..Революция бүкіл елге тарады. Провинцияларды ескіоргандардың орнына жаңадан өзін-өзі басқару органдары —муниципалитеттер құрылды. Революцияның қарулы күштері— ұлттық гвардия қалыптаса бастады, алайда, əскери қару-жарақтың қымбаттығынан бұл əскерге тек ауқатты адамдар алынды. 1789 жылғы 5 тамызда феодалдық режимді жою туралы декрет жарияланды. Сонымен, революцияның қозғаушы күші болып ірі буржуазия мен халықтың одағы табылды.1789 жылғы 26 тамызда Құрылтай жиналысы ең алғашқы конституциялық акт — “Адам жəне азаматтың құқықтары туралы декларацияны” қабылдады.Декларация адамдардың заңалдындағы теңдігін, ұлттың егемендігін, биліктің тармақтарға бөліну қағидасын жəне тағы да басқа маңызды ережелерді салтанатты түрде жариялады. Декларацияда тұлға құқықтарының маңызды кепілдіктері мен заңдылық қағиадалары бекітілді: қылмыс жоқ болса —жаза да жоқ, кінəсіздікпрезумпциясы (сот дəлелдемейінше ешкімді де кінəлі депсанауға болмайды), қылмыстарды жазалаудың əділдігі. Бұл жағдайлар Декларация авторларының демократиялық жəнеалдыңғы қатарлы көзқарастарын, олардың жақсы теориялықбазасы мен дайындығын көрсетеді. Шіркеу меншігін мемлекет ұлттандырды. Шіркеуденазаматтақы хал актілерін жазу құқығы алынды. Ол мемлекеттіңбақылауына көшті.Жаңа əкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді. Салық салу жүйксі біртұтас сипаттыиеленді, дворяндық титулдар мен шендер жойылды.Феодалдық режимді жойып, революция кəсіпкерлік қызметке жол ашты, бұл буржуазия үшін тиімді болды. Өз жағдайын күшейту үшін буржуазия Құрылтай жиналысы арқылы 1791жылы 21 қазанда халық көтерілістерін басу үшін қарулы күш-терді қолдануға рұқсат беру туралы декретті қабылдады. 1791жылғы 14 маусымда көтерілістер мен ереуілдерді жүргізугетыйым салған Ле Шапелье заңы күшіне енді.
