Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
292.55 Кб
Скачать

61.Ерте Орыс мемлекетінің қалыптасуы және дамуына сипаттама беріңіз.

Ресей мемлекетінің тарихы Шығыс Еуропа жазығын б.з.б. І м.ж. солтүстік және орталық бөліктерін славян тайпаларының қоныстануынан бастау алады. Халықтардың Ұлы Қоныс аударуына дейін кеген олар көбіне аңшылық, балық аулау, егіншілік, далалы аймақтарда мал шаруашылығымен айналысты. Киев Русі 882 жылы Рюрикович князьдерінің басшылығымен ірі шығысславяндық көшпенді князъдықтар: ильменских словен және полян князъдықтары біріктірілді. Нәтижесінде Рюрковичтер династиясы басқарған монархиялық ежелгі рус мемлекеті – Киев Русі қалыптасты. 882 жылы біріккен мемлекет астанасы болып Киев қаласы тағайындалды. Сәтті әскери жорықтар мен дипломатиялық ықпал етулер арқылы жаңа мемлекет территориясына шығысславян тайпалары жерлері толығымен, және де кейбір финно-угорлық, балтық, түрік тайпалары кірді. Ежелгі Рус мемлекеті сол кездегі, болжамдар бойынша, Еуроппада ең қуатты мемлекеттердің бірі болды. Шығыс Еуропада, Қара теңіз жағалауларында үстемдік үшін Византиямен күресіп отырды. 988 жылы Владимир князъі тұсында орыстар хрестиандықты қабылдады. Ярослав Көреген ең алғашқы орыс заңнамалық жинағы – Русская Правданы қабылдайды.1237-1240 жылдары орыс князъдықтары Батый бастаған монғол-татар шапқыншылығының астында қалды. Осы шапқыншылық әсерінен орыс князъдықтары жартысына жуық халқынан айырылды. Киев, Владимир, Суздаль, Рязань және басқа да Ертеорыс мемлекетінің орталықтары талқандалып, оңтүстік өңірлер түгелімен дерлік отырықшы халқынан айырылған болатын.

ХІҮ ғасырдың басынан орыс княздықтары біртіндеп бір орталыққа қарай ұйымдаса бастайды, бұл кезде жаңа орталық ретінде Мәскеу қалыптаса бастаған болатын. Иван ІҮ Грозный тұсында, ең алғаш болып патша титулын иеленуші, Мәскеу мемлекетінің құрамына Қазан және Астрахан хандықтарын біріктіру арқылы Ресейді көпұлтты мемлекет етті. Боярлар вотчиниктардан помещиктерге айналды. Мемлекеттің басты мақсаты ретінде – моңғол-татар шапқыншылығы, Литва, Польша басқыншылықтары кезінде айырылған жерлерді қайтару және оңтүстікте көшпелі тайпалардан қорғану болды. Бұл поместиялық жүйенің дамуына ықпал етіп, дворяндық атты әскер жасақталды. Сондай-ақ отты қарумен қаруланған атқыштық әскер жасақталды. Мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге арнайы бүкіл сословиелік Земдік Жиналыстар шақырылды.

62.Ерте кезеңдегі ,,Орыс правдасы,, және оның мазмұнына сипаттама беріңіз

63.Россияда бірорталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы және сословиелік-өкілдік монархияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат беріңіз.

64.Ресейдегі Иван іу реформаларына талдау жасаңыз.

Ішкі саясатта Иван ІV Ресейді бөлшектеуге тырысушылармен қатал күрес жүргізді. Осы мақсатта 1565 жылы опричнина (өзінің жер иелігі, әскері, басқару аппараты бар арнаулы жазалау жүйесі) құрды. Жеке дара биліктің ресми идеологиясы жасалынып, Ресей бір орталыққа бағынған қуатты мемлекетке айналды. Иван ІV өз билігіне қарсы шыққан саяси қарсыластарын, сондай-ақ, үкіметке бағынбаған шаруалар мен қала тұрғындарын мыңдап қырды. Адамдарды азаптап, жазалап өлтіруге тікелей өзі қатысты. Өмірінің соңына қарай мінезіндегі ешкімге сенбеушілік асқынып, жұрттың бәріне өзіне қастандық жасайтындай күдікпен қарады. Тіпті, өзінің Иван есімді ұлын өлтіруге дейін барды (1582). Алайда Иван ІV өз заманының сауатты адамы болған. Ежелгі дәуір әдебиеті мен философиясын жақсы білген. Ол мемлекет басқарған тұста Ресейде көптеген сәулет ескерткіштері салынды. Иванның ішкі саясаттағы реформалары мемлекеттік басқару жүйесін, сот жүйесін, білім беруді реттеп,жүйелі түрде даму жолына қойды.

Қорғаныс үшін елдің оңтүстігіндегі және шығысындағы шеткері аймақтарда бірнеше ондаған бекініс қалалар салынды. Кейін олардың көбі өолөнер мен сауда орталығына айналды. 1555ж шіркеулік соборда бытыраңқылық кезіндегі қасиетті дәстүрлер реттеліп, патшаның наразылығын тудыратын дінбасыларының адамгершілік тәртібі қаралды, араққа тиым салынды. Орталық биліктерде өзгертулер болды. Бұрынғы екі басқаруоргандарының орнына(мемл сарай және қазына) бір жүйелік приказдар құрылды. Әскери реформа үлкен маңызға ие болды.Онда әр 150десятинасы бар феодалдар қаруланған бір әскер беруі тиіс болған. Ақша бірлігі(рубль мемл бірлікке айналды). Салық реформасы бойынша салық көлемі өсті. Осылайша, бұрын болмаған реформалар нітижесінде басұаруды орталыұтандырудың сапасын арттырып, Ресейдің мемл аппаратын қалыптастырды. Сыртқы саясат осы реформа нәтижесінде қалыптасты. Мемлекет екіге бөлінді: опричина және земшина жері.әрқайсысында өз басқару мекеесі, бояр думасы, әскері болды.

65. Россиядағы абсолюттік монархияның орнығуы және Ресейдегі Петр І реформалары жайлы әңгімелеп беріңіз

1547 жылдан IV Иван орыс мемлекетінщ патшасы атанды. Ол самодержавиені нығайту үшін 1549 жылы жаңадан заңдар жинағын шығарды. Бұрынғы боярлар думасының орнына Земсоборын құрды. Боярлардың саяси билігі төмендетіліп, дворяндардың билігі күшейтілді. Әскери реформа жүргізіліп, Ресейде түрақты армия құрылды. 1550 жылдан бастап шаруалар өз жерінен кетуге рүксат алды, бірақ ол иелерінен алған қарыздарынан толық күтылғанда ғана жүзеге асатын. Шаруа өз қожайынына бекітілді, кіріптарлық бұрынғыдан да күшейе түсті. Ел басқаруда приказдар жүйесі енгізіліп, Ресей бір оралықтан бағындырылған мемлекетке айналды. Абсолюттік монархия елді орыс дворяндарына сүйеніп басқарды. IV Иван кезінде боярлар патшаға қарсы күреске шықты. XVII ғасырда Зем жиналысы мен боярлар думасының беделі әлсіреп, абсолютті монархия шексіз билікке ұласты. Патша шіркеу билігін де өз қолына алды. IV Иван кезінде халық наразылығымен қатар боярлардың қарсылығы күшейді. IV Иванды халық Грозный деп атады. Ол елде опричнина саясатын енгізді. Ол бойынша мемлекеттік жерлерге патшаны қолдаған сенімді адамдарды орналастырды да, патшаға қарсы шыққан боярлардың жерлері тартып алынып, олар шет аймақтарға көшірілді. Опричнинаны арнаулы, сенімді адамдардан тұратын өскер жүргізді. Халықты қорқыту үшін опричнина әскерлері қанжығаларына иттің басы мен сыпырғыш байлап жүрді. Бұл олардың патшаға иттің иесіне берілгендей берілгендігін, опасыздарды мемлекеттен сыпырып тастайтындығын білдірді.

Таптық қайшылықтардың шиеленiсуi орталықтағы және жергiлiктi самодержавиелiк аппаратты нығайта түсудi, соғыс жүргiзе алатын тұрақты армия құруды талап еттi. Реформалардың алғышарттары XVII ғасырдың өзiнде-ақ қалыптасты. Iшкi нарықтың қалыптасуы сауда ережелерiн реттеу қажеттiгiн туындатты. Осыған байланысты 1653 жылы “Жарғылық кедендiк грамота” қабылданды. Қаржылық және салықтық жүйелер жетiлдiрiлдi. Монархияның сословиелiк-өкiлдiк формасының саяси құрылысы бұрынғыдан да абсолюттiлiкке ұмтыла түстi: бiртiндеп земстволық соборлардың қызметi тоқтатылды, патша атақтарының iшiнен шексiз билеушi дегендi қолдану жиiледi. Боярлар думасының билiгiн шектеудегi алғашқы қадам жергiлiкшiлдiктi шектеу (1682) болды. Жалпы мемлекеттiк заңнама — Соборлық ереже (1649) рәсiмделдi. Қарулы күштердiң сословиелiлiгi мемлекет қажеттiлiгiн ендi қанағаттандырмады, сондықтан жатжерлiк үлгiдегi полктер құрыла бастады. Мәскеу мемлекетiнiң империялық сипатқа ие болған сыртқы саясаты iштей нығайып, белсендi әрекет ете бастады. Елде реформалар, негiзiнен, күш қолдану әдiстерiмен және мемлекеттiң экономикаға белсендi араласуымен қатар жүрдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]