Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
igpzs_OBW0000.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
292.55 Кб
Скачать

1) Мемлекет және құқығының жалпы тарихы пәні және міндеттері:

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі болып табылады. Мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет пен құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым əрі тарихи, əрі заңдық болып табылады. Алайда, егер тарих ғылымы жалпы қоғамның даму жəне қызмет ету үрдісін зерттесе, мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет пен құқықты олардың пайда болу сəтінен бастап қана зерттейді. Сипаты жағынан Шетелдер мемлекетi мен құқығы тарихы– тарихи-құқықтық ғылым. Бұл пәнiмiз жалпы тарих сияқты қоғамды толық зерттемейдi, ол өз алдына мемлекеттiк және құқықтық мекемелердегi тарихи процесстердi зерттейдi. Мемлекеттiк -құқықтық құбылыстарға, процесстерге көптеген тарихи фактiлер, саяси өмiрдегi оқиғалар, мемлекет қызметi, билiк, таптар және партиялардағы жағдайлар жатады. Пән тек өткендi ғана зерттеп, ол туралы бiлiм берiп қана қоймай мемлекет пен құқық дамуындағы заңдылықтарды ашуды алдына мақсат етедi.

Шетелдер мемлекетi мен құқығы тарихы- елдердiң құқығы мен мемлекеттiлiгiн белгiлi бiр тарихи-нақты пайда болуы мен дамуы процесiнде зертейдi. Осы зерттеу барысында хронологиялық реттiлiк және тарихи заңдылық сақталады.

Шет елдер мемлекеті және құқық тарихы мемлекет және құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың шығуы мен дамуын зерттейтін, қоғам туралы ғылымдардың бір бөлігі болып табылады.

Шет елдер мемлекеті және құқық тарихының пәні болып жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары табылады.

Шет елдер мемлекеті және құқық тарихы пәнінің әдістері қолданылады :

тарихи әдіс, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттелінуін қарастырады ;

салыстырмалы –тарихи әдіс, тарихи көрініс тапқан фактілерді өзге ұқсас біркелкі фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді;

жүйелі-құрылымдық әдіс, ішкі байланыстылық тән элементтер және жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтер құрылымын зерттеуді болжайды ;

статистикалық әдіс, зерттеу объектісіне көптеген сандық көрсеткіштер тән болғанда тарихи процестің сандық жағын зерттеуде қолданылады.

2) Мемлекет және құқық тарихының кезеңдері:

Шетелдер мемлекетi мен құқығы тарихы жеке елдердiң мемлекеттiк-құқықтық институттарын нақты хронологиялық шеңберде зерттейдi. Тарих ғылымында адамзат дүниесi дамуын төрт дәуiрге бөлуi:

1. Ежелгi дүние (б.з.д IV м.ж. – б.з. V ғ.)

2. Орта ғасырлар (V ғ. – XVI-XVII ғ.ғ.)

3. Жаңа заман (XVII-XVIII ғ. – XIX ғ. басы)

4. Қазiргi заман (ХIХ ғ. басы –XХ ғ.)

Әрбiр дәуiр өзiндiк әлеуметтiк-экономиқалық және мемлекеттiк-құқықтық процесстерiмен ерекшеленедi.

3.Алғашқы қауымдық құрылыс және мемлекетке дейінгі әлеуметтік басқару нысандарына талдау жасаңыз.

Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыснемесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын өз себебі бар, өйткені адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақттасып еңбектенуге негізделінетін.

Ру – адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халыктар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдетғұрыптары, дәстүрлері әлі де сақталған. Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мұшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілетін. Ру мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын. Ру ағасына ақылы толған, ру әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам сайланатын. Бірнеше рулар бірігіп, тайпакұрайтын. Тайпаны басқару үшін ру ағаларынан кеңес күрылатын. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралатын.

Мұнда бірлесіп еңбектенудің негізгі түрлері терімшілік, аң және балық аулау болатын. Еңбектенудің осындай түрлеріне сай еңбек құралдары да қарапайым, жетілдірілмеген болып келетін.

Алғашқы қауымдық құрылыста әлеуметтік билік орын алатын. Мүндай билік әдетте ең алдымен еңбектенуге негізделетін де, онда күштеп енбек етуге мәжбүрлеу болмайтын. Адамдар міндеттерін өз еркімен атқаратын, еңбек ету қауымдағы адамдардың барлығына Бірдей болатын, еңбектену нәтижесінде табылған қоректер рулық кауым адамдары арасын-да теңдей етіп бөлісілетін, кауымдастардын құқықтары да, міндеттері де бәріне бірдей^тең болатын. Рулық қауымның әрбір ересек мүшесі қандай да болсын мәселелерді шешуге қатысуға хақылы болатын.

қауымның ең беделді мүшелері арасынан қауым бастығы көсем сайланатын. Бұл лауазым сайланбалы әрі алмастырылып отыратын.Ру ағасы (көсем) қауымның басқа мүшелерімен тең болатын және барлық қауымдастар тәрізді солардың үлесіндей мөлшерде үлес алатын болған. Оның биліктік беделі тек кана қауымдастардың оған деген құрметіне, сеніміне негізделетін.

1. Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортак шаруашылықпен айналысуында қандас туыстастығына, барлығына ортақ аумақта бірге тұрып өмір сүруіне сүйенген.

2. Ортақ тілде сөйлеген және дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жалпы барлығына бірдей болған.

3. Ру адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған. Мысалы, қазақтар некелік қатынастарына тыйым салу "жеті атаға" жеткенге дейін сақталып келген яғни жақын туыстар түгілі жамағайындар арасындағы некелік қатынастарға да тыйым салынатын болған.

4. Ру (қауым) адамдарының өлгенін барлық қауымдастарға ортақ қабірстанға жерлейтін болған.

5. Әрбір рудың (кауымның) өзіне тән атауы болатын.

6. Руды (қауымды) ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын, оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.

Соныменен, мемлекеттілік қезеңге дейінгі әлеуметтік билік тікелей түрде қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдық демократияға, өзін өзі баскаруға негізделген-тін, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да сол рудың (қауымның) ырқын (ерік-жігерін) білдіретін, қандас туыстардың өзара қатыстылықтарына негізделетін, мұнда қауымның жиналысы биліктің органы ретінде іс атқаратын, ру ағалары алғашында еш-кандай жеңілдіктерге ие болмаған деп тұжырым жасауға болады.

Египет

Египетте мемлекеттің пайда болуы шамамен б.э.д. V мың- жылдықта рулық құрылымның ыдырауы, ру ақсүйектерінің бөлініп шығуы (көсемдер, ақсақалдар) жəне құлдықтың пайда болуы нəтижесінде жүзеге аса бастады. Б.э.д. V мыңжылдықта Египетте бірнеше құрылымдар — номдар пайда болды, олар ІV мыңжылдықта екі патшалыққа — жоғарғы Египетке жəне Төменгі Египетке бірікті, ал содан кейін, ІV мыңжылдықтың соңында бір орталықтанған мемлекет құрылды. Бұл таптық бөліністің дамуымен жəне орталықтанған басшылықтың қа- жеттігімен байланысты болды. Ежелгі Египеттің мемлекет жəне құқығының тарихының кезеңдері: 1 кезең - Ерте патшалық (б.э.д. 3110—2880 ж.ж.), Жоғарғы және Төменгі Египеттің бірігуінің нәтижесінде пайда болды. Оған тән сипат болып елдің біртұтас мемлекетке айналуы табылды. Орталық билiк әлсiз болды, ном басшылары тәуелсiз билiк жүргiздi2 кезең - Ежелгі патшалық (б.э.д. 2880—2550 ж.ж.). басты ерекшелігі: Египеттің алғашқы, айқын көрініс тапқан орталықтануы жүзеге асты. Қоғам өмiрiнде абыздардың орны ерекше болды, яғни патша билiгi тiрегiне айналды және алым-салықтардан босатылды. Құлдар үй шаруашылығымен айналысты.ь3 кезең - Орта патшалық (б.э.д. 2050—1700 ж.ж.). Египеттің әрі қарай бірігуі жүзеге асады. Жергiлiктi ақсүйектердiң ролi арта түстi. 4 кезең - Жаңа патшалық (б.э.д. 1575—1087 ж.ж.) - Ерекше белгісі болып Египеттің ХҮIIІ династия перғауындарының билігі астына бірігуі табылады. Египет ірі империяға айналады. Құлдар саны өстi, тiптi малшылар мен қолөнершiлердiң құлдары болды. Абыздар тұйық мұралық кастаға айналды. 5 кезең – Соңғы патшалық (б.э.д.ХI басы – I ғ.ғ.). Бұл кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырай бастайды. Оны парсылар, одан кейін Александр Македонскийдің әскерлері жаулап алады, ал б.э.д. 30 жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады.

Қоғамдық құрылым 1. Египеттік қоғамның жоғарғы тобын абыздар, шене- уніктер мен əскери ақсүйектер құраған. Абыздар Египеттегі əр- түрлі діндердің санына қарай таптарға бөлінген. Əрбір топтың басында жоғарғы абыз тұрған. 2. Египеттік қоғамның артықшылықты тобына рулық — тайпалық ақсүйектердің ұрпақтарынан құралған египеттік аристократия мен мемлекеттің жоғары əскери жəне азаматтық шенеуніктері жатқан. 3. Ерекше орынды хатшылар иеленген, олардан жоғарғы шенеуніктер шыққан. 4. Еркін шаруалар — олардың кейбіреулері мемлекеттік жерде өмір сүрді, өз жерлері болды жəне сол үшін рента-салық төлеген; кейбіреулері шенеуніктің немесе əскери тұлғаның жерінде жұмыс істеп, күндізгі тамақтарын ішіп, өте ауыр жұ- мыстарды орындаған. 5. Қолөнершілер — мемлекеттік қазбаларда жұмыс істеген. Ерекше басқарушылардың бақылауындағы 10 адамнан тұратын топтарға біріккен. 6. Қоғамдық баспалдақтың төменгі буынын құлдар құраған. Құлдықтың негізгі қайнар көздерін əскерге тұтқындық пен борышкерлік қарыздың нəтижесіндегі құлдық табылған. Мемлекеттік құрылым. Египеттегі мемлекет деспотия нысанында болған, мұнда биліктің барлығы тек бір адамға — патша-перғауынға тиесілі болатын. Перғауындардың барлығы бір рудан тарайтын жəне бір-бірін тақты мұрагерлікпен ием- дену тəртібі нəтижесінде ауыстыратын. Египеттегі деспотия- ның ерекше белгісі болып мемлекет басшысы — патша- перғауынның діни культы табылатын. Лауазымды тұлғалар: 201) перғауынан кейін басты лауазымды тұлға болып уəзір, патшаның жақын көмекшісі табылды, оның өкілеттіктер ауқы- мы өте кең болған: мемлекетті басқарған, сотта басқарушы болған, жоғарғы сот органы болып табылатын ондық кеңесті басқарған, шаруашылықты басқаруға қатысқан, əскери күштер- дің басында тұрған, нотариустың міндеттерін орындаған; 2) келесі лауазымды тұлға — мөрді сақтаушы немесе бас қазынашы — табиғи сыйлықтар сақталатын мемлекеттік қойма- ларды меңгерген; 3) барлық патшалық жұмыстардың басшысы — еркін халыққа жүктелген міндеттердің орындалуын бақылаушы жəне сəулетшінің лауазымын орындаған. Жергілікті басқару. Египеттің бүкіл аумағы номдарға бөлінген, олардың басында перғауынға тəуелді лауазымды тұлғалар — номархтар басқарған. Номарх жоғарғы сот жəне əкімшілік билікті иеленген. Əкімшілік өкілеттіктерді, сонымен қатар, шіркеулер де иеленген. Жергілікті жерлерде басқарудың төменгі органдары болып ауылдық общиналар табылған. Əскер. Алғашқыда тұрақты əскер перғауынның жеке кү- зетімен жəне мемлекет ішіндегі көтерілістерді басуға міндетті топтармен ғана шектелген. Соғыс болған жағдайда рекруттың жүйе бойынша жинақталған əскер жиналатын. Жаңа патша- лықта жалданбалы əскер жүйесі кеңінен дамыған. Сот өндірісі. Ежелгі Египеттегі сот өндірісі алқалы түрде жүзеге асырылатын. Жаңа патшалық кезеңінде 30 судьядан құралған орталық соткенбет құрылған болатын. Жергілікті жерлерде округтер мен жекеленген қалалардың кенбеттері ен- гізілген. Ежелгі Египеттегі сот əкімшіліктен бөлінбегендіктен, лау- азымды тұлғалар мен номархтар бір мезетте жоғарғы судьялар болып табылатын. Жоғарғы сот инстанциясы перғауын бола- тын. Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгі Египеттің құқығы белгілі бір дəрежеде алғашқы қауымдық құрылымның қалдық- тарын сақтап қалған болатын, сол себепті де құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылатын. Алғашқы жазбаша заңдарды жазу б.э.д. 3000 жылы жүзеге аса бастаған. 21Менес перғауын дін мəселелері бойынша қылмыстық заңна- маны құрастырса, Бокхорис перғауын қаржы мен сауда сала- сындағы кодексті қабылдаған, ал Амасис пайғамбар жергілікті əкімшілікті заңнамалық түрде реттеуді жүзеге асырған. Отбасы-некелік заңнаманың ерекшелігі болып матриархат- тың қалдықтарының сақталуы табылады. Əйелдер еркектермен тең құқықтарды иеленген. Неке шарт ретінде жүзеге асты, мұн- да əйелдер өз атынан қатысатын. Қылмыстық құқықта аса ауыр қылмыстар ретінде перғауын- ның билігіне қол сұғу мен мемлекеттік төңкеріс жасау табы- латын. Жазалар айрықша қатаңдықпен ерекшеленген. Өлім жазасы екі нысанда қолданылатын: жай түрі басты шабу жəне дарға асу, ерекше түрі — отқа өртеу, ағашқа керу жəне тірідей көму. Сонымен қатар, талион түріндегі жазалар да қолданған: бірінші түрі — кінəлінің қылмыс жасаған мүшесіне зақым келтірілетін, екінші түрі — кінəлінің жəбірленушіге зиян келтіруі өзіне қатысты жасалатын.

Неке және отбасы қатынастары. Неке күйеуі мен әйелінің келісім негізінде жүзеге асты. Бұл келісім әйелінің әкелген төсек орыны мен енші мүлкінің де құқықтық режимін анықтаған: бұл мүліктер әйелінің жеке меншігі болып қалдырылып және отбасының барлық мүлкін әйеліне аударуға болатын. Египетте көптеген уақыт матриархаттық қалдықтары болған, бұл отбасында әйелдің орны жоғарылығымен көрініс тапқан. Уақыт өте күйеуінің құқығының нығаюып, ер адам отағасықұқыққа ие болып, әйел адам бұрынғыдай еркек пен тең құқылы болмаған. Египетте екі жақтың келісімімен ажырасу жүзеге асырылатын. Египет құқығы бойынша мұрагерлік заң және өсиет бойынша қалдырылған. Заң бойынша мұрагер ұл да, қыз да бола алады. Ал, өсиетті күйеуіде, әйеліде құра алады. Қылмыстық құқық және процесс. Египет құқығы бойынша қылмыс болып табылатын әрекеттердің шеңбері кең болды. Ең ауыр қылмыстардың қатарына мемлекет және қоғамдық құрылысқа қауіп төндіретін әрекеттер жатады (бұған опасыздық, сатқындық, көтеріліс жасау, мемлекеттік құпияны жария ету сияқты әрекеттерді жатқызған). Бұндай жағдайларда тікелей кінәлімен қоса отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Діни сипаттағы қылмыстар өте ауыр жазаланған

Ежелгі Египеттік «Өліліер кітабы» - өлген адамның О дүниедегі көмекшісі болып, жол көрсетуге бағытталған, египеттік ұрандар мен діни мәтіндер жинағы. Бұған «Өлілер кітабы» атауын єгиптолог Р.Лепсиус берген болатын, бірақ оны «Қайта тірілу кітабы» деп атаған дұрысырақ болады, өйткені оның египеттік атауы «Рау ну пэрэт эм хэру» - «Жарық күніне шығу күні бөлімдері». Өлілер кітабының ең көрнекті папирус бұрама қағазына жазылған нұсқалары XIII династияның өрлеу кезеңіне қатысты. Фива қаласының жерлеу орындарында папирус қағазына жазылған Өлілер кітабына тиесілі мәтіндердің ең көп саны табылды, сондықтан да осы уақытқа тиесілі Өлілер кітабын Фивалық деп атайды. Сонымен қатар Өлілер кітабының Саиттік нұсқасы бар. Ол XXVI династия кезінде фараондардың әрекетшілддігінен пайда болды. Ол әрекет:ежелгі діни дәстүрлердің қайта жандануы, храмдардың қалпына келтірілуі, Өлілер кітабының ескі мәтіндерінің қайта жазылып, жүйеленуі. (әрі қарай өзім жаза аламын)

Вавилон, Хамурапи

Ежелгі вавилондық мемлекет Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығындағы жердің оңтүстік бөлігінде пайда болған: бұл жердің ежелгі халқы болып шумерлер табылған, ал оңтүстік бөлігінде аккадтар өмір сүрген. Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтың басында қоғамның таптарға бөлінуі жəне мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нəтижесінде «қа- ла-мемлекет» нысанындағы алғашқы 40 мемлекет пайда бол- ған, олардың əрқайсысында 40-50 мың адамдай өмір сүрген. Бұлар ежелгі шумерлік мемлекеттер болып табылатын, олар- дың ішіндегі ең əйгілілері — Эриду, Ур, Ларса, Лагаш, Киши жəне Умма. Бұл мемлекеттердің пайда болуының негізгі факторы болып көршілес қауымдастықтардың бірлескен күштерін қажет ететін ирригациялық жəне мелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігі табылды. Ежелгі шумерлік қоғамдағы билеуші топ мемлекеттердің билеушілерінен, олардың отбасыларының мүшелерінен, рулық-тайпалық жəне шіркеулік ақсүйектерден, сонымен қатар, патшалық жəне шіркеулік шаруашылықты басқарушы тұлғалардан құралған. Халықтың қаналушы тобына құлдар мен тəуелді тұлғалар жатқан. Қоғамның жоғарғы тобы мен тəуелді тұлғалардың арасында халықтың негізгі бөлігі — аумақтық қауымдастықтармен өмір сүрген еркін шаруалар болған. Басқару нысаны бойынша ежелгішумерлік мемлекеттер рулық-тайпалық ұйымдастықтың қалдықтарын сақтап қалған аристократиялық мемлекеттер болған. Əрбір қала — мемлекеттің басында барлық еркін шаруалардың жиналысымен не ақсақалдар кеңесімен сайланған билеуші — энси болған. Билеушінің билігі халық жиналысымен не ақсақалдар кеңе- сімен шектелген; бұл органдар билеушілердің қызметіне бақылау жүргізген, сонымен қатар сот функцияларын жүзеге асырып, қауымдық мүлікті басқарған. Алайда, көптеген мемлекеттер тұрақты түрде билік үшін өзара соғыстарды жүргізген. Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтың басында соңында жаңа орталық — аккадтық қала Вавилонның үстемдігі басталады. Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың басында Вавилон аморей тайпаларының басып кіруімен құрылған жаңа мемлекеттің 23астанасына айналады. Вавилон Аккад пен Шумерді жаулап алады, нəтижесінде ірі қуатты Ежелгівавилондық мемлекет пайда болды. Вавилонның мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері: 1 кезең — бұл ежелгі вавилондық мемлекеттің ерекше гүлденген кезі, бұл кезде Халемурапи патша билік құрады (б.э.д. 1792-1750 ж.ж.), бұл мемлекет таулық тайпа-касситтермен жауланған болатын. 2 кезең — б.э.д. ХҮІІ ғасырдың соңына келеді, бұл кезде Вавилонның жаңа, бірақ уақытша өрлеуі орын алады (Жаңа- вавилондық патшалық). Б.э.д. 539 ж. бұл мемлекетті парсылар жаулап алады. Қоғамдық құрылым. Елдің негізгі халқын еркін адамдар мен құлдар құраған. Еркін адамдар, өз кезегінде, екі сословиеге бөлінген: авииум (тура мағынасы «күйеу», «адам») жəне мушкенум (тура мағынасы «табынушы»). Бұлардың екеуі де бай да, кедей де болуы мүмкін еді, кейбіреулерінде құлдары да бола- тын, алайда қауымдағы жерді иеленуі оларды толыққұқылы қылатын. Қоғамның қаналушы табына құлдар жататын, олар мемле- кеттік (патшалық), ұжымдық (шіркеулік) жəне жеке меншікте де болатын. Олар өз иесінің мүлкінің құрамына енетін, яғни, оларды сатуға, мұрагерлікке беруге болатын. Мемлекеттік құрылым. Мемлекеттік құрылым нысаны бой- ынша Ежелгівавилондық мемлекет қатысты түрде орталық- танған мемлекет, оны басқару нысаны бойынша — шығыстық диспотия болып табылатын. Жоғарғы билік патшаға тиесілі болатын патшалық биліктің материалдық негізін шіркеулердің жерлері мен патша ша- руашылығы құрайтын. Сонымен қатар, патша ирригациялық шаруашылық пен ирригациялық жұмыстарға жоғарғы басшы- лықты жүзеге асыратын. Мемлекеттік істерді басқару патшалық билікпен тағайын- далатын жəне оның алдында жауап беретін күрделі орталық- танған шенеуніктік-бюрократиялық аппарат арқылы жүзеге асатын. Əкімшілік биліктің орталығы — патша сарайы мен шенеуніктер, олар сарай шаруашылығына басшылық жасап, мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғалары болып табылады. 24Су шаруашылығын өзендерді басқарушы басқарды. Оған қадағалаушылар, қараушылар, бақылаушылар, қоймашылар жəне есепшілер бағынды. Жергілікті басқару. Бүкіл мемлекет облыстарға бөлінді, олардың басында патшаның сенімді адамдары тұрды. Олардың ішінде ең басты екеуі болды: солтүстікте Сиппар қаласында жəне оңтүстікте Ларс қаласында. Бұлардың қызметтеріне бақы- лау жүргізу үшін жергілікті жерлерге көптеген өкілеттіктерді иеленген патшаның шабармандары жіберіліп отырды. Қауымдық басқарудың органы болып қауымдық кеңес табылды, алайда, оның басшысы — рабианумды патша та- ғайындайтын болған. Сот жүйесі. Патша мен патша шенеуніктері əкімшілік жəне сот істеріне де басшылық жасайтын болған. Жоғарғы судья ретінде патша танылған, ол азаматтық жəне қылмыстық істерді қарауда жоғарғы инстанция болып табы- латын. Жергілікті жерлерде сот функциялары патша өкілі мен рабианумның қолында болған. Ірі қалаларда сот функцияларын арнайы патша судьялары жүзеге асырған. Əскер. Қарулы күштердің негізгі түрі болып еркін шару- алардың жиналған əскері табылған, олар соғысқа өз қару-жа- рақтарымен қатысқан. Соғыс біткен соң мұндай əскер тараты- латын болған. Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгівавилондық құқықтың маңызды ескерткіші болып Хаммурапи патшаның заңдары табылған. Заңдардың мəтіні базальт қабырғада ойып жазылған, оның жоғарғы жағында тізесі бүгілген Хаммурапиға бұл заңдардың мəтінін ұсынушы күн құдайы Шамаштың бейнесі бейнеленген, бұл патша заңдарының құдайлық бастамасын білдірген. Хаммурапи заңдарын алғашқы аудармашы француз ғалымы В.Шейл барлық жинақты 282 бапқа бөлген: 1— 15 баптарда іс жүргізушілік сипаттағы ережелер көрініс тапқан; 6 — 126 баптар мүліктік қатынастарды реттеуге арналған; 127 — 195 баптар атбасылық жəне мұрагерлік құқыққа арналған; 196 — 214 баптар тұлғаны қорғауды көздейді; 215 — 282 баптар жалға алу шарттарын реттейді. Хаммурапи заңдарының басым көпшілік баптары мүліктік қатынастарды реттеуге арналған. Меншік обьектісі ретінде 25жер, мал, еңбек құралдары, құлдар жəне басқа да мүлік таныл- ған. Бөтен мүліккке зиян келтіру міндетті түрде зияндарды өтеуді көздеген. Міндеттемелік құқыққа шарттардың келесі түрлері тəн болған: — заем шарты, бұл шарт тек қарызды қайтаруды ғана емес, сонымен қатар, пайыздарды төлеуді білдірген; — сату-сатып алу шарты, бұл шартты бекіту кезінде шарт- тың барлық жағдайлары көрініс тапқан балшық таблетка түрін- дегі жазбаша шарт жасалған; — сақтау шарты, бұл шартқа сəйкес, сақтауға берілген мү- лікті сақтаушы мүлік жоғалған жағдайда оны иесіне екі есе мөлшерде қайтарып беруге міндетті болған; — жерді жалға алу шарты — жалға алушы жалға алған жері үшін алдын-ала белгіленген мөлшердегі ақыны немесе болашақта алынатын астықтың бір мөлшерін беруге міндет- тенеді; — жеке жалға алу шарты негізінен ерекше дағдылар мен қабілеттері бар жұмысшыларға қатысты болған. Неке жəне мұрагерлік құқыққа заңдар жинағының 70-тен астам бабы арналған. Отбасы өз отағасы арқылы қауыммен жəне мемлекетпен байланысқа түсетін аса маңызды əлеуметтік құрылым ретінде танылған. Отбасы иесінің билігі отбасы мүшелерінің жұмыс күшін басқарушының билігі ретінде көрініс тапқан. Хаммурапи патшаның заңдарында қылмыс пен жаза сияқты түсініктердің нақты анықтамасы болмаған. Жинақта патша билігіне қарсы қылмыс жасаушы тұлғалар туралы айтылған баптар жоқ, керісінше, мұнда жеке меншікке қарсы қылмыстар мен адамның өміріне жəне денсаулығына нұқсан келтіруші əрекеттер туралы баптар көп. Жəне жаза мүліктік жағдайға қарай тағайындалған. Өлім жазасы 30-дан астам жағдайда қолданылған. Сот процесі Хаммурапи заңдары бойынша жеке сипатта болған, яғни, барлық істер мемлекеттің емес, жеке тұлғалардың ынта білдіруі арқылы қозғалған. Процесте та- раптар өз істеріне өздері жүргізетін болған. Сот шешімі жазбаша түрде, арнайы балшықтан жасалған таблеткада, мөрмен бекітіле отырып шығарылған жəне ол өзгертуге жатпайтын.

Қылмыс пен жаза. Хаммурапи заңдарында қылмыстың қасақана немесе абайсыздықта жиналатын түрлерi ажыратылды (206, 207 Х.З.). Хаммурапи заңында қылмыс түрлерi үш түрге бөлiндi: а) жеке тұлғаға қарсы; ә) меншiкке қарсы және б) семьяға қарсы.

Х.З. жинағында жеке тұлғаға қарсы қылмысқа абайсызда өлтiрудi де жатқызады . Қылмыстың барлық түрлерiне жаза қолданылды. Денеге зардап келтiруде жаза талион (басқа-бас, көзге-көз) принципi бойынша қолданылды. Соққыға жыққан адам жәбiрленүшiге айып төледi. Сонымен қатар жеке тұлғаға қарсы қылмысқа сөзбен немесе iс-әрекетпен тiл тигiзу немесе қорлау, жалған айып тағу, жала жабу да жатты. Меншiкке қарсы қылмысқа ұрлық, тонау, құлдың таңбаны жою, алдау, бiреудiң затын бүлдiру т.б. жатты.

Неке – семья қатынасын реттеу. Қос өзен мемелекеттерi семьясында әке билiгi үлкен маңызға ие болды. Соған қарамастан әйелдер құқығы толық болмады деп айта алмаймыз. Вавилонда әйелдер куә, абыз болуға және мүлiкке ие болуға, мұрадан үлес алуға құқығы бар едi. Неке екi жақты шарт бойынша жасалды. Некеге тұрудың бiр жарты қалың мал төлеу болды, ол алдын ала төлендi. Неке шарты бұзылған жағдайда қалың мал (“тархатум”) қайтарылмады. Вавилонда семьяның моноғамиялы түрi болды. Әйел тұрақсыздығы қатал жазаланды. Егер ерi тұрақсыз болса, әйелi өз жасауымен әкенiң үйiне кетуге құқығы бар едi. Хаммурапи заңдары бойынша бала асырап алу құқығы әрекет еттi. Оның екi жағы болды: 1) тегiн жалғастыру және 2) жұмыс күшiне ие болу: мысалы, Х.З. 185 бабы “Если человек усыновит малолетнего, находившегося в пренебрежении (жақтырмаған) и вырастит его, то этот воспитанник не может быт потребован обратно по суду”.

Мұрагерлiкте мүлiк ұлдары арасында тең бөлiндi. Бiрақ әкесi ұлын мұрасыз қалдыруға құқығы болды

Ежелгі Үндістан

Алғашқы мемлекеттік құрылымдар Үндістанда Үндістан түбегінің солтүстік бөлігінде, Үнді жəне Ганг өзендерінің аймағында пайда болып, ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленген. Б.э.д. ІІ мың жылдықтың ортасында Үндістанның аумағына арийлер көш- пенді тайпалары жаулап кірді, олар біртіндеп бүкіл аумақты жаулап алды да, ежелгіүндістандық өркениетті құртты. Жаулап кірген арийлерде рулық құрылым сақталған болатын, оның негізгі буыны болып қандық туыстыққа негізделген рулық одақ — ғана табылатын, кейін оның орнына ауылдық қауымдастық — вишас келді, бұған жергілікті халық та енетін болған. Жер өңдеудің одан əрі дамуы мен қолөнердің оқшаулануы қауымдастықтардағы еңбек бөлінісіне алып келді, ал бұл, өз кезегінде, жеке меншіктің пайда болуына жəне қоғамның таптарға бөлінуіне негіз болды. Осылай мемлекет пайда болды. Ежелгі Үндістанның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері: 1 кезең — алғашқы қауымдық құрылымның ыдырауы жəне кұлиеленуші мемлекеттердің пайда болуы (б.э.д. ІІ мың- жылдықтың екінші жартысы); 2 кезең — Үнді мен Ганг аймақтарында құлиеленуші мемлекеттердің құрылуы (б.э.д. ІІ мыңжылдық — б.э.д. ІҮ); 3 кезең — Маурийлердің орталықтанған мемлекетінің құрылуы жəне гүлденуі (б.э.д. ІҮ — ІІ ғ.ғ.) 4 кезең — үнділік құлиеленушілік қоғамның шиеленісі жəне шаруашылықтың феодалдық жүйесінің бекітілуі (б.э.д. ІІ ғ.) Қоғамдық құрылым. Ежелгі Үндістандағы қоғамдық құры- лымның өзіндік сипаты варналар (касталар) жүйесінің болу- ымен анықталды, олар өзінің құқықтық жағдайы бойынша тең емес тұйық əлеуметтік топтар ретінде қалыптасты. Қоғамның таптарға бөлінуінен кейін қауым төрт варнаға бөлінді: брахмандар варнасы (абыздар); кшатрийлер варнасы (əскери тұлғалар); вайшийлер варнасы (жер өңдеушілер); щудралар варнасы (қаналушы батырақтар). Варналардың пайда болуы туралы дiни түсiнiктер бар. Атап айтсақ брахмандар Брахма құдайдың денесiнен, кшатрилар оның қолынан, вайштар аяғынан, шудрлар табынан жасалған. Варналарға жатпайтын құлдардың жетi түрi және жолы болды: 1)тұтқындар; 2) үйде туылған құлдар; 3) сатып алынған құлдар; 4) асыраудағы құлдар; 5) сыйға тартылған құлдар; 6) мұраға қалған құлдар; 7) жазалы құлдар. Қылмыс жасаған уақытта жауапкершiлiк варнаға қарай қолданылды.Мемлекеттiк құрылыс негiзi тайпалар одағы болды. Тайларда брахмандар басты рөл атқарды. Алғашқы мемлекеттiк құрылымды басқарүшы раджалар басқару, сыртқа қауiпсiздiк, сот, қолбасы, салық жинау қызметiн атқарды.Патша билiгiнде заң шығару қызметi болмады. Өйткенi қоғамдық қатынас ведалар арқылы реттелiп оны тек брахмандар түсiндiре алды. Үндi салт-дiни концепциясы бойынша патшалардың әдiлдiк мiндеттерi (дхарм) ерекшелендi: 1) өзiнiң қол астындағыларын қорғау; 2) салық жинау; 3) брахмандар көмегiмен әделеттiлiктi орнату; 4) бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру (көғалаңдыру, сәулеттеңдiру) т.б.

Мемлекеттік құрылым. Мемлекет басында патша — раджа немесе магараджа тұрды. Маурийлер дəуірінде маңызды орган 27ретінде патшаның билігін шектеуші жəне брахмандар мен құлиеленуші аристократтардан құралған паришад танылды. Мемлекеттік аппаратта шенеуніктер екі топқа бөлінді — орталық жəне жергілікті басқару шенеуніктері жоғарғы шенеуніктердің арасында мыналар ерекше орынды иеленді: пурохита — патшаның басты кеңесшісі жəне абызы; сенапати — əскер қолбасшысы; ахармадьякша — сот істері бойынша жоғарғы шенеунік. Басқарудың орталық аппараты үш мекемеге бөлінеді: əскери, қаржылық жəне көпшілік істер бойынша. Жергілікті басқару. Маурийлер мемлекетінде мыналар ерекше бөлінді: патшаның басқаруы мен бақылауындағы об- лыстар мен белгілі бір автономияға ие жерлер (провинциялар), провинциялар, өз кезегінде, округтерге, округтер аудандарға бөлінген. Ең төменгі аумақтық бірлік қауым — ғана болған. Əскер. Маурийлер дəуірінде əскерді алты алқаға бөлген 30 мүшеден құралған əскери кеңес басқарған. Олар үнділік əскердің төрт түріне жетекшілік жасаған: жаяу əскерге, атты əскерге, пілдер мен арбалы əскерге, əскери флот пен көліктік əскерге. Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгі Үндістанның құқығы дінмен, діни моральмен тығыз байланысты болған. Құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде Ведалар — діни кітаптар мен дхармашастралар — діни-құқықтың, ережелердің жиынтығы саналған, олардың ішінде аса маңызды болып Манудың дхар- машастралары табылған. Ману заңдары 12 тарау мен қоссөздер (шлок) түрінде жазылған 2685-баптан құралған. Құқықтық материал ІҮ, ҮІІ, ҮІІІ жəне Х тарауларда мейлінше толық кө- рініс тапқан. Ежелгі Үндістанда жеке меншік ерекше дамыған, оның объектілері ретінде құлдар, мал, астық жəне үй жабдықтары саналған. Ал жерге деген жеке меншік аса дамымаған. Х — тарауда мүлікті иемденудің жеті заңды тəсілдері аталып өткен: мұрагерлік, сыйға алу немесе тауып алу, жаулап алу, сауда- герлік, жұмыс орындау, қайырымдылықты қабылдау. Міндеттемелік құқыққа (Ману заңдары бойынша) келесі шарт түрлері тəн болған: сату-сатып алу, заем, сыйға беру, тасымалдау, сақтау. 28Отбасы құқығында касталық қағида негізге алынған: аралас некелерге тыйым салынған немесе олар шектелетін болған, шудра мен брахманның некесінен туған бала чандал деп танылған, олардан қоғам бет бұрған. Мұрагерлік құқықта əкенің мүлкін мұраға алудың екі тəсілі аталған: не ол ұлдардың арасында теңдей бөлінген, не оны үлкен ұлы толығымен иемденіп, қалғандары сол ұлдың жа- нында өмір сүрген. Қыздар мұраға ие болмаған, бірақ оларға жасау берілетін. Ману заңдарында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы тыйымдардың ішінен бөліп қарастырылмаған. Сонымен қатар заңдарда патшаға немесе мемлекеттік билікке қарсы бағыт- талған əрекеттерді жазалайтын баптар болмаған. Ал жеке меншікке, жеке тұлғаға нұқсан келтірушілік пен отбасылық ережелерге қарсы бағытталған əрекеттер өте қатаң жазаланған. Мұндай жағдайда касталық ерекшеліктерге ерекше мəн берілген. Жасалған қылмыстар үшін негізгі жазалардың қатарынан өлім жазасы, тілді кесу, қолды, аяқты кесу, таңба салу, құлдыққа салу орын алған. Ману заңы бойынша, брахмандарабыздар ([[дінбасылар[[), кшатрилерәскери ақсүйектер, вайшилер — қатардағы қауым мүшелері, шудралар — құлдар. Тіршілікті жаратушы Брахма құдайы брахмандарды өз аузынан, кшатрилерді қолдарынан, вайшилерді белінен, ал шудраларды өкшесінен жаратты делінген. Брахмандар ең биік дәрежеде болды. Әскери іс кшатрилердің құзырында болса, вайшилер жер өңдеумен, мал өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысуға, ал шудралар осы варналарға қызмет етуге тиісті болды. Варнаның бірінен екіншісіне өтуге тыйым салынды. Ману заңында жеті түрлі меншік құқығының пайда болу жолдары нұсқалған: мұрагерлік, сыйға алу немесе олжа тауып алу, сатып алу, жаулап алу, өсімқорлық, атқарылған жұмыс ақысына алу, қайырымдылық жасау. Ману заңында патша өзіне қарастыларды қорғамай, салық салса, онда ол тозаққа барады делінген. Қарызын тиісті мерзімде өтей алмаған борышқор жұмыс істеп өтеуге міндетті болды. Бірақ төм. кастаға жататын несиегер жоғ. касталық борышқорды жұмыс істетіп өтетуге мәжбүрлей алмады, ол борышын біртіндеп беріп отырды. Борышқор қайтыс болса, оның міндеттемелері баласына немесе туысқанына көшті. Ману заңы бойынша әйел адам жас шағында әкесіне, кейін күйеуіне, ал күйеуі дүниеден озған соң балаларына бағынуға міндетті болды. Ер адам өзінен төмен варнадан әйел алуға ерікті болғанмен әйел адамның өзінен төмен варна адамына күйеуге шығуына тыйым салынды. Шудраның брахман әйел алуы сорақы күнә болып есептелді. Отбасы мүлкін қожайын басқарды. Қожайын өлген соң дүние-мүлік не әр балаға үлестірілді, не үлкен балаға қалды. Үлкен балаға қалған жағдайда ол басқа балаларды қамқорлығына алды. Қыздарға мұра тиесілі болмады, бірақ оларға бауырлары өз үлесінің төрттен бірін беруге тиіс болды. Заңда патша жауларына қызмет көрсету, қала қорғанын, қала қақпасын бүлдіру секілді мемлекеттік қылмыстар алдыменен сөз етілді. Түнде ұрлыққа түскен адамға тағайындалатын жаза — екі қолын да кесіп, шанышқыға отырғызу. Бір рет ұрлық қылған адамның қолының екі саусағы, екінші ұрлық үшін қол мен аяқ кесілді, үшінші рет ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілді. өрлықты көре тұра айтпаған адам да жазаға тартылды. Ал ұрлықтың ізін жасырушы ұрының өзімен бірдей жазаланды. Адам өлтірушіге де өлім жазасы тағайындалды. Жоғ. сот қызметін патша мен брахмандар атқарды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізушілік арасында айырмашылық болмады, сот отырысы жарыспалы түрде өтті. [1]

Сот процесі. Ежелгі Үндістанның сот өндірісіндегі қыл- мыстық жəне азаматтық іс жүргізудің арасы ажыратылмаған. Сот істері мүдделі тұлғалардың ынтасы бойынша қозғалған. Сотта істі қарау жарыспалылық сипатына ие болған.

Ежелгі Қытай

Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта жəне төменгі ағыс тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, жəне Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте — «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауым- дармен өмір сүрген жəне ортақ шаруашылықты жүргізген. Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан əрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына жəне оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін құрды. Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері: 1 кезең — Шан «Инь» кезеңі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ ғ.ғ.) — құлиеленушілік қоғамның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезеңде, сонымен қатар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан (б.э.д. ХҮІІІ — ХҮ ғ.ғ.) — таптардың пайда болуының бас- тапқы кезеңдері ғана тəн; ə) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— ХІ ғ.ғ.) — таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді. 2 кезең — Чжау кезеңі (б.э.д. ХІ — ІІІ ғ.ғ.) — иерархиялық əлеуметтік жүйе пайда болады; 3 кезең — Цинь кезеңі (б.э.д. 221-201 ж.ж.) жəне Хань кезе- ңі (б.э.д. ІІІ ғ.— б.э. ІІІ ғ.) — жаңа, феодалдық қатынастардың негізі пайда болады. Қоғамдық құрылым. Кейінгі Шан кезінде халықтың жалпы санынан артықшылықты топ бөлініп шығады, оның құрамына билеуші — ван жəне оның туыстары, билеушіге жақын адамдар абыздар, шенеуніктер жəне бағынышты тайпалардың ақсүйектері кірген. Чжоулық Қытайда бірнеше разряд — əлеуметтік ранглер пайда болды. Ранг тұрғын үй мен жердің мөлшерін, құлдардың саны мен жалақының мөлшерін анық- таған. Цинь кезеңінде Шан янның жүргізген өзгертулері не- 30гізінде ақсүйектіліктің ранглері туралы жаңа ереже енгізілді, оған сəйкес ранглер ақсүйектік тегіне емес, билеуші алдындағы жетістіктері үшін берілген. Барлығы 20 ранг енгізілді, ал б.э.д. ІІІ ғасырдан бастап оларды сатып алуға рұқсат етілген. Со- нымен, жаңа ақсүйектер пайда болды: мүліктік, əскери, қыз- меттік жəне саудагерлік. Ең төменгі сатыда құлдар болған. Құлдықтың қайнар көз- дері түрліше болған: əскери қамау, қарыздық құлдық, сый ре- тінде алу, қылмыскерлер, шығынға ұщыраған шаруалар. Қоғамның үстем тобы мен құлдардың арасында жер өңдеу- мен айналысатын еркін қауым мүшелері болған. Мемлекеттік құрылым. Құлиеленушілік Қытайда оның тарихының барлық кезеңінде басқарудың монархиялық ныса- ны болған. Билеуші — ванның қолында билік толығымен бол- ған. Патша билігі құдайдың билігіне теңестірілетін Монархия мұрагерлік сипатта болған. Ежелгі Қытайда басқарудың сарай- лық жүйесі болған, яғни, нақты анықталған құзіреті бар тұрақ- ты түрде қызмет ететін мемлекеттік мекемелер болған жоқ, олардың орнына арнайы тапсырмаларды орындайтын тұлғалар, күңдер болған. Шан дəуірінде патшаға жақын тұлғалардың арасында 20 жуық ресми титулдар болған, олар функциялары бойынша үш топқа бөлінген: біріншісі — азаматтық лауазымды тұлғалар, екіншісі — əскери лауазымды тұлғалар, үшіншісі — əртүрлі кеңесшілер, бал ашушылар мен көріпкелдер. Чжоу кезеңінде ванның ең жақын көмекшісі болып сян табылған, ол барлық шенеуніктерге басшылық жасап, билеушінің əртүрлі тапсыр- маларын орындаған. Сонымен қатар, үш гундер — патшаның басты кеңесшілері лауазымы болған. Цинь дəуірінде импера- тордың жақын көмекшілері болып екі бірінші кеңесшілер — екі ченсина табылады, олар аппарат жұмысын басқарады, тайвэй — империяның қарулы күштерін басқарады жəне юйши дафу — барлық мемлекеттік аппаратты басқарады. Ченсяна, тэйвей жəне юйши дафу аса лауазымды тұлғалар болатын жəне «үш гун» атауын иеленді. Жергілікті басқару. Шан жəне Чжоу дəуірінде Қытай өз көсем — билеушілері — чжухоулары бар көптеген иеліктердің жиынтығынан құралған болатын. Чжухоулар ванның жоғарғы 31билігіне бағынған. Цинь дəуірінде Шан Янның əкімшілік реформасына сəйкес патшалықтың аумағы 41 цездке бөлінді, олар валостар мен тиналарға бөлінді, ал алар, өз кезегінде, өз басқару органдары бар 10 қауымдастықтан құралды. Қауым- ның тұрғындары фулаоны (ақсақал) сайлаған, ал олардың арасынан староста — личжен сайланған. Əскер. Шан патшалығында тұрақты əскер болған жоқ. Қажет болған жағдайда чжухоулар 3000, 5000, 6000 əскер- лерден құралған отрядтарды ұсынған. Жиналған əскер əскер- басы — қолбасшыға берілетін жəне жорыққа шығатын. Əскер екі бөлікке бөлінетін: жаяу əскер жəне арбалы əскер. Сонымен қатар, халық мал мен арбаларды беретін. Əскердің үш түрі болған: жаяу əскер, атты əскер жəне қарулы арбакештер. Цинь империясында əскер бестіктер мен ондықтарға бөлінген. Жоғарғы қолбасшы болып императордың өзі табылған. Сот жүйесі. Сот функцияларын тармақтарға бөлінген мем- лекеттік аппараттың көптеген өкілдері жүзеге асырған. Мемлекеттегі жоғарғы судья болып ван табылған. Жергілікті жерлерде сот істерін қараумен болыстықтың бастығы айналыс- қан. Құқықтың негізгі сипаттары. Б.э.д. Ү— ІІ ғ.ғ.— да бірқатар жинақтар жасалған, олардың ішінде ең əйгілі 6 тараудан құралған «Заң кітабы» (Фацзин). Мұнда Қытайдағы қолданыстағы қылмыстық іс жүргізушілік заңнама көрініс тапқан. Шан мемлекетінде меншік құқығының обьектілері ретінде мал, құлдар, еңбек құралдары, құнды асыл бұйымдар жəне басқа да мүлік танылған. Тек б.э.д. І мыңжылдықтың екінші жартысында ғана жерге деген меншік құқығы пайда болады. Қытайлық заңнамаға мына шарт түрлері тəн болған: сату-сатып алу, заем, кепіл, несие беру, жерді жалдау. Шан кезеңінің отбасы құқығында матриархаттың элемент- тері болған, туыстар арасындағы некеге рұқсат берілетін, алай- да, Чжоу мемлекетінде патриархатты отбасы орнығып, көп əйел алуға рұқсат етіледі. Мұрагерлік құқықта əке мүлкін бірінші əйелдің үлкен ұлы иемденетін тəртіп орныққан. Ұлы болмаған жағдайда мұра- герлікті күйеуінің басқа туыстары иеленетін. 32Қылмыстық заңнамада мемлекеттік қылмыстарға ерекше мəн берілген, олар үшін мынадай жазалау жүйесі қолданыл- ған: таңба салу, мұрынды кесу, аяқты шабу, еркектердің жы- ныс мүшесін кесіп тастау жəне өлім жазасы. Ежелгі Қытайдағы сот əкімшіліктен ажыратылмайтын. Ал- дын-ала тергеу мен сот талқысын бір тұлға жүргізе беретін.

Шан Ян реформалары

Мықты орталықтанған Цинь мемлекеттің пайда болуына мемлекет сановнигі Шан Ян реформасы әсерін тигізді. Мемлекетті күшейту туралы реформалар жөніндегі алғашқы бұйрықтарды Шан Ян б.э.д. 359 жылы дайындады. Онда:1. Тұрғындарды жаңа территориялық бөліністерге – «бестік» және «ондық» семьяларға бөлу. 2. Ата- аналарымен бір семьяда тұрып жатқан екі ер жеткен балалы адамдарды жазалау. 3. Әскери еңбегінсіз құрметтеу мен қанды кекке тыйым салу. 4. Егін шаруашылығы және тоқыма кәсібімен шұғылданатындарды қолдау. 5. Әскерге еңбегі сіңбеген мұрагерлік ақсүйектердің артықшылық құқықтарын жою жарияланды.Шан Ян әкімшілік реформасы бойынша, бұрынғы патша шекарасын бұзып, территорияны 36 облысқа бөлді. Облыс уездерге, уездер болыстарға, болыстар тиндерге (ең төменгі әкімшілік бөлініс) бөлінген. Әр облыстың басында азаматтық және әскери билікті жүзеге асыратын екі басқарушы отырды, оларды Астанадан император лауазымға сайлаған, кез келген уақытта биліктен босата алады. Бұл кезде мемлекеттік шенеуніктер үшін талап өте қатал еді, кішігірім қате жібергені үшін ауыр жазаға тартылатын. Бұрынғы аристократиялық титулдар жойылды. Біліктілер қатарына қосылу үшін байлық пен мемлекетке сіңірген еңбегін баға-ланатын. Осы кездегі мемлекеттік аппарат өзінің күрделігімен, ауқымдылығымен ерекшеленді. Аталмыш реформа ерте Қытай мемлекетін біршама біріктіріп ұстады. Бірақ, терең әлеуметтік қайшылықтардың нәтижесінде көтерілістер шығып, мемлекеттің саяси жағдайын өте тұрақсыздандырды. Б.э.д. 209 жылғы көтеріліс Цинь монархиясының ыдырауына әкеп соқты. Оның орнына билікке Хань әулеті келді

ВАН МАН реформалары

Хань империясы өмір сүргеннен бастап , еңалғаш рет, елдің жекелеген адамдарында шаруалардың үстем тапқа көтерілісі өрши бастады. Бүлікшілер отряды сан жағынан бірнеше мың адамға жете отырып, уездіңқалаларға шабуыл жасап , арсеналдарды басып алды , жергілікті әкімдерді өлтіре бастады.Б.з.д.2 ғ. Соңғы ширегінен бастап елде құлдар көтерілісі өршіді. Империя терең ішкі дағдарыстарды бастан кешірді. Сөйтіп бұл реформалық әрекет күйреуге ұшырады да елде кқтеріліс болы.. Өзін император деп жариялаған Ван Ман б.з.д 9 жыл тақты басып алып конфуцийшіл адам болғандықтан дәстүрлішілдікті барынша жақтаушы болды. Осыдан кейін ол іле шала ол бірнеше реформа жүргізуге кіріст, олардың ең бастысы жергілікті жерлердегібайлардың тежеуі, билік әрекетіне тосұауыо қою мақсатын кқздеген жер иелену мен құл иелену туралы реформа болды .

Жердің жеке адамның қолына шоғырлану қайшылығын шешу және шаруалардың қайыршылануын тоқтату үшін , ВаеМан бүкіл елдегі жерді императордың меншігі деп жариялады оларды алып сатуға тыйым салынды. Ван Ман заң бойынша империяда әр бір отбасы аздаған үлестік жер алатын болды. Құл сатуға тиым салынды. Ван Манның реформасы оның өзі ойлағандайсол қоғамның күрделі мәселелерін шешуге бағытталғанымен, ол бастапққы кезінен-ақ табысқа жете алмады. Бір ғана заң арқылы жарты мың жыл өткен ежелгі Қытай қоғамынынң тарихын сызып тастау мүмкін емес еді.

Реформа басталғаннан кейін 3 жыл өткен соң өзінің Көк тәңірі алдында кінәсін мойындағандай болған Ван Ман амалсыз ірі жер иелерінің көңілінен шығуға мәжбүр болды. Б.з. 23жылы көтерілісшілерел астанасын басып алды. Ван Ман өлтірілді.Билікке бұрынғы Хан әулетінің ұрпағы келді.

Афины

Б.э.д. ҮІІІ — ҮІІ ғ.ғ.-да Грецияда рулық құрылым жойылып, құлиеленушілік қоғам мен мемлекет қалыптаса бастаған. Греция біртұтас мемлекет болмаған жəне мұнда бірдей халықтар өмір сүрмеген. Ол дербес қала — мемлекеттер — полистерден құралған. Ежелгі Грецияның құлиеленушілік қоғамына тəн негізгі мемлекеттердің қатарынан Афины мен Спартаны атауға болады.

ə) Афины мемлекеті жəне құқығы Афины мемлекетінің пайда болуы — б.э.д. ҮІ ғ. аяқталған ұзақ процесс. Оның алғашқы кезеңі ретінде басивелс Тесейдің реформаларын атауға болады, ол синойкизм деп аталатын төрт тайпаның бірлестігін ұйымдастырған жəне Афинының еркін халқын сословиелерге бөлген: эвпатридтер — ақсүйектер, гео- морлар — жер өңдеушілер, демиургтер — қолөнершілер жəне феттер — кедейлер. Біртіндеп эвпатридтер басилевстің билігін шектей бастайды, оның лауазымын мұрагерлікке алу аяқталады, ал оның функциялары жаңа сайланбалы лауазымды тұлғаларға — архонттарға ауысады. Архонттра алқасын архонт — эпиним басқарған, ол мемлекетті басқарып, сот функцияларын атқар- ған; екінші архонт — архонт-басилевс, ол абыздың міндеттерді атқарып, діни істер бойынша сотты жүзеге асырған; үшінші — архонт-полемарх əскери басшылықты жүзеге асырған; архонт- тар алқасының қалған алты мүшесі — архонттар-фосмофеттер əділдікті жүзеге асырған. Екінші жаңа басқару органы Ареопаг ақсақалдар кеңесінің орнына келді. Ареопаг жоғарғы сот органы болды, сонымен қатар архонттарды сайлап, бақылаған. Осы кезде, б.э.д. ҮІІ ғ., мемлекет бірқатар округтар-навкрарийлерге бөлінеді, олар сол кездегі тайпалардың шегінде ұйымдасады — əр тайпада 12- ден. Афиныдағы мемлекеттің пайда болуының екінші кезеңі Солонның реформаларымен байланысты: олардың біріншісі — сисахфия — қарыздық құлдықты жою; екіншісі — саяси құқықтар мен міндеттерді бөлуде мүліктік цензді орнықтыру, барлық азаматтар мүліктік ценз бойынша 4 топқа бөлінді; бесжүздіктер, атқамінерлер, зевгиттер жəне феттер; үшіншісі — жаңа сот органы гериэя құрылды; төртіншісі — жаңа басқару органы төртжүздік кеңесі құрылды, ол əрбір жыл сайын алғашқы үш топтың азаматтары қатарынан əрбір тайпадан 100 адамнан сайланған. Афины мемлекетінің құрылуының соңғы, үшінші кезеңі болып Клисфеннің реформалары табылды, олар Афиныдағы рулық құрылымның қалдықтарын толығымен жойды. Клисфен халықты бұрынғыша төрт тайпаға бөлудің саяси мəнін жойды. 35Енді Афины 10 аумақтық филге (округтерге) бөлінді, олардың əрқайсысы əртүрлі аумақтарда орналасқан жерлерден — 3 триттийден құралды: қалалық, теңіз жағасындағы жəне жер өңдеушілік, бұл қаланың селолық жерлерден үстемдігін қамтамасыз етті. Екінші реформаға сəйкес, тайпалық бөлініске негізделген төртжүздік кеңестің орнына Клисфен бесжүздік кеңесін құрды. Ол 10 филдің əрқайсысынан 50 өкілден құрал- ды. Үшінші реформа арқылы тағы да бір басқару органы — 10 стратег (əскер басшысы) алқасы құрылды, ол 10 филдің əр- қайсысынан 1 адамды жинау арқылы құрылатын болған жəне қалыптасқан құрылымға қолсұғушылықты болдырмау мақ- сатында Клисфен халық жиналысында остракизм деп аталатын үрдісті енгізді (остракон — сайлаушы құрылымға нұқсан кел- тірушінің есімін жазатын бас сүйек). Бұл Клисфеннің соңғы реформасы болды. Клисфеннің реформалары Афиныдағы мемлекеттің қалыптасуының ұзақ үрдісін саудагерлердің, қолөнершілердің жəне шаруалардың демостың рулық-тайпалық ақсүйектерді жеңуімен аяқтады. Бұл Афиныда б.э.д. Ү ғ.-да құлиеленушілік демократиялық мемлекеттің қалыптасуына негіз болды. Бұл мемлекеттің негізгі сипаты — еркін құлиеленушілердің, еркін кедейлердің жəне люмпендердің (өндірістік құралдардан айырылған адамдардың) құлдар мен етектердің (Афиныда орныққан шетелдіктердің) үстінен бірлескен үстемдігі. Афи- нылық демократияның гүлдену кезеңі — б.э.д. V — IV ғ.ғ. Мемлекеттік құрылым. Афиныдағы мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып халық жиналысы табылды, ал анық- талған нақты мерзімде — жылына 40 рет шақырылатын. Ха- лық жиналысына тек жиырма жасқа толған толық құқылы афиндік азаматтар ғана қатыса алатын. Шешім қабылдау үшін 6 000 адамның болуы міндетті болатын. Басқарудың жоғарғы органы болып бас жүздік кеңесі табылған, оған əрбір аумақтық он фильден бір жылға жеребе арқылы сайланатын, 30 жасқа толған 50 азамат кіретін. Ағым- дағы істерді шешу үшін он комиссияға бөлінген, бұл комиссия əрбір фильден 50 өкілден құралған. Жоғарғы сот органы болып гелиэя табылды, ол 6 000 адам- нан құралады, оны əрбір фильден жеребе арқылы бір жылға 36сайланатын 30 жасқа толған 600 адам құрады.Гэлия 501 мүшеден тұратын 10 алқаға бөлінген (қалған мүшелері қосым- ша деп саналатын). Заң жобаларын қарастыру үшін гелиэяда номафеттердің — гелиэяның 1 000 мүшесінің ерекше алқасы құрылатын. Мемлекетті басқаруда лауазымды тұлғалар маңызды роль атқарған. Олардың ішінде: —стратегтер алқасы — 10 адамнан құралған; бұл лауазым- ды тек үйленген жəне жылжымайтын мүлкі бар азаматтар ғана иелене алатын; —архонттар алқасы — 9 адамнан құралған; олардың əрқай- сысының нақты функциялары болған; —аполектер — мемлекеттік қазынаны басқарған; —элленоттар — афиналық теңіз одағының қазынасын бас- қарған; —полеттер — мемлекеттік мүлікті басқарған; —логистер — лауазымды тұлғалардың ақшалай есептерін қабылдаған; —астиномактар — көшелердегі тəртіпті бақылаған жəне т.б. Сот жүйесі келесі сипатты иеленген:жоғарғы сот органы гелиэя қасақана адам өлтіру жəне мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарастырған; эфеттер соты абайсыз қылмыстар туралы істерді; онбірлік алқасы — ұрлық, тонауды; диэтеттер соты — мүлік туралы азаматтың — құқықтық дауларды жəне қырықтар алқасы — ұсақ істерді. Əскер. Бейбіт кезінде 18 бен 20 жас арлығындағы барлық афиндық азаматтар əскери оқудан өтетін болған. Соғыс жағдайында 18 бен 50 жас аралығындағы азаматтардан əскер жинақталған. Əскер атты əскерден, ауыр жəне жеңіл қарулы жаяу əскерден құралған. Құқықтың негізгі сипаттары. Афиныдағы құқықтың ежелгі қайнар көзі ретінде əдет-ғұрып орын алған. Заңдар б.э.д. 621 жылы пайда болған. Алғашқы заңдар — драконт заңдары əдет- ғұрып жазбасы түрінде болған жəне ерекше қатаңдықпен ерекшеленген (қылмыстардың басым көпшілігі үшін өлім жазасы кесілген). Кейіннен жүріс-тұрыстың жалпы ережелері болып халық жиналысының қаулылары табылған. 37Жеке меншік институты Афиныда аса дамыған болатын. Меншік мемлекетпен берілетін игілік ретінде қарастырылған. Шарттардың мына түрлері афиндық құқыққа тəн болған сату-сатып алу, жалға алу, серіктестік, тапсырма жəне комиссия шарттары. Отбасы жəне неке құқығында əйелдердің толық құқылыққа ие емес екендігі байқалған əйел əкесінің немесе күйеуінің қамқорлығында болған жəне əрекет қабілетсіз деп саналған. Неке азаматтардың міндеті болып табылған, ал оның басты мақсаты ретінде бала туу саналған. Қылмыстық құқықта құлдар мен еркін адамдарға қолда- нылатын жазалар ажыратылған. Құлдарға тек дене жазасы қолданылатын, ал еркін адамдарға өлім жазасы, аластау, азаматтық құқықтардан айыру, айыппұлдар мен тəркілеу қолданылатын. Сот өндірісінде істі қозғаудың екі тəртібі болған: 1-сі — іс жүргізуді тек жəбірленушінің ынтасы бойынша ғана қозғау; 2– сі — кезкелген азаматтың немесе лауазымды тұлғаның ынтасы бойынша қозғау. Іс бойынша шешім құпия дауыс беру арқылы шығарылатын, ал дауыстар тең болған жағдайда сотталушы ақталған деп саналатын.

24 . Спарта мемлекеті. Спартаның қоғамдық-саяси құрылысы. Б.э.д. ҮІІІ — ҮІІ ғ.ғ.-да Грецияда рулық құрылым жойылып, құлиеленушілік қоғам мен мемлекет қалыптаса бастаған. Греция біртұтас мемлекет болмаған жəне мұнда бірдей халықтар өмір сүрмеген. Ол дербес қала — мемлекеттер — полистерден құралған. Ежелгі Грецияның құлиеленушілік қоғамына тəн негізгі мемлекеттердің қатарынан Афины мен Спартаны атауға болады.

Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-ҮІІІ ғасырда Пелопонестің оңтүстігінде ежелгі Спарта мемлекеті өмір сүрді. Мемлекет Спарта деп аталғанымен, ол ел өздерін Лакония деп атады.

Спартаға - саяси демократиялық мемлекет. Жаулаушылар жерге, құлдарға жеке меншік құрып, оғам таптық саралауды өткізді, спартиаттар үстем тапқа, жеңіліп қалған тұрғындар құлдарға және құқығы кем азаматтарға айналды. Олар илоттар деп аталды. Илоттардың жерлері ең құнарлы болатын, сондықтан олар өздерінің жерлерін спартиаттарға бермеу үшін көп уақыт олармен соғысты. Лаконияның басқа шаруалар қауымы Спартаға бағынып, өздерінін жерлерін бере салды. Олар периэктер деп аталды. Илоттарға қарағанда периэкттердің құқықтары көп болды. Өздерінің қауымында олар азаматтық құқықтарды пайдаланатын, бірақ Спартаның өзінде олар екінші сортты адам деп саналып, үкіметті басқаруға қатыса алмайтын. Сонымен Спартада 3 тап пайда болды: олар спартандықтар, илотгар және периэктер еді.

Илоттардың құқығы құлдардың құқығына жақын екені белгілі. Спарта халқының негізгі таптары-сословиелері: спартандар, периэктер және илоттар осылай бөлінді.

Мессен соғысынан кейін спартандар мессен жерлерін алып болғаннан кейін оларды 9000 жер учаскесіне бөлді. Сол жер учаскелері спартандарға таратылды. Учаскені бөлуге болмайтындай етіп, илотгармен бірге берілді. Әрбір жер учаскесінде илоттардың 1-2-3 отбасылары тұратын еді. Ол жерлер илоттармен бірге сатылып отырды.

Спартандар илоттар мен периэктерді басып-жаншып тастайтын. Егер бала аурулы, өлсіз болып туылса, оны өкесіне шатқалдан лақтыруға бұйыратын. Денсаулығы дұрыс мықты баланы тірі қалдыратын да, ол жеті жасқа дейін анасының бауырында тәрбиеленетін.

7 жастан бастап бала қоғамдық мектепке барып, онда ер жеткенше, яғни, 18 жасқа дейін уақытын өткізетін. 7 жастан-12 жасқа дейін 1 кезеңі деп саналады. Плутарх былай деп жазған: «Ликург заңымен балаларды ақысына жұмыс істейтін мұғалімдерге өткізуте болмайды» Балалардың 12 жасқа дейін оқитын жері Агела деп аталды. Агеланы ең күшті, ақылды бала басқарды.

Грекия елінде тек жалғыз Спартада ғана әйелдердің тәрбиесіне үлкен назар аударылды.

Спарта азаматтары 30-ға жасқа толғанша өзінің құқығын толық пайдалана алмады. Оған базарға барып бірдеме сатып алуға рұқсат берілмеді, өзіне керек заттарын ол 30-ға толған туысқандарына сатып алғызады. Өте көп уақытын ол сисситияда өткізетін. 30 жасқа толған Спартаның азаматтары құқықтарын толық пайдаланатын. Осы уақыт ішінде ол шаңырақ құрып, үкіметтін, үлкен қызмет орнын пайдаланды. Спарта тәрбиесінің, сондай-ақ спарталықтар өмірінің барысы елдің әскери қуатын нығайту мақсатына бағытталды. Спартандар әскери іспен шұғылданды. Тек осы ғана спартандарға лайықты іс деп саналатын. Күшті де мықты жауынгерлер тәрбиелеу үшін Спартада арнаулы тәрбие жүйесі болатын. Әрбір жаңа туған баланы Спартаның жоғарғы мекемесі-герусияға, яғни, ақсақалдар кеңесіне апаратын. Мұнда арнаулы комиссия нәрестені өмір сүруге қалдыру керек пе, не оны өлтіру керек пе деген мәселені шешетін.

25. Спартаның мемлекеттік құрылысы, жоғарғы мемлекеттік органдар..

Спартада қос патшалық болды (Архагет). Дорийлық және ахет қауымының Спартаға қосылғанын дәлелдейтін фактордың бірі осы. Бұл Спартаның екі әулетінен: Агиадтар және Эврипонтидтерден шыққан билеушілер.

Патша билігі мұрагерлікпен жалғасатын. Патшалар әскерді басқарды және абыздың функциясын жүзеге асырды. Патшаны 9 жылда бір рет дін басылары сайлайтын. Патша қызметінің ең мықты саласы — әскери басқару. Соғыс уақытында патша қандай болса да шешім шығаруға құқылы еді. Соғыс біткеннен кейін патшаның барлық үкімі күшінде болатын. Патшаның кейбір сот істеріне оралуға да құқығы болды: ол үл бала асырап алу, мұра алу, мұра қалдыру істерін түгелімен қарайтын.

Спартаның патшалары бай адам, ірі жер қожасы болатын. Олар апелла мен герусияға бағынатын, оларды эфорлардың комиссиясы да қатты бақылайтын. Патшаның қасында гомейлер — тандап алған спартандар, флейтистер, дәрігерлер, пифийлер сияқты көмекшілері болды. Ол тойларға өзінің 2 пифий көмекшілермен келетін. Тойларда патшаны төрге отырғызып, ең құрметті тамақты беретін. Оларға белгілі бір күндері семіз мал, арақ және сұлыдан істелген үн беретін. 8 жылда бір рет жұлдыз бойынша бақылап, халық патшаны соттауға да құқылы болды. Патшаның толық нөкері: гомей, адьютант, дәрігер, сыбызғышы, пифи, балгер сияқты 300 адамнан тұратын. Патшаның өзін 300 адам қорғайтын, олар 3 командирге-гиппагретке бағынатын.

Әскери қызмет. Наварх-флот басқарушы. Бұл төтенше қызмет орны. Соғыс кезінде бұның билігі патшадан да күшті болды. Навархтың құқығы патшаның құқығына жақын, олардың нөкерлері болатын. Олар патшамен бірге тасаттық беретін.

Халық жиналысы (Апелла). Жасы 30-ға жеткен спарталық ер адамдар халық жиналысына қатысатын. Бұл жиналыс соғыс және бейбітшілік сияқты ірі мәселелерді шешетін. Халық жиналысы қызмет адамдарын, әскери басшыны және туған балалары болмаған жағдайда патшаны сайлайтын еді.

Мысалы, ол заңдарды тек кеңесмүшелерінің ұсынысы бойынша қарайтын, оның жиналатын белгілі бір уақыты да болмайтын. Жиналыстың құзыреті де шектелген еді, мысалы ол қаржы мәселелерді қараған жоқ, магистрлерді бақыламайтын және сот функциясын да атқармайтын.

Эфорлар алқасы. VIIғасырдың екінші жартысында жаңа қызмет органы пайда болды. Бұл эфорлар алқасы. Ол алқа 5 эфордан тұратын. Оларды жыл сайын Спартаның қауымы айқаймен сайлайтын. Алдымен эфорлар патшалардың функциясын шектеу үшін пайда болған. Соңынан эфорлардың маңызды функциясының бірі-конституцияның орындалуын, по-лицияның қадағалауы үшін, яғни азаматтықсот герусиядан эфор алқасына берілді. Соғыс уақытында эфор алқасының екі мүшесі патшамен бірге соғысқа баратын. Айына бір рет патшадан заңды дұрыс орындаймын деген ант алатын. Эфорлар периэктер мен илоттарды бақылайтын. Спарта азаматын эфор етіп сайлағанда ол криптия еткізуге тырысатын. Тек содан кейін өзінің қызметіне кірісетін.

Эфорлар мен геронттар былай сайланатын: геронт қайтыс болып, оның орны босаған соң, эфор боламын деген 60-қа келген азаматтар герусияға баяндама беретін. Содан кейін оларды аппеллаға шақырып алып, сайлайтын. Олар аппеллада отырған азаматтардың алдынан бір-бірден өтетін де, кішкентай бір үйде жауып қойған адамдар қай кісінің өткенін білмей, көрмей, қайсысына халықтың қатты айқалайғанын айтатын. Қайсысынакісілер қатты айқайлайды, сол эфор немесе геронт болып сайланады.

Эфорлар патшаны герусия сотына да тартуға құқылы болған. Олар басқа мемлекеттің елшілермен келіссөз өткізетін, оған апелланың мәжілісінде төрағалық жүктелетін. Эфорлар бүкіл спартандықтардың тәрбиесін қадағалайтын. Эфорлар комиссиясы көп мәселелерді геронттармен бірігіп шешті. Олар Спартаның ақсүйек органдарының бір түрі. Спартаның тарихында героштар мен эфорлардың пара алғаны аз емес. Аристотель Спарханың эфорларын тирандар деп атады.

Герусия-қариялар кеңесі. Герусияға 2 патша және 60 жасқа толған 28 геронт кіреді. Геронттар халық жиналысында өмірлік сайланатын. Оларды да айқаймен сайлайтын. Герусия мемлекеттің жоғарғы кеңесі, жоғарғы соты және спартаның әдет құқығының сақтаушы органы болатын. Герусияның соты тек қана мемлекетке қарсы қылмысты және басқа қылмыстарды қарайтын болды. Азаматтың істерін герусия эфорлардың алқасына беріліп отырды.

Спартаның герусиясы-өте шағын әлеуметтік топтың органы. Ұзақ уақытқа сайланатын бұл ұжым басқа бірде-бір органға бағынбауына, бірде-бір орган оның жұмысын бақыламайтын органға айналды. Герусияның қабылдаған шешімдері халық жиналысында формальды түрде қаралатын. Герусияның мәжілісі күн сайын өтетін. Ол әскери, қаржы, сот істерін қарап, өзінің қызмет бабын үнемі көрсетіп отырған.

26. Спартадағы илоттардың әлеуметтік-құқықтық жағдайы. Спарта мемлекетінің ішкі саясаты илоттарды бағындыруға бағытталды. Илоттардың құқығы болған жоқ. Спартандық илотты өлтіре алатын. Жылына бір рет Спартада «криптия» күні өткізілетін. Жас спартандықтар түнде жиналып, ешкім танымас үшін маска және ұзын жамылғыштар киіп, илоттардың селоларына аттанатын. Кездескен илотты жабылып өлтіретін. Спартандықтар ең жас және күшті илоттарды өлтіруге тырысатын. Өлтіруді үйрену үшін жас спартандықтар илоттарға су қосылмағаи арақ беретін еді. Олар мас болып, бұзық өлең айтып, жаман би билеп, бұзықтық көрсететін. Спартандықтар илоттардан жиіркену сезімінде тәрбиеленді, олар илоттарды қатты жек көретін еді. Илоттар ең қиын да ауыр жұмыстарды істейтін. Олар Спартаның басқа тұрғындарынан ерекшелену үшін айрықша киініп, иттің терісінен тігілген құлақшын киетін.

Әскерде илоттар қосымша жұмыстар атқаратын (өлген кісілерді жерлейтін, тосқауылға тұратын, илоттар ешқандай қылмыс істемесе де, олар өздерінің құл екенін ұмытпасын деп спартандықтар оларды таяқпен ұратын).

Адамгершілікке сыймайтын мұндай қатынастарға илоттар көтерілістермен жауап беріп отырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]