- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Емханада жұмыс жасайтын медициналық бикенің міндеті
- •Учаскелік дәрігерлік пункттегі медициналық бикенің міндеті
- •Аурудың алдын алу емханалық бөлімшелердегі медициналық бикенің міндеті
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •Ситуациялық есептер
- •Ампуладан (флакон ) дәрілік заттарды жинау.
- •Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау
- •Көктамырға егу жасау (венепункция).
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •Күре тамырдан қан алу.
- •Люмбальді пункция
- •Стернальді пункция
- •Ситуациялық есептер.
- •1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
- •1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •Қойылған мақсатты атқару
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •Ентігу симптомы.
- •Ісіну симптомы
- •Ескету қажет:
- •Талма кезіндегі алғашкы көмек
- •Коллапс кезіндегі алғашқы көмек.
- •1. Тәбеттің бұзылуы.
Ампуладан (флакон ) дәрілік заттарды жинау.
Мақсаты: дәрілік заттарды ﴾инъекциялы әдіспен﴿ парентеральді енгізу.
Қажетті заттар: ампуладағы дәрілік зат, залалсыздандырылған шприц инесімен, 70% спирт, мақталы шариктер, 1-лоток, латексті перчаткалар, залалсыздандырылған пинцет және салфеткалары бар бикс.
Міндетті шарт:
1.Дәрігер тағайындаған парақтан енгізетін дәрілік затты тексеру.
2.Дәрілік заттың атын, дозасын, сақтау мерзімін тексеру және ампуланы (флаконды ) ашпас бұрын сыртқы түріне қарап жарамдылығын анықтау.
3.Майлы ерітінді енгізу алдында температурасы 37.◦С сулы баняда жылыту
( дәрілік заттың аннотациясына қарау).
Процедураға дайындау.
1.Қолды ағынды судың астында сабындап жуу, құрғақ етіп кептіру, антисептикалық ерітінділермен өңдеу.
Ескерту: Залалсызданған перчаткаларды инъекция алдында ғана киеді.
2.Залалсызданған шприцті жинау.
3.Ампуланы (флаконды) ашпас бұрын дәрілік заттың атын оқып, дозасына, түріне және сақтау мерзіміне қарау.
Процедураны орындау.
1.Ампуланы жеңіл сілку қажет, себебі ерітінді кең бөлігіне түсуі үшін.
2.Ампуланың тар бөлігін бір рет спиртпен сүрту (флаконның жоғарғы бөлігін және металды қалпағын сүрту).
3.Ампуланың тар бөлігін кескішпен кесу, қайта спиртпен сүрту және ампуланы кескен жерден сындырып ашу (флаконның метал қалпағын қайшымен ашу, резиналы бекігішін өңдеу).
4.Сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланы алу, ампуланың түбін сыртқы бетке қарай, ал тар бөлігін алақанға қаратып ұстау.
5.Ампулаға инені жайлап шетіне тигізбей енгізу және қажетті мөлшерді ерітіндіні алу (ерітіндіні ине арқылы шприцке жинау кезінде ампула түбін жайлап көтеруге болады, бірақ ампула шетінен ерітінді ағып кетпеуі қажет). Флаконның резиналы бекігішіне инені енгізу кезінде иненің ұшы ғана ену қажет, резиналы пробкасын төмен қаратып флаконды аудару, сөйтіп қажетті мөлшерде ерітінді алу.
6.Шприцті вертикальді ұстап тұрып, шприцтен (ерітіндіні емес) ауаны шығару.
7.Инъекция жасау үшін ерітіндіні жинаған инені залалсызданған инемен алмастыру қажет.
Процедураны аяқтау.
1.Медбикенің жеке қауіпсіздік шараларын сақтай отырып инені өз қалпағымен жабу.
2.Шприцті пакетке салу (инені жапқан қалпағы төмен қарап тұру қажет), сосын мақталы шарикпен немесе салфеткамен инъекция алаңын өңдеу.
3.Процедура палатада орындалған болса лотокқа салу, залалсызданған салфеткамен жабу.
Ескерту:стерильді столдан стерильді лотокқа көпретті қолданылатын шприцті жинаған болсаңыз және төрт қабатты салфетканы қолдансаңыз, шприцті екінші қабатына салып, ал мақталы шариктерді салфетканың бірінші қабатының астына лотокқа салып қою қажет.
Антибиотиктерді араластыру және есептеу.
Қажетті заттар:
*Стерильді: бір ретті қолдануға арналған (5-10 мл ) шприц, инъекция үшін 60-80 мл ине, сечениесі 0,8-1,0 мм және дәрілік заттарды жинауға арналған ине.
*Стерильді лоток, төрт қабатты стерильді салфетканы жаю, марлялы тампондар бірінші қабаттың астында және пинцет салфетканың екінші қабатының астында болады.
*70% этил спирті.
*Ампула (флакон ) ерітіндісімен, антибиотикпен флакон.
*Стерильді латексті перчаткалар.
Процедураны орындау.
1.Маска тағу, қолды инъекция жасау үшін дайындау және перчатканы кию.
2.Антибиотиктің және ерітіндінің жарамдылығын тексеру (атын, дозасын, қорабының сыртындағы сақтау мерзімін қарап, оқып тексеру, сыртқы түріне қарап жарамдылығын анықтау).
3.Ампула мойнын (флакон қалпағын) спиртке батырылған тампонмен өңдеу.
Ескерту: ішінде ерітіндісі бар ампуланы немесе антибиотигі бар флаконды әр қайсысын екі қайтара сүрту қажет.
4.Ерітіндісі бар ампуланы ашу және манипуляциялық столға ұқыпты қою. Ескерту: антибиотикті араластыру үшін келесі ерітінділер қолданылады.
-ампулада инъекция үшін су
-ампулада және флаконда (изотоникалық, физиологиялық) 0,9% натрий хлор ерітіндісі
-ампулада және фдаконда 0,25% және 0,5% новокаин ерітіндісі
5.Пакетті ашып шприцті жинау.
6.Шприцке қажетті мөлшерде еріткішті жинау.
Араластыру ережесі.
Пенициллиннің 100 000 ӘБ (0,1 г) немесе стрептомицинге 1 мл ерітінді алынады. Барлық басқа антибиотиктер аннотациясына сәйкес араластырылады.200 000 ӘБ антибиотикті 1 мл ерітіндімен араластыруға болады.
Мысалы: 500 000 ӘБ антибиотикке 5 немесе 2,5 мл ерітіндімен араластыруға болады.
7.Құрғақ антибиотигі бар флаконды сол қолға алады, ал оң қолына еріткіші бар шприцті ұстайды.
8. Флакон орталығынан 90 'бұрышпен пробканы тесу және флаконға инені 1-2 мм енгізу.
Ескерту: флакон ішінде иненің қимылдауы дәрілік заттың зарарсыздығын бұзады. Бұдан науқаста асқынулар кездесуі мүмкін.
9.Флаконға шприцтен ерітіндіні жіберу, флаконды инемен бірге алу, шприцті стерильді лотокқа салып қою.
10. Антибиотиктің толық ерігенінше флаконды жақсылап араластыру.
11.Флаконмен бірге инені шприц конусына кигізу, флаконның төменгі бөлігін жоғары қаратып көтеру, дәрігер тағайындаған парақпен тексеріп, дәрілік заттың қажетті дозасын жинау.
12.Шприц конусынан флаконмен бірге инені алу.
13.Бұлшық етке инъекция жасау үшін басқа стерильді инені шприц конусына кигізу, сағаттың бағыты бойынша беку, инеге қалпағын жабу және шприцтің ішінен ауаны шығарған кезде инеден дәрілік заттың бір-екі тамшысы ғана шығу қажет.
14.Шприцті стерильді лотокқа салу.
