- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Емханада жұмыс жасайтын медициналық бикенің міндеті
- •Учаскелік дәрігерлік пункттегі медициналық бикенің міндеті
- •Аурудың алдын алу емханалық бөлімшелердегі медициналық бикенің міндеті
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •Ситуациялық есептер
- •Ампуладан (флакон ) дәрілік заттарды жинау.
- •Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау
- •Көктамырға егу жасау (венепункция).
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •Күре тамырдан қан алу.
- •Люмбальді пункция
- •Стернальді пункция
- •Ситуациялық есептер.
- •1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
- •1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •Қойылған мақсатты атқару
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •Ентігу симптомы.
- •Ісіну симптомы
- •Ескету қажет:
- •Талма кезіндегі алғашкы көмек
- •Коллапс кезіндегі алғашқы көмек.
- •1. Тәбеттің бұзылуы.
2. Сағат саны: 270 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: Студенттерге энтеральді және сыртқа қолданатын дәрілік заттардың негізгі тобын, медикаменттермен дұрыс жұмыс істеуді үйрету.
тәрбиелік: Оқушыларда дәрілік заттарды сыртқы және энтеральды жолмен енгізу әдістері кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда дәрілік заттарды сыртқы және энтеральды жолмен енгізу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)
Дәрілік заттардын негізгі топтары
Организмге дәрілердін түсу жолдары, олардын басылымдылғы және жетіспеушілігі
ЕПҰ емдеу бөлімшесінін дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережелері
Жалпы талаптар, бөлісмшеде ұсынатын дәрілерді сактау
Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері
Емдеу бөлімшелерінде наукастарға дәрілерді тарату ерекшеліктері және ережелері
Дәрігердің тағайындау кағазы
Дәрімен емдеуді тіркеу және бакылау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
энтеральды әдіс, өткізу.
дәрі-дәрмек заттарды сыртқы тәсілмен енгізу әдісі:жағу, уқалап жағу, емдік пластырды қолдану, присыпка, көз, мұрын, құлаққа мазь жағу және тамшы тамызу.
осы әдістердің жақсы жақтары және кемшіліктері.
энтеральды енгізу әдістері кезінде қолданатын дәрілік заттардың түрлері.
сан.эпидемиологиялық талапқа сай және енгізуге қолданатын инструментарилер
науқастың дәрілік заттарды қабылдауын бақылау.
дәрілік заттарды таратуға медбикенің жұмыс орнын , құралдарды , медбике қолдарын дайындау.
Энтеральды қолдану әдістері:
Ішке дәрілер ауыз арқылы, тік ішекке және тіл астына енгізіледі. Бұл тәсілдердің көмегімен жергілікті, резорбтивті және рефлекторлы әсер беруге болады.
Дәрілерді көбінесе ауыз арқылы енгізу қолданылады. Бұл тәсілдің артықшылығы оның қарапайымдылығында, дәрілерді әртүрлі формада залалсызданбаған түрінде енгізуге болатындығында.
Оның кемшіліктері:
1. Дәрінің жалпы қан айналымына баяу түсуі (асқазанның толуына, қабылданған ас сапасына, дәрілердің сіңірілу қабілетіне байланысты). Асқазанның шырышты қабаты арқылы сіңірілу де баяу жүреді, тек майға еритін заттар ғана сіңіріледі, және сіңірілу үрдісі негізінде ішекте өтеді. Бірақ дәрілік заттардың қанға баяу түсуі әрқашан кемшілік болып табылмайды.
2. Тамақтық заттармен өзара әрекеттесуінің және бауырдағы химиялық өзгерістердің нәтижесінде асқазан мен ішек сөлдерінің әсерінен дәрілердің ыдырауға дейін өзгеруі (адсорбция, еру, химиялық реакциялар). Бұл барлық дәрілер үшін дұрыс бола бермейді. Мысалы, кейбір дәрілік заттар белсенді емес түрінде шығарылады, олар бауырда өзгеріске ұшырағаннан кейін ғана әсер ете бастайды. Мысалы гипентензивті препарат эналаприл әсер ету үшін алдымен бауырда өзінің белсенді түріне ауысуы керек.
3. Заттың сіңірілу жылдамдығының және сіңірілген мөлшерінің белгісіз болуының себебінен дәрінің қандағы және тіндердегі мөлшерін анық білуге мүмкіндік жоқ. Бұл теріс әсерді азайту үшін дәрілерді ас алдында қабылдайды.
Асқазан-ішек жолдарымен бауырдың аурулары дәрілік заттардың сіңірілу жылдамдығы мен толықтығына ерекше өзгерістер енгізеді.
Ауыз арқылы дәрілер ұнтақ, таблетка, пилюла, ерітінді, тұнба, қайнатпа, экстрактар, микстуралар түрінде енгізіледі.
Дәрілерді тік ішекке енгізудің мынадай артықшылықтары бар:
Тез сіңірілуі және мөлшерлеудің туралығы
Дәрі ферменттердің әсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, және дәрі төменгі геммориальды көк тамырлар арқылы сіңіріліп, бауырға соқпай бірден төменгі қуыс көктамырға түседі.
Бұл тәсіл құсудың болуының, өңештің тарылуының, жұтынудың бұзылуының салдарынан ауыз арқылы қабылдай алмайтын науқастарға, дәріні қабылдаудан бас тартқан, қозу жағдайындағы психикалық сырқаттарға дәріні енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай кезде тыныштандыратын заттарды дәрілік клизмамен енгізу қозумен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді.
Тік ішекте ферменттердің болмауы бұл тәсілдің артықшылығы ғана болып қоймай, оның кемщілігі де болып табылады, өйткені белоктық, майлық, полисахаридтік құрамды дәрілер ферменттердің қатысуынсыз ішектің қабырғасы арқылы өте алмайды, және олар жергілікті әсер ету мақсатында қолданылуы мүмкін.
Дәріні тіл астына салғанда тез сіңіріледі, асқорытатын ферменттермен бұзылмайды және бауырға соқпай жалпы қан айналым шеңберіне түседі. Бірақ мұндай тәсілді тек аздаған мөлшерде қолданылатын дәрілерді енгізу үшін пайдалануға болады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)
бөлімшелердің мейірбикелік бекеттерінде дәрілік заттарды жаздырып алуға қойылатын талаптармен танысу
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 40 мин (40%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1.Тері және кілегей қабат арқылы дәрілік заттарды енгізу қалай аталады:
А) парентеральді
Б) энтеральді
В) сыртқа
Г) ингаляциялық
2. Жағу, пластыр және присыпканы қолдану қайсысына жатады.
А) парентеральді
Б) энтеральді
В) сыртқа
Г) ингаляциялық
3. Сыртқа енгізуге арналған дәрілік заттың түрі.
А) микстура
Б) пилюля
В) мазь
Г) балауса
4. Дене аймағында сүртіп жағу жүргізіледі, мынадан басқа:
А) иық алдының бүгкіш беті
Б) санның артқы беті
В) иық алдының жазғыш беті
Г) іш
5. Конъюнктивальді қалтаға енгізілетін барлық мазьбен, ерітінділер қандай болу қажет.
А) жылы
Б) стерильді
В) мұздай
Г) маңызы жоқ
6. Көз және құлаққа дәрілік заттарды енгізу қандай жолға жатады.
А) парентеральді
Б) сыртқы
В) энтеральді
Г) ингаляциялық
7. Көзге дәрілік затты тамшылатып енгізу үшін нені дайындау қажет:
А) 0,9 % натрий хлор ерітіндісіне батырылған, залалсыздандырылған мақталы тампон, дәрілік зат.
Б) пипетка, құрғақ мақталы тампон.
В) дәрілік заты бар флакон, изотоникалық ерітінді.
8. Жағу, пластыр және присыпканы қолдану қайсысына жатады.
А) парентеральді
Б) энтеральді
В) сыртқа
Г) ингаляциялық
9. Дене аймағында сүртіп жағу жүргізіледі, мынадан басқа:
А) иық алдының бүгкіш беті
Б) санның артқы беті
В) иық алдының жазғыш беті
Г) іш
10. Қандай дәрілер мына тізімге жатады
1."А" (наркотикалық улы заттар)
2."Б" (қатты әсер ететін заттар) а) кұкірт дөрілері
б) промедол
в) адренолин
г) стрихнин
д) омнапон
е) кафеин
Ситуциялык есептер
1.Науқастың құлағына 3 тамшы отипол тамшысын тамызу тағайындалған. Осы емшараны қалай орындайсыз?
2.Науқастың оң жауырынының астында аллергиялық жаралар бар, оған диклофенак жақпа майын жағуға болама?
13. Сабақты қорытындылау. 8 мин (8%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 8 мин (8%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
4 - сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Дәрілік заттарды парентеральді енгізу жолдары. Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.
2. Сағат саны: 270 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыруға үйрету
тәрбиелік: оқушыларда емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)
ингаляциялық әдісті өткізу.
дәрі-дәрмек заттарды сыртқы тәсілмен енгізу әдісі:жағу, уқалап жағу, емдік пластырды қолдану, присыпка, көз, мұрын, құлаққа мазь жағу және тамшы тамызу.
осы әдістердің артықшылықтары және кемшіліктері.
ингаляциялық енгізу әдістері кезінде қолданатын дәрілік заттардың түрлері.
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
дәрілік заттарды парентеральды енгізу жолдары
парентеральды енгізу кезіндегі асқынулар
емшара бөлмесінің құрылымы мен құрал жабдықтарын;
емшара бөлмесінің санитарлық тазалық талаптарын:
емшара бөлмесінің жұмыс тәртібін;
емшара бөлмесінің функционалдық міндеттері;
емшара бөлмесінің құжаттамасы;
емшара бөлмесінің ағымдағы және жалпы жинастыруды жүргізу;
- емшара жүргізудегі асептика мен антисептика ережелері;
- қызыл сызық ережесі;
- емшара бөлмесінің медбикесінің жұмыс орнындағы қауіпсіздігінің жалпы шаралары.
Дәрлік заттарды парентеральды енгізу жолдары дәрілік препараттар инъекция арқылы енгізіледі, асқорыту жолынан тыс. Инъекцияның тері ішіне, тері астына, бұлшықет ішіне, көктамырға, қуыстарға, субарохнойдальды кеңістікке салады. Бұл әдістің артықшылығы –дәрінің дозасы нақты алынады, әсері жылдам тиеді және бауыр жағынан кедергі болмайды. Ағзаға енгізілетін инелердің бір бірінен айырмашылығы болады, ұзындығы бойынша және тағайындалуына байланысты қолданылады:
• тері ішіне салатын иненің ұзындығы 15 мм, сечениесі 0,4 мм.
• тері астына салатын иненің – ұзындығы 20 мм, сечениесі 0,4-0,6 мм.
• бұлшықет ішіне салатын иненің ұзындығы 60 мм, сечениесі 0,8-1,0 мм.
Емшара бөлмесі – стерильдік ережелерін сақтауы қажет, бірқатар медициналық процедураларды жүргізуге арналған арнайы бөлме. Процедуралық кабинетте қан алу үшін венепункция, инъекциялар, трансфузия, кейбір медициналық процедуралар жүргізіледі. Процедуралық кабинеттер стационар (аурухана, клиника) амбулаторида да болады. Процедуралық кабинетке ауданы 15 м2 кем емес, жақсы жарықталған және желдетілетін,суық және ыстық сумен жабдықталған жарық бөлмені арнайды. Кабинеттің едені мен қабырғасы жинау үшін қолайлы болуы тиіс. Әр процедуралық кабинетте анық бөлмелеріне қарамастан ыстық және суық су ағатын рановина болуы тиіс. Реновинаны есікке жақын орналастырады. Процедуралық кабинетте науқастардың өтуіне рұқсат етілметін, кабинеттің стерильді аймағын шектейтін майлы болуымен салынған еденде «қызыл сызық» болады, онда пердесіз стерильді халаты, бас киімі жоқ мед жұмысшылардың өтуіне де рұқсат етілмейді. Емшара бөлмесін күн сайын екі рет ылғалды жинау жұмыстың алдында және жұмыс күнінің соңында жүргізіледі, ал қажет болғанда, ағымдағы жиыстыруды жүргізеді. Аптасына бір рет процедуралық кабинеттің қабырғаларын, еденін құрал- жабдығын жуып, жалпы жинастырады.
емшара бөлмесінде келесі жабдықтар болуы тиіс: шкаф немесе аспаптармен дәрі- дәрмектерді сақтауға арналған үстел; стерилизациялық препараттар (бикстер), парцинтез, плевральді пункция, т.б. жүргізуге даяр аспаптар жинағымен, шприцтермен, системалармен инелермен; аспаптар мен шприцтер үшін дизинфкциялдық қайнатушы: дистиллетор: үстелдік цептрифуга; бактерицидті там; ұзақ қоюлар үшін штативтер: таза прабиркалар үшін штативтер: қан тобын анықтауға арналған жиынтық; сары су, қан, дәрі- дәрмектерді сақтаутоңазытқышы; медициналық құжаттама үшін үстел; медициналық құжаттама қызметші киімін сақтау үш пластикалық алжапқыш; лас аспаптармен қолды тазалау үшін эмалданған таз немесе, күре тамырдың ішіне қою үшін орындық пен клиника мен қапталған кушетка; электротартқыш.
Емшара бөлмесінің медбикесінің жұсым күні процедуралық кабинетті қарап шығу мен ылғалды суртуде басталады. Емшара бөлмесінің медбикесі кезекші қызметкеркабинетті түн мезгілінде пайдаланған ба, жоқ па тексереді. Қолданылған және ластанған материалды ол 1 сағатқа дезинфектан ертінділердің, біріне салып қояды (3 % хлорамин, 1,5% кальци гипохлорид ертіндісі, 6 % сутегі тотығы, сосын тастайды, ал қолданылған медициналық аспаптарды, шприцтерді де дезинфектант ертінділердің бірінде жуып, дезинфекциялайды сосын 2% сабын-содалы ертіндімен (200 г. Сабын, 200г. Сода 10 л суға) бөлменің ылғалды жинауын жүргізеді. Осыдан кейін процедуралық бике стерильді хала киіп шашын бас киімінің астына жасырып қолын тазалайды. Аспаптар стерильдеуге қояды стерильді материалы бар бискстерді қояды. Сосын осы күні қан алуы, күре тамырдың ішіне қан құйылады, дәрі тамызғыш қою қажет науқастардық тізімін қарап, кезекке қояды. Алдымен биохимиялық зерттеулер үшін, қан алуды қажет болса қан тобын резус факторды анықтау керек. Осыдан кейін процедуралық бикс дәрігер тағайындаған күре тамырды егуді жүргізеді және күре тамырға дәрі тамызғышпен құюға дайындауды жүргізіп тек сосын ғана науқастарға дәрі тамызғыш қояды. Алдымен мүмкіндігінше ауыр науқастарға қызмет көрсетеді. Қажет болса процедуралық бикс медициналық аспаптарды торакоцентез немесе парацентез жүргізуге даярлайды. Осы медициналық манипулияцияларды жүргізуге дәрігерге көмектеседі және науқастың күйін қадағалайды. Емшара бөлмесінің дәрі дәрмек қорын аға медбикеден толықтырады. Жұмыс күнінің соңында процедуралық кабинетті ылғалды тазалайды. Жұмыс біткенде процедуралық бикс бактерицидті шамды жағып есікті кілітпен жауып кетеді. емшара бөлмесінің кіліті бөлімнің кезекші медбикесінде сақталады. Емшара бөлмесінде келесі медициналық құжаттамалар болады;
1) Қан тобы мен резус факторды тіркедің бақылау журналы.
2) Қан плазма құюды тіркеу журналы.
3) Қан алмастырушылар мен ақуыздың преппараттар есебі журналы.
4) Биохимиялық зерттеулер үшін қан алу есебі журналы.
5) Күре тамырға құю есебі журналы.
6) Күре тамырға тамызып құю есебі журналы.
7) Вассерман реакциясына қан алуды тіркеу журналы.
8) Күре тамырға құю системасы мен инелерінің шприцтердің есебі журналы.
9) Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі көмек көрсету мен процедуралық кабинетті санитарлық өңдеу бойынша нұсқаулар.
10) Улануларды қолданылатын уға қарсы дәрілер кестесі.
11) Процедуралық кабинеттің жалпы жинастыруын тіркеу жураналы.
12) Бактеризидті лампоның жұмысын тексеру журналы.
13) Тоңазытқыштағы температураның тексеру журналы.
Емшара бөлмесінің медбикесі неғұрлым тәжірибелі медбикелердің арасынан іріктеп алады, ол медициналық монипуляциялар техникасын жетік білуі және гигиена ережелерін қатаң сақтауы және қажетті денгейде процедуралық какбинеттің санитарлық тазалық күйін сақтап отыруы тиіс. Жұмыс орнындағы процедуралық медбикенің қауіпсіздігінің жалпы шаралары:
Медбике міндетті:1. Қолды жуудың денгейін сақтауы.
2. Биологиялық сұйықтықпен, соның ішінде қанмен байланысты қолғап киюі. Қолғапты шешкен соң дереу қолды жууы.
3. Төгілген немесе шашылған инфекцияланған материалды дереу алып тастау. Қолданылған аспаптарды, күту заттарын, құрал жабдықтар мен таңу материалдарын қолданғаннан кейін дереу нармативтік құжаттардағы дезинфекция құралын, тәртібін, кәсібінің ұсынысына сәйкес дезинфекциялау тиіс.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)
бөлімшелердің емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыруды үйрену.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 40 мин (40%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. Емшара бөлмесін жалпы жиыстыруды қандай жиілілікте жүргізеді ?
А). Айына 1 рет.
Б) 2 аптада 1 рет
В) аптасына 1 рет
Г) аптасына 2 рет
Д) күн сайын
2. Емшара бөлмесінің медбикесі жұмыс күінің басынан бастап орындайтын шаралардың тезектілігі қандай.
А) стерилді халат киіп, қолын тазалайды
Б) процедура кабинетін қарап шығады
В) стерилді материалы бар бикстерді қойып, аспаптарды қайнатады
Г) биохимиялық зерттеу үшін қан алады
Д) процедура кабинетінің ылғалды тазалығын жасайды
3. Емшара бөлмесіне қойылатын санитарлық талаптар:
А) қабырғалары ақталған болуы тиіс
Б) раковина мен міндетті түрде жабдықталған болуы тиіс
В) кабинеттің ауданы 10 м2 кем болмауы тиіс
Г) кабинет жақсы жарықтандырылған және желденетін болуы тиіс
Д) кабинеттің ауданы 15 м2 кем емес. Науқастардың дұрыс камбинациясын таңдаңыз
А) 1,2,4,5
Б) 2,3,5,6
В) 1,2,5,6
Г) 1,4,5,6
4. Емшара бөлмесіндекелесі манипуляциялар жүреді
А) қанның тобын анықтау
Б) клизма қою
В) плевралдық пункция
Г) инъекциялар
Д) несеп қуығын катетрлеу
Е) қан алу үшін вене пункция жауаптардың дұрыс камбинициясын таңдаңыз
А) 1,3,4,6
Б) 1,3,5,6
В) 2,3,4,6
Г) 1,2,4,6
Д) барлық жауап дұрыс
5. Емшара бөлмесінің жабдығына ... жатпайды.
А) кушетка
Б) аспаптар мен дәрі дәрмектерді сақтау шкафы
В) тоңазытқыш
Г) ингаляциялық наркоз аппараты
Д) бактерицидті шам
Е) электро сорғыш
6. емшара бөлмесінің жұмасына бір рет жүргізілетін тазалық аталады.
7. Қандай манипуляциялар
1. емшара бөлмесінде жүргізіледі
2. таңу кабинетінде жүргізіледі.
сәйкестікті табыңыз
а) апперациядан кейінгі науқастарды таңу
б) инъекциялар
в) күре тамырға қою
г) жарақатты кварцтеу
д) лепероцентез
е) қанның тобын анықтау
8. Қандай медициналық құжат
1.процедуралық кабинетте
2. таңу кабинетіне қатысты
сәйкестікті табыңыз
а) қанның тобының резусфакторының тіркеуді бақылау журналы
б) таза жаралы науқастарды таңу есебінің журналы
в) күре тамырға құюдың есебі журналы
г) күре тамырға құюдың инесін системасын шприцтерінің есебі журналы
д) іріңді жарақаты бар науқастардың таңудың есебі журналы
9. Қандай манипуляцияларды
3. процедуралық бикс
4. таңу биксі жүргізіледі
сәйкестікті табыңыз
а) стирильдік столды даярлау
б) СЭС-ке опперациядан кеінгі жарақаттың іреңдеуі туралы хабарлайды
в) плевралдық пункция жургізуге дәрігерге көмектеседі
г) абцесті ашуда дәрігерге көмектеседі
д) күре тамырға құю үшін системаны толтырады.
а) антибиотикке сезімталдыққа тері астылық сынама жасайды
10. Кұре тамыр манипуляцияларды жүргізгенде манипуляцияларды медбике әрекеттерінің тізбектелуі қандай?
а) күре тамырлық тамызып құю үшін бір реттік системаны толтырады
б) биохимиялық зерттеулер үшін қан алуды жүргізеді
в) қанның биохимиялық зерттеуін, күре тамыр инъекциясы мен құюды тағайындалған науқастардық тізімін қарап шығады
г) науқастарға дәрі тамызғыш қояды
д) күре тамырға инъекция жасайды
