- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Емханада жұмыс жасайтын медициналық бикенің міндеті
- •Учаскелік дәрігерлік пункттегі медициналық бикенің міндеті
- •Аурудың алдын алу емханалық бөлімшелердегі медициналық бикенің міндеті
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •Ситуациялық есептер
- •Ампуладан (флакон ) дәрілік заттарды жинау.
- •Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау
- •Көктамырға егу жасау (венепункция).
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •Күре тамырдан қан алу.
- •Люмбальді пункция
- •Стернальді пункция
- •Ситуациялық есептер.
- •1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
- •1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •Қойылған мақсатты атқару
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •Ентігу симптомы.
- •Ісіну симптомы
- •Ескету қажет:
- •Талма кезіндегі алғашкы көмек
- •Коллапс кезіндегі алғашқы көмек.
- •1. Тәбеттің бұзылуы.
1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
А) майлы эмболия
Б) инфильтраттың пайда болуы
В) аллергиялық реакция
Г) ауа эмболиясы
Д) абцесс
2. Мына тамырдан басқалары көк тамырға ине егуге жатады:
А) шынтақ венаның бүгілуі
Б) аяқ веналары
В) іш веналары
Г) білек және саусақ веналары
Д) мойын веналары
3. Көктамырға егуге арналған иненің ұзындығы:
А) 60 – 80 мм
Б) 80 – 100 мм
В) 15 – 20 мм
Г) 40 – 60 мм
Д) 20 – 40 мм
4. Қандай ине егулерде ауа эмболия асқынуы пайда болады:
А) тері астына
Б) бұлшық етке
В) тері ішіне
Г) көк тамырға
Д) сүйек ішіне
5. Венаны абайсыз тесуде тері атында көкшіл дақ пайда болды. Не болды?
А) ваненың бітелуі
Б) венаның тесілуі
В) венаның қабынуы
Г) асептика және антисептиканы сақтамауы
Д) инфильтраттың пайда болуы
6. Медбике науқастың көк тамырына 10 % - ды кальций хлорид ерітіндісін енгізу барысында ерітінді тері астына кетті. Медбике не істеуі қажет?
А) венаны тауып, ерітіндіні енгізуді жалғастыру
Б) ерітіндіні енгізуді тоқтатып, науқасты палатасына алып бару
В) ерітіндіні енгізуді тоқтатып, новокаин ерітіндісімен блокада жасау,
қыздырма компресс қою
Г) науқасты тыныштандырып, ерітіндіні енгізуді жалғастыру
Д) ерітіндіні енгізіп, ауруын басатын ерітінді енгізу
7. 10 % - ды кальций хлорид ерітіндісін енгізу барысында науқаста қызу белгісі пайда болды. Мейірбике не істеуі керек?
А) ерітіндіні енгізуді тоқтату керек
Б) жылдамдығын көбейту керек
В) жылдамдығын азайту керек
Г) антиперетик ерітінділерді тағайындау
Д) қан препараттарын енгізу
8. Венесекция жасауға көрсетілімдерді көрсетіңіз:
А) шынтақ венаның бүгілуінде флебит бар болса
Б) науқастың беткейлі веналары нашар болса, науқасқа ұзақ уақыт инфузионды
терапия қажет болса
В) науқастың шок жағдайында болу және венаға тез түсу қажеттілігі
Г) көп мөлшерде қан жоғалту
Д) қолында гипс байламы бар болса
9. Венаға тамшылатып енгізудің көрсетілімдерін атаңыз:
А) қан айналымдағы қан мөлшерінің азаюы
Б) улану және жұқпалы ауруларда организмнің интоксикациясы
В) артериалды қан қысымының көтерілуі
Г) су электролит балансының бұзылуы
Д) бүйректің бөлу қызметінің бұзылуы
Дұрыс жауаптар комбинациясын табыңыз:
Д), Б)
А), Б), Г)
А), Г), Д)
Б), В), Г)
В), Б)
10. Көк тамырға дәрілік заттарды енгізуде пайда болатын асқынуларды атаңыз:
А) тромбофлебит
Б) панариций
В) ауа эмболиясы
Г) крапивница
Д) қан айналымдағы қан мөлшерінің көбеюі
Дұрыс жауаптар комбинациясын табыңыз:
А), Д)
Б), Г)
В), Г)
А), В), Г)
Б), В), Д)
Ситуациялық есептер:
Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған. Науқас қолын манипуляцияға дайындау қажет. Науқастың қолын егуге қалай дайындайсыз?
Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған, манипуляция өткізуге медбике қолын қалай дайындауы керек?
Петров есімді науқасқа вена ішіне 10 % - кальций хлорид ерітіндісі тағайындалған. Ерітіндіні енгізу барысында науқас қатты қыздырып ауырсынуға және ине егілген жердің бөрітуіне шағымданды. Не болды? Осы жағдайдағы медбикенің іс - әрекеті.
13. Сабақты қорытындылау. 8 мин (8%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 8 мин (8%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
11 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Венозды катетерлермен жұмыс істеу ережелері.
2. Сағат саны: 270 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: венозды катетерлеумен жұмыс жасау ережелерін үйрену.
тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: науқастың жағдайын бақылау
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)
Көктамырға тамшылатып енгізуге болатын көрсеткіштер және кері көрсеткіштер.
Тамшылатып енгізетін дәрілерді енгізу жылдамдығы.
Тамшылатып енгізуге арналған дәрілік заттар қан препараттары, қан алмастырушылар және оларға қойылатын талаптар.
Тамшылатып енгізетін дәрі – дәрмектерге қойылатын талаптар
Тамшылатып енгізуге арналған жүйені толтыру және жүргізу техникасы.
Дәрі – дәрмекті көк тамырдан тамшылатып енгізу техникасы
Медбикенің және науқастың терісін инъекция алдында тазалау
Пайдаланылған құрал – жабдықтарды тазарту
Науқас жағдайын бақылау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Ауруханаларда науқасқа қан, тағы басқа ерітінділерді құю кеңінен таралған және әртүрлі аурулардың жұғуы да аз емес. Көктамырға препараттарды катетермен құяды. Катетердің тұрған орнына қарай орталықтағы және шеткі катететр болып бөлінеді, ал аурудың жұғуы екі жағдайда бірдей. Катетер ағзаға бөгде зат болып есептеледі, соның себебеінен фибриннің бөлінуі реакциясына ықпал етіп катететрдің ішкі жағына белгісіз қонады, ал фибриннің талшық колониясы ағзаны микробтардан қорғайды. Ағзаның қорғаныс қасиеті төмендесе, онда сепсис немесе көктамырдың қабынуы (тромбофлебит) аурулары пайда болады. Сондықтан асептиканың сақталуына қатаң талап қойылуы керек. Катетер тұрған жер құрғақ және ластанбауы керек және науқасқа ыңғайлы болғаны дұрыс.
Қоздырғыштар адамның терісінде көптеп кездеседі, олар катетердің сыртқы жағынан енеді. Кейде катетерді алғанда микробтар науқастың қолынан немесе терісінен катетердің ішкі жағына жұғады. Шеткі аймақтағы көктамыр катететрі қанға кез-келген уақытта ерітінділерді жіберуді қамтамасыз етеді. Катетердің негізгі көрсетілімі дәрілік препараттарды қанға жиі құю. Орталық немесе шеткі көктамырдағы катетерді асептика және антисептика тәртібін қатаң бақылау керек. Өйткені катетердің көктамырға қосылған жері –бұл жұғудың қақпасы болып есептелінеді.
Катетерде қан ұйып қалмауы үшін, катетермен дәрілер құюдың арасындағы үзіліс кезінде гепарин ерітіндісімен толтырамыз (0,2 мл гепарин-2мл 0,9% физиологиялық ерітінді.) катетерге қан келген кезде (жөтелгенде, орталық көктамыр қысымы жоғарылағанда, науқастың қозғалған кезінде) оны 0,9 физиологиялық ерітіндісімен жуады. Мұндай шараны концентрациясы жоғары ерітінділерді (поликлюкин) құйғаннан кейін жасау керек.
Катетердің орнын әрбір 48-72 сағатта ауыстырып отыруды ұсынады.
Қолдың сыртқы жағындағы шеткі көктамырға катетерді салу суретте бейнеленген.
Инъекцияның орындалу реті:
Бұл шараны жүргізу үшін сыйымдылығы 10-20 мл шприціні аламыз, иненің ұзындығы 50-60 мм, сечениесі 0,8 мм (2 ине болу керек 1 ші инемен дәріні енгізеді, 2-ші инемен флаконнан дәріні сорғызып алады.)
Қолды ағынды сумен сұйық сабынмен жуып, стерильді салфеткамен немесе сүлгімен сүртеміз;
Қолды гигиеналық антисептикпен өңдейміз
Шприціні көктамырға дәрі салуға дайындаймыз.
Сіз науқасқа не істейін деп жатқаныңызды түсіндіріңіз және дәріні салуға келісімін ал.
Салайын деп жатқан дәрінің атын, дозасын, жарамдылығын қателеспеу үшін дәрігердің тағайындаған қағазымен сәйкестігін ұқыпты қарап, флаконнан немесе ампуланың бүтіндігін, мерзімін және мөлдірлігін тексер;
Антисептик батырылған мақта шаригімен ампуланың мойнын немесе флаконның немесе ампуланың бүтіндігін, мерзімін және молдірлігін тексер;
Кішкене арамен ампуланың мойнын арала;
Құрғақ мақта шаригімен ампуланың мойнын сындыр;
Егер флаконды пайдалансақ, онда кішкене металл қақпақшаны қайшымен алып, сол жердегі резеңке тығынды антисептик батырылған шарикпен сүрт.
Қолды гигиеналық антисептикпен өңде;
Шприцті құрастыр, инеден қорғаныс колпачогын алмай-ақ иненің өткізгіштігін тексер;
Ұзындығы 0,5 инені абайлап ампулаға немесе флаконға кіргізіп, дәріні шприціге сорғызып ал;
Дәріні сорғызып алған инені жаңа инемен алмастыр. Иненің колпачогын алмай-ақ өткізгіштігін тексер, шприцтен ауаны шығар, тағайындалған дәрінің мөлшерін шприцке қалдыр.
Науқасты ыңғайлы етіп отырғыз немесе жатқыз, көктамырға инъекция жасайтын жерді киімінен босат;
Қолды барынша жазып, шынтақ астына кленкадан жасалған кішкене жастықшаны қой;
Қолды ағынды сумен сұйық сабынмен жуамыз және стерильді салфеткамен немесе сүлгімен сүртіп, гигиеналық антисептикпен қолды өңде;
Дезинфекциядан өткен қолғапты, қорғаныс көзілдірікті, алжапқышты және масканы ки;
Инъенекция жасалатын жерден сәл жоғарырақтан киімнің үстінен немесе салфетканың үстінен эластикалық бұрама немесе арнайы манжетка қоямыз.
Көктамыр анық көрінуі үшін науқас жұдырығын бір ашып, бір жұмады және бірнеше рет қайталануын сұраймыз, соңғы рет жұдырығын жұмып жатады немесе отырады.
Қолды гигиеналық антисептикпен өңде;
Антисептикке батырылған 3 мақта шаригін аламыз. Алдыңғы екі шарикпен ине салатын жерді бірінен кейін бірімен өңдейміз, үшінші шарикті сол қолдың 4-5 саусағының арасында болады, оны инъекциядан кейін пайдаланамыз;
Шприціні оң қолмен ұстап, сұқ саусақты иненің муфтасына тірейміз. Шприцте ауаның барын не жоғын
Сол қолдың саусағымен инъекция жасайтын жердің сәл төменірегінен теріні тартып бекітіп көктамырды тесеміз.
Әуелі теріні тесеміз, осы кезде инені 30-40 градус бұрыш жасай ұстаймыз, сонан соң бұрышты үлкейте отырып көктамырдың қабырғасын тесеміз. Ине көктамырға түскен кезде ине бос кеңістікке түскен сияқты сезіледі. Содан кейін инені көктамырмен жаналамай ұстап тереңірек итереміз.
Ине анық көктамырда екенін білу үшін, жәйлап поршенді тартамыз сол кезде шприціге қан келсе, онда ине көктамырда болғаны;
Сол қолмен бұраманы жәймен босатамыз және науқастан жұдырығын ашуын сұраймыз;
Егер қан шприцте болса, онда дәрілік препаратты жайлап жібереміз. Шприцте 1-2 мл ерітінді соңында қалу керек.
29.Инені шығарамыз, ине салған жерге антисептик батырылған шарикті қатты баспай жайлап қоямыз. Егер ине салған жерден қан ақса, онда қаттырақ таңамыз.
30. Науқастан шынтақ иілмесінен қолын 3-5 минутке июін сұраймыз;
31. Қолғапты шешеді, қолды ағынды сумен сабындап жуады, бір мәртелік
салфеткамен немесе сүлгімен, содан соң гигиеналық антисептикпен қолын
өңдейді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)
бөлімшелердің емшара бөлмесінде венадан қан алуды үйрену, пункцияларда қатысу.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 40 мин (40%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
