Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мейрбике 3 к 5 сем.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
863.23 Кб
Скачать

Ситуациялық есептер.

  1. Науқастың плевра қуысына диагностикалық пункция жасау керек. Плевральді пункция үшін қандай керекті заттарды дайындау керек?

  2. Таңу бөлмесінде дәрігер тораноцентез жүргізуде. Пункция өткізу кезіндегі медбикенің көмегі қандай?

13. Сабақты қорытындылау. 8 мин (8%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

14. Үйге тапсырма беру. 8 мин (8%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет

10 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы. Тамыр ішіне тамшылап құюдың техникасы.

2. Сағат саны: 270 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: Венаға дәрілік заттарды тамшылатып енгізуге болатын көрсетілімдер мен кері көрсетілімдер және асқынулар туралы теориялық білімді қалыптастыру. Венаға тамшылатып енгізу әдістері мен тәсілдерін меңгеру.

тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

  • дамыту: Науқастың жағдайын бақылау

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

    1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)

  1. Көктамырға тамшылатып енгізуге болатын көрсеткіштер және кері көрсеткіштер.

  2. Тамшылатып енгізетін дәрілерді енгізу жылдамдығы.

  3. Тамшылатып енгізуге арналған дәрілік заттар қан препараттары, қан алмастырушылар және оларға қойылатын талаптар.

  4. Тамшылатып енгізетін дәрі – дәрмектерге қойылатын талаптар

  5. Тамшылатып енгізуге арналған жүйені толтыру және жүргізу техникасы.

  6. Дәрі – дәрмекті көк тамырдан тамшылатып енгізу техникасы

  7. Медбикенің және науқастың терісін инъекция алдында тазалау

  8. Пайдаланылған құрал – жабдықтарды тазарту

  9. Науқас жағдайын бақылау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:

  1. Көктамырға тамшылатып енгізуге болатын көрсеткіштер және кері көрсеткіштер.

  2. Тамшылатып енгізетін дәрілерді енгізу жылдамдығы.

  3. Тамшылатып енгізуге арналған дәрілік заттар қан препараттары, қан алмастырушылар және оларға қойылатын талаптар.

  4. Тамшылатып енгізетін дәрі – дәрмектерге қойылатын талаптар

  5. Тамшылатып енгізуге арналған жүйені толтыру және жүргізу техникасы.

  6. Дәрі – дәрмекті көк тамырдан тамшылатып енгізу техникасы

  7. Медбикенің және науқастың терісін инъекция алдында тазалау

  8. Пайдаланылған құрал – жабдықтарды тазарту

  9. Науқас жағдайын бақылау.

Көк тамырға тамшылатып енгізудің көрсеткіштері

  1. Ағзаның сусыздануы

  2. Интоксиациясы

  3. Бауыр, бүйрек, қант диабеті аурулары кезінде болатын комалық жағдайлар

  4. Коллапс, шок

  5. Күйіктер

  6. Миокард инфарктісі

Келесі ерітінділерді жиі құяды:

    1. Қан және қанды ауыстыратын ерітінділер

    2. Натрий хлорид изотониялық ерітіндісі

    3. 5-10% глюкоза ерітіндісі

    4. 2-4 % сода ерітіндісі және т.б.

Емделушілер тамшылатып енгізу тәсілін ағызып енгізуден гөрі жеңіл көтереді. Енгізілген ерітінді ақырын сорылып, ағзада көбірек қалады, артериялық қысымын онша өзгертпейдіде, жүректің жұмысын ауырлатпайды. Тамшылатып енгізу тәсілі тері асты, көк тамыр мен артерия ішінде болады. Енгіізу үшін бір рет пайдаланатын жүйе қолданады. Олар пластмассадан жасалғаг, зауытта залалсыздандырылған қапшықтың ішіне салынып, қолдану мерзімі көрсетіліп шығарылады.Улы заттары жоқ, апирогендік пластмасса қолданылады.

Жүйені егу жасауға әзірлеу алдында ерітіндінің атын, мөлшерін, қолдану мерзімін, сыртқы түсі өзгерген жоқтығын тексеру керек. Қағазында жазуы анық емес немесе қағазы болмаған жағдайда, ондай ерітіндіні қолдануға болмайды.

Жүйені егу жасайтын бөлмеде құрастырады, енгізуді егу жасайтын бөлмеде құрастырады, енгізуді егу жасайтын бөлмеде немесе жиі палатаның ішінде жасайды. Емделуші ыңғайлы жату керек, қолын жастықтың үстіне қоюға болады, себебі бұл іс-әрекет көп уақытты қажет етеді. Ерітіндіні енгізгенде бүкіл жүйе дұрыстығын тексеру керек. Ерітінді көк тамырға бармай тері астына кеткенде – ісіну пайда болады, жүйенің трубкасы бүгіліп қалғанда немесе ине тромбпен бітелгенде ерітіндінің құюылуы тоқталады. Сондай жағдайларда трубканы түзеп немесе жүйені ағытып көк тамырды басқа инемен тесу керек.

Тамшылатып енгізген кезде емделушіге тағы да дәрілерді енгізу белгіленсе, онда оларды жүйедегі бір ғана резеңке – «егу жасайтын узел» арқылы жасайды. Түтікті алдымен спиртпен өңдейді. Иненің жуандығының диаметрі 1-2 мл аспауы керек.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)

бөлімшелердің емшара бөлмесінде венадан қан алуды үйрену, пункцияларда қатысу.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 40 мин (40%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер: