Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мейрбике 3 к 5 сем.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
863.23 Кб
Скачать

Емханада жұмыс жасайтын медициналық бикенің міндеті

  • Аурудың алдын алу бөлімшелерінде және дәрігерлік кабинеттерде дәрігердің белгілеуі бойынша зерттеу және емдеу шараларын жүргізеді;

  • Дәрігерге емханалық операция кезінде және таңу жасағанда көмектеседі;

Учаскелік дәрігерлік пункттегі медициналық бикенің міндеті

  • Дәрігердің көмекшісі - учаскелік медицианлық бике ретінде дәрігер кабинетін ауруларды қабылдауға дайындайды;

  • Тіркеуші орынынан аурудың емханалық кітапшасының дәрігердің қабылдауына уақытылы әкелінуін қамтамасыз етеді;

  • Зертханадан анализдер мен қорытындылардың алуын қадағалайды;

  • Қабылдау кезінде дәрігердің нұсқауы бойынша аурудың емделуге қажетті қағаздарын (рецепт, талон) толтырады, нұсқама береді;

  • Арнаулы форма бойынша аурулардың картотекасын жүргізеді;

  • Диспансерлік бақлаудағы аурулардың уақытылы тексеріліп тұруларын қадағалап, кезекті мерзімін белгілейді және уақытында қаралуларын қамтамасыз етеді;

  • Ауруды үйде емдеу кезінде дәрігер белгілеген емдік шараларды орындайды:

  • Учаскелік аймақта санитарлық-профилактикалық және індетке қарсы іс- шаралар жүргізеді, жұқпалы аурулармен байланысқан адамдардың температурасын өлшеп, дәрігердің саниатрлық-ағарту жұмысына ықпалын тигізеді.

Аурудың алдын алу емханалық бөлімшелердегі медициналық бикенің міндеті

  • Антрометриялық , қызулық өлшемдер жүргізеді;

  • Артерия және көз іші қысымын, көздің көру және құлақтың есту қабілетін анықтайды;

  • Зертханаға анализдік материалдар алады.

  • Туберкулезге қарсы, тері-соз аурулары, психикалық-неврологиялық диспансерлерінде, балалар және әйелдер конультациялық емханаларында, фельдшер-акушерлік пункттерінде де медициналық бике ауруларға үй жағадайында медициналық қызмет жасайды, дәрігер нұсқауын орындайды.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)

Ауыр халдегі науқастарға күтім жасаудағы медбике қызметінің рөлін, медбикенің кәсіби міндетін, медбике қызметін ұйымдастыруды үйрену

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 40 мин (40%)

Тесттер

1. Мейірбикелердің өзара қарым қатынасының негізі:

  1. критикалық қабылдау

  2. сенімсіздік

  3. коммерциялық бәсекелестік

  4. субординация

  5. толық тәуелсіздік

2. Ятрогенді ауруды тудыратын жағдайлар :

  1. сыртқы ортаға әсер ететін аурулардың ауыр ағымы

  2. медицина қызметкерінің абайсызда айтылған сөздерінен дамиды

  3. науқастың егде жасы

  4. науқастың дәрігерге кеш қаралуы

  5. науқастың дәрілерді дұрыс қабылдамауы

3. Мейірбике инъекция салуға берілген наркотикалық препараттың ампуласын жоғалтып алды.Мейірбикені қандай жауапкершілікке тартады?

  1. Ауызша сөгіс

  2. Жұмыстан шығарады

  3. Әкімшілік

  4. Қылмыстық

  5. Жазбаша сөгіс

4. Аға мейірбикенің міндетіне нелер жатады?

  1. Жауапкершілігі мол манипуляцияны орындау

  2. Бөлмелік мейірбикенің жұмысын бақылау,дәрілік заттарға өтініш жазады

  3. Төсек орынды бақылау

  4. Плевралық пункция

  5. Қан тобын анықтау

5. Мейірбикенің функционалды міндеті.

  1. Емдік қорғау режимін сақтайды

  2. Дәрігер тағайындауын орндау

  3. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек

  4. Жұқпалы аурумен ауырған науқас туралы мемлекеттік санитарлық эпидемиялық орталыққа жедел хабарлама жіберу

  5. Науқасқа рецепт жазып беру

6. Наркотикалық дәрілік заттарды салу кезінде мейірбикенің жанында кім болуы керек?

  1. Науқас туысқандары

  2. Бөлім меңгерушісі

  3. Аға мейірбике

  4. Емдейтін дәрігер

  5. Күтуші

7. Дәрігер науқасқа көк тамырға салатын инъекция тағайындайды,ал дәрінің сыртында бұлшық етке салатын деп жазалғанын мейірбике оқыды Мейірбике не істеуі керек.

  1. Бөлім меңгерушісіне хабарлау

  2. Науқастың туыстарына хабарлау

  3. Науқасқа дәріні дұрыс тағайындалмағанын хабарлау

  4. Емдейтін дәрігерге хабарлау

  5. Дәрігер тағайындауын орындау

8. Мейірбике құпияны сақтаудағы моралдық жауапкершілікке ие емес.

  1. Науқастың денсаулығы туралы ақпарат

  2. Науқастың диагнозы туралы ақпарат

  3. Аурудың болжамы туралы ақпарат

  4. Науқасты емдеу туралы ақпарат

  5. Науқастың рұқсаты мен науқас туралы ақпарат

Ситуациялық есеп

Науқастар дем алып жатқан кезде палатаға медбике кіріп, айқайлап науқасқа дәріні уақытылы ішпегенсің деп ұрысты. Медбике дүрыс істеді ма?

  1. Палатаға каталкамен науқасты жеткізді, бас жағы аяқ жағына қараған. Каталка дұрыс койылғанба ? Палатаға қалай кіру керек.

13. Сабақты қорытындылау. 8 мин (8%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

14. Үйге тапсырма беру. 8 мин (8%)

Н-1, 1 - бөлім, 4 – 154 бет

2 - сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Дәрілік заттардың негізгі топтары : жаздырып алу, сақтау, тарату, қолдану әдістері