Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мейрбике 3 к 5 сем.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
863.23 Кб
Скачать

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Мейірбике ісі анестезиология және реаниматология курсымен кафедрасы

Мейірбике ісі негіздері

пӘні бойынша Әдістемелік өңдеу

Мамандығы: «Мейірбике ісі»

Курсы: 3

Семестрі: 5

Құрастырушы: Әсілбекова Г.Б.

ШЫМКЕНТ 2014

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«_____» ____________ № «____» хаттама

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі _________________________

1 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау.

2. Сағат саны: 270 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практикалық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды медбике еңбегін ұйымдастырумен және кәсіби қызметімен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды медициналық этика және деонтология негіздерімен тәрбиелеу.

дамыту: медбике қызметінің еңбегін ұйымдастырудағы қағидаларды үйрету және кәсіби дайындау барысындағы жұмыс істеу қабілетін дамыта білу.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)

  • Медбике жұмысының кезеңдері

  • Медицинадағы медбикенің рөлі

  • Медбикенің кәсіби біліктіліктері

  • Медбике қызметтерін кәсіби дайындау

  • Емханада медбике қызметін ұйымдастыру

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Медициналық бике - емдеу-профилактикалық мекемелерде (фельдшер-акушерлік, емханалар, денсаулық сақтау пункттері, диспансерлер мен ауруханалар), сонымен қатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, ұйымдарда (Халықаралық Қызыл Крест және Жарты ай) дәрігердің тікелей басшылығымен жұмыс істейтін, медициналық орта білімі бар маман. Медициналық медбике емдеу-профилактикалық шаралар барысында, әлеуметтік-медициналық көмек беру кезінде, сонымен қатар босанатын әйелдерге дәрігерлік көмек беретін, балалар және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде дәрігердің көмекшісі қызметін атқарады.

Бас медициналық бике - тәжірибелі және жұмысты ұйымдастыра білетін қабілеті бар қызметкер. Ол бас дәрігердің тікелей басшылығымен жұмыс істейді.

  • жұмыс барысын оңтайлы ұйымдастыру, орта және кіші медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сонымен қатар олардың жұмыстарына бақылау жасау;

  • ауруханаларда дәрілердің дұрыс сақталуын және олардың есеп-шығындарын қадағалау;

Аға медбике - 50 төсекті аурухана бөлімшелерінің барлығында белгіленетін қызметкер. Ол бөлімше меңгеруішісінің тікелей басшылығымен жұмыс істейді.

  • медциналық бикелер мен санитарларды басқарады - олардың міндеттерін реттейді, жұмыс кестесін жасайды;

  • жұмыс тәртібін қадағалайды;

  • қызметкерлерді емделушілерді күтіп-баптауға үйретеді;

  • жасалынған жұмыс сапасын қадағалайды;

  • шаруашылық бөлімді, медициналық мүлік пен төсек-орынын қадағалайды;

  • дәрігердің жауапкершілігі жоғары нұсқауларын орындайды;

  • диеталық тағамдар мөлшерін жасайды;

  • керекті дәрілерге ұсыныс жасап, оларды палаталық медициналық бикелерге бөледі;

  • аурулардың емделуге келіп-кетулері туралы мәлімет дайындайды.

Шаруашылық-медициналық бике - 40 төсектік ауруханаларда жұмыс жасайтын қызметкер.

  • бөлімдегі төсек-орын жабындыларының, мүлік пен жабдықтардың жағдайына жауапты - олардың қажетті қорының болуын қадағалау, жууды ұйымдастыру, қолданудан шыққан мүлік, жабдықтарды шығысқа шығару; қол астындағы бұйымдардың есебін жүргізу.

Палаталық медициналық бике - бөлім меңгерушісі, ординатор-дәрігер, аға медициналық бикенің нұсқауларын орындайды.

  • өзіне бекітліген аурудың денсаулық жағдайын, ауруының ағымын білуі тиіс, дәрігердің ауруларды қарап өтуі кезінде бірге болуы қажет;

  • ауыр науқастардың жағдайын - тамақ ішіуін, жуынуын, денесінің ойылмауын қадағалау;

  • ауруларға дәрілерін беру, ішіулерін бақылау, дәрі егу, дене қызуын өлшеу, анализ алу.

Кіші медициналық бике - ауруларды күту, санитарлық өңдеу, дезинфекция және күрделі емес медициналық әректтер жасау.

Операциялық медициналық бике - жасалатын операция түріне байланысты қажетті стерильдеуден өткен таңу материалдарын, хирургиялық құралдарды және жабындыларды, дәрілерді алып, дайындайды;

  • асептик және антисептик ережесін қатаң сақтау;

  • операциялық бөлменің ауасының ережеге сай болуын қадағалау;

  • ауруды операцияға дайындайды, операция жасауға қатысады ( құралдар мен материалдарды беріп тұрады), операциядан кейін ауруды палаталық медициналық бикеге жеткізіп, тапсырады;

  • дәрігер бақылауымен ауруға таңу жасайды, гипстік таңуларды дайындайды.

Медициналық бике-анестезист - наркозға және тыныс алуға арналған құрылғыларды, инфузион және трансфузионға арналған заттар мен жүйені дайындайды, анестезиолог дәрігерге көмектеседі, қарқынды терапия палатасында операциядан кейінгі жатқызатын ауруларды күтеді.