Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_1241_sipkerlik_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.12 Кб
Скачать

34.Жүйе ретінде ұжым құрылымы.

Ұжым [ лат. collektivus - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі. 2.(nam.collectivus - жинақтаушы деген сөзінен) - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады

35.Қызметтік іс-әрекетті бағалау ерекшеліктері

Қызметтік іс-әрекетті бағалау –тәрбиелеудің басты құралы болып табылады. Қазіргі кезде әр қызметкердің әлеуметтік белсенділігін және мамандағын дұрыс бағалау басшылықтың ең басты мәселесі. Әр жұмысшы үшін мұндай баға алу – басшалақ оның өзі мен жұмысына қазағушылық танытуының, оны бағалауының, сонымен қатар бос орын бола қалған жағдайда қызметте алға жылжуға үміттене алатынының дәлелі.

Жалақы –жеке шарттың негізінде орындалған қызметкердің жасаған еңбегі үшін , еңбектің ауырлығына, саны мен сапасын сәйкес жұмыс беруші төлеуге міндетті ақы. Еңбекақы төлеу –жасаған еңбек пен сол үшін есептелген еңбек ақы арасындағы қатынасты белгілеу жүйесі.

36. Білім беру нарығында жұмысты бағалаудың ерекшеліктері.

Жұмысты бағалау әр жұмыс орны үшін маңыздылығы бойынша бағаланады. Мамандығы, жауапкершілігі, қажетті міндеттері қарастырылып, одан кейін жұмысты қиындығы мен бағалылығына қарай топтастырады. Жұмысты бағалау деңгейі мекеменің қажеттілігі арқылы анықталады.

Жұмысты бағалаудағы басты мәселелер:

  • қолданылатын критерийді анықтау;

  • әр факторды таразылау;

  • басқаруды жақсарту үшін дәрежелер санын шектеу;

  • оқытуға ықпал жасау;

  • белгілі икемділік мүмкіндіктерін дамыту;

  • бағалаушының алдын-ала ойлануы;

  • қажетті уақыт пен шығындар.

37.Педагогикалық қызметкерлерге қойылатын талаптар

жоғары бiлiм Шығармашылықпен еңбек ететінпедагог, ұжымның барлық мүшелері жүйелі түрде оқыту және біліктілігін жетілдіріп отыруы қажет.

38. Басқарудағы қақтығыстық жағдаятты шешу жолдары.

1. сендіру, көзін жеткізу. Бұл қарсыласы басқаша әрекет істеуге дайын болғанда мүмкін.

2. ережелерді күштеп қолдану.

3. материалды ынталандыру жағдайға байланысты қолданылады.

4. билікті қолдану жағдайға және тек теріс санкциялар (қорқыт унемесе күш қолдану) араласқанда ғана іске асады.

Конфликтологияда жанжалды шешу үрдісін жылдамдататын бірнеше ұсыныстар бар:

  1. келісім кезінде басымдық маңызды сұрақтармен талқылануы тиіс.

  2. Екі жақ та психологиялық және әлеуметтік шиеленісті шешуге тырысуы керек

  3. Жақтар бір біріне өзара сыйластығын көрсетуі қажет;

  4. Жанжалдасушы жақтар өз мақсатында өзара келісім арқылы іске асады немесе әлсіздеу жаққа кеңшілдік жасайды.

39.Ұжымдағы қақтығыстың негізгі функциялары.

  • ақпараттық қызмет. Оның екі жағы бар: дабыл беруші және коммуникативті. Дабыл беруші жағы еңбектің шыдамсыз шарттарына, зорлық-зомбылыққа, қиянатқа көңіл бөле бастағанын білдіреді. Коммуникативті жағы жанжалдасушы екі жақ бір-бірінің қолында қандай құрал-жабдық, әдіс-амал, жоспарлары барын білу үшін ақпарат көзін іздейді.

  • Интегративті қызмет. Өндірістік жанжал, жеке, топтың, ұйымдық көзқарастардың ара-қатынасына әсерін тигізеді. Бұл қызмет жанжалдасушы жақтардың ішкі жағдайы мен олардың өзара іс-әрекетімен байданысты. Яғни, оның мәні басқа топ мүшелеріне жақсылық жасауында;

  • Инновациялық қызмет. Жанжалдың көмегімен ұйымның әлеуметтік, рухани, экономикалық даму жолындағы кедергілерді шешуге байланысты. Дұрыс шешілген жанжал ұйымның психологиялық сипатын жақсартады, және сыйластықты, ұйымдағы ортақ мүшелікке қанағат пен ортақ міндеттердің сәйкестік деңгейін, бедел т.б.белсенділіктің күшеюін туғызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]