Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_1241_sipkerlik_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.12 Кб
Скачать

21.Білім беру нарығындағы қаржы жүйесі.

22.Экономикалық білім беруде кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәні.

Білім беру мекемелері өзін кәсіпкерлікке бейімделе отырып, қайда және қандай аймақта өзінің әрекетін жүзеге асыратынын анықтау қажет. Білім беру мекемелеріне негізінен кәсіпкерлік қызметтің тауарларды өндіру мен қызмет көрсету сияқты түрі тән. Олар өзінің мәні бойынша өндірістік кәсіпкерлікке жатады. Тауар өнімдерін өндіру білім беру мекемелерінің оқу-өндірістік шеберханалар мен қосымша шаруашылықтар сияқты құрылымдық бөлімдерінің негізінде жүзеге асырылады. Ауылдық жерлердің мектептерінде ауылшаруашылық өндірісі (әсіресе жеміс-жидектер мен мал шаруашылығы) шынайы толығымен дами алады. Ал ол өз кезегінде білім беру мекемесін тамақтану өнімдерін алып, өзіндік қажеттіліктерін белгілі бір деңгейде қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Білім беру мекемелері әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді, мысалы білім беру және қосымша қызметтер көрсету.

Білім беру қызметінің түріне мыналар жатады:

-       тұтынушыға бюджеттік қаржыландыру есебінен емес, керісінше қосымша еңбек ақы негізінде келісімшартпен ұсынылатын және мемлекеттік стандартпен немесе сертификатпен қарастырылған білім беру қызметтері;

-       мемлекеттік стандартты құрамайтын және сертификат бойынша білім беру қызметтерінің тізіміне кірмейтін қосымша білім беру қызметтері;

-       оқу, оқу-әдістемелік, оқу-кеңес беру сияқты орталықтар құру;

-       кәсіби білім берудің әр түрлі оқу курстарын ұйымдастыру (жүргізуші, шаштараз, бухгалтер, компьютерлік сауаттылық т.б.);

-       оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар дайындау, шығару және оларды сату;

-       зияткерлік меншік электронды «өнімдерін» (автоматтандырылған оқыту құралдары, бақылау бағдарламалары, электронды оқулықтар, қашықтықтан оқытуға арналған кейстер және т.б.) жүзеге асыру.

Білім беру қызметінің түрімен байланысты емес білім беру мекемелерінің қосымша қызмет түріне келесілерді жатқызуға болады:

-       оқу немесе шаруашылық бөлмелерін, спорттық залдарды, бассейндерді, технологиялық құрал-жабдықтарды, автокөліктерді және компьютерлерді жалға беру;

-       әр түрлі сипаттағы құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындау (білім беру мекемесінің профиліне байланысты);

-       аударма жасау, баспа ісі, сауда-делдалдық сияқты қызметтің басқа да түрлерін көрсету жатады.

23.Қаржылық-шаруашылық іс қағаздарын жүргізудің мәні.

Халық шаруашылықтың барлық салаларының қаржысын басқаруды министрліктерде,ведомстволарда,консерндердің,серіктестердің қаржы бағдарламаларымен бөдімдерін жүргізсе,бірлестіктерде,кәсіпорындарда ұйымдарда қаржылық бөлімдермен қаржылық кызметтер жүргізеді.Кәсіпорындарда,бірлестіктерде қаржылық жұмыстарды дербес қаржы бөлімі жүргізеді.Ал шағын кәсіпорындарда да қаржы бөлімі өткізу ж/е бухгалтерлік бөлімдерге біріктіріліп,қаржылық өткізілу н/е қаржылық бухгалтерлік бөлім деп а/ды.Шаруашылық серіктесінде қаржыныбасқару жоғары органдардың қызметтерімен үйлестіріледі.Ірі кәсіпорындарда қаржыны басқару кәсіпорындардың экономикасына н/е қаржы жөніндегі директор орынбасарларына,қаржы директорына вице-президентіне н/е қаржы менеджеріне жүктеледі

24. Мемлекеттік қаржы саясатының жүйесі.Қаржы саясаты деп мемл.қаржы облысында өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үрдісінде жүргізілетін мақсатты шаралар жиынтығы.Қ.с экон.саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.Экон-ң заңмен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді.экон.категория-экон.өмірдің белгілі бір жағын сипаттайтын ж/е абстрактілі жалпылай түрде болатын біртекті экон.қатынастар жатады.Оларға баға,қаржы,сақтандыру,несие,пайда т.б қаржы экон.категория ретінде экон.заңдарға негізделеді.Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы өткізіледі.Қаржы механизмі-қаржыны жоспарлау,басқару,ұйымдастыру түрлері формалары мен тәсілдерінің жүйесін айтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]