- •2. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •3.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қр ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •4.Қазақстан Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы. Тас ғас ның археологиялық ескерткіштері.
- •5.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
- •6. Қр мемл-к рәміздері. Жасалу тарихы мен семантикасы.
- •7. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
- •11.Қазақ хандығының тарихын оқудың негізгі кезендері: дамуы мен проблемалары.
- •16.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбала ескерткіштері. Антикалық, қытай, ежелгі парсы.
- •17.XXғ басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
- •18.Қр президентінің «Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу,Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»жолдауының және әл-Фараби атындағы ҚазҰу-дың 75 ж арналған басты негізгі қағидалары.
- •19. Хуну, Усун, Кангуй мемлекеттік саяси құрылысының басты белгілері.
- •23. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» (1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» (1824ж) негізінде отаршылдық жүйені жасау.
- •24.”Невада-семей” қозғалысы және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.
- •25. Көне түрік жазуларының ескерткіштері, түріктердің тарихы мен мәдениті туралы жазба деректер.
- •27. Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.
- •28.Көне түріктердің діні мен наным-сенімдері
- •31. Ислам дінінің түрік тайпаларының арасында таралуы. Сопрылық , діни бағытты уағыздаушы Қожа Ахмет Яссауи.
- •34. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында
- •35.18Ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.
- •37. Жүздер және қазақтың ру-тайпалық құрылымы
- •38.Хviii –хХғ басында Қазақстан территориясын әскери казактардың отырлауы.
- •40. Алтын Орданың этносаяси тарихы
- •45. Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.
- •48. 1990Жж жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.
- •49.Мухаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди » еңбегі.
- •52.Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •54. Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір
- •55.Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне байланысты деректері мен тарихнамасы.
- •57. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
- •67.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ақ Орда.
- •71.XXбасиндаги Казакстан халкинин Алеуметтик жане етникалик курилиминин озгеруи
- •73.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі .
- •74.Хiх ғ қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ағымдар . «Зар заман » кезенінің ақындары.
- •82.Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.
- •90.I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
19. Хуну, Усун, Кангуй мемлекеттік саяси құрылысының басты белгілері.
Б.з.б І ғ аяғында Қазақстан далаларында сақтарды ығыстырған жаңа тайпалық одақтар п.б. Олардың бірі үйсіндер. Үйсіндер билеушісінің титулы-Гуньмо. Тілі- ежелгі түркі тілі. Тайпа көсемдері мен рубасылары -Бектер. Басты байлық-мал мен жер. Б.з.б Іғ ежелгі үйсін қоғамында жерлерді жеке меншікке иелену басалды.Жеке меншіктің болғанының тағы бір белгісі-жеке адамдарға тиесілі мүліктің ерекше таңбалармен белгіленуі. Таңбалар дүние мүлікке, үй алдарына салынды. Әскер басшылары мен жоғары лауазымды ақсүйектердің алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Лауазымы төмен үйсіндер тас және қыш саздан жасалған мөр ұстаған. Үйсін қоғамындағы әлеәметтік теңсіздік археологиялық олжалардан айқын көрінеді. Қорғандар көлемі жағынан үшке бөлінеді:1. Үлкен қорған -диаметрі80м, биіктігі 15м 2.Орташа қорған-диаметрі15м, биіктігі 4м.3. Кіші қорған –даметрі 10м, биіктігі 1м. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туыстық қатынаста болды. Олар ұйғыр тайпалары, Енисей қырғыздары, Еділ бойы халықтарымен сауда байланысын жасаған. Қаңлы, ғұндармен жайылым, сауда жолы үшін соғысқан. Үсіндер туралы Қытай тарихшысы Сыма Цян еңдектерінде жазылған, онда үйсін халқының саны 630 мың, үй саны 120мың, әскер саны 180мың болғандығы айтылады.
. 20XIXғ.соңындағы және соңындағы және 20ғ басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайындағы жаңа құбылыстар.
Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы: 1881-1883 жылдары Орыс үкіметінің келісімімен ұйғыр, дүнгендер Жетісу мен Солт.Қырғыз өлкесіне қоныс аударды. Ұйғырлар 45000, дүнгендер 5000. Қазіргі Талдықорған мен Алматы жерінде алты болыстары құрылды. 1897 жылғы санақ бойынша ұйғырлар 55999, дүнгендер 14136 адамға өсті. Жұмысшы қозғалысының басталуы: қазақ жұмысшыларының негізгі шоғырланңан жері тау кен өнеркәсібі. Кейбір өндіріс орындарында қазақтар жұмыс күшінің 60-70% құрап, ауыр еңбектерге тартылды. Қарсылық түрлері: шағым, арыз жазу, өндіріс орындарынан қашу, ереуілге шығу, жұмысшылар мен өндіріс иелері арасындағы қақтығыстар. Жұмысшы ереуілдері: Алғашқы ереуіл 1849 жылы қазанда Көкшетау кен орнында болды, 1891 жылы Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішінде ереуіл ұйымдасқан түрде өттғ. 1893,1895, 1899 жылы Батыс Сібір теміржолында ереуілдер өткізілді. 1899 жылы Омбы теміржолында ереуіл болды.Тау кен өндірісі: Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығ.Орт.Қ.да ашылды. Кен кәсіпшілігінің орталығы Қарқаралы уезі. Химия өнеркәсібі бастамасы Шымкент сантонин зауыты. Алматы өнеркәсібінде жұмысшы әйедер саны 1873 жылы 12% ал 1893 жылы 17,8% болды. Темір жол: 1893-1895 жылдар –Сібір темір жолы салынды. 1893-1897 Рязань Орал темір жолы салынды. 1899-1905 ж. Орынбор Ташкент темір жолы салынды. 1906 жылы іске қосылды.
21. ҚР-ң тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдері. Мемл\к тәуелсіздік туралы декларация. ҚР мем\к тәуелсіздігі туралы заң. 1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ң ыдырау процесі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991ж 1желтоқсан бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 1991 ж 8желтоқсан Минскіде Беловеж келісімі жасалды. Қаралған мәселе, 1922жылғы КСРО-ны құру туралы келісім-шартты жою, ТМД құру туралы келісімге келу. 1991ж 10желтоқсан Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берілді, Қазаз КСР-і Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. 1991ж 13желтоқсан Ашхабат келісімі. Қаралған мәселе, Беловеж кездесуінде қабылданған шешімді қолдау. 1991ж 16 желтоқсанда республика жоғарғы кеңесінің жетінші сессиясында «ҚР-ң мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Бұл құжаттың 1-бабында ҚР-ы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп сипатталды. ҚР-ы: ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырады, территория шекарасы біртұтас, бөлінбейді және қол тигізуге жатпайды. Құжаттың 2-тарауында республика азаматтары тең құқылы деп көрсетілген. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттің қайнар көзі – республика азаматтары. Басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздерң тұратын елдің заңы қайшы келмесе Қазақстанның азаматтығын қоса алу құқығы берілді. Республикадан тыс жерге кеткен қазақтардың елге оралуына қолайлы жағдай туғызды. Мемлекеттің маңызды міндеттері: ұлттық мәдениетті, дәстүр мен тілді қайта жаңғыртып, дамыту, қазақстандық ұлт өкілдері мен қазақтардың қадір-қасиетін нығайту. Құжаттың 3-тарауында мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталған. ҚР-ы және оның атқарушы өкіметінің басшысы – Президент. Құжаттың 4-тарауында мемлекеттің экономикалыө негіздеріне анықтама берілді: меншіктің барлық түрлерінің көптүрлілігі мен теңдігіне негізделетін дербес экономикалық жүйе құрылды, жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңестігі, өсімдік және жануарлар әлемі, экономикалық және ғылыми-техникалық мүмкіндіктер республика меншігі болып табылды. ҚР-ы әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі болып жарияланды. Рес-ң төл меншігі болып табылатын мәселелерді шешуге басқа елдің араласуы оның мемлекеттік тәуелсіздігіне қол сұққандық болып табылады. Тәуелсіз Қаз-ды әлем мем-ң арасында бірінші болып Түрік Рес-ы таныды. 1991жылдың соңына дейін Қаз-ң тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігіжер шарының 30-дан астам елі мойындады; АҚШ, Қытай, Иран, Пәкістан, Канала, Швейцария т.б. 1992ж 2наурызда Қаз-н БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Тәуелсіз Қаз-ң дипломатиясы тарихында алғашқы сенім граиотасын тапсырған – Түркияның Қаз-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Арғын Озпай. 1992 ж соңына қарай тәуелсіз рес-ны дүние жүзінің 106 мемлекеті танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. 1999ж дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатты. 1992ж 4маусымда ҚР-ң мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды, 1992ж 11желтоқсанда ҚР мемлекеттік Әнүраны қабылданды. Осылай, біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлкетімізді орнаттық.
22.Қазақстанның қалалық мәдениеті . Ұлы Жібек жолының тарихи мәдени маңызы. Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз (629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:
Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай.
Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.
Дала жолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі).
Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді:
Батыстан шығысқа бакғытталатын жол
Іле бағытыЕуропа бағытыОрталық және Шығыс Қазақстан бағыттарыҰлы Жібек жолының VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:Құлан қаласы – (қытайша Цзюйлень) қазіргі Луговое селосының орны.
Іленің оң жағалауында қазіргі Көктал поселкесінің орнында Ілебалық қаласы болған.
Іле аңғарындағы үлкен қала – Екіоғыз (Эквиус) қазіргі Дунгановка селосының орны. Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Отырар – көптеген керуен жолдары түйісетін қала. Шауғар (Қара тау) VIIIғ. Деректерінен белгілі.Орталық және Шығыс Қазақстан бағытындағы «Хан жолы» деп аталатын соқпақ бағыты: Тараз қаласы – Талас өзені –Мойынқұм, Бетпақдала – Атасу өзені.
Тауар тасымалы
Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымеен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.
Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б.
Мәдениет пен діннің таралуы
Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:
Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымның дамуы мен даналық патшалығы – Үндістан
Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы – Иран мен Византия
Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыштар аңдар патшалығы – Түрік қағанаты
Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.
Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сайрайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.
Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан X-XI ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.
Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды.
Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Буддитзмді таратуда соғдылар үлкен роль атқарды (б.з. II-IIIғасырлар). Исфиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды.
Христиан діні - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.).
Қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандықты қабылдап, Тараз, Меркеде христиан шіркеулері салынған (VIII-IХ ғ.ғ.).
Манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздің қасиетті кітабында» жазылған. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай – манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы).
Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде). Отырардан еденге қаланған құрбандық шалынатын ошақтар табылды.
Ислам діні VIII-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда кең тарады. Ислам діні алғаш рет қарлұқтар арасында таралған (760ж.). Қарахандықтар 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. XI-XII ғасырларда бұл дін қыпшақтар арасында кең тараған.
ІХ-Х ғасырларда жерлеу дәстүріне өзгеріс енгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болды.
Ең алғаш мұсылман бейіттері Отырардан, Боран қала жұртынан табылды. Х-ХІІІ ғасырларда исламның таралуымен мешіттер, кесенелер тұрғызу басталды. Ең алғашқы мешіттер Кедер мен Күлтөбеде салынған.
Ежелгі кесенелер: Бабаджа хатун, Айша Бибі, Қарахан кесенелері. Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлы Там кесенесі.
Ортағысрлық Жібек жолының маңызы:
Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынгасы күшейіп, бірін бірі байытты.
Қалалар көбейді
Сыртқы байланыс дамыды
|Сауда өркендеді
Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады.
