- •2. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •3.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қр ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •4.Қазақстан Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы. Тас ғас ның археологиялық ескерткіштері.
- •5.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
- •6. Қр мемл-к рәміздері. Жасалу тарихы мен семантикасы.
- •7. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
- •11.Қазақ хандығының тарихын оқудың негізгі кезендері: дамуы мен проблемалары.
- •16.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбала ескерткіштері. Антикалық, қытай, ежелгі парсы.
- •17.XXғ басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
- •18.Қр президентінің «Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу,Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»жолдауының және әл-Фараби атындағы ҚазҰу-дың 75 ж арналған басты негізгі қағидалары.
- •19. Хуну, Усун, Кангуй мемлекеттік саяси құрылысының басты белгілері.
- •23. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» (1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» (1824ж) негізінде отаршылдық жүйені жасау.
- •24.”Невада-семей” қозғалысы және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.
- •25. Көне түрік жазуларының ескерткіштері, түріктердің тарихы мен мәдениті туралы жазба деректер.
- •27. Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.
- •28.Көне түріктердің діні мен наным-сенімдері
- •31. Ислам дінінің түрік тайпаларының арасында таралуы. Сопрылық , діни бағытты уағыздаушы Қожа Ахмет Яссауи.
- •34. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында
- •35.18Ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.
- •37. Жүздер және қазақтың ру-тайпалық құрылымы
- •38.Хviii –хХғ басында Қазақстан территориясын әскери казактардың отырлауы.
- •40. Алтын Орданың этносаяси тарихы
- •45. Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.
- •48. 1990Жж жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.
- •49.Мухаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди » еңбегі.
- •52.Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •54. Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір
- •55.Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне байланысты деректері мен тарихнамасы.
- •57. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
- •67.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ақ Орда.
- •71.XXбасиндаги Казакстан халкинин Алеуметтик жане етникалик курилиминин озгеруи
- •73.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі .
- •74.Хiх ғ қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ағымдар . «Зар заман » кезенінің ақындары.
- •82.Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.
- •90.I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
73.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі .
Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғӘуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.
XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.
Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.
«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.
74.Хiх ғ қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ағымдар . «Зар заман » кезенінің ақындары.
ХIХ ғ екінші жартысындағы қазақ әдебиеті Шоқан, Ыбырай, Абай, секілді кқркем ой алыптары бастап іргесін қалаған жазба әдебиет үлгілерімен молыға түсті. Олардың реалистік , демократтық және ағартушылық бағыттағы дәстүр тағылымы Шәкәрім, Нарманбет, Мәшһүр Жүсіп сияқты ірі ақындар шығармаларынан айқын байқалады. Өнері мен өлең жырлары өзара тең түсіп , халық аузында сал , сері, әнші, сазгер. Ақындар атанған Біржан сал , Ақан сері , Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай т.б өнерпаздар тобының үздік туындылары да осы ғасырдың екінші жартысының үлесіне тиеді .
19ғ бірінші жартысында қазақ қоғамындағы іргелі қзгерістер , бір жағынан , Қоқан хандығының екінші жағынан Ресей патшалығының қазақ елін отарлау саясаты қатысты өріс алды. Махамбет , Шернияз , Сүйінбай т.б ақындар да тайсақтауды білмейтін сыншылдықты берік ұстанды . Олар өз тұсындағы төре сұлтандардың қазақтарды қанаған ірекеттерін сынады. Сөйтіп бұрынғы от ауызды , орақ тілді Қазтуған , Шалкиіз, Жиенбет, Жанақ, сынды жыраулардың сыншылдық дәстүрін жалғастырды. 19ғ алғашқы ширегінен бастап , Ресей патшалығының отарлауы мен феодалдық қысымдарға қарсы қозғалыстар етек алды. 30жылдардығы Исатай ахамбет көтерілісіне байланысты туған Махамбет , Шернияз, т.б ақындардың жалынды жырлары әдебиетімізді күрескерлік мазмұнын дамытты.Бұл кезенде әдебиетте азаматтық сипаттағы саяси әлеуметтік лирика қалыптасты. Дулат, Шортанбай, Махамбет, толғаулары өзінің өзгеше өжет ерлігімен, оқиғаның естен кетпесжанды көрініс бейнелерімен ерекшеленіп, толғау формасын идея жағынан да жаңартып , жаңғыртты. Шернияз бен Сүйінбайдың арнау қлеңдері де осындай жаңалықтармен өзгешеленді. Сөйтіп, қазақ әдебиетінде бұқарашыл реалистік бағыт өріс алды.Өз тұстарының ішінде халыққа аты көп таралған Шернияз ақын болды.Шернияз жырларындағы заман қайшылықтары Алмажан Азаматқызының шығармаларында да аңғарылады. Тарихта қазақ жыраулары мен шешендері хандық дәуір әдебиетінің басты өкілдері болғаны мәлім. Қазақ даласындаотаршылдық өктемдіктің орнығуы халықтың сол заманға деген наразылығын , ашу ызасын өршіте түсті. Осы кезеңде өз халқының тіршілік тынысын , көңіл күйін терең түсінегн Дулат, Шортанбай, т.б. ақындар шоғыры езгіге түскен ел жұртының қайғы қасіретін тебірене толғады. Өздері өмір сүрген заманға наразы үн күшейіп , ақындардың шығармашылығында «зар заман» сарыны алға шыға бастады.Бұл кезендегі әдебиет осыған дейінгі әдебиеттің заңды жалғасы еді.
75.Кеңес үкіметінің орнауы социолистік ревалюция мен коммунистік идеологияның мәні. Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды. 1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік жіне солтүстік аймақтарда бейбіт жолмен. 2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контррнволюциялықкүштер басым аудандарда қарулы күрес жолымен орнады. Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 ж қарашада Петропавлда Уақытша рев Комитет(төрағасы Дубинин) құрылды.Осы жылы қарашада Орынборда атман Дутов контрреволюциялық төңеріс жасап, үкңмет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. «Жетісу әскери үкіметі» де бүкіл үкімет билігін басыр алды. Ең алғаш рет кеңес үкіметі 1917 ж 30 қазанда Перовскіде орнады. 1 қарашада Ташкентте кеңес үкіметі қарулы күшпен орнады. 1917 ж аяғында торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кетті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп, шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде: 1918 ж 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен кеңес орнады. 8 қаңтарда Ақтөбеде орнады. 15-16 қаңтарда Қостанайдағы Кеңестер съезінде бүкіл уезде кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. Оралда кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 ж 15 қаңтарда жеңіп шықты. Орал өңірінде қалыптасқан контрреволюция ошағы сол жылы 28-29 наурызда төңкеріс жасап Кеңес үкіметін құлатты. Кеңес үкіметі осындай өиыншылықтармен Орал өңірінде азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Жетісуда таптық күштер арасында соғыс жағдайы енгізілді. Контрреволюциялық күштер 1917 ж желтоқсанда Верный Кеңесін таратып, большевиктер жағында болған Симбирск жасағын қарусыздандырып, прапорщиктер мектебін ашты. 1918 ж 2-3 наурызда революцияшыл күштер көтеріліс жасап, Верныйда Кеңес өкіметі жеңді. 1917 ж қазан 1918 ж наурыз аралығы Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
76.қыпшақтар:(IX-XIғғ):этносаяси тарихы.Этносаяаси тарихы:қыпшақтар туралы мәлімет алғаш рет 201 жылы көрсетілді. XI ғасырдың екінші ширегінде “Оғыз даласының ”орнына “Дешті Қыпшақ” атауы паида болды . Дешті -Қыпшақтың тарихы-географиалық аумағы –Ертістен Днестрге дейінгі жер.Қыпшақтың этникалық бірлестігі Еділ өзені бойында екіге бөлінді.Батыс Қыпшақ және Шығыс Қыпшақ..Билеушісі-хан.Билікке елбөрі руынан сайлады. Мемлекет екі бөлікке бөлінді∶Оң қанат-орталығы Сарайшық;Сол қанат-орталығыСығанақ.Теңсіздіктің негізі-малға жеке меншікке қол сұғу қатаң жазаланды.Малынан айырылған кедей жатақ деп аталған.Қыпшақтар-XI-XII ғасырларда саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа.Қыпшақтардың көші-қон жолдары туралы араб географы Әл-Омари(XIVғ.)жазған.Қыпшақ тілі қазіргі қазақ тілінің негізін құрады.Шаруашылығымалшаруашылықегішілік.Мәдениеті:қалалардың қалыптасуы, қыш өндірісі , ұсталық , зерігерлік , тоқымашылық , шыны жасау , сұйек өңдеу , металлургияның даму , Жеті суда күміс заттарды шығару .
77.XV-XVIIIғ.қазақ қоғамы: әлеуметтік стратификация, элитарлы топтар Кеңес үкіметі қиындықсыз орнаған Түркістан өлкесінде 1917ж 15-22 қарашада Ташкентте өткен Кеңестердің III съезі мен оның шешімдері де көп жайтты аңғартты. Съезде №1 бұйрықпен Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің орнағаны аталып көрсетіліп, оның 14 адамнан тұратын басшылық құрамы жарияланды. Жергілікті халықтың саяси ұйымының әлсіздігі мен басқару тәжірибесінің жоқтығын сылтауратып, олардың бірден бір өкілі Халық Комиссарлары Кеңесінің құрамына енгізілген жоқ. 1917жылдың 26 қарашасында Қоқан қаласында мұсылман-ң IV съезі шақырылды. Съезд Түркістан (Қоқан) автономиясымен оның жоғарғы органы Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Уақытша Кеңес-ң құрамына 32 адам сайланды. Түркістан(Қоқан) автономия-ң президенті және Уақытша Кеңестің басшысы болып М.Тынышпайұлы, сыртқы істер министрі болып М.Шоқай сайланды. М.Тынышпайұлы қызметтен кеткеннен кейін М.Шоқай орнына оның президент болды. Осылайша Қазақст-ң оңт. қараша- желтоқсанда қос өкімет пайда болды. Түркістан автономиясы мен оның съезі түркістан-ң барлық азамат-н, мұсылман-ды, еврей-ді, жұмысшы-р мен шаруа-ды, өлкені мекендейтін барлық тайпа-р мен халық-ды, саяси, қоғамдық ұйым-ды т.б. түркістан өлкесі төңірегіне топтасуға, аталған міндет-ді орындауға шақырды.Ташкентте және Қоқанда қос үкіметтің орнауына байланысты революциялық және ұлт- азаттық қозғалыс орталықтары пайда болды. Бірақ Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі басқарған революцияшыл үкімет көзқарастарды жақындату жөнінде шара-р қабылдамай кері қадам- оқшаулану мен ұлт араздығын күшейтуге бағытталған шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде 1918ж қаңтарда болған Кеңестердің IV өлкелік съезі Түркістан автономиясын заңсыз деп таныды және жою жөнінде шешім қабылдады. Қызыл жұмысшы-р отряд-ры мен Ташкент горнизоның әскерлері Қоқанға қарсы аттандырылып, 5ақпаннан 6ақпанға қараған түнде қалаға тікелей шабуыл жасалды. Үш күндік жойқын шабуылдан кейін қала алынып, қала халқы қырғынға ұшыратылды, бүкіл қаланы өрт шалды. Көп шығынға ұшыраған Қоқан автономиясының қорғаушылары мен қала халқының бір бөлігі тауға қарай шегініп, парттизандық соғыс тәсіліне көшті.1897ж санақ бойынша қаладағы 120мың халықтан 1926ж 69мыңдай адам қалды.
78.1917ж. Қаақстанның оңт.саяси жағдайлар. Түркістан «Қоқан» автономиясының жариялануыҚазақ-ң әлеуметтік құрылымы туысқандық, отбасы-қ, шаруашы-қ, генеология-қ, саяси, әскери, мәдени және басқа адам-р арасындағы сан қырлы қатынас-ға негізделді, олар өмір-ң барлық сала-ында пайда болып, әлеуметтік құрылым-р мен институт-ң күрделі жүйесін құрды. Ақсүйек-ң ішіндегі ең жоғарғы тұратыны төре-р тұқымы немесе сұлтан-р болды. Олар Шыңғыхан-ң билеуші мұрагер-і бұтақ-ның бірінен тарады. Төре термині Шыңғыс ханның ұрпақ-ң ер адам-ына алатын орны мен атқаратын қызметіне қарамастан берілді. Төре тұқымына сұлтан-р тобы Шыңғыс ұрапақ-ы жатқызылды. Атқаратын қызметі: әскери қолбасшы болу. Олардың барінде «хан таңбасы» деп аталатын таңба болды. Төренің артықшылығы туралы ереже-р болды. Сұлтанға тіл тигізгені үшін 26бас мал айыппұл салынды. Өлтірілген сұлтанның құны жеті қарапайым адам құнына тең болды. Қазақ қоғамының барлық қалған мүшелерінен төрелердің артықшылығы оның бтлер соты емес, хан соты соттай алды. Ақсүйек-ге сейіт-р мен қожа-р жатады. Сейіт-ге Орталық Азияның мұсылман ақсүйек-ң мұрагерлік өкілдері жатады. Олар қазақ даласы мен Орта Азия шектесетін жерінде ислам дінін таратушы болғандықтан халық арасында үлкен беделге ие. Сейіттер әйелдерге ерекше назар аударып қараған, оларды «менің ханымым»д.а. сейіт..дүре соғуға, өлім жазасына кесуге рұқсат етілмеді, жоғарғы билеушілермен қатынастары тең дәрежеде болып, жасаған қателіктеріне мен заңсыз әрекеттеріне ескерту жасай алды. Қожа мұсылман халқ.арасында ерекше топтарының бірі. Қожаның төре мен сейіттерден ерекшелігі олардың ортақ генеологиясы болған жоқ. Олар салықтан босатылды, дүре соғуға және өлім жазасына кесілмеді, тек ауыр қылмыс жасаған жағдайда ғана қожалар жиналысының шешімімен жалпақтығы үш елі белбеумен дүре соғылады. қызметі: уағыз тарату, ислам дінінің этникалық дәстүрін енгізу, зікір салу, бақсы болу, балаларды оқыту т.б. «ақсүйекке» жатпайтын халықтың қалған түрі «қара бұқара халық» деп аталды.
79. Қазақстанның археологиялық деректер бойынша сақ тайпаларының мәдениеті мен дүниетанымы.Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2-ге бөлінеді:
Ерте сақ кезеңі - б.з.б. VIII-VI ғасырлар.
Соңғы сақ кезеңі – б.з.б. V-III ғасырлар.Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер – сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды.Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі:Гректер – азиялық скифтер;Парсылар – құдыретті еркектер;Ирандықтар – жүйрік атты турлар.Сақ тайпаларының негізгі үш тобы:Парадария (теңіздің арғы жағындағы сақтар).Мекені: Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы.тиграхауда (шошоқ бөрікті сақтар). Мекені: Сырдырияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар). Мекені: Мургап аңғары.Б.з.б. VII-IV ғасырлар – сақ тайпалар одағы құрылды.Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық.3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:Жауынгерлер-қызыл түс.Абыздар-ақ түс.Қауым мүшелері-сары және көк түс.Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі – патша.Сонымен бірге сақ патшасы- Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;Малшылардың үйретуші ұстазы;Құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші.Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды.Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.Бұл кезең алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. Vғ.40ж-30ж. жазылған «Тарих» еңбегі) және Полиен деректері:Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің паишайымы Томиристің және оның ұлы Спаргапистің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529ж).Б.з.б. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы.Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы.Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте,Грецияда соғысты. Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті. Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата қаласы салынды.Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нәтижесінде қиратылды.Шаруашылығы: б.з.б. I мың ж. ортасында сақтарда көшпелі мал шаруашылығы кең тарады.Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Бұл дала тайпаларының өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болып саналады.Сақтар мал шаруашылығының үш түрін үйлестірді: Көшпелі мал шаруашылығы – батыс және орталық Қазақстанда.Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс пен Орталық Қазақстанның бір бөлігі,Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде.Отырықшы мал шаруашылығы – Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойында.Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылығы басым болды. Жылқы өсіру маңызды орын алды.Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және шөлейт аудандарында түйе өсіру кең тарады. Тебіндеп жайылуға қабілеті болмағандық ірі қара аз өсірілді.Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты – қой өсіру. Сақтар мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы егіншілікпен айналысты.Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар – Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық-Рабат, Бәбіш-молда қоныстары. Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен өолөнер жоғары дәрежеде дамыдыды.Мәдениеті. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады. Б.з.б. І мыңж. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық жәрмеңке өткізіліп тұрған. Ұ.Ж.Жолының жеке бөліктерінің бағыты: Лазурит жолы. Памир-Иран мен Месопотамия. Нефрит жолы. Қашғария- Қытай. Үшінші дала жолы. Хуанхэ өзені-Алтай-Қаратеңіз жағалауындағы дала-грек, этростар елі (Б.з.б І мыңж ортасы). Ал шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.Б.з.б. ҮІІғ- Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның Оңт. Скифтік – Сібірлік «аңдық стиль» деп аталған өнер пайда болды. Аңдық стиль өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезінде танысқан. Осы жерде алғаш рет «Өмір ағашы» атанған арыстан бейнесі тараған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі есік қорымынан табылған патшаның бас киімінде бейнелеген. Бұлар-күн, қанатты тқрт ат және төрт алтын жебе суреті. Бұл Құдайдың үш әлемгебилік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналған. Сақ патшасы күн бейнелі Құдай дәрәжесінде көрсетілген. Үйсіндер: Архелогиялық екерткіштері, орналасуы, шаруашылығы.Археологиялық ескерткіштер. Үйсіндер оалары салынған уақытына қарай үшке бөлінді: 1) Ерте қорымдар:Қапшағай,Өтеген,Қызылеспе,Қызылауыз,Қызылқайнар.Ерекшелігі: солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеліп салынған, әр тізбекте 5-6 оба бар.2) Орта кезең қорымдары: Өтеген – Қарлақ, Қаратума, Тайғақ, Алтынемел, Талғар, Ақтас.Ерекшелігі: жүйесіз, үш обадан тізбектеліп салынған.3) Соңғы кезең қорымдары: Қапшағай, Шолақжиде,Қалқан.Ерекшелігі: тізбексіз және жүйесіз салынып, қабірлер лақатталып қазылған.Үйсіндердің алғашқы қоныстары Шу алқабында, Қырғыз Алатауының сілеміндегі құлан ауылы маңында салынған. Қаратал кезеңі: (Б.з.бІІІ -Іғ.ғ)Үйсін мәдениетінің дамуының бастапқы сатысы: Қаратал, Қарғалы, Қапшағай, Үңгірқора Қызылеспе, Бесшатыр Өтеген, Қалқан, Ақшқы, Беғаш, Сарытғай, Кеңсай, Бурака, Шелпек.Жетісу кезкңі: (І-ІІІғ.ғ)Үйсін мәдениеті эволюциясының маңызы: Талғар, Ақтас, Сарытау, Ақшоқы, Ұзынбұлақ, Алтынемел, Қызылқайнар, Күрті, Қараша, Ащысау, Шошқалы.Іле кезеңі (б.з.ІІІ-Үғ.ғ) Үйсін мәдениеті дамуының кейінгі сатысы: Ақтас, Үңгіртас, Шолақжиде.Орналасуы: Б.з.б ІІғ үйсін тайпалары орталық Азиядан Жетісуға қоныс аударды. Б.з.б. 160ж үйсіндер тиграхауда сақтарының жерін мекендеді. Үйсіндердің негізгі орналақан жері –Іле даласы. территориясы: Шу мен Талас өзендері-Қартау-Тянь Шань тауы-Балқаш көлі- Ыстықкөл. Мемлкет үшке бөлінген: Шығыс, батыс, орталы (Б.з.б 73ж бұрын)Астанасы Чегучен(Қызыл Аңғар) қаласы. (Ыстықөл жағасы).Шаруашылығы:Үйіндер аруашылығның ерешелігі- мал шаруашылығы егіншілікен ұштастырыла жүргізілді. Мал шарашылығы үсіндер өмірінде маңызды болған, әсіресе жылқ өсіруге ерекше өңіл бөлген. Бай үйсін 4-5мың жылқысы болды.Байлықты негізгі өлшемі-жылқы саны. Үйсіндердің егін шаруашлығымен айналысқандығын суару жүйелерінің болғандығы дәлелдейді. Қарапайым суару жүйелері жоңғар алтауы, Шу Іле бойындағы Шу аңғарында, Қырғыз алатауының Талас аңғарында абылды. Б.з бас кезінде үйсіндерде тырықшылқ болып, ал б.з. ІІІ -Ү ғасырында бау бақша шаруашылығы тәлімі егіншілік түріндеодан әрі дамыған. Үйсіндер мыс, қорғасын қалайы, алтын кен орындарын пайдаланған. Темірді балқытып пышақ, семсер, қаншар, жебе ұштарын жасаған.
Қаңлылар, орналасуы, шаруашылығы және археологиялық ескерткіштері.
Б.з.б. II ғ халықтардың ұлы қоныс аударуы оқиғасының нәтижесінде орталық Азияда п.б. мемлекеттік бірлестік. Орналасуы: Б.з.б Қ-ның оңтүсігіне қаңлылардың тайпалы бірлестігі құрылды. (Б.з.бІІІғ немесеІІғ соңы). Территориясы: Қаратау жасы-Сырдарияның орта ағысы. Қаңлылардың ең негізгі атамекені- Сырдария өзенінің орта ағысы. Асанасы –Битьян қаласы. Халқы-600мың, 120 үй. Билеушнің тулы-Хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның үш уәзі атқарған. Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі бес бөлікке бөлінген. Әр бөліктің кіші хандары болған, олар ұлы ханға бағынышты болды. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді. Қаңлы туралы мәліметер б.з.б ІІ ғасырда Қытай деректерінде кездеседі. Археологиялық ескерткіштері. Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарды қазба жұыстарын жүргізіп, көпдеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды қауыншы, отырар-Қаратау, жетіасар археологиялық мәдениттері деп бөлді. Қауыншы мәдениеті-Ташкент төңірегіндегі аймақ. Бұл мәдениеттің жақсы зерттелегн есеркіші-Сырдария жағалауындағы Шардараа таяу орналасқан Ақтөбе қонысы. Отырыр қаратау мәдениеті- Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаатау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралық. Бұл мәдениет ескертіштерінің маңызды орталығы-отырар алқабы. Арыс өзенінінің сол жағалауынан жиырма шақты төбе табылды: Шаштөбе, Қостөбе, Мардан, Сейітман төбе, Шлтөбе. Ең үлкені-Көкмардан. Бұл қоныстан балшытан жасалған кеспектер табылды. Онда тары, кріш, бидай, арпа, ақбұршақ сақталған. Жетіасар мәдениеті –Қуаңдария мен Жаңадария аңғарлары аралығы. Бұл б.з.б І мыңжылдығының ортасы мен б.з І мыңж.ортасы аралығындағы Арал теңізінің шығыс жағында өркендеген мәдениет. Шаруашылығы: Қаңлы тайпасының негізгі шаруашылығы-көшпелі мал шауашылығы. Асты байлығы-мал. Көбінесе жылқы мен қой өсірген. Мал жайылымы орталық Қ-н далаларына дейін жетті. Қыстаулары-негізінен Сырдария бойы. Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Қаңллар жеріндегі металл өндірсінің орталығы-Шаш-Илақ аймағындағы қоныстар ежелгі Құлата қаласы-металл өңдеудің ірі орталығы.
Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыды. Б.з.ІІ-Үғ қаңлылар күнделікті тұрмысына қажетті барлық өнімдерді өздері дайындған. Қаңлыларда сүйек ұқсату ісі дамыған, сүйекиен пышақ, қанжар, семсерлерге қын жасаған. Қаңлылар ұлы жібек жолының бір тармағын бақылап отырды: Сырдария-Жайық-Еділ бойы-кавказ-Қара теңіз. Отырар алқабындғы Мардан қорымдарынан Қытай теңгелері, Талас аңғарындағы Шоң-Қаңқа қорымынан кушандар мен сасанилердің теңгелері табылды.Қаңлылар Иран, Сирия, Үндістан, Қытай, Қаратеңіз жағалауындаңы елдермен сауда қатынас жасаған. Ғұндар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
Саяси тарихыБ.з.б. І мыңжылдықта Орталық Азияның байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі тайалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайалық бірлестіктер құрылды. Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғындағы қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі (хунну немесе сюнну). Ал европалық жылнамашылар оларды гунни деп атаған. Б.з.б. 206 жылы ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй (б.з.б. 228-174ж.ж.) батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте Саян Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Қытай билеушісі Мөде шаньюйге бас иіп, « Тыныштық және туыстық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрды. Осы кездегі ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэның орта ағысына дейінгі жерлер қосылды. Халқы – 1,5 млн. адам.Б.з.б. 55 жыл ғұн одағы екіге бөлінді:
Оңтүстік бөлігі Хань империясына бағынышты болды (шаньюй Хуханье).
Солтүстік ғұндар Монғолияның солт.батысындағы Қырғыз Нұр көлі маңына ордаларын орнатты (шаньюй Чжи-чжи Оңтүстік және солтүстік арасындағы өзара қырқыстан кейін, Чжи Чжи басқарған солт. ғұндар Солт. Монғолия, Шығыс Түркістанға қарай қоныс аударды.Б.з.б. 47ж солт. ғұндар Тянь Шаньнан өтіп, қаңлылармен көрші болды.
Чжи Чжи шаньюй үйсіндерге қарсы қаңлылармен әскери одақ құрды. Олар үйсіндерді жеңе алмағандықтан, өзара жанжалдасып, Чжи Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына кетіп, екі жыл бойы сол жерде қала салдыртты (б.з.б. 37-36 ж.ж.).
Чжи Чжи өз қаласын қорғауда Марка Крас армиясының римдік жауынгерлерін пайдаланды. Ғұндардың күшеюі Қытай империясын алаңдатып, жорыққа дайындалады. Шайқастың салдары:Ғұн әскері талқандалып, қала қиратылдыЧжи Чжимен бірге 1518 адам тұтқынға түсіп, қатал жазаланды.1200 жауынгер Қытайдың қол астындағы Ферғана және үйсін билеушілеріне сыйлыққа берілді.Б.з. 93 ж ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы болды. Ғұндар Сырдарияға, Арал жағасына, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті.Б.з. IV ғасырда оңт.Орал даласына, Дунайға жетіп, «ғұндар» деген атпен Венгрияға қоныстанды.Ғұндар тарихы, әсіресе, жауынгершілік жорықтармен белгілі. Аты аңызға айналған үлкен ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясаткер, айлакер дипломат Аттила (410-453) басшылығымен ғұндар еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген. Б.з. V ғасырдың ортасы Аттила әскері Шығыс Рим империясын жеңді. Оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бурнгундия билеушілері балаларын оқуға, тәрбиелеуге жіберіп отырған.Еділ патша тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті:Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал жасадыҒұндарды әскери демократиялық құрылыс нығайды.451 ж Аттила әскері Галлиядағы Каталаун даласында рим франк соғыс одағымен шайқасты452ж Аттила Италияны ойрандап, Падуя, Милан қалаларын алды.453 ж Еділ қайтыс болғаннан кейін ғн империясы ыдырай бастадыҚазақ ғалымдарынан Атила (Еділ) туралы алғаш рет жазып, ғылымға енгізген Шоқан Уәлиханов. «Пайғамбар» деген өлеңде «ғұн – түркілердің арғы атасы» деген тұжырым жасаушы Мағжан Жұмабаев.Ғұндардың Қазақстан жеріне енуіне байланысты тайпалардың түріктенуі басталған. Жетісу мен Оңт.Қазақстан тайпаларының антропологиялық сипаты – монғолоидтық (б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысы).Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан б.з.б. І ғасырдың соңы мен б.з. І ғасыры аралығында келді. Бұл «халықтың ұлы қоныс аударуы» атанған тарихи оқиғамен тұспа тұс кезең.ШаруашылығыҒұндар өмірінде мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы жазы тебіндеп бағылған. Жылқы ерекше маңызды орынды алды.Ғұндарда сонымен қатар егіншілік пен аңшылық та дамыған. М.Қашғари (ХІ ғ.) ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын жазады. Баспанасы киіз үй. Ошақ тастан қаланып, оның үстіне қола қазан орнатылған. Ғұндар ошақты қадір тұтқан.
Тарих ғылымында ғұн шаруашылығының жүйесі алғашқы қауымдық немесе экстенсивті мал шаруашылығы деп сипатталады.Мәдениеті
Ғұн, үйсін мен қаңлы мәдениеті сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушы болды. Мемлекеттердің жас уақытынан бері темірден жасалған бұйымдардың, қарапайым тігін станогының және аған өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші болды.
Ғұндарға жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істегі тас қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Осылайша қаруланған олар қарсыластарын талқандап, қалаларды оңай жаулап алды.Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқа бір түрі үлкен күйме арба. Оған өгіздер мен түйені жеккен. Үлкен арбаның ішіне иесінің жағдайына қарай төсеніш және киіз төселген. Түтілген жүн осы жерде өндірілсе, жібек матаны Қытайдан малға айырбастап әкелген.
Қазіргі таңдағы тарихшылардың ғұн үйсіндерді қаншалықты отырықшы мәдениет өкілдері деп сипаттағанымен, б.з.д. І мыңжылдықта ғұн үйсін этносы көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшпелілердің перифериясы негізінде қыстау тұрақтар ретінде, отырықшылар мен жер өңдеушілерің оазистері болды. Кейбір тұрақтар бекініс қалашықтар түрінде болды. Мысалға ғұндарда Сібір тұрақтары. Рим тарихшысы Прийск Паннониядағы Аттиланың ордасын сипаттады. Оның айтуы «алып қала», «сарайдың көлемі мен бірдей биік дуалмен қоршалды». Бұл бүкіл варвар әлемін қолында ұстаған Аттииланығң сарайы болған және жаулап алған қалаларды да бұндай сарайға айналдырғысы келді. Ерте көшпелілердің бейіттері өзеннің жағасында орналасқан. Олар көш қоныс бойында салынып, көбінде кішігірім қорғандардан тұрды. Ғұн кезеңінің «дың» типтес ең әйгілі ескерткіш кесенелері: Қозы Көрпеш Баян Сұлу, Домбауыл, Теке.
80. Қазақстанда отарлау режимин орнықтыруға бағыттылған патшалық реформалар.Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 ж Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғ 60 ж – қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды: Батыс облысы, орталығы – Торғай; шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы. Бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 ж – Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 ж 5 маусым – II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін өз пікірлерін ұсынды. Халықтың өзін - өзі басқаруы негізінде құру. Әлеуметтік – экономикалық жаңалықтар енгізу. Алайда Ш. Уәлиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады. 1867 ж 11 шілде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 ж 21 қазан – «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережеге» бекітілді. Әкімшілік басқару құрылымы. Генерал – губернаторлық (басқарушысы - генерал) : Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан. Облыстары (басқарушысы әскери-губернатор) : Орынбор, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария. Уездер (басқарушысы уезд бастықтары) : Орал, Атырау, Көкшетау, Елек, Түркістан, Баянауыл, Қапал, т.б. Болыстар: 1 – 2 мың, кейде 3 мың шаңырақ, (басқарушысы – болыс сұлтаны). Ауылдар 100 – 200 шаңырақ; (басқарушысы – ауыл старшыны). Әкімшілік басқару құрылымы 5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл реформаның қазақтардың рулық құрылымына кері әсер еткен буыны - әкімшілік ауылдар. Реформа бойынша Жетісу облысы ашылды. Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Уезд бастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал – губернаторлар тағайындады. Генерал – губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды. 1870 ж Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді. 1872 ж Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал – губернаторлығы Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді. Әскери – губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице – губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру. Шыңғыстың тұқымдары – сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Сырдарияда полициялық және басқару билігі ақсақалдарға берілді. Облыстық Әскери – губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды. Әкімшілік басқару әскери сипатта болды: Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді. Болыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иеленді. Реформаның басты қағидасы - әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы. Сот ісін басқару құрылымы: Әскери сот комиссиялары, уездік соттар, билер мен қазылар соты. Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери – уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери – губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты – отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ескі шариғаттық салттаодың шектелуі. Реформа нәтижесі: Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты; феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады; таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптасабастады; отарлық басқару күшейді; қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды; орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды. 1867 -1868 жж реформалар екі жылға уақытша енгізілгенімен, бұл «тәжірибе» 20 жылға созылды.
81. Қазақ ауылын отырықшыландыру мен ужымдастырудың қайғылы нітижелері. 20ғ 30ж ашаршылық.Партияның ХV съезі ауыл аруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.(1927ж.желтоқсан) негізгі ұстанымдар: еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік, ұжымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932ж.көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929ж. Алғ. МТС-тер құрылды ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8000 жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңшылдықтар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:
- қатал жаппай қуғынлаумен террорға негізделді.
- даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.
- әкімшілшк күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
- шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.
Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырд: 1928ж.-2%, 1930ж.- 56,4%, 1931ж.қазанда – 65%. Азық-түлікпен қамт/з етудің қиындауына байланысты 1929ж. «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: шұбартау ауданында малдың 80%-і мемлекетке өткізілді. Балқаш ауданында 297 000 малға салғырт салынды. (ауданда 173 000 мал болған). Торғай ауданында 1млн.мал басынан салғырт салдарынан 98 000 ғана қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды.колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатаң жазаланды: 1929ж.56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931ж. 5500 отбасы жер аударылды. 1929-33жж. ОГПУ (бшріккен мемлекттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386адам, 3-10жыл концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды. 1933ж. Саяси басқарма үштігі 21 000 адамды қамауға алды.
1930ж. 30мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110 000га жер бөлді.мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-32 жж. Аштық жайлады. 1932ж.ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-і , жекешелердің 51,8%-і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5млн. Мал болса, 1933ж.1қаңтарда 4,5млн мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: 1930ж. – 313 000адам, 1931ж. – 765 000адам, 1932ж. – 769 000 адам қайтыс болды.
1930ж.қаңтар – 1931ж.маусым аралығы – 1млн. 70мың адам Қытай,Иран,Ауған жеріне көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары:1930-33жж. 2,1млн.адам қырылды(барлығы 6,2млн.адам)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж.ғана қалпына келтірілді.
1930-32жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
