- •2. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •3.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қр ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •4.Қазақстан Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы. Тас ғас ның археологиялық ескерткіштері.
- •5.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
- •6. Қр мемл-к рәміздері. Жасалу тарихы мен семантикасы.
- •7. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
- •11.Қазақ хандығының тарихын оқудың негізгі кезендері: дамуы мен проблемалары.
- •16.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбала ескерткіштері. Антикалық, қытай, ежелгі парсы.
- •17.XXғ басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
- •18.Қр президентінің «Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу,Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»жолдауының және әл-Фараби атындағы ҚазҰу-дың 75 ж арналған басты негізгі қағидалары.
- •19. Хуну, Усун, Кангуй мемлекеттік саяси құрылысының басты белгілері.
- •23. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» (1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» (1824ж) негізінде отаршылдық жүйені жасау.
- •24.”Невада-семей” қозғалысы және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.
- •25. Көне түрік жазуларының ескерткіштері, түріктердің тарихы мен мәдениті туралы жазба деректер.
- •27. Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.
- •28.Көне түріктердің діні мен наным-сенімдері
- •31. Ислам дінінің түрік тайпаларының арасында таралуы. Сопрылық , діни бағытты уағыздаушы Қожа Ахмет Яссауи.
- •34. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында
- •35.18Ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.
- •37. Жүздер және қазақтың ру-тайпалық құрылымы
- •38.Хviii –хХғ басында Қазақстан территориясын әскери казактардың отырлауы.
- •40. Алтын Орданың этносаяси тарихы
- •45. Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.
- •48. 1990Жж жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.
- •49.Мухаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди » еңбегі.
- •52.Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •54. Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір
- •55.Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне байланысты деректері мен тарихнамасы.
- •57. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
- •67.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ақ Орда.
- •71.XXбасиндаги Казакстан халкинин Алеуметтик жане етникалик курилиминин озгеруи
- •73.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі .
- •74.Хiх ғ қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ағымдар . «Зар заман » кезенінің ақындары.
- •82.Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.
- •90.I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
67.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ақ Орда.
Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде 13 – 15 ғ басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда мемлекет Алтын Орданың құрамында болды. Ақ Орданың негізін қалаушы Орда Ежен (Жошы ханның үлкен баласы). 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғарғы сатысына жетті. Ақ Орданың территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солт. шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Ірі қалалары: Сығанақ, Йассы, Сауран, Жаркент. Астанасы Сығанақ. Халқы өзбек қазақ. Алғашқы ханы: Сасы Бұға ( 1309- 1315). Мұрагері Ерзен хан. 1315 – 1320 жж қала өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды, ислам дінін нығайтып, мешіт медреселер ашты. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIVғ. Екінші ширегінде Ерзен мен Мүбәрәкқожа тұсында басталды.
Мүбәрәкқожа хан (1320-1344) Алтын Ордаға бағынбай, дербес саясат жүргізуді ойлады.
1354-1364 жылдар аралығы билік үшін тартыста он екі хан қаза тапты.Орыс ханның (1364-1375) кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ол 14 ғ 70 ж Астраханьды,(Қажы – Тарханды), 1374 – 1375 жж Сарай – Беркені алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Ақ Ордаға Мәуреннахр билеушісі Әмір Темір қауіп төндірді. Орыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісінің баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жіберді. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір Мәлікті жеңіп, Ақ Орда билеушісі болады. XІVғ. 80жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады. 1395 ж. Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Сарай Беркені қиратты. 14ғ. аяғы 15ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. 1423-1428 жылдар Ақ Орда Орыс ханның немересі Барақ билік етті.
1428 ж. билікке Шайбан ұрпағы Әбілхайыр хан келді.
68. XIX ғ.Қазақстандағы дәстүрі және білім беру жүйесі. Ы.Алтынсаринның педогогикалық қызметі. Халықтың сауаттылығы. XIX ғ-дың ортасына дейін қазақ балаларын оқыту – құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбінесе оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде негізінен ер балалар оқыды. Мұның өзі әйелдер сауатсыздығының жоғарғы дәрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Мысалы, 1884 ж. Верный, Қапал және Сергиополь уездерінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала және бар болғаны 17,3 мың қыз балалар оқыды.Қазақстан халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897 ж. халық санағын жүргізу барысында, ол ең алдымен сұралғандардың орысша оқи білетіндігін ғана жазып белгілегенімен, айқын аңғарылады. Ана тіліндегі сауаттылық сұраққа жауап қайтарушы орысша оқи білмейтінін айтқан жағдайда ғана белгіленді. Алайда санақ материалдары жекелеген халықтардың сауаттылық дәрежесін қамтып көрсете алмады. 1897 ж. санақ материалдары бойынша өлке халқының 8,1%-ы ғана сауаты барларға жатқызылды, еркектердің сауаттылары олардың 12%, әйелдердің сауаттылары 3,6% құрады. Әліппелік сауаттылықтың біршама жоғары дәрежесі қоныс аударушылардың негізгі бөлігі тұратын солтүстік-шығыс губернияларынан байқалды. Қазақстан халқы сауаттылығы дәрежесінің шындап артуы XX ғ. басында да бола қойған жоқ: мектеп жасындағы әрбір 10 баладан тек бір бала ған мектепке барды.Мектептік және кәсіптік білім беру. Қазақстандағы халық ағарту ісі 2 бағытта: діни және жәй азаматтық бағытта дамыды. Діни бағыттағылары балалар ата-аналарының қаражатымен ұсталған мектептер мен медреселер болды. Олардағы оқу араб алфавиті бойынша жүрді. XIX ғ. өзінде Ш.Уәлиханов негізінен алғанда татар молдалары ұстаздық еткен ауыл мектептерінің ауыр жағдайы туралы ашына жазды: «Таңқаларлық бірбеткейлік, өлі схоластика және бірде-бір нақты ой-пікірге құрылмаған оқу», - деп бағалады.XX ғ. басында мектептер уақыттың өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Діни мектептерді қайта құру жолындағы қозғалыс басталды. Оны ұйымдастырушылар жаддашылар болды. Олар оқытудың әріп құрастыру тәсілін дыбыстық тәсілмен алмастыруды ұсынды, мектептерде азаматтық пәндердің – арифметиканың, географияның, жаратылыстанудың, тарихтың және басқаларының оқытылуы керектігін дәлелдеді. Соған қарамастан оқытудың жаңа тәсіліне көшкен мектептер көбейе қоймады.Діни білім беру жүйесінде медресенің ықпалы зор болды. Олар молдалар, мектеп оқытушыларын даярлады және міндетті түрде мешіттер жанында жұмыс істеді. Медресенің үлгісіне қарай олардағы оқу мерзімі – 3 жылдан 4 жылға дейін созылды. Олардың шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философиядан, астрономиядан, тарихтан, лингвистикадан, медицинадан, математикадан мағлұматтар алды.Бұл ортадан қазақ мәдениетінің А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Б.Майлин және басқалар сияқты аса ірі қайраткері шықты.Азаматтық сипаттағы жай оқу орындары өлкенің Ресейге қосылғанынан кейін ашылды. Олар отарлық аппарат үшін шенеуніктер, тілмәштәр, мұғалімдер, дәрігерлер даярлады. Мысалы, 1786 ж. Омск қаласында Азиаттық мектеп, 1789 ж. Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындары балаларды, соның ішінде қазақ балаларын да тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы) мамандыққа үйретті. Әскери мамандарды және әкімшілік шенеуніктерін 1825 ж. Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 ж. негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады.
Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жәңгір ханның инициативасымен 1841 ж-дан жұмыс істей бастады. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ісләм дінін оқып-үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласында Шекаралық комиссия жанынан ашылған 7 жылдық мектеп болды.1850 ж. осы Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген 19 жыл ішінде ол 48 адамды оқытып шығарды. 1857 ж. бұл мектепті Ы.Алтынсарин табысты бітіріп шықты.XIX ғ. 3-ші бөлігінде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ және орыс-жергілікті халық училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының ролін атқарды. Бөкей Ордасында ересектер мектептері құрыла бастады. Олар 2 класстық курсты бітіріп, мұғалім болды. 1898 ж-дан 1914 ж. дейін Қаз-дағы бастауыш мектептердің саны 29,1 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті.Орта оқу орындарының реальдық училищелердің, ерлер мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 ж. олар 12 ғана болды. Бұларда 4 мың шәкірт білім алды.Мектеп ісін жолға қоюда қыз балаларға білім берудің дамуы прогрессивті құбылыс болды. Ы.Алтынсариннің күш салуымен 1887 ж. Ырғызда қыздар училищесі ашылды. 1890 жж. орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде жұмыс істей бастады.
1896 ж. қарай бұларда 211 қыз, соның ішінде 70 қазақ қызы оқыды. Қазақ қыздарының білім алуға кеңінен тартылмауына әйелдердің құқықсыз жағдайы және ісләмнің кертартпалық дәстүрлері негізгі кедергі болды.Бастауыш және орта оқу орындары шәкірттерінің құрамында қазақ балаларының саны шамалы ғана болғанды. Айталық, 1911 ж. Верный ер балалар гимназиясында 316 орыс және бар болғаны 10 ғана қазақ баласы оқыды. 1912 ж. мәліметтер бойынша Сырдария обл-да 56 орыс жергілікті-халық училищесі болса, оларда 3 мың жергілікті тұрғындардың балалары білім алды. Ал бұл олардағы барлық оқушылар санының 2% ғана құрады.Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихында Ы.Алтынсарин терең із қалдырды. Ол Қостанай обл-да дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылып, атасы – Орынбор шекаралық комиссияның әскери ағаманы Балқожа Жаңбыршин бидің қолында тәрбиеленді.Мектепті бітіргеннен кейін Алтынсарин 3 жылдай осы атасының қол астында кеңсе қызметкері болып, онан соң Орынбор басқармасында тілмәш болып жұмыс істеді. 1860 ж. облыстық басқару Орынбор басқармасында (Торғай) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды және мұны соған орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады.
Ағартушылық идеяларымен жігерленген ол ауылдарды аралап, халыққа азаматтық білім берудің мәнін түсіндірді. Қазақ жұртшылығынан қаражат жинастырып, ол мектеп үйін салуға кірісті. Ол салдыртқан жаңа мектептің ашылу салтанаты 1864 ж. 8-қаңтарда өтті. Оның мектебінде оқуға 16 бала жазылды, мектеп жанынан сол балалар жатып оқитын интернат ашылды. 1869 ж. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші қызметіне орналасты. Онан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уездік судья міндетін атқарды. Қызмет бабымен ол ауылдарда болып, болыс басқарушысы мен ауыл ағамандарының сайлауына қатысып жүрді. Сол сайлауларда дауысты сатып алушылыққа, парақорлыққа және қиянат жасаушылыққа жол бермеуге тырысты. Онысына наразы болған байлар мұның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және ішкі істер министріне шағымдар түсіріп, оны 1868 ж. «Уақытша ережеде» белгіленген сайлау жүргізу тәртібін бұзды деп кінәлады.1879 ж. Ы.Алтынсарин инспекторлық қызметке тағайындалды. Оның бастаушылығымен және тікелей қатысуымен Қаз-да халықтық азаматтық мектептер тармақтары, атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында орталық училищелер құрылды. Осы мақсатпен ол Торғай обл-ң қазақ ауылдарын аралады, халықтан қаржы жинады, ал сонан соң Ырғыз, Николаевск, Торғай және Илецк уездерінде 2 кластық орыс-қырғыз училищелерін ашты: оларды мұғалімдермен және оқушылармен қамтамасыз етті. Алтынсарин училищелерді жабдықтауға, әрбір мектеп жанынан кітапханалар құруға ерекше көңіл бөлді. Жергілікті халық арасынан мамандар даярлауға ерекше маңыз беріп, ол қолөнеркәсіптік және ауылшаруашылық училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсады.
Ы.Алтынсариннің өзі орыс-қазақ мектептерінің оқушылары үшін 2 оқу құралын: «Қырғыз хрестоматиясын» және «Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне бастапқы нұсқауды» жазды. Орыс классиктерінен аудармаларында, қазақ тіліндегі өз шығармаларында ол демократиялық ағартушылық идеяларын насихаттады, ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту үшін қазақ әдеби тілінің қалыптасуы саласында жемісті еңбек етті. Білімді адам ретінде Алтынсарин этнографиямен әуестенді, қазақтардың ауыз әдебиеті туындыларын жинап, жүйеге келтіріп отырды.Алғашқы кәсіптік оқу орындары 1879 ж. құрылған Түркістан мұғалімдер семинариясы мен Орынбор қазақ мұғалімдер мектебі (1883 ж.) болды. Кейіндері мұғалімдер семинариялары Ақтөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары 300 қазақ мұғалімін даярлады.XIX ғ. ауылшаруашылық, фельдшерлік мектептер ашылды, оларда орта білімді мамандар даярланып шығарылды. Тек Брровской орман техникумының бір өзі ғана 1889 ж-дан 1917 ж. дейін 163 маман әзірледі. Қазақстанның кәсіптік оқу орындары уақыт қажеттілігін қанағаттандырмады. 1914-1915 жж. оқу жылында 7 орта арнаулы оқу орындарында 352 адам ғана оқыды. Бұл Ресей жоғары оқу орындары студенттерінің жалпы санының 1%-не де жетпейтін еді. Бүкіл өлкеде бір де бір институт пен университет болмады.
69.Социализмнің тоттық әкімшілік жүйесі және 20ғ40-50жж Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір. Е. Бекмаханов ісі. Соғыстан кейін Әкіммшіл-әміршіл басқарудың әдістеріне қоғам санасына дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті:
Адам бостандығын аяққа таптау.
Еңбекшілерді еңбек құрралдарынан ажырату.
Еңбекшілерді саясаттан және биліктен ажырату.Жеке басқа табыну үстемдігі.
Мына жүйені таратып айтсақ халық санасын байлау еді.Комунитсік партияның жетекшілік рөлі артып, қоғамның түрлі салаларына араласты. 40-50 жылдары Сталинизм идеологиясы күшейді.1939 жылы партияның XVIII съезінде Сиалиндік қағиданы жоспарлау комитетінін басшысы Н.А Вознесенский патия стратегиясының басшылығына алатын болып жариялады.20 жыл ішнде халыққа комунизмнің басы басталатынын тұжырымдады.Комунизм түсінігі Еуропа ғалымдары түсіндіруі боцынша Комунизм утопистік идея еді.Комунизмге өтудің нағыз ғылыми ойы болмады.Керісінше көз байлаушылыққа айналды.Себептері:
Ғылымға жат , тұрпайы пікірлермен алмастырылды.Ел өндірісі статистика тек сандық көрсеткіштерге ұмтылды.
50 жылдарда нақты комунизм өмірі көрінбегендіктен Сталин екінші ойды тұжырымдады: «Социялизм дамыған сайын – тап күресі күшейе түседі»«Халық жауларына» , «социялизм жауларына» қарсы әрекеттер үздіксіз жүргізіліп отырды. Соғыста тұтқынға түскендер қашқын болып есептеліп, өндірстегі апаттар кәсіби төмен мамандарды «халық жауларының» әрекеттері саналып, жазықсыз құрбандарға айналып отырды. Әсіресе осы жағыдай Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырданды ұзақ күн » шығармасында орын алды.
50 жылдары «жылымық жылдарында » бірнеше ажғымды әрекеттер болды:1953 КОКП-ның съезінде Қуғын-сүргіннің ұйымдастырушысы, авантурист Л.П. Берия қамуға алынды.Комунстік партия қатарынан шығарылды.1956 жылы Н.С. Хрушщев КОКП-нің XX съезінгде «жеке басқа табыну және оның зардаптары » баяндамасы жарияланды.
Баяндама Хрущевтың өзінің әрекеттерін жасырып, Молотов, Каганович,Ворошиловиы қорғады.Баяндама халыққа жарияланбады.Тек 35 жылдан кейін «Известия » газетінде баяндаманы ң толық мәтіні жарияланды.Хрущевтың бастауымен 1953-1955 жылдары ГУЛАГ жойылып, ондағылар азат етілді.Қорғамды басқару формасы «жоғарыдан төменге » принципіне сүйенді.Ендігі жерде «халық жауы » орнына «өзгеше ойлайтындар» айыбы тағылды. Шығыс Қазқстанның қарапаиым мұғалімі М. Елікбаев Хрущевқа Қазақстанның қазіргі хал ахуалы туралы хат жазады. 1957 жылы Елікбаев партия қатарынан шығарылып,жындыханаға жатқызылады. КСРО бойынша «өзгеше ойлайтындар » саны 90000 ға жетті.50 жылдарда прогресшіл бастамалардың іске аспау себептері:
Саясатты жүзеге асырудың ғылыми негізі болмауыХрущевтан бастап Кеңес басшылығының білімі мен саяси мәдениетінің төмен болуы.Хлықтың санасының жоғарлатуына ұмтылмауы.
70. Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы. Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азияның территориясына жасаған жорықтары еді. Бұл жорық оларға Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорықтарына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият дайындалған еді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған монғол отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан хан Қойлықтағы қарақытай наместнигін өлтіруге бұйрық беріп, өзі Шыңғыс ханның қол астындамын деп жариялайды. Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Найман басшысы Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргенен кейін монғол қолбасшысы Жебе жаршылар арқылы хабарлатып, әскерлерге бейбіт тұрғандардың мүлкіне тиісуне тйым салынсын, ал мұсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету правосы қайтарылсын деп бұйрық береді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік қазақстан емн орта Азияға жол ашылды. Басып кіруге «Отырар опаты» деген жағдай себеп болды. Шыңғыс хан Орта Азияға Омар-Қожа Отрари, Жамал Марағи және бақа көпестер басқарған сауда керуенін жіберді. 500 түйесі бар керуенде монғол жансыздарынан қоса есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп дадамы бар керуен 1218 жылы Отырарға келеді. Отырар әміршісі Қайыр хан Иналшық көпестерді жансыз тылшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды.Шыңғыс хан Қайыр ханды қолыма бер деп талап етеді, бірақ хорезмшах бұл талапты орындамай, елшілерін өлтіріп тастайды. Осының өзі Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. Шыңғыс хан орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Жорық 1219 жылы қыркүйек айында Ертіс жағалауынан басталды. Отырырға таяғанда монғол басшылары өз күштерін былай бөлген еді: Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түмендер Отырарды қоршау үшін қалдырылды. Жошы бастаған басқа бөлік Сырдария бойымен төмен кетті. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысына қалаларды бағындыру үшін жіберілді. Шыңғыс ханның өзі мен кіші баласы Төле негізгі күштерімен Бұхараға аттандыОтырар билеушісі Қайыр хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Оның басқаруында, Нисавидің деректері бойынша, не бары 20 мың әскер болған, ал Жувейнидің деректері бойынша хорезмшах оған «сыртқы әскерден» 50 мың әскер берген. Қоршауға алынғанға дейін ол Отырарға Қараджа хаджиб басқарған 10 мыңдық отряд жіберген еді. Отырар бес ай бойы дерлік қоршауда болды. Тек Қараджа хаджиб еңсесі түсіп, «Суфи хан» қақпасы арқылы қаланы тастай қашып, өз отрядымен монғолдарға берілгенде ғана монғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа хаджиб өлтірілді. Алайда Отырар сонда табандылықпен қорғана береді. «Арыстан тәрізді» әскерлер отрядымен Өайыр хан берік қамалға бекініп алды, монғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт берді. Ол 1220 жылдың февралінде алынды. Қайыр хан қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына әкелінген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Отырар қамалының қабырғасын жермен жексен етіп Шағатай мен Үгедейдің монғол отрядтары Шыңғыс ханға келіп қосылды, бұл кезде ол Самарқанд пен Бұхараның арасындағы жолда болатын. Сырдария жағалауындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды, соның өзінде бірқатар қалалардың қорғанысында қалалардың төменгі тұрғындарының арасынан шыққандар басшылық роль атқарды.Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы Сығанаққа келіп, оның тұрғындарымен келіссөз бастады. Өзінің өкілі ретінде ол соғысқа дейін-ақ монғолдаға қызметке берген мұсылман көпесі Хасан қожаны қалаға жіберді. Ол тұрғындарды ұрыссыз берілуге азғыруға тиіс болатын, бірақ «жауыздар,тобырлар мен қаңғыбастар» бұған ашынып сатқынды өлтірді де, қарсылық көрсетуге әзірленді. Монғолдар қаланы жеті күн, жеті түн қоршауға алып, ақырында оны шабуылмен алды да, «кеңшілік пен аяушылық қақпасын» жауып тастап бүкіл халықты қырып тастады. Сырдария бойымен төмен қарай жүрген одан арғы жолында монғолдар Үзкент пен Баршынлығкентті алды. Бұдан соң монғол отряды Ашынасқа жетті, мұнда қала қорғанысын қаланың төменгі тұрғындары - «қаңғыбастар мен тобырлар» өз қолына алған болатын. Табан тіресек қарсылық көрсеткеніне қарамастан қала басым күшпен жеңіліске ұшырап, оның тұрғындарының көпшілігі қырылды. 1220 жылдың сәуірінде монғолдар Жент қаласына келіп кірді, бұл кезде оны Хорезм шах әскерлері қалдырып кеткен еді. Жошы келісім жүргізу үшін қалаға оңғыттардан шыққан Шыңтемір дейтін біреуді жіберді. Алайда моңғолдардың жіберген адамын тұрғындар салқын қабылдап, ол моңғолдарды қаладан аулақ әкетемін деп уәде берген соң ғана тірідей қайта оралды. Шыңтемірді қоя беріп тұрғындар қақпаны жауып алды. Моңғолдар қоршау құралдарын пайдаланып, қаланы алды. Қаланың билеушісі болып бұхарадан шыққан Әли қожа тағайындалды. Жошы жіберген басқа бір отряд Янгикентті алды. Осының барлығы 1219/20 жылдарда қыс пен көктемде болған еді. Шыңғыс хан бастаған моңғол армиясының негізгі корпусы 1220 жылы мамырға дейін Орта Азияның Амударияға дейінгі бүкіл территориясын басып алды. 1219-1224 жылдардағы Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына кірді.
