Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_na_gosudarstvennyi_ekzamen_po_istorii_ka...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
295.93 Кб
Скачать

54. Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір

Кеңес елінің басшылары тауарсыз утопияны іске асыруда бір-бірімен дәйекті түрде жарысып, сынақ алаңындағы сияқты шетсіз-шексіз эксперименттер жүргізді. Елдің әрбір жаңа басшысының билікке келуі алдыңғы кезеңде жол берілген қателіктер мен асырасілтеушіліктерді еңсеру жөніндегі белсенді «реформаторлық» қызметімен ілесе жүрді. Бірақ осы бастамалардың бәрінің өзекті желісі «социализмді жетілдірудің»жоғары әлеуетін анықтау болды. 80-жылдардың аяғына дейін идеологиялық қатаң қағида мен саяси төзімсіздік қалыптасқан «кеңестік үлгінің» орынды баламасының кез келген мүмкіндігін жоққа шығарды.

Кеңестік кезеңге дейінгі және кеңестік кезеңдегі тарихты сын көзбен қайта ой елегінен өткізу демократиялық үдерістің дамуындағы маңызды белес болды. «Басқаша болуы мүмкін емес», «Тарихшылар дауласады», «Бұл жайында айтылмады», «Қазақстан тарихы: ақтаңдықтар» атты жариялымдарда, мақақалар жинақтарында – Қазан револяциясына, Азамат соғысы мен Отан соғысына, большевиктер жетекшілерінің – В.Лениннің, И.Сталиннің, Ф.И.Голощекиннің т.б. қайраткерлеріне жаңаша берілген бағалар пайда болды. Шындықты іздеу ахуалында саяси террордың құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. 1987 жылдың қыркүйегінде құрылған КОКП ОК Саяси бюросының 30-40 жылдардағы және 50-жылдардың басындағы қуғын-сүргіндерге байланысты материалдарды қосымша зерделеу жөніндегі комиссия 30-50 жылдардағы ең ірі саяси зұлматтардың барып тұрған озбырлық және заңдылықты бұзу салдарынан болғаны туралы қорытынды жасады. 1988 жылы жұртшылықтың қысымымен Қазақстан Компартиясы ОК-нің шешімімен жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев саяси, кейінірек азаматтық тұрғыда ақталды. Қалың халық бұқарасы осынау қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің шығармаларымен танысуға көптен күткен мүмкіндік алды.

Кезінде Виктор Гюго: «Армияның шабуылына қарсы тұруға болады, бірақ уақыты келген идеяның таралуына қарсы тұруға болмайды» деп жазған еді. Жариялық пен демократияландыру идеялары қоғамды қарышты қарқынмен өзгерте бастады. 1988 жылы КОКП-ның жұмысм істеуінде, сталиншілдіктен арылу оқиғасын өрістетуде бетбұрысты жыл болды. Осы жылы өткен ХІХ Бүкілодақтық партия конференциясы төменгі буындағы партиялық ұяларды ең қажетті және өзекті мәселе ретінде айтылып жүрген жайттарды жариялады. «Бюрократизммен күрес туралы» қарарда конференция «кадрларды іріктеп, орналастырудың ашық, конкурстық, шығармашылық негізде жүргізілуін» талап етті. Конференция шешімдері арнасында партия ұйымдары кадрлерді іріктеп, жоғарылату кезінде неғұрлым демократиялық үрдістерді іс жүзінде қолдана бастады. Мәселен, 1989 жылы қалалық және аудандық партия комитеттерінің жаңадан сайланған хатшыларының әрбір үшіншісі, 1990 жылы жартысынан астамы конкурстық негізде сайланды. Мұндай көзқарас басшылық құрамға неғұрлым тың күштердің келуіне жол ашты. Қазақстанда бұр үрдіс 1989 жылға дейін күн тәртібінен орын ала алмады. Қазақстан Компартиясының ХVІ съезінде кейбір делегаттардың республикалық партия ұйымының және оның басшылғының қызметін неғұрлым сыншылдықпен бағалауға тырысқан әрекеттері табысты болмады. 1985 жылдан 1990 жылға дейін Қазақстанда демократияның қалыптасуында кейіннен игі рөл атқарған өзгерістер орын алды. Бұл кезеңде Коммунистік партияның өз ішіндегі реформатиялық күштер өзінің қатарларына неғұрлым білікті, жаңашыл, ұшқыр ойлы, жан-жақты саяси білімді меңгерген адамдарды тартуға объективті түрде мүдделі болды. Өкімет орындарының қудалауына қарамастан, республикада 1987-1988 жылдары бастапқыда экологиялық қозғалыстар түрінде пайда болған бейресми ұйымдар жасақтала бастады. Мұндай жағдайда қалыптасқан экономикалық және саяси жүйенің түпқазығын неғұрлым тереңірек түрлендіру қажеттігін түсінетін де уақыт жетті. Қоғамдық бастамаларда шектеудің қатаң саясатына қарамастан, 80-жылдардың ІІ жартысындағы саяси оқиғалардың салдары ретінде Қазақстанда жаңа саяси ахуал қалыптаса бастады. Көптеген қоғамдық қозғалыстар мен бейресми ұйымдар пайда болды, көппартиялыққа көшудің алғышарттары қалыптасты. Неше түрлі митингілерде, демонстрацияларда, сайлаушылардың клубтарында күнделікті өмірдің өзекті мәселелері, ел дамуының көкейтесті проблемалары талқыланды. Республикадағы реформа жүргізіп отырған ірі саяси орталықпен терезесі тең бәсекелесуші баламаға айнала алмаса да, тұрғын халық арасында белгілі бір әлеуметтік негізге ие болған бейресми ағымдардың жағдайы басқаша болды. Қазақстандықтардың құндылыққа бағдарлануы 1989 жылдың маусымынан бастап республикалық партия ұйымының басшысы, 1990 жылдың 24 сәуірінен Қазақстанның Президенті болған Н.Ә.Назарбаев жағына қарай өскелең серпінмен ойыса бастады, ол «нарықтың экономика және демократия біздің өзгерістеріміздің түпкі мақсаты болмақ» деп есептеді. 1989 жылғы ақпанда сол уақытта КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы дүниеге келді, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. Нақ осы «Невада-Семей» Қазақстанда қайта құру кезеңінде ең ауқымды, бұқаралық қозғалысқа айналу тағдыры жазылды. Аяқ астынан дүниеге келген қозғалысты Қазақстанның Өкімет орындары қолдады.1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысы полигонда жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-іне жол бермеді. 1989 жылы қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі Ядролық сынауларды тоқтату туралы қаулы қабылдады. 1991 жылы 29 тамызда Мәскеуде Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ТЖМК) бүлігі сәтсіздікке ұшырағаннан кейінгі жаңа жағдайда Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.Осымен бір мезгілде дерлік Қазақстан қоғамында басқа қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар – «Әділет», «Мемориал» т.б. топтаса бастады. Өкімет орындарының 1988 жылдың аяғы мен 1989 жылдың басында Қазақстандағы бейресми қоғамдық ұйымдарды бейтараптандыру әрекеттері өкімет басына Н.Ә.Назарбаев келгеннен кейін ғана тоқтады.1990 жылдың көктемінде бірқатар социал-демократиялық ұйымдар Қазақстан социал-демократиялық партиясына бірікті. 1990 жылғы мамырдың аяғында «Азат» ұлттық-демократиялық қозғалысының ұйымдастыру комитеті құрылды, оның құрылтай съезі маусымда шақырылды.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында ҚазақстанКоммунистік партиясының кезектен тыс ХVІІІ съезі өтті. Съезде ККП-ні Қазақстан Социалистік партиясы деп қайта атау туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 5 қазанда Алматыда Қазақстан Халық Конгресі партиясының (ҚХКП) І Құрылтай съезі ұйымдастырылды. «Невада-Семей», «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті («Арал-Азия-Қазақстан» ХҚК), Әйелдер одағы, «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағы, «Қазақ тілі қоғамы», Республиканың жас құрылысшылары қауымдастығы және Қазақстанның басқа да бірқатар ұлттық-мәдени орталықтары ҚХК-нің құрылтайшылары болды. 1991 жылы 5 қазанда Алматыда Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының І құрылтай съезі өткізілді. Съезде қозғалыстың Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды. 80-жылдардың аяғында басқа да республикалардағы сияқты Қазақстанда да 800 мың мүшесі бар коммунистік партияның әлеуеті төмендей бастады. КОКП қатарынан партия мүшелерінің шығу фактілерінің жылдан-жылға жиілеуі Қазақстан Компартиясының ішкі өміріндегі кері кету үрдісінің тым елеулі екенін көрсетті. Егер 1988 жылы 265 коммунист өз бастамасымен партиялық билеттерін өткізген болса, 1989 жылы олаодың саны 1468-ге дейін жетті. 1989 жылдың аяғында партиядан шыққандардың саны КОКП мүшелігіне өтушілердің санынан асып түсті. Партияны тастап шығушылардың саны Қазақстан Компартиясының өмір сүрген толық емес соңғы екі жылында күрт өсті: 1990 жылы 12446 адам, ал 1991 жылдың алғашқы үш тоқсанында 15 мыңнан астам адам партиядан шықты.

1990 жылғы 12 наурызда КСРО халық депутаттарының кезектен тыс ІІІ съезі ашылды. Съезд КСРО Конституциясының КОКП-ның қоғамдағы басшылық рөлі туралы 6-бабының күшін жойды, мұның өзі саяси жүйенің түбегейлі өзгеруін білдірді. Басқарудың президенттік жүйесіне көшу туралы шешім оның жұмысының екінші бір маңызды қорытындысы болды. Ел Президенті болып М.С.Горбачев сайланды.1990 жылы наурызда ХІІ сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. 340 депутаттық мандатқа 1242 кандидат тіркелді. Сайлау сайлаушылар дауыстарының теңдігі принципіне сәйкес келмейтін, Одақтық сайлау туралы Заң бойынша өткізілді. Бұл Заңға сәйкес былайша сайлау көзделді:Депутаттарының 2/3-сі жалпыға бірдей сайлау жүйесі бойынша сайланады;Депуттаттардың 1/3-і қоғамдық ұйымдардан – шығармашылық одақтардан, ардагерлер ұйымдарынан (соның ішінде КОКП-ден, комсомолдан) сайланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]