
- •2. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •3.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қр ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •4.Қазақстан Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы. Тас ғас ның археологиялық ескерткіштері.
- •5.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
- •6. Қр мемл-к рәміздері. Жасалу тарихы мен семантикасы.
- •7. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
- •11.Қазақ хандығының тарихын оқудың негізгі кезендері: дамуы мен проблемалары.
- •16.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбала ескерткіштері. Антикалық, қытай, ежелгі парсы.
- •17.XXғ басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
- •18.Қр президентінің «Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу,Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»жолдауының және әл-Фараби атындағы ҚазҰу-дың 75 ж арналған басты негізгі қағидалары.
- •19. Хуну, Усун, Кангуй мемлекеттік саяси құрылысының басты белгілері.
- •23. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» (1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» (1824ж) негізінде отаршылдық жүйені жасау.
- •24.”Невада-семей” қозғалысы және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.
- •25. Көне түрік жазуларының ескерткіштері, түріктердің тарихы мен мәдениті туралы жазба деректер.
- •27. Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.
- •28.Көне түріктердің діні мен наным-сенімдері
- •31. Ислам дінінің түрік тайпаларының арасында таралуы. Сопрылық , діни бағытты уағыздаушы Қожа Ахмет Яссауи.
- •34. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында
- •35.18Ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.
- •37. Жүздер және қазақтың ру-тайпалық құрылымы
- •38.Хviii –хХғ басында Қазақстан территориясын әскери казактардың отырлауы.
- •40. Алтын Орданың этносаяси тарихы
- •45. Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.
- •48. 1990Жж жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.
- •49.Мухаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди » еңбегі.
- •52.Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •54. Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір
- •55.Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне байланысты деректері мен тарихнамасы.
- •57. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
- •67.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ақ Орда.
- •71.XXбасиндаги Казакстан халкинин Алеуметтик жане етникалик курилиминин озгеруи
- •73.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі .
- •74.Хiх ғ қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ағымдар . «Зар заман » кезенінің ақындары.
- •82.Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.
- •90.I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
52.Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
Этносаяси тарихы:
Оғыздар ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөл маңы.Қазіргі кезде оның жағасында “9 Оғыз”деп аталатын демалыс үйі бар.Оғыз тайпасының өзегі жетісуда қалыптасты.8 ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.9 ғасырдың басы-Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларынқоныстанды.9 ғасырдың аяғы-Жайық пен Еділ аралығын мекендеді.IX-X ғасырлар Оғыз мемлекеті қалыптасты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы,Арал өңірімен Батыс Қазақстан далалары).X ғасырда батыста Хазарияға дейінгі жер,солтустік Каспий маңы,орталық, оңтустік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы «оғыз даласы»(Мафазфт-Әл-Гуз) деп аталды.
IX ғасырдың аяғы11ғасырдың басыындағы оғыздардың территориясы:Сырдариямен Еділ аралығы.Астанасы-Янгикент(Жаңа Гузия).Билеушісі-жабғу.Орынбасары-күл-еркін.Әскер басы-Сюбашы.Басқарушылардың ұрпақтарыиналдар.Олардыатабектер(тәрбиешілері) жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі.IX-Xғасыр басында Сырдария жабғуының тұрақты тұрде салық жинау жүйесі жұмыс істеді.Оғызмемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбасында берілген.Оғыздардың тайпалары:Қалаж,жағра,жарұқ,қарлұқ,баяндұр,имур,қарабұлақ.М.Қашғаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған.Мүлік теңсіздігінің негізі-жеке меншік мал.
53. К.Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру талпыныстары. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жою, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жлғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиелінісуі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көт-ң шығуына себеп болды. Көт-ң мақсаты қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көт-с бүкіл үш жүзді қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көт-ң басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Сонымен қатар ірі ақсүйектер де (80-нен астам сұлтан). Көт-ке әртүрлі ұлттардың өкілдері орыс, өзбек, қырғыз т.б. қатысып, көтерілісшілер саны 20-мыңға жетті. Көт-ке Кенесары қолын басқарған атақты батырлар Иман, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, інісі Наурызабай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. 1837 ж қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобын тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. 1838ж 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді. 1841ж Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылады. Ендігі кезекте патша үкіметі көт-ке қарсы шаралар ұйымдасытыра бастады: 1842ж Орынбор ген-губ Обручев, Сібірден Сотников әскері жіберілді. 1843ж І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді, сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасты. 1843 ж 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844ж шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Осы жеңістің нәтижесінде Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. Кенесарының сонда қойған талабы, әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл, Нұра және Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845ж сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов және Герн келеді. Бірақ екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 ж қазан, қарашада көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қоған бекіністерін алады. Абылайдың баласы сұлтан сүйік Ресей билігін мойындаса, Үйсін, Жалайыр, Дулат руларының көпшілігі көтелісішілерді жақтады. 1847 ж сәуір Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кіреді. әскерледің қырғыз ауылдарын тонауы көтерілісшілердің Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызады. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етеді. Сол жылы Кенесары Бишкек маңындағы Майтөбе шайқасында 32 сұлтанмен қаза табады. Тарихи маңызы; үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі, Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті, қазақ халқының ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байданыстылығын көрсетті.