
- •2. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •3.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қр ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •4.Қазақстан Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы. Тас ғас ның археологиялық ескерткіштері.
- •5.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
- •6. Қр мемл-к рәміздері. Жасалу тарихы мен семантикасы.
- •7. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
- •11.Қазақ хандығының тарихын оқудың негізгі кезендері: дамуы мен проблемалары.
- •16.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбала ескерткіштері. Антикалық, қытай, ежелгі парсы.
- •17.XXғ басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
- •18.Қр президентінің «Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу,Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»жолдауының және әл-Фараби атындағы ҚазҰу-дың 75 ж арналған басты негізгі қағидалары.
- •19. Хуну, Усун, Кангуй мемлекеттік саяси құрылысының басты белгілері.
- •23. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» (1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» (1824ж) негізінде отаршылдық жүйені жасау.
- •24.”Невада-семей” қозғалысы және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.
- •25. Көне түрік жазуларының ескерткіштері, түріктердің тарихы мен мәдениті туралы жазба деректер.
- •27. Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.
- •28.Көне түріктердің діні мен наным-сенімдері
- •31. Ислам дінінің түрік тайпаларының арасында таралуы. Сопрылық , діни бағытты уағыздаушы Қожа Ахмет Яссауи.
- •34. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында
- •35.18Ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.
- •37. Жүздер және қазақтың ру-тайпалық құрылымы
- •38.Хviii –хХғ басында Қазақстан территориясын әскери казактардың отырлауы.
- •40. Алтын Орданың этносаяси тарихы
- •45. Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.
- •48. 1990Жж жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.
- •49.Мухаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди » еңбегі.
- •52.Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •54. Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір
- •55.Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне байланысты деректері мен тарихнамасы.
- •57. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
- •67.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ақ Орда.
- •71.XXбасиндаги Казакстан халкинин Алеуметтик жане етникалик курилиминин озгеруи
- •73.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі .
- •74.Хiх ғ қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ағымдар . «Зар заман » кезенінің ақындары.
- •82.Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.
- •90.I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
34. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында
1219-1221 жылдардағы монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.Шыңғысханның жаулап алған байтақ жерлері түгел оның балаларына бөліп берілді.Шыңғысхан Ертістен Орал тауларына дейінгі онан әрі батысқа қарай үлкен аумақты үлкен ұлы Жошының билігіне берді.Атап айтқанда Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал ,Сырдың төменгі ағысы тиді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына Амударияның төменгі жағындағы аудандар мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды. Шыңғысхан екінші баласы Шағатайдың үлесіне -Мәуеренахр Жетісу және Қашқар тиді. Оның ордасы Іле алқабында орналасты . Үшінші баласы Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай жері қарады Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында болды. Кіші ұлы Төлеге Монғолия жерінің өзі мұраланды. Сонымен Қазақстан жері монғолдың үш ұлысының құрамына енді: үлкен далалық бөлігі Жошы ұлысының ,Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі - Үгедей ұлысының құрамыны кірді.
35.18Ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.
Көтерілістің алғышарттары:
-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі
-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы
-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және
Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы
-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.
1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.
1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:
-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.
-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.
-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды.
Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі.
Көтерілісшілердің басты мақсаты:
Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.
Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.1778 жыл- орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.1783 жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды.1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі менОр бекінісі төңірегінде шайқасты.1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты.1785 жылғы 17 ақпан көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді.(300 казак, 2000 башқұрт)Кіші жүздің далалық аймақтарына тереңдей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын шабуылдап, 66 қазақты тұтқынға әкетті.1785 жылғы 15 наурыз көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков және Пономарев аттанды. Бұл кезде Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым сарбаздары шөлейтті, тақыр жерлерге шегінді. Жем бойына барудан жүрексінген Колпаковтың тобы Беріш және Адай руларын ойрандап, кері қайтты. Жазалаушылар мақсаттарына жете алмады. Премьер-майор Назаровтың басқаруымен Орал казактары 1785 жылдың наурызында Табын руына шабуылдады.Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті.Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды.Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:
-Байұлы
-Жетіру
-ӘлімұлыСырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.1790 ж- Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды.Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Иг-м жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша бекітті.Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.1786 жыл- Орынборда шекаралық комиссия құрылды.1787 жыл- Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.Бұл тұста Сырым па та үкіметін қолдамады. Осы кезеңде Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық басталып, И-м реформасы уақытша тоқтатылды.Көтерілістің уақытша өрлеіне түрткі болған оқиға- Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.Атаман Д. Донсков 1500 казактарымен қазақ ауылдарын ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кетті. 1790 ж тамызда Төртқара руының өкілдері шетелдер коллегиясының мүшесі, граф А.А.Безбородкаға атаман Донсков үстінен шағым түсірді. Императрица II Екатерина 1790 ж 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. Алайда ген-губернатор А.А.Пеутлинг бұл нұсқауды өзінше түсініп, Кіші жүз даласына жазалаушылардың бірінен кейін бірін аттандырып, көтерілістің өршуін тездетті. Бейбіт ауылдарды сақтау үшін 1791 ж наурызда Сырым Табын және Кердері руларына Мұғалжар тауларына қарай көшуді ұсынды.Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру.Батыр екінші жолды таңдады.Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).1792ж-Сырым ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791 ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.1794-Ералы хан қайтыс болды.1795ж-Есім хан болып сайланды.(1795-1797).1796-97 ж-рдағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.1797 жылғы 17наурыз- Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды.1797 жылғы күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты, Алаш, Беріш, Адай т.б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады.Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:-сұлтан, старшындардың бір бөлігі-Қаратайды(Нұралының ұлы) қалады. -Сырым тобы-хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті.Барон И-м хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі 4 адамнан тұрды және құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты.1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды.Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді.1797ж- Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті.1802ж-Хиуада қайтыс болды.Жеңілу себептері:Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық.Руаралық қайшылықтар.Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.Қару-жарақтардың
аздығы.Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.Тарихи маңызы: Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді.Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.Көтерілістің нәтижесі:1801 ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.
36. Қазақстан екінші дуниежүзілік соғыс жылдарында.Ұлы Отан майдандарындағы Қазақстандық батырлардың ерлік істері. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономикасы әскери бағытқа көшірілді(милитарландырылды). Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Орынбор, Куйбышев желілері тартылды. Атырауда әскери теңіз базасы жасалды.Соғыстың 1-ші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39%-ке арттырды, электр қуатын өндіру 2 есе дерлік өсті. Республика мыс(35 %), қорғасын(85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды. Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары салынды. Осылардың арқасында Қазақстан молибденнің одақтық көлемінің 60%, металл висмутының 65%, полиметалл рудаларының 79% берді.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35%-ға дейін өсті. Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37%-ке өсті, бұл соғыстың алдыңғы 4 жылдағы өсімінен 2% жоғары.Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе обл. «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда обл. «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы 3 интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.Мал өсірушілер де күш-жігерін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау обл. «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова 1000-нан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Соғыс кезіндегі 1-ші қыста қары жұқа шөлейтті өңірлерде 2,1 млн. мал бағылды (24%), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46%) бағылды. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж-дан 1943 ж. дейін 2,5 есе өскен.Соғыс жағдайында қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресе, ауылдық жерлерде азайды. 118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 адамға қысқарды.Мәдениет мекемелері азырақ сақталып қалды. Көпшілік кітапханалар 2 еседен астам қысқарды, кітап қоры үштің біріндей азайды. Театрлардың саны бұрынғы күйінде қалды. Ресей және Украина өнер қайраткерлерінің арқасында, әсіресе кинематографияда елеулі сапалық өсу байқалды. Соғыс жылдары Қазақстан ғылымы қарқынды дамыды. Геолог ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500-дей кенішін ашты және 150 кенішті зерттеді. 1941-1945 жж. республикада 12 ғылыми институт және олардың филиалдары ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін өсті.Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотореялардың құнын есептегенде республика халқының майдае қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың 2 жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.Республикада халықтан 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5 мың шолақ тон, 312 мың пар киіз байпақ түсті. 1943ж. ғана Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс обл-рына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында. 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек әскері құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.
КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазқстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.Республикаға И.С.Арискиннің, А.Жұмағалиевтің, К.Ғ.Омаровтың, З.У.Хұсановтың есімдері кеңінен мәлім болды. Олар жолдарды бүлдірді, басқыншылардың гарнизондарына жазалау операцияларын жүргізген кезде күтпеген жерден шабуылдап, батыл қимылдар жасады. Қазақстандық саяси қызметкерлер Г. Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедьяров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардың ішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын 3 рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Ерекше ерлік көрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктер Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жау ұшағын құлатқан) Кеңес Одағының батыры атағын 2 рет алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Мәметованың, мерген Ә.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К. Миллердің, минеметші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің командирі Б.П.Ущевтің, атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдері бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің 3 дәрежесіне де ие болды.1941 ж. маусымдағы шайқасқа Литваның Шауляй қаласының оңтүстігіне таман 219-атқыштар полкі қатысты, бұл полк 1919 ж. қазанда Қостанайда Қызыл Әскер қатарына өз еркімен келген шаруалардан жасақталған болатын.312-Ақтөбелік дивизия Малоярославь түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Жаңа 53-дивизия құрылып, өз жеңісін Вена түбінде аяқтады. 102-Шымкенттік дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. Панфиловшы 1075-атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгер жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. П.Б.Вихревке Батыр атағы берілді. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ленинград шайқасында ерекше ерлік көрсеткен қазақстандықтар: Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағамбетов, А.Матросовтың ерлігін қайталап (жау дзодын кеудесімен жауып), Батыр атанды. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына 1-ші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. Артилериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С.Жылқышев батылдығымен ерекше көзге түсті. Ал 1942 жылы Арыстан Ахметов 19 жауынгермен әскери маңызы бар төбені қорғауда ерлік көрсетті. Жаралы болып, ессіз қалған Арыстанды жау әскері қолға түсіріп азапқа салды. Әскери мәлімет ала алмаған жау оның үстіне жанармай құйып өртеді.1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды.1942 ж. 17-шілдесінен Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 ж-дың күзінде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1943 ж. желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен Каспий теңізінен Александров-Гайға дейінгі 500 шақырым бойында шектесті. Орал қаласында ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Осы Сталинград шайқасында 1942 ж. 19-желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров Боковская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза табады. Жамбылдың ұлы Алғадай 19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетын басқарып жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді. Минометші Қарсыбай Сыпатаев пен капитан А.А.Бельгин қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түсіп өшпес ерлік жасап, қаза тапқаннан кейін оларға Батыр атағы берілді. Ж.Сұраншиев «Ұшқыш партизан отрядының» құрамында жүріп, Лида қаласындағы астыртын жұмысқа қатысты. Және де рейхстаг терезелеріне алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен офицер Р.Қошқарбаев пен оның досы Г.Булатов болды. Қазақстанның мыңдаған өкілдері Украинаны, Беларусьты, Балтық республикаларын, Молдованы азат етуге қатысты. Міне осындай көптеген қазақстандық азаматтар ерлік жасап, әр түрлі ордендер мен медальдармен марапатталды. 142 қазақстандық Солдат ерлігі орденінің толық иегері атанды. Жалпы Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны – 96638. Ал Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар – 603 мың адам болды.