
- •2. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •3.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қр ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •4.Қазақстан Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы. Тас ғас ның археологиялық ескерткіштері.
- •5.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
- •6. Қр мемл-к рәміздері. Жасалу тарихы мен семантикасы.
- •7. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
- •11.Қазақ хандығының тарихын оқудың негізгі кезендері: дамуы мен проблемалары.
- •16.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбала ескерткіштері. Антикалық, қытай, ежелгі парсы.
- •17.XXғ басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
- •18.Қр президентінің «Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу,Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»жолдауының және әл-Фараби атындағы ҚазҰу-дың 75 ж арналған басты негізгі қағидалары.
- •19. Хуну, Усун, Кангуй мемлекеттік саяси құрылысының басты белгілері.
- •23. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» (1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» (1824ж) негізінде отаршылдық жүйені жасау.
- •24.”Невада-семей” қозғалысы және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.
- •25. Көне түрік жазуларының ескерткіштері, түріктердің тарихы мен мәдениті туралы жазба деректер.
- •27. Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.
- •28.Көне түріктердің діні мен наным-сенімдері
- •31. Ислам дінінің түрік тайпаларының арасында таралуы. Сопрылық , діни бағытты уағыздаушы Қожа Ахмет Яссауи.
- •34. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында
- •35.18Ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.
- •37. Жүздер және қазақтың ру-тайпалық құрылымы
- •38.Хviii –хХғ басында Қазақстан территориясын әскери казактардың отырлауы.
- •40. Алтын Орданың этносаяси тарихы
- •45. Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.
- •48. 1990Жж жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.
- •49.Мухаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди » еңбегі.
- •52.Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •54. Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір
- •55.Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне байланысты деректері мен тарихнамасы.
- •57. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
- •67.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ақ Орда.
- •71.XXбасиндаги Казакстан халкинин Алеуметтик жане етникалик курилиминин озгеруи
- •73.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі .
- •74.Хiх ғ қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ағымдар . «Зар заман » кезенінің ақындары.
- •82.Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.
- •90.I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
31. Ислам дінінің түрік тайпаларының арасында таралуы. Сопрылық , діни бағытты уағыздаушы Қожа Ахмет Яссауи.
16-17 ғасырларда қазақтар ислам дінін ресми ұстанды. Оны таратқан негізгі орталықтар Түркістан, Хорезм, Бұхара, Астрахань болды.Қазақтар арасында ислам дінін таратуда сауда делдалдары ерекше роль атқарды. Қазақ көпестері ислам елдеріне бұл елдің көпестерінің оларға барып тұратыны сияқты үнемі барып тұрады және барып та жүр, деп жазды Ибн Рузбихан. Шежірешінің айтуына қарағанда, қарым-қатынастың осындай түрлерінің арқасында қазақтардың ислам дінін қабылдағанына екі жүз жылдан астам уақыт қағидаларын үйренеді. Қазір олардың хандары мен сұлтандары –мұсылман. Олар
құран оқиды,намазға жығылады,өз
балаларын мектепке береді. Алайда ислам
діні еңбекші халық арасында терең тамыр
жайған жоқ, халық бұқарасы ислам
қағидаларынан әліде аулақ болды,сөйтіп
ислам дініне дейінгі тәңірге табынуға
негізделген нанымды көбірек ұстанды.
Олардың дүниетанымында екі наным:ислам
дінін тәңірге сыйынумен ұштастыру әлі де
ұзақ уақыт өмір сүрді. Тәңірге табынуды
ұстанған қазақтар таң ата шығып келе
жатқан күнге құлшылық қылды. Ежелгі
тәңірге құлшылық туралы түсінік жаңа
таптық дәуірге бейімделді.Ол бірте-бірте бір
құдайға сыйыну формасын алып,Аллаға
баланы бастады.Қазақ хандығының
құрылып, дамыған кезеңінде тәңірге табыну
ислам дінімен қатарлас болды.Тәңір
алла,дін-аруақ, мартушайтан, деген қосарлас
есімдердің –ескі мәжүсилік есімдер мен
жаңа мұсылман есімдерінің қатар
қолданылуы кездейсоқ емес.Ислам дінінің
қағидаларына қарамастан,халық ата-бабаға
ұзақ уақыт сыйынды, олардың пұт тәңірі
деп аталған бейнесі болды. Ибн
Рузбихан:Сенімді адамдардың
айтқанындай,олардың арасында пұт бейнесі
бар,олар басын жерге иіп тағзым етеді.
Басын жерге жеткенше иіп,пұтқа табынудың
өзі дін мен құдай заңын нағыз келеке
еткендік екендігінде күмән жоқ, деп жазды.
Қазақтар ата-баба аруағына сыйыну өздеріне бақыт, молшылық әкеледі,малдың аман болуына көмектеседі деп ойлаған.Аруақтарға арнап құрбандық шалып,оардың құрметіне ас берген.Ата жолын құрметтеуге негізделген ата-бабаға табыну қазақтарда неғұрлым бертінгі кездерге дейін де сақталған,мұны орыс деректемелері дәлелдейді.Қазақтарда өзінше бір апокриф-киізге немесе ала қойдың терісіне жазылған діни кітап болғанын дәлелдейтін халық аңыздары болды. Халық аңызына қарағанда, онда ата-бабалар құрметіне істелген ислам дініне дейінгі әдет-ғұрып суреттелген.Аңыз шамандардың ежелгі мифология элементтері бар өлеңдерінде ішінара бейнеленген. Ескі әдет-ғұрыпты ұстанғандар ислам дініне тартыла қоймаған көшпелі қазақтар, әсіресе ислам идеологиясын қабылдамаған бақсылар болды. Олар жөнінде:Маңдайы сәждеге тимеген, киіз кітабынан басқаны білмеген делінді. Мәжусиліктің осы көріністерінің бәрін мұсылман дін басылары қудалап отырды.Шайбани хан айдап салған Бұхара шейхтері мен қазилары шешім шығарып, онда қазақтар пұтқа табынатын болғандықтан, хан оларға қарсы ғазауат соғысын жариялауы керек деп айтылады. Исламға дейінгі наным өмірдің өлмейтіндігінің бейнесі деп есептелген көктемде шыққан көк шөпті жұлуға тыйым салынған ғұрыпта да өз бейнесін тапты.Қазақтар жер және су рухына сыйынды. Олардың құрметіне тауларды, керемет көріністі құздарды, үңгірлерді,тоғайларды,жалғыз ағаштарды, бұлақтарды атады. Бұл қасиетті орындарға құрбандыққа мал әкеліп сойды, олардың құрметіне мейрамдар өткізді,оларға мінәжат етіп барды.Қойдың,сиырдың,жылқының,түйенің иесіне табыну да сақталды. Су, шық өмір нәрі ылғал сұрап, ай мен күнгн бие сүтін бағыштады. Қазақтар көктем келіп қымыз ашытылғанда оны ыдысқа құйып ішерден бұрын бетін күнге бұрады бәрі басын жерге жеткенше иіп,күнге тағзым етеді.Қазақтар өмірінде отқа табыну үлкен роль атқарды,ол қасиетті оттың ежелгі атын да сақтап қалды. От үйдің, үй-ішінің қамқоршысы деп саналды.Келін жаңа үйдің табалдырығынан аттағанда үлкен үйде отқа тағзым етуге, отқа май тамызуға тиіс болды.Қазақтар арасында ежелден келе жатқан отпен тазарту-аластау ырымы да болды.Ол жайлауға көшерде жасалды.Нанымдар бойынша,қысқы жайылымдарда,ескі қора-қопсы мен тұрғын үйлерде адамға залалын тигізетін жын-пері боладыделіңді,ал жайлау таза,пәк болып есептелді де,оған барғанда тазарып бару керек болды.Жауынгер өлсе,оның қабіріне садақ,найза,ер-тұрман,сүйікті атының басы қоса көмілді,өлген адамға тамақ,су қалдырылды.Атақты адамдар қасиетті жерлерге,Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің түбіне жерленетін болды. Қожа Ахмет Яссауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты-Ахмет,есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы Йасауи ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес,жастайынан жетім қалып,ағайын-туыстарының қолына келіп,бала кезінен өскен жері.Ақынның туған жері-қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Йбраһим мұсылманша сауаты бар,сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты-Қарашаш. Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде орталық Азияда кең тараған софылық,діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналды. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы-Диуани Хикмат. Бұл шығарма алғаш рет 1878жылы жек кітап болып шығады.Халық арасында Қожа Ахмет Йасауи туралы аңызға айналған әңгімелер көп. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йасауи әзіреті сұлтан аталып,басына 14ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Бертінде Қожа Ахмет Йасауидің өзі түрік халықтарының рухани атасына,ал күмбезі түрк дүниесі табынатын кіші Меккеге айналады.
кварц құмдары және т.б пайдалы қазбалары бар.
32.ХIХғ екінші жартысындағы оң.т Қазастанның патша үкіметінің әскери саяси шаралары .XIX ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардыңәлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және Ырғыз, Торғай, Емба өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Олар бұл жерлерге үнемі шапқыншылық жасап отырды. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуандария алқаптарын басып алып, бұл жерлерде әскери бекіністер салды, оған Арал маңындағы қазақтарды күштеп пайдаланды. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отырды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай-ақ Хиуа және Қоқан билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әскери күштерді пайдаланды. Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1780–1860жж.) басқарды. Шекті руы басшыларының бірі – Жанқожа жай қарапайым халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге түскендігін түсінді. Сондықтан Сыр бойы қазақтарының бостандығы және хиуалықтардың озбырлығына қарсы күресте батыр өзінің жасақтарын құрды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 жылы Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын қамауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып, қала коменданты Бабажанды өлтірді. 1843 жылы Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады, ал 1845 жылы осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшін жіберілген екі мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді. 1853 жылы орыс әскерлері Ақмешітті басып алып, жаңадан Сырдария әскери желісі пайда болды. Алым барлық халықтардан бірдей алынды. Ірі бай, орташа, кедей – бәрі бірдей мөлшерде, яғни әр шаңырақ төлеп отырды. Сырдария бойындағы шекаралық өкімет Райым және Қазалы әскери қамалдарын салу үшін мыңдаған қазақ шаруаларын айдап келіп, еріксіз жұмыс істетті. Әскери қару-жарақтар және азық-түлік тасу үшін де қазақтарды күштеп қызметке тартты. Қазақ еңбекшілері екі түрлі қанаудың патша өкіметі және жергілікті өз феодалдарының тепкісін бастан кешірді. Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 жылы желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басталуының себептері қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтар, сондай-ақ патша өкіметінің қоныс аударушылық саясатында жатты. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды, ол 1856 жылдың аяғында Қазалы фортын қоршауға алды. Бұған дейін көтерілісшілер казак-орыс тұрған Солдатская слобода поселкісін жойды.1856 жылы 19–23 желтоқсан аралығында көтерілісшілер тобы патша әскерлерінің майоры Булатов қолбасшылық еткен екінші бір отрядпен шайқасты. Көтерілістің кеңінен таралуы Орынбор генерал-губернаторы әкімшілігін қатты састырды. Оның бұйрығымен көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған әскери топ жіберілді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жерден алып шығып, қауіпсіз жерге жасырды. Көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді. Көтерілістен кейін Жанқожаның өзі халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды, кейін оны жаулары опасыздықпен өлтірді. Бірақ осыған қарамастан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған 1856–1857 жылдары болған Сырдария қазақтары көтерілісінің тарихи маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық-азаттық қозғалыс еді. XIX ғ. Қазақстандағы экономикалық қатынастар XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды. 70–80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т. б.) көтеріңкі бағамен сатылды. Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді. Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді және шаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады. Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл, (Петропавл маңында), Константиновск (Ақмола), Петровск (Атбасарда) және 50 ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелері жұмыс істеді.
33.1924 жылдагы Туркістан республикаларындагы ұлттық-мемлекеттік межелулер Орта Азиядағы ұлттық аумақтық межелеу натижесинде қазақ мемлекеттілигінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру жөніндегі аса маңызды мәселе өз жөнін тапты. 1924 жылы Туркістан АКСР –і таратылып оның жерлері Өзбек,Туркімен республикалары мен Қазақстанға берілді.Сырдария облысының Қазалы,Ақмешіт,Туркістан,Шымкент уездері,әулиеата уезінің көп бөлігі,Ташкент,Мырзашөл уездерінінң бір бөлігі,Самарқан облысы Жызақ уезінің бірнеше болысы ,Жетісу облысының Алматы,жаркент,қапал уездері,пішпек уезінің бір бөлігі және Қарақалпақ жері Қазақстанға қарады.Көп ұзамай Қарақалпақ жері тугелдей Өзбекстанға қосылды.Орынбор губерниясының бір болігі мен Орынбор қаласы Ресейге берілді. Республика астанасы Ақмешітке көшірілді.Ұлттық аумақтық межелеу нәтижесінде Республиканың жер көлеми 2.7 млн км2 болды. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс 1924-1930 жылдар аралығында Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрамында болған Қарақалпақ Автономиялық облысының мәселелерін кеңінен қарауға негізделген. Орта Азия республикаларын ұлттық-аумақтық межелеу комиссиясының шешіміне сәйкес құрылған Автономиялық облыстың сипаттамасы қазақ-қарақалпақ қатынасының тарихымен сабақтасып, кеңестендіру жылдарындағы Алаш зиялыларының саяси көзқарасына ортақ болған ұстанымдармен байланыстырылды. Сонымен бірге, облыстың кейінгі жағдайының Одақ көлемінде және өзбектердің ұлттық-аумақтық межелеу комиссиясының мүддесінде шешілуіне негіз болған, ұжымдастырудың ақтаңдағына айналған Тақтакөпірдегі бас көтерудің ақиқаты, қарақалпақ жеріндегі қазақ босқындары, екі ұлтқа да ортақ бүгінгі күн әлпетіндегі мәселелер зерттеуде кеңінен қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Кеңестік билікті тұрақтандырудың әр түрлі құрылымдарының жүзеге асқаны белгілі. Соның бірі Орта Азия республикаларын ұлттық-аумақтық межелеу, ұжымдастыру шараларымен байланысты болған халықтар тағдырының тарихи бұрмалануы болатын. Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасына қарасты Автономиялық Республика болып отырған Қарақалпақстанның да осы кездегі тарихи өткелдері кеңестендірудің бұралаң саясатымен сараланды. Межелеу қорытындыларына және қарақалпақтардың өз мүддесіне сай, Қазақ АКСР-і құрамында Автономиялық облыс болып құрылған 1924-1930 жылдар аралығының тым аз ғана болуы, олардың заман өзгерісінен күткен арман-үміттеріне демеу бола алмады. Тарихтағы белгілі бір мемлекеттік құрылым ішіндегі аумақтық бөліністі құрайтын автономия ұғымы өлкелік, табиғи, экономикалық және әлеуметтік мүддесі ерекшеленетін белгілі бір ұлттың аумақтық ықшамдануын сипаттайды. Автономия үрдісінде дамып келе жатқан қарақалпақ халқы өз дамуында аймақтық интеграция, Орталық Азия елдерінің арасындағы қауымдастық құруды көздейтін тәуелсіз Қазақстанның көшбасшылығына сенім білдіреді. Қазақстанның халықаралық қатынастағы абыройы мен сыртқы саяси ұстанымдарындағы маңызды қадамдары, ішкі даму әл-ауқатының озық үлгілері өркениетті қоғам құрудың барлық талап-тілектерінен шығып отырғанын уақыт көрсетуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың түркі тектес Орталық Азия мемлекеттерінің арасында аумақтық интеграция құрудағы идеялық ұстанымдары да бұл мәселеде негіз бола алады [1]. Кеңестік кезеңге дейінгі тарихы ортақ қазақ-қарақалпақ халықтарының да тегі бір түркілік негізінде жаңа Түркістан мемлекетін құрудың тетікті мақсаты М. Шоқай идеяларында дүниеге келуімен, ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлты зиялыларының рухани үнін тудырған болатын. Орта Азия аймағындағы Патшалы Ресей боданында болған халықтардың соңғы арман-үміті, кеңестік билік заманы туған сәттен-ақ, әлеуметтік теңдікпен астасқан «лениндік ұлт саясатының» жүзеге асуына деген үлкен сенімге ұласқан еді. Кеңестік биліктің аймақ халқына қатысты қайта құру саясаты қарымында жүргізген ұжымдастыру саясатының тарихи бедері, мұнда өмір сүріп жатқан халықтардың дәстүрлі-ғұрыптық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық құрылымдарын астарлы түрде өзгертуге негіз жасады. Орта Азия республикаларын ұлттық-аумақтық межелеу шаралары нәтижесінде Қазақстанның аумақтық бірлігіне кірген ҚАО ұжымдастыру ақпараттары бойынша артқа сүйрер факторға айналған, яғни қарақалпақтардың орталыққа жағрапиялық қашықтығы сылтауға алынып, оның кейінгі тағдыры одақтық ауқымда шешіледі. Тақтакөпірде орын алған Кеңес үкіметіне қарсы бас көтеру салдары оның басты себебіне айналады. Голощекиндік саясат лаңы тудырған қазақ жеріндегі жасанды жұт салдарынан ауа көшіп, бас сауғалаған қазақтардың қарақалпақ жеріндегі тұрағы, бұл жерде тарихи тағдыры қаланған жергілікті қазақтар санының артуына себеп болады. Қазақстан тәуелсіздігімен қатар келген, нәубет жылдары шетел асқан қазақтардың тарихи Отанға оралуы қарақалпақ жеріндегі қазақтарға оңтайлы күн тудырды. Қазақ АКСР-і құрамында құрылған Қарақалпақ Автономиялық облысының 1924-1930 жылдар аралығындағы құрылымдық мәселесінің Қазақстан тарихында тұңғыш рет ғылыми тақырыпта сараптан өтуі зерттеудің өзектілігі болып табылады. Жалпы қазақ-қарақалпақ тарихының сабақтасқан кезеңдерін замана мәселелерінен бөліп қарау мүмкін емес. Сондықтан да, зерттеу жұмысын қарақалпақтардың Автономиялық облыс жағдайындағы Қазақ АКСР-і құрамында болуы мәселесін саралау, кезең мәселесін ашуға негіз болған бірқатар тарихи жағдайларды бағамдау арқылы жүзеге асады. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу тақырыбының тарихнамалық сипаттамасы кеңестік кезеңдегі және кеңестік кезеңнен кейінгі уақыттағы қазақ, қарақалпақ және өзге де бұрынғы одақтас республикалардың тарихшы ғалымдарының бұл мәселедегі ғылыми ұстанымдарына қарай жіктелді. М. Шоқай еңбектері негіз болған қазақ және өзге де түркі халықтарынан шыққан ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы зиялылар шығармалары мен олардың саяси ұстанымдарын жарыққа шығарған еңбектер зерттеудің жеке тарихнамалық топтамасын құрады [2]. Ә. Бөкейханов, С. Асфендияров, А. Байтұрсынов және С. Сәдуақасов сынды ұлт зиялыларының ұлттық негіздегі мемлекет құру, Автономия мәселесіне қалам тартқан еңбектері де басты назарда болды. Кеңестік кезең тұсындағы Отандық тарих ғылымы тарихында Қарақалпақ Автономиялық облысына қатысты арнайы зерттеу еңбегі жарық көрмеді. Соған қарамастан, Әмудария мен Сырдария өзендерін бойлап мекен ететін қазақ, қарақалпақ халықтары байланысының өткен кезеңдерден тарихи тамырлана сабақтасқаны және екі елдің бірқатар саяси аймақтық мәселелердегі ауызбірлігі, сондай-ақ өзара қарым-қатынас мәселелерінің ғұрыптық, тарихи-этнологиялық аспектілері У.Х. Шалекеновтың зерттеулерінде кездеседі [3]. Қазақ-қарақалпақ қатынасының тарихи негізі, қарақалпақ жеріндегі археологиялық-этнографиялық зерттеу экпедицияларының қорытындысы және Кіші жүз қазақтарымен қатар Ресей империясының отарлау саясатындағы қарақалпақтардың да бодандануы П.П. Иванов, С.П. Толстов және В.Я. Басин сынды орыс зерттеушілерінің еңбектерінен қарастырылды. Ұлт мүддесінде тарих жазуға мүмкіндігі әлі де болса қалыптаспаған қарақалпақ ғалымдарының кеңестік жүйе тұсында зерттеу мәселесіне арнаған еңбектерінде, Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелену шараларының даярлығы мен жүзеге асу барысы, ұжымдастырудың құрылымы Қарақалпақ Автономиялық облысының құрылу тарихының әлеуметтік-экономикалық сипаттағы очеркі үрдісінде берілген. ҚАО-ның қалыптасуы қарақалпақ ұлтынан шыққан тұлғалардың саяси белсендігімен сипатталады. Осы тұста Автономияның құрылу кезіндегі аумаққа басшылық еткен Қ. Авезов және П. Варламовтардың еңбегіне талдау жасау жұмыстың саяси мәселелерінің негізін ашты [4].