Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЕОМОРФОЛОГИЯ опорник каз напечатан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.2 Кб
Скачать

3. Жердің құрылысы (ішкі қабаттар)

(Астеносфера туралы түсінік. Голицин қабаты. Литосфера туралы түсінік. Мохо шекарасы.

Вихерт – Гуттенберг шекарасы.)

Жердің ішкі қойнауы үш қабатқа бөлінеді: сыртқы – жер қыртысы, аралық – мантия, орталық

ядро.

Жер қыртысы жердің сыртқы қатты бөлігін құрайды. Оның шекарасын анықтаған

югославия ғалымы, сейсмолог Андрей Мохоровичич (1909) болды. Жер қыртысының қалындығы:

мұхиттың астында 5-8 км., ал континентің астарында 70-75 км.

Мантия үшке бөлінеді:

А) Жоғарғы мантия,

Б) Ортанғы мантия,

В) Төменгі мантия.

Жоғарғы мантия «Моххо деңгейінен» 400 км.ге дейінгі тереңдікті қамтиды. Бұл шекара

неміс геофизигі Б. Гутенбергтің (1926) құрметіне «Гуттенберг шекарасы» деп аталады. Жоғарғы

мантияның орталық бөлігенде, материктердің астында – 100 км-ден 250 км-ге дейінгі, ал мұхит

түбінде -50 км-ден 400 км-ге дейінгі аралықта сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы

тереңдеген сайын өсудін орнына, керісінше төмендейді. Бұл жағдай мантия қабатын құрайтын

заттардың балқыған күйде болатындығын көрсетеді. Мұндай зоналарды «астеносфера» деп

атайды. Астеносферадан жоғары аймақ жер қыртысын қоса есептегенде «литосфера» деп аталады

(алғашкы енгізген Дж.Баррель1914).

Ортанғы мантия немесе аралық зона 400 км-ден 1000 км-ге дейінгі аралықты қамтиды

(орыс академигі Б.Б. Голицын 1914ж. анықтаған «Голицын шекарасы»).

Төменгі мантия «Голицин деңгейінен» 2900 км-ге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл зона неміс

ғылымдары Э.Вихерт пен Б.Гутенбергтің (1914) құрметіне «Вихерт – Гутенберг шекарасы» деп

аталып кетті.

Ядро: сыртқы ядро, аралық зона, субъядро болып үшке бөлінеді.

Сыртқы ядро «Вихер Гутенберг деңгейінен» 4900 км-ге дейінгі аралықты алып жатады және

сұйық күйде болады.

Аралық зона 4900 км-ден 5120 км-ге дейінгі аралықты қамтиды.

Субъядро планетаның орталық бөлігін (5120-6371 км) құрайды; диаметрі 2500 км шамасында.

Сыртқы ядро мен субъядроның шекарасың анықтаған Дания ғалымы сейсмолог Инге Леман

(1936).

Ядро темір мен никель элементерінен құралады, сонымен қатар күкірт, кремний қоспаларыда

болуы мүмкін.

4. Жердің сыртқы қабаттары

Жердің сыртқы қабаттары – атмосфера, гидросфера және биосфера болып саналады.

Атмосфера Жердің ауа қабатың құрайды. Атмосфераны зерттейтін ғылым метеорология деп

аталады. Оның жоғарғы шекарасы аса анық емес. Атмосфераның төменгі шекарасы Жер беті

болып саналады. Атмосфераның жалпы массасы -5,15 * 1015 т.

Атмосфера температуралық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі қабаттарға жіктеледі:

тропосфера (полюстер тұсында 8-10 км, экватор тұсында 16-18км), стратосфера (55км деиін),

мезосфера (55км-ден 80км дейін), термосфера (800 км. деиін), экзосфера (800 км-ден жоғары

қарай).

Тропосфера мен стратосфера аралықтағы қабатты тропопауза, ал стартосфра мен мезосфера

аралықтағы қабатты стратопауза деп аталады.

Тропосфера – минималды температура Антарктидада (-88,30С), максималды Ливийялық

пустыня (+57,80С). Биіктегін сайын температура әр километрде 60 С төмендей бастайды.

Тропосфераның жоғары қабаттарында температура (-850C) дейін құлайды. Тропосфера ауасында

газ, су буы және шаң тозандар қоспаларынан құралған.

Құрғақ ауада (су буы және шаң тозандарсыз) азот (78,08%), оттегі (20,95%), аргон (0,93%),

көмірқышқыл газы (0,03%) болып саналады. Оларыдың жалпы мөлшелері 99,99% , ал қосымша

компоненттердің (озон, сутегі, инертті газдар) 0,01% ғана.

Кислород – ең маңызды химиялық элемент болып табылады, ол өсімдіктердің фотосинтез

үрдісінде пайда болады.

CO2 + 2H20 + күн СН2О + H20 + О2

Ауа райы және климат:

Ауа райы атмосфернаның физикалық құбылысы және қысым, ылғалдылық, температура, жел

факторларымен сипатталады. Осы факторларға қарай ауа райы жылы және суық, жамбырлы және

күнлі болады. Ауа райының көпжылдық режимі белгілі бір аймақтың физико-географиялық

жағдайының комплекстігімен анықталса климат деп аталады.

Жер шарында бірнеше климаттық белдеулері бар: полярлық, біртоға (умеренный), тропиктік,

экваториалдық.

Пенк жіктелуі бойынша климат аридты, гумидты, нивальды болады. Аридты (аридус- құрғақ)

климат ыстық және атмосфера тұнбаларының саны аз болуымен сипатталады. Гумидті (гумидус-

ылғалды) климатта температура көбінесе жоғары болады, атмосфера тұнбалары да көп болады.

Нивальды (нивалис- қарлы, суық) климат полярлы және таулы аймақтарына сипатты.

Гидросфера Жердің су қабаты. Ол мұхит, теңіз, көл, өзен суларымен бірге жер асты суларын

және мәңгі кар мен мұздық суларын да түгелдей қамтиды.

Физиқалық қасиеттері мен құрамына қарай олар үшке ажыратылады:

А) мұхит сулар (теңіздер мен сулар),

Б) құрлық сулары мен мұздықтар,

В) жер асты сулары.

Гидросфераның жалпы көлемі – 1,458000 мын. км3. Оның көпшілігі (1370000 мын.км3) –мұхит

сулары, ал жер асты сулардың көлемі- 60 000 мын.км3. Бұл сулардың барлыгы да табиғи

ерітінділер болып саналады. Сондықтан да олардың әрқайсы азды көпті мөлшерде минералданған

сулар түрінде кездесет.

Құрлық сулары көбінесе тұщы, ал мұхит пен теніз сулары тұзды (35г/л немес 3,5% ) болып

келеді. Осындай мұхит суларының (тқздығы 35 г/л) тығыздығы температура 00C –інде 1,02813

г/см3 болады, ал 10000 метр тереңдігінде судың тығыздығы 1,07105 г/см3 көтеріледі.

Биосфера Жер бетіндегі тіршілік қабаты болып саналады.

Ол гидросфера қабатын түгелімен, атмосфераның төменгі бөлігін және жер қыртысының

жоғарғы бөліктерін (16км.дейін) қамтиды.

3 Сабақ

Тақырып: Жер қыртысы. Жер қыртысының химиялық және минералдық құрамы.

Жоспар:

1. Жер қыртысының құрылысы.

2. Жер қыртысының химиялық құрамы.

3. Жер қыртысының жасы және оны анықтау әдістері.