- •1. Жердің геофизикалық сипаттамасы
- •2. Жердің физикалық қасиеттері.
- •3. Жердің құрылысы (ішкі қабаттар)
- •4. Жердің сыртқы қабаттары
- •1. Жер қыртысының құрылысы.
- •2. Жер қыртысының химиялық құрамы.
- •Тақырып: Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық әрекеті.
- •Тақырып: Жер асты суларының геологиялық әрекеті.
- •Тақырып: Мұздықтардың геологиялық әрекеті.
- •2. Мұздықтардың пайда болуы және олардың режімі.
- •3. Қар мен мұздың бұзышылық әрекеті.
- •4. Мұздықтардың тасымалдау әрекеті.
- •6. Көп жылдық мұздықтар.
- •Тақырып: Теңіздің геологиялық әрекеті. Көлдер мен батпақты көлдердің геологиялық әрекеті.
- •2. Әлемдік мұхитың түбінің бедері.
- •3. Теңіздердің организмдердің әлемі және биономикалық зоналары.
- •4. Теңіздің тасмалдау жұмысы.
- •5. Теңіздің бұзу әрекеттері.
- •6. Мұхит-теңіздердің шөгінділері.
- •Тақырып: Эндотектік геологиялық үрдістер . Магмалық үрдістер.
- •2. Магматизм, магмалық денелер.
- •3. Вулкандың аппартының құрылысы:
- •Тақырып: Жанартаулардың құрылысы. Жанартаулық әрекеттің өнімдері. Жанартаулардың жарықшақтық түрлері
- •3. Вулкандың аппартының құрылысы:
- •4. Жанартаулардың жіктелуі.
- •5. Атқылау фазалары және жанартаулардың түрлері.
- •6. Жанартау атқылау өнімдері.
- •Тақырып: Жер қыртысының қозғалысы.
- •2. Тербелмелі қозғалыстар.
- •3. Тербелмелі қозғалыстарды зерттейтін әдістер.
- •Тақырып: Жер сілкіністері туралы түсінік.
- •2. Жер сілкінудің себептері және жіктелуі.
- •3. Тектоникалық жер сілкінудің сейсмикалық ошағының құрылысы.
- •4. Жер сілкінудің географиалық таралу.
- •Тақырып: Жер қыртысының тектоникалық бұзылулары.
- •1. Тау құбылнамасының құрылысы
- •2. Өлшеу әдістері
- •4. Құлау бұрышты өлшеу
- •5. Тектоникалық бұзылымдардың мағлуматы, олардың жіктеленуі.
- •Тақырып: Метаморфизм ұғымы, оның түрлері.
- •Тақырып: Адамның геологиялық және технотекті қызметі мен қоршаған ортаны қорғау.
- •Тақырып: 2 Бөлім. Геоморфология жәңе төрттік геология негіздері. Геоморфология жәңе төрттік геологияның мазмұны.
- •Тақырып: Құрлық бедері дамуының және құрлықтық түзілімдер қалыптасуының негізгі заңдылықтары.
- •Тақырып: Эндотектік бедертүзуші үрдістермен себептелген бедер пішіндері.
- •Тақырып: Жанартаулы және жанартаулы – тектоникалық бедер пішіндері.
- •Тақырып: Экзотектік бедертүзуші үрдістермен себептелген бедер пішіндері.
- •Тақырып: Мұздықтың, эолдық, деформациялық, карсттың және технотектік бедер пішіндер.
- •3. Аккумулятивті пішіндер.
- •Тақырып: Геоморфологиялық ландшафттардың басты түрлері.
- •Тақырып: Геоморфологиялық зерттеу әдістері мен төрттік геологияның зерттеу әдістері.
- •Тақырып: Төрттік шөгінділерді стратиграфиялық бөлшектеудің ұстанымдары мен үлгілері. Геоморфологиялық картографиялау.
6. Мұхит-теңіздердің шөгінділері.
Шөгінділер құралу процесін седиментация немесе седиментогенез деп атайды.
Жаралу тегі мен заттық құрамына қарай теңіз шөгінділері келесі топтарға бөлінеді:
Құрлықтың бұзылып, одан тасымалданып, теңіз түбіне шөккен жыныстар жинағын терригендік
(латынша терра - жер деген мағынада) дейді.
Теңіз суынан химиялық жолымен шөккен жыныстарды хемогендік деп атайды.
45
Биогендік немесе органогендік деп организмдер қалдықтарының үйілуінен жаратылған түрлерін
айтады.
Жанартаулық жыныстар су асты мен үстіндегі жанартаулардың атқылау әрекетінен пайда
болады.
Терригенді шөгінділер көбінесе теңіз жағалауы тұсында кең тарайды. Олар ірі –уақтылығына
қарай ірі кесекті немесе псефитті; құм яғни псамитті; құмайт немесе алевролитті; саз балшықты
яғни пелитті топтарға ажыратылады.
Физикалық географиялық жағдайларына байланысты.
№10 Сабақ
Тақырып: Эндотектік геологиялық үрдістер . Магмалық үрдістер.
Эндотекті процестер.
Эндотекті геологиялық процестер:
жер қыртысының тектониколық қозғалыстары
магматизм
метаморфизм
жер сілкіну
Эндотекті процестер жер қойнауында жоғарғы температура және жоғары қысым жағдайында
тоқтаусыс жүріп жатады.
Барлық эндотекті процестер өзара тығыз байланыста болып, бір біріне әсер ету нәтижесінде пайда
болып отырады.
Эндотекті геологиялық процестер арқылы жер қыртысы өзгеріп жатады.
2. Магматизм, магмалық денелер.
Магматизм жер қыртысының құралуында атқаратын ролі зор.
Жер қыртысынын құрайтын тау жыныстарының 95%-і магмалық процестредің нәтижесінде пайда
болады.
Магманың негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар, ұшпалы компонентердің молшері
12%-ке дейін жетеді ( су буы, күкірті қосындылар, көмірқышқыл газы, сутегі, азот), 88% жер
қыртысында кездесетін химиялық элементер болып саналады (оттегі, кремний, алюминий, темір,
кальций, магний, калий, натрий)
Ұшпалы компонентер магманың қоюлығын азайтып, оның қозғалу немесе жылжу жылдамдығың
өсуіне әсерін тигізеді.
Магматизм:
Интрузивті магматизм
Эффузивті магматизм
Интрузивті магматизм жердің ішкі қабаттарында пайда болады.
Эффузивті магматизм жердің беткі қабаттарында пайда болады.
Магмалық денелердің сырт көрінісі ір түрлі болып көрінеді.
Эффузивтік жыныстар жер бетінде лава тасқындары мен лавалық жамылғылар түрунде түзіледі
немесе лавалық құмбездер мен конус пішінді шындар құрайды.
Интрузивтік жыныстар жер қыртысының терең қабаттарында кристаллданған жағдайда
бұрыс жатысы ірі денелер (баттолит, шток), жыныстардың көне жатыс жағдайына сәйкес
орналасқан денелер (лакколит, факолит, силл), бұрыс жатысы кішігірім денелер (дайка, желі,
некк) кездеседі.
Батолиттер («батос» терендік деген мағынада) көлемі жүз км.ден астам, тік бағыты бес он
км.ден аспайт.
Құрамы граниттер мен гранодиориттерден тұрады.
Штоктар цилиндр пішінді, батолиттерден кіші болып келеді.
Лакколиттер («лакос» шұнқыр деген мағынады») шөгінді қабаттар арасында диаметрі жүз
метірден бірнеше километрге дейін жететін санырауқұлақ пішінді денелер құрайды.
Лаполиттер («лопос» табақ деген мағынада) шөгінді қабаттар арасында құрамы негізгі
магмадан суына келе қатайып жайпақ пішінді болып келеді.
Факолиттер («факос» жасымдық дене деген мағынада) көбінесе қатпарлы құрылымдардың
иілімдерінде кол орақ тәрізді пішінде қалыптасады.
Дайкалар («дайка»шотландия тілінде қабырға деп аталды) жер қыртысының жарықтары мен
жарықшактарын толтыра өскен тау жыныстары түрінде тік қабырғалы интрузиалық кішігірім
денелер құрайды.
Некктер (мойын деген мағынада) диаметрі бірнеше метрден бір жарым км.ге дейін жетеді.
Интрузиалық денелер әр түрлі терендікте қалыптасады. Батолиттер мен штоктар терең қабаттарда
түзіледі, оларды аббисальдық деп, ал қалғандары жер қыртысының жоғаргы қабаттарында
түзілетін болғандықтан гибаббисальдық денелер деп аталады.
Ронов пен Ярошевскийдің есептеулері бойынша, жер қыртысын жалпы көлемін 10,4%
ГРАНИТТЕР, 11,2% ГРАНОДИОРИТТЕР МЕН ДИОРИТТЕР, 42,2% ГАББРО, БАЗАЛЬТАР,
0,2 % ДУНИТТЕР МЕН ПЕРОДИТТЕР.
Магманың дифференциалдық жіктелуі деп, біртекті алғашкы балқыманың химиялық құрамына әр
түрлі фракцияларға бөлініп, соған сәйкес олардан минералдық құрамы өзгеше әр түрлі тау
жыныстарының түзілуінін айтады.
Ликвациялық процесс кезінде магма құрамына және меншікті салмағына қарай өзара
араласпайтын екі түрлі фракцияға ажырайды: ауыр салмағы темірлі магнийлі қосындылар төмен
қарай ағып ығысыды, ал салмағы женілірек қышқылды қосындылар жоғарғы қабаттарда
жиналады.
Кристаллизацилық дифференциация магманың кристаллдарға жіктелуімен аяқталады.
Гибридизация деп, магмамен жапсарлас жынымтардың ыстық магма әсеріне байланысты
жартылай балқып әртүрлі өзгерістерге ұшырауын айтады.
Жанартау үрдістері.
Вулканизм («вулканус» от құдайы деген мағынада) магманың жер бетіне тасып төгілуімен
байланысты процестерді түгел қамтиды.
Жанартау атқылау процесті эруптитивтік («эруптиус» лақтырып тастау деген мағынада)
әрекеттер деп аталады.
Жанартау аймағы пайда болуы келесі маңызды жағдайымен байланысты: жер қыртысының
қозғалысы, осы қозғалыстар арқылы жарықшақтар немесе жарықтар (трещины и разломы) пайда
болады, олар магмалық ошағын жер беткейімен қосады.
Осы жарықтар бір жерде қалыптасса орталық түрдің жанартауларын (вулканы центрального
типа) құрайды, ал жарықшақтар созылынқы бағытталса жарықшақты жанартауларды (вулканы
трещинного типа) құрайды.
