Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЕОМОРФОЛОГИЯ опорник каз напечатан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.2 Кб
Скачать

1 Сабақ

Тақырып: Кіріспе 1 бөлім. Жалпы геология. Жер әлемдік кеністікте.

Жоспар:

  1. Геология пәні және геологиялық ғылымдар саласы

  2. Геоморфология және төрттік геология

Геология – (гео)- жер (логос)- ғылым. Жердің және жер қыртысының пайда болуын терең бөліктерінің құрамын құрылысын даму тарихын зерттейтін ғылымдар кешені. Геологиядан басқа жерді зерттейтін ғылымдарға келесілер жатады: Астрономия- жерді ғарыш кеңістігіндегі планеталардың бірі ретінде қарастыра отырып оның жаратылысын құрылымын және қозғалыс заңдылықтарын зерттейді. Геофизика - жерді құрайтын тау жыныстарын физикалық қасиетін және оның терең ішкі қабаттары тоқтаусыз жүріп жатқан физикалық ерекшеліктерін қарастырады. Геохимия- жердің химиялық құрамын ондағы химиялық элементтер мен олардың тұрақты изотоптарының таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Геология келесідей ғылыми салаларға бөлінеді: І. Жердің құрамын зерттейтін ғылымдар:

  1. Минералогия ( «minera» лат. кең)

Минералогия- минералдардың пайда болуын физикалық қасиеттерін және өнеркәсіпте қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.

  1. Петрография ( «petra» немесе « petros» жартас деген мағынада)

Тау жыныстарының пайда болуын зерттейді.

  1. Литология ( « litos» ) шөгінді тау жыныстарын құрамы мен құрылысын өзгерту заңдылықтарын және пайда болуын зерттейді.

ІІ. Табиғи үрдістерді қозғалыс тұрғысынан зерттейтін ғылым- динамикалық геология.

  1. Вулканология- жаңа тауладың пайда болуын, дамуын құрылысын және атқылаған уақытта пайда болған жыныстарды зертей отыра магмалық әрекеттерін, заңдылықтарын анықтайды.

  2. Seismos ( сілкіну) деген мағынада жер сілкінуінің пайда болуын зерттеп анықтайды.

  3. Геотектоника ( тектоника- құрылыс өнері немесе қозғалыс)

Жер қыртысының құрылымдық және олардың қозғалыс заңдылықтарын зерттейді.

Тарихи геология- жер қыртысының жалпы даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.

Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының қабат- қабат болып орналасуы тәртібін немесе олардың құралу уақытын анықтайтын тарихи геологияның бір бөлігі – стратиграфия ( лат. « стратум» - қабат деп аталады)

Палеонтология ( грекше «полеос» - ескі, « онтос» - өмір, тіршілік) ескі органикалық қалдықтардың фауна, флора сақталған түрлерін зерттей отырып, олардың өмір сүрген дәуірлерін анықтайды.

Палеогеография – өткен географиялық дәуірлерде болған жер бетінің физикалық- географиялық өзгеру жағдайларын зерттейді.

Жер және күн жүйесі

Күн жүйесінің басты ерекшеліктері

Птолемейдің түсінігі бойынша бүкіл әлемнің орталығы Жер, ал басқа планеталар , солармен қатар күн де Жерді айнала қозғалады. Кейінірек (хvІ ғ) Жердің Күн жүйесінде алатын орны анықталып, оның Күнді айнала қозғалатындығы Польшаның ұлы ғалымы Коперниктің геоцентрлік жүйесінің негізінде дәлелденді. Жерді қоршаған орта ( шетсіз- шексіз әлем кеңістігі) – ғарыш- (

« ғарыш» - бүкіл әлем) деп аталады. Ғарыш кеңістігінің зерттеуге мүмкін деп саналатын бөлігі- « Метагалактика» деп аталады. Метагалактика миллиардтан астам жұлдыздар тобын және галактикаларды ( грекше « галактика» - құс жолы) біріктіреді. Біздің галактика 150 миллиардтан астам жұлдыздардан тұрады. Күн және Күн тектес жұлдыздар Галактика орталығын 200- 250 млн. жылда бір рет айналып шығады. Күн өзінің орбитасында 250 км/с жылдамдықпен қозғалады. Галактика жасы 12 млрд жыл шамасында деп саналады.

Жарық жылы дегеніміз – жарықтың таралу жылдамдығын 300 000 км/ с есебімен санағанда бір жыл өтетін қашықтық. Құс жолының диаметрі 25- 27 килопарсек, ал қалыңдығы 3 кпс немесе 10 000 жарық жылы шамасында деуге болады.

Күннің беткі температурасы- 6000 С шамасында, ал ішкі қабатында млн градусқа дейін көтеріледі. Күн- сары жұлдыздар қатарына жатады.

Күннің массасы бүкіл жүйенің 99, 874- ін құрайды, ал планеталардың ішіндегі ең ірісі Юпитердің массасы – 0, 1 % ғана . Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, Күн- плазмалық отты шар деп есептеледі. Оның құрамында 70- ке жуық химиялық элементтер бар екені анықталды. Олардың ішіндегі негізгісі- сутегі (50% ) және гелий (40% ) болып есептеледі. Күннің жасы 6- 6, 5 млрд. жыл.

Күн жүйесінің құрамында: 9 планета, 42 планета серіктері, 50 мыңнан астам ұсақ астероидтар, жүздеген косметалар және толып жатқан метеориттер мен метеорлар бар екені белгілі.

Жер тектес планеталар ( меркурий, шолпан, жер және марс) алып планеталармен салыстырғанда көлемі жағынан кіші , тығыздығы жоғары, атмосферасының массасы аз және өз осінен айналу жылдамдығы төмен болып кездеседі.

Алып планеталар ( юпитер, сатурн , уран, нептун, плутон). Айдың көлемі жермен салыстырғанда 4 есе , ал массасы бір есе кіші. Тығыздығы 3, 3 г/ .

Астероидтар. Марс және Юпитер орбиталар аралығындағы ішкі және сыртқы планеталарды бір – бірінен бөліп тұратын шекараны астероидтар немесе кіші планеталар белдеуі деп атайды.

Метеорлар- кометаның өте ұсақ сынық бөлшекиері болып саналады.

Ең ірі кратер – метеордың диаметрі 1, 6 км, ал тереңдігі 150 м.

Кометалар- аспан әлемінде ұзынша созылған , құрамы жағынан алып планеталардың атмосфералық құрамына жақын ғарыштық денелер.

2 сабақ

Тақырып: Жер туралы мәліметтер.

Жоспар:

1. Жердің геофизикалық сипаттамасы

а) Жалпы мәлеметтер.

б) Жердің пішіні мен көлемі.

9

в) Жердің беткейі.

2. Жердің физикалық қасиеттері

3. Жердің құрылысы (ішкі қабаттар)

4. Жердің сыртқы қабаттары

1. Жердің геофизикалық сипаттамасы

а) Жалпы мәлеметтер.

Жер Күнді 365 тәуелдік уақытында айналып шығады, немесе 2564 жұлдыздық тәуелдікте.

Орбита бойымен орташа қозғалу жылдамдығы 29,76 км/с.

Жер өз осінен 23 сағат 56 минут, 4,0905 секундта толық айналым жасайды.

Жердің айналу жылдамдығы өзгеріп тұратындығы мұқият бақылаулар мен есептер көрсетеді.

Мысалы: 1955-1972 жылдардың аралығында біздің планеталарымыздың өзінің айналу

жылдамдығы баяулайды, осының нәтижесінде тәулік 0,00013 секундқа ұзарды. 1972 жылдан

бастап жер өз айналуын біраз жылдамдатты. Айналу жылдамдығы жыл бойы да өзгереді,

минималды сәуір, қараша айларында; максималды қантар соңында, мауысымда.

Жердің айналу өзі орбита жазықтығына 66 0 33 мин. 15,2 сек. бұрышпен көлбеген. Көлбеу

бұрышы айнымалы.

Әрбір 19 жылда өзінің бастапқы орналасуынан ауытқып ось кеністікте конус сызып шығады.

Мұндай осьтің тербелісі нутация деп аталады.

Жердің қозғалысына және айналу жылдамдығына Ай мен Күннің тартылыс күштері әсер етеді.

Олар мұхиттың қайтуы мен тасуын шақырады.

б) Жердің пішіні мен көлемі.

Жердің шар тәріздес екенін бірінші рет Пифагорда ой туындады (біздің заманымыздан бұрынғы

IV ғасыр), кейін оның ойы дұрыс екенін Аристотель дәлелдеді.

XVII ғасырда басталған геофизикалық зерттеулер полярлық радиусы 6356,8 км., ал экватор

радиусы 6378,2 км. деп көрсетті. Осы екі радиустардың арасындағы (21,4км) қашықтық Жердің

пішіні полюстарда сопақталған шар екенін дәлелдеді. Жердің орташа радиусы 6371,11 км.

шамасында деп есептеледі.

30-40-шы жылдарда Ф.Н. Красовский және А.А. Изотов геодезистердің өткізілген зерттеулері

арқылы Жердің экватор аймағында да сопақ екені дәлелденді, осының нәтижесінде үш осьті

элипсоидтың айналуы тұралы ойлар тұынданды.

Жер ешқандай да геометриялық пішіндерге ұқсамайды. Сондықтан неміс ғылымы физик И.

ЛЮСТИХТЫҢ ұсынысы бойынша Жер геоид пішінді деп саналады. Геоид және сфероид

пішіндері бір-біріне сәйкес келмейді. Олардың беткі қабаттарының аралық қашықтығының

айырмашылықтары +-160 м. Геоид және сфероид аралығындағы айырмашылықты аныктау

гравиметриялық және ғарыштық өлшеулер арқылы жүргізіледі.

Мередиандың ұзындығы 40025 км., градустық доға шамасы 111109711 450 еңдікте, Жердің

беткей ауданы 510 млн.км 2 және оның көлемі 1083204 млн.км3

Жердің массасы 5,977*1021т, орташа тығыздығы 5,517т. Жердің ішкі кабаттарын құрайтын

заттардың тығыздығы тереңдеген сайын ұлғая береді. Осының нәтижесінде Жердің ядросындағы

заттардың тығыздығы 12,5 г/см3 болуға тиіс. Жердің жоғарғы қабатын құрайтын тау

жыныстарының орташа тығыздығы 2,8 г/см3.

в) Жердің беткейі.

Жердің беткейі 70,8% сумен қамтылған, ал қалған 29,2% құрлыққа тиісті.

Әлемдік мұхит материктар арқылы бір бірімен қосылған төрт мұхитқа бөлінеді: Тыңық, Атлант,

Үнді, Солтүстік Мұзды немесе Арктиқалық.

Алты материктар: Еуразиялық, Солтүстік американдық, Онтүстік американдық,

Африкандық, Австралиялық және Антарктикалық.

Әлемдік мұхит суларында мұхиттық аралдар бар. Материктардың пішіндері дұрыс емес,

кейбіреулері үшбұрышқа жақын. Теңіз деңгейіне қарай материктердің орташа биіктігі 850 м., ал

мұхиттардың орташа терендігі 3800 м.

Жер шарының ең биік нүктесі Гималайда орналасқан (Джомалунгма тауы, биіктігі 8884), ең

аласа – Тыңық мұхитта (Мариандық ойпат, терендігі 11022 м.)

200 метр орташа белгілеріне ие құрлықтың тегіс салалары жазықтық (равнина) деп аталады.

Олар құрлықтың 20% қамтиды. 1000 м. дейін көтерілген салалар жайпақтаулар (плоскогорье)

деп аталады. Олар құрлықтың 53% қамтып беткейдің ойлы-қырлы (холмистые) екенін көрсетеді.

Ең биік, сызықша-созылмалы көтерілістер тау жоталары деп аталады, ал олардың үйлесімі тау

белдеулері деп аталады.

Жер шарында үш тау белдеулері бар, олардың екеуі меридианальды және біреуі еңдік бағытта

созылған.

Меридианальды тау белдеулерді Тыңықмұхиттық деп атайды:

Батыс тыңықмұхиттық тау белдеуі (Чукотка тауы; Курил, Сахалин, Жапон аралдарынан

Австралиялық Кордильерлеріне дейін).

Шығыс тыңықмұхиттық тау белдеуі (Солтүстік пен Онтүстік Американың кордильер тау

құрылыстарын қамтиды).

Еңдік тау белдеуі Жерорта теңіздік деп аталады; Атлас (Солтүстік Америка) тауларымен

басталады да шығыс жаққа созылады - Пиренеев, Альп, Апеннин, Балұан, Карпат, Крым, Кавказ,

Памир, Гималаи тауларын қамтиды және Малай архипелагтарына дейін созылады.

Архипелаг – бір біріне тізбектеле орналасқан, тегі және геологиялық құрылысы тұрғысынан

мейілінше ұқсас аралдар тобы.

Мұхиттың бөліктері құрлықтардың ішінде теніздер мен шығанақтарды (залив) құрайды. Теңіздер

сыртқы (Жапон, Баренцева, Лаптевых теңіздері) және ішкі (Жерорта, Балтийлық, Қызыл теңіздері)

болып екі түріге бөлінеді. Құрлықтың жағаларында аралдық доғалар дамыған, оларды жағалай

терең мұхиттық ойпаттар созылады. Осы қосылу түрі Тыңықмұхиттық деп аталады.

Ал Атлантдық мұхитпен қосылғанда құрлықтың жағасы еңісті болып келеді, осынын нәтижесінде

құрлық мұхиттың деңгейінің астына біртіндеп шөгеді (батады). Атлантдық түрі Үнді, Атлантдық

және Солтүстік Мұзды мұхиттардың жағалауында ең көп таралған.

Мұхит түбінің құрылысында келесі элементтер анықталады:

Шельф

Континентальдық беткей.

Әлемдік мұхиттың түбі.

Терең науалар (глубоководные желоба).

Жерорта жоталары (срединные океанические хребты).