Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сын. сонғы билеттен жасалмаган себеби олар кайт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
478 Кб
Скачать

13.Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы"

Ы.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі - оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінеді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы Орынборда басылады. Ыбырай Алтынсарин1876 жылы Н.Н. Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым», - деп жазады. «Мысалдарды енгізгім кемейді, өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер болады. Мысалдарды қазақ балалары оқығысы келмейтінін, оқыса оған күлетінін , ал олардың ата - аналары: балаларға сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәрсені үйретеді деп, тіпті тәжірибемнен білемін», - деп айта келіп жаңа кітапқа жұмбақтар, баланың ойын кеңітетін әңгімелер, сондай - ақ қазақ өлеңдерінен іріктелген өлеңдер енгізілетінін жазады. Ы.Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан елтұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.

14."Алқа". Өнер эстетикасы мен қаламгер бостандығы

Алқа — қазақ жазушыларының ұлттық шығармашылық ұйымы. Қазан төңкерісінен кейін көркем әдебиеттен таптық принципті талап ете бастаған кезде қазақ қаламгерлерінің оған қарсылық, балама бағыт ретінде құрмақшы болған шығармашылық ұйымынның бағдарламасын М.Жұмабаев бастаған ақын-жазушылар 1924 жылы дайындап, 16 данасын қолдан көшірілген пікір білу мақсатымен сол кездегі көрнекті қаламгерлерге таратқан. “Алқаның” бағдарламасын  Ә.БөкейхановА.Байтұрсынов, Ж.АймауытовА.Байтасов,  М.ӘуезовС.СәдуақасовС.ҚожановС.ДөнентаевЖ.ТілеуұлыЕ.ОмаровЕ.АлдоңғаровЖ.Сәрсенбіұлы сияқты қазақ зиялылары, мәдениет-әдебиет қайраткерлері қолдаған. Қолжазба күйінде сақталып қалған “Алқаның” бағдарламасы “Әдебиетіміз”, “Бұл күнге шейін төңкеріс һәм әдебиетіміз”, “Ендігі төңкеріс һәм әдебиетіміз”, “Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы”, “Марксшілдік һәм әдебиет. Не жазуға” деген негізгі бес бөлімнен тұрады. “Табалдырық” аталған кіріспесі “Қазақ әдебиеті тоғыз жолдың торабында тұр. Артында бір жол, алдында мың жол” — деген жолдармен басталады да қазақ әдебиеті қандай жолмен дамуы керек деген сауалға жауап іздейді. Қоғамдық, өндірістік қатынастар дамуынан кенжелеу қалған қазақ халқының әдебиеті де дамымаған деген таптық теорияны жоққа шығарып “Шынында қазақтың өзгеше терең әдебиеті болған һәм бар” — деп мәлімдейді. Қазақ әдебиетінің алыбы Абайдың ақындығын аса жоғары бағалап, қазақ әдебиеті өзінен үлгі алатын дәрежеге жеткен жоқ деген сияқты солақай пікірлерді теріске шығарады. Төңкерістің қазақ даласына сырттан әкелінгендігі, сол себепті де қазақ әдебиетінің революцияны жырлауына негіздің жоқтығы, “ұлттық әдебиет өз соқпағымен жүру керектігі” айқын айтылды. “Алқаның” бағдарламасында “искусствоның негізі — сезім, құралы — сезімнен туған сурет, мақсаты — білім беру емес, сезім ояту” деп көрсетілді.