- •1. Қазақ әдеби сыны тарихының зерттелуі.
- •2. Сын жанрлары (проблемалық мақала).
- •3.Қазіргі қазақ әдеби сынының басым бағыттары
- •4.Қазақ әдебиеті сынының көркемдік бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •5.Көне түркі дәуірі әдебиетіндегі сыншылдық-эстетикалық таным
- •6.Шоқан Уалиханов және әлемдік классикалық филология
- •7.Қазақ ағартушылығының тарихындағы маңызы
- •8.А.Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттану ғылымы
- •9.1960-Жылдардағы әдеби сын. Алпыскерлер толқыны
- •10.Баспасөз және әдеби сын
- •11.Әдеби сындағы Абайтану ілімі
- •12.Хх ғасыр басында Алаш ұранды сөз өнері және қазақ әдеби сыны
- •13.Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы"
- •14."Алқа". Өнер эстетикасы мен қаламгер бостандығы
- •15.Коммунистік идеология және әдеби сындағы тұрпайы социалогизм
- •16. Сын жанрларының қалыптасу жолдары
- •18.1970-Жылдардағы әдеби сын
- •19."Алаш ұрынды" сөз өнері зерлерінің әбеби сын табиғаты туралы көзқарастар
- •20. 1920 Жылдардағы қызыл террор және әдеби сындағы қате теориялар салқыны.
- •21. «Жылымық» жылдарындағы әдеби сын сипаты.
- •22."Дала уалаяты" газетіндегі әдеби мұраны игеру және көркем сын мәселелері
- •23.1930-Жалдардағы әдеби сын және сталинизм зардаптары
- •24.1990 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі және тоталитарлық жүйе күйреуі
- •25. "Абай" журналындағы әдеби сын мәселелері
- •29.1940 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі
- •30.Әдебиет тарихын дәуірлеу және сыншылдық-эстетикалық таным
- •31. Алпыскерлер және 1960 жылдардағы әдеби сын болмысы.
- •32. Әдеби сын және әдеби мұраны игеру мәселелері
- •33.Қазақ әдеби сыны тарихы, ғылыми негіздері мен жанрлық зерттелуі
- •34.Әдеби сын бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •35.Жыраулар поэзиясындағы көшпелілер эстетикасы
- •36.Әдеби сын және эстетикалық категориялар
- •37. "Айқап" журналындағы қазақ әдеби сынының мәселелері
- •38.ҚазАпп және әдеби сындағы қате теориялар табиғаты
- •39.Халық мұрасын зерттеудегі партиялық қаулы-қарарлар
- •40.Әдебиет пен өнер бойынша 1950 жылдары қабылданған партиялық қаулы-қарарлар
- •41.Әдеби мұраны игеру тақырыбындағы 1959 жылғы конференцияның маңызы
- •42.1980 Жырдардағы көркемдік даму және әдеби сын
- •43.Әдеби сынның ғылыми негіздері, жанрлық жүйесі
- •44.Алаш қайраткерлерінің ұстанымдары (Алқа)
- •45.Әдеби сын үрдісі және сыншы шеберлігі
- •46.1970 Жылдардағы көркемдік даму үрдісі және қазақ әдеби сыны
- •47.Әдеби сындағы полемикалық мақалалар
- •48.Социалистік реализм әдебиетіне қазіргі көзқарас
- •49.Әдеби сынның ғылыми қағидаттары
- •50.Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолдары
- •51.Ххі ғасырдағы көркемдік даму және әдебмет сыны
- •54."Қазақ" газеті және әдеби сын эстетикасы
49.Әдеби сынның ғылыми қағидаттары
Әдебиет сыны, әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады.
50.Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолдары
дебиетті дәуірлеу жолдары. Әдебиеттің тарихын жазу барысында, оны жасау жолдары қандай, оны дәуірлерге бөлгенде, қандай ұстанымдар басшылыққа алынады, қандай талаптар қойылады деген ыңғайдағы біраз сауалдар туындайды. Қазір әдебиет тарихын дәуірлеудің негізгі үш жолы белгілі: 1. Хронологиялық. 2. Азаматтық тарихпен орайлас.3. Әдебиеттің өзіндік көркемдік дамуына қарай. Осылардың ішінде көбірек қолданылып жүргені – алғашқы екеуі. Өйткені, әдебиет дегеніміз, халық тарихының көркем бейнесі, бейнелі шежіресі. Сондықтан да халық бар жерде оның тарихы бар десек, оның ажырамас бір бөлігі ретінде белгілі бір оқиғаның, болмаса қайраткердің өмірде болғандығын көркем бейнелеп, иллюстрациямен дәлелдей түсетін әдебиетінің болуы да – заңдылық. Сол себептерден де әдебиет тарихын дәуірлеуді қолға алған кездерден бастап, оның шегараларын жылдармен, немесе ғасырлармен анықтап отырған дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мысалы, Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (1967) іштей «Ерте дәуір әдебиеті» және «Х1Х ғасыр әдебиетіне» бөлінсе, «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1997) «Ежелгі әдебиет», «ХУ-ХУ111 ғасырлардағы әдебиет», «ХУ111 ғасыр әдебиеті», «Х1Х ғасыр әдебиеті» болып, дәуірленген. Соңғы он томдықтың 4-ші томы «Х1Х ғасырдың бірінші жартысы (1800-1850)», 5-ші томы «Х1Х ғасырдың екінші жартысы (1850-1900), 6-шы том «ХХ ғасырдың басы (1900-1916)» аталған.
51.Ххі ғасырдағы көркемдік даму және әдебмет сыны
ХХІ ғасыр жылжып барады. Қазақ әдеби сынының тарихындағы тектілік пен Отан тақырыбына табан тірейтін кез жетті. Өйткені, біз қазір Совет кезіндегі жазушы мен әдеби мәтіннің абыройын, тоталитарлық жүйе кезінде жазушы мен оның жазғандары бағаланушы еді деп оны жоқтаймыз. Қазір оқырманды өткенді жоқтаумен жалықтырып алатын әдеби сынның қажеттілігі шамалы. Қазіргі әлем әдебиеті мойындаған жаңа мәтіндерді оқып, өзімізге басқа көзбен қарайтын кез жетті. Тәуелсіздік бізге қалай жетті? Ең қызығы, советтік-тоталитарлық жүйенің жойылуы бұрынғыдай әлемдік соғыс емес, өзін-өзі ішінен ыдыратқан саяси күш екенін, бөлшектенудің қалай іске асқаны туралы біздің қазақ-совет жазушылары емес шет елдік авторлар жазып жатыр. Айгүл Ісмақова,
