Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сын. сонғы билеттен жасалмаган себеби олар кайт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
478 Кб
Скачать
☆

8.А.Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттану ғылымы

«Әдебиет танытқыш» — Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек.

Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов — тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.

"Әдебиет танытқыш" еңбегіндегі әдеби-теориялық мәселелер.

Көрнек өнері бес тарау болады:

Бірінші – тастан, кірпіштен, ағаштан, яки басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешіт, медресі, үй, там сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады (европаша архитектура).

Екінші – балшықтан я металдан құйып, тастан я ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын-сымбатын келтіре сурет жасау өнері – бұл сымбат өнерлі болады (европаша скульптура).

Үшінші – түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін, кескінін-келбетін келтіріп, суреттеп көрсету өнері – бұл кескін өнері болады (орысша живопись).

Төртінші - әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері – бұл әуез өнері болады ( европаша музыка).

Бесінші – нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері – бұл сөз өнері болады (қазақша асыл сөз, арабша әдебиет, европаша литература).

Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге.

Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау.

Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз.

Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл. Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл – ондай өң берілмей, жай айтылған сөз.

Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз – осылай шығарған сөз.

Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері: 1) тақырыбы, 2) жоспары, 3) мазмұны, 4) түрі.

Шығарманың мазмұны төрт түрде айтылады: 1) жай сөйлеу түрде, 2) сөйлестірген түрде, 3) хат түрінде, 4) аралас түрде.

Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты – дінді жаю, дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас мақсаты – тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп жазба әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді: 1. Діндар дәуір. 2. Ділмар дәуір. Діндар – діншіл деген мағынада, ділмар – тілшең деген мағынадағы сөздер.

Шығарма сөз өңді, ұнамды болу туралы талғаудың қоятын жалпы шарттары мынау:

1. Сөз дұрыстығы 2. Тіл тазалығы 3. Тіл (лұғат) анықтығы:Тіл дәлдігі, Тіл көрнектілігі

Қара сөз: 1.Әуезе 2.Әліптеу 3.Байымдама. Бір адамды сөз қылуға алсақ, не ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз. Я тұлға, тұрпатын, кескінін, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз, я болмаса ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы, жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, пайымдап сөйлейміз. Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не пайымдама болып шығады.

Дарынды сөз: 1.Әуезе 2.Толғау 3.Айтыс. Ақындықтан шыққан сөзді, яғни көркем лебізді шығармаларды, үлгілі жұрттар айтылуына қарап, үшке бөледі: 1) әуезеленіп айтылуына қарай, 2) толғанып айтылуына қарай, 3) ғамалдап айтылуына қарай.

Дарынды сөз: Ауызша, Жазбаша

Ауыз әдебиеті: 1. Сауықтама. 2.Сарындама

1.Сауықтама: 1) Ермектеме (ертегі, ертегісімек, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш) 2)Зауықтама (ертегі жыр, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, үміт өлең, толғау, терме)

2.Сарындама: 1)Салт сөзі (мысал, ділмар сөз, тақпақ, мақал, мәтел); 2) Ғұрыа сөз (тойбастарғ жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата) 3)Қалып сөзі (жын шақыру, құрт шақыру, дерт жою, бесік жыры)

Жазу әдебиеті: 1.Діндар дәуіп (қисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау) 2.Ділмар дәуір (тілшең)

Сындар дәуір (сын арқылы әдебиеттің дамыған кезеңі)