- •1. Қазақ әдеби сыны тарихының зерттелуі.
- •2. Сын жанрлары (проблемалық мақала).
- •3.Қазіргі қазақ әдеби сынының басым бағыттары
- •4.Қазақ әдебиеті сынының көркемдік бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •5.Көне түркі дәуірі әдебиетіндегі сыншылдық-эстетикалық таным
- •6.Шоқан Уалиханов және әлемдік классикалық филология
- •7.Қазақ ағартушылығының тарихындағы маңызы
- •8.А.Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттану ғылымы
- •10.Баспасөз және әдеби сын
- •9.1960-Жылдардағы әдеби сын. Алпыскерлер толқыны
- •11.Әдеби сындағы Абайтану ілімі
- •12.Хх ғасыр басында Алаш ұранды сөз өнері және қазақ әдеби сыны
- •13.Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы"
- •14."Алқа". Өнер эстетикасы мен қаламгер бостандығы
- •15.Коммунистік идеология және әдеби сындағы тұрпайы социалогизм
- •16. Сын жанрларының қалыптасу жолдары
- •18.1970-Жылдардағы әдеби сын
- •19."Алаш ұрынды" сөз өнері зерлерінің әбеби сын табиғаты туралы көзқарастар
- •20. 1920 Жылдардағы қызыл террор және әдеби сындағы қате теориялар салқыны.
- •21. «Жылымық» жылдарындағы әдеби сын сипаты.
- •22."Дала уалаяты" газетіндегі әдеби мұраны игеру және көркем сын мәселелері
- •23.1930-Жалдардағы әдеби сын және сталинизм зардаптары
- •24.1990 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі және тоталитарлық жүйе күйреуі
- •25. "Абай" журналындағы әдеби сын мәселелері
- •29.1940 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі
- •30.Әдебиет тарихын дәуірлеу және сыншылдық-эстетикалық таным
- •31. Алпыскерлер және 1960 жылдардағы әдеби сын болмысы.
- •32. Әдеби сын және әдеби мұраны игеру мәселелері
- •33.Қазақ әдеби сыны тарихы, ғылыми негіздері мен жанрлық зерттелуі
- •34.Әдеби сын бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •35.Жыраулар поэзиясындағы көшпелілер эстетикасы
- •36.Әдеби сын және эстетикалық категориялар
- •37. "Айқап" журналындағы қазақ әдеби сынының мәселелері
- •38.ҚазАпп және әдеби сындағы қате теориялар табиғаты
- •39.Халық мұрасын зерттеудегі партиялық қаулы-қарарлар
- •40.Әдебиет пен өнер бойынша 1950 жылдары қабылданған партиялық қаулы-қарарлар
- •41.Әдеби мұраны игеру тақырыбындағы 1959 жылғы конференцияның маңызы
- •42.1980 Жырдардағы көркемдік даму және әдеби сын
- •43.Әдеби сынның ғылыми негіздері, жанрлық жүйесі
- •44.Алаш қайраткерлерінің ұстанымдары (Алқа)
- •45.Әдеби сын үрдісі және сыншы шеберлігі
- •46.1970 Жылдардағы көркемдік даму үрдісі және қазақ әдеби сыны
- •47.Әдеби сындағы полемикалық мақалалар
- •48.Социалистік реализм әдебиетіне қазіргі көзқарас
- •49.Әдеби сынның ғылыми қағидаттары
- •50.Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолдары
- •51.Ххі ғасырдағы көркемдік даму және әдебмет сыны
- •54."Қазақ" газеті және әдеби сын эстетикасы
29.1940 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі
Абайдың әдеби мұрасын зерттеуде, оны халықтық мұра ретінде жұртшылыққа танытуда С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Жұбанов, Қажым Жұмалиев, Әлкей Марғұлан сияқты ғалымдардың еңбегі Абай мұрасын танып-білудің жаңа қырларын байқатып, ол мұраны бағалау жолындағы түбірлі өзгерістерді аңғартты. 1939-1940 жылдары М. Әуезов тарапынан екінші рет толықтырылып қайта басылған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының бастырылуы да жоғарғы талаптарға іспен жауап беруің нақтылы қадамдарының бірі болып табылды.
30.Әдебиет тарихын дәуірлеу және сыншылдық-эстетикалық таным
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең – қазақ әдебиет сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең – қазақ әдебиеті сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең – қазақ әдебиет сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938-1985 жылдар аралығы.
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының өсіп өркендеуінің соңғы екі кезеңі пәлендей дау туғызбайды. Ал бірінші кезең, яғни қазан төңкерісіне дейін қазақ әдебиет сынының туу дәуірі жайлы әр қилы сиырқұйымшақ ой-пікірлер бар.
Сынның жазба әдебиетке тән жанр екені, онымен үзеңгі қағыса тарихи-эстетикалық сахнаға шығатыны, көркем әдебиеттің бүгінгісіне назар аударып, келешегіне барлау жасайтыны, алынбаған шеберлік қамалдарын нұсқайтыны, қалың жұртшылыққа әдебиеттің мәнін түсіндіретіні, насихаттайтыны теориялық тұрғыдан анық тұжырымдалған шындықтар.
31. Алпыскерлер және 1960 жылдардағы әдеби сын болмысы.
Әдеби сынның өзіндік ерекшелігінің болғандығы. Партиялық принципке негізделген социализм әдісінің күшеюі.Сын жанрында халықтық негіздің іске асырылуы,кәсіби деңгейі жоғары сыншылар тобы қалыптасты,Әуезов, Қабдолов, Ысмайылов «Сын мен шығарма», Жұмалиев, Қаратаев, Мүсірепов,Нұртазин, Кенжебаев, Нұрмаханов, Нұрхатов ... Алты томды «Қазақ әдебиетінің тарихының »жасалғандығы.
«Жұлдыз», «Жалын » альманағындағы сын мақалалар, КПСС Орталық Комитетінің 1972 жылғы «Әдеби көркем сын туралы»тарихи қаулысының шығуы, «Простордағы»Айтматовтың «Ұстаз туралы сөзі», әдеби сын туралы «Жұлдыздағы»Қаратаев,Р.Бердібаев мақалалары, С.Қирабаевтың екі томдық сын
жинағы,Ш.Елеукенов «Қазақ прозасындағы бүгінгі күн мен дәстүр», «Психологиялық талдау өнері». «Уақыт және қаламгер»әдеби сын мақалалар жинағының шығуы. Сынның ғылыми сипат алғандығы. С. Қирабаев, М. Қаратаев, Ә. Нарымбетов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, М. Дүйсенов –сыр сарбаздарының еңбектері.
32. Әдеби сын және әдеби мұраны игеру мәселелері
Әдеби мұраны игеру барысындағы өзекті мәселе –қазақтың ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің халықтық сипатын ашу және Абай шығармаларының шын сырын түсіну - жеке ақындық творчестволық игерудің кілті. Халықтың ауыз әдебиетінің жинау, зерттеу қажеттілігінің айқындалуы, қате қисындарға соққы берілуі. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» атты еңбегінің фольклорға арналуы, С.Сейфуллиннің қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, пайдалану жөніндегі ашық хаты - халықтық творчествоны игеру процесінің басталғандығы. С.Сейфулиннің «Ескі әдебиет нұсқалары» мен «Батырлар жыры» жинақтарын шығаруы, 1932 жылы жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқулық-хрестоматия шығаруы кейінгі зерттеулерге өзек болуы. Ауыз әдебиеті үлгілерінің мектептік хрестоматиялар мен оқулықтардың арқау болуы, оқытылуы, батырлар жыры, лиро-эпостар, дастандар, айтыс, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жинағының жариялануы, олардың ғылыми жүйемен зерттеле бастауы. «Бірыңғай ағым» теориясының зиянды ықпалы, қазақ эпосы фольклорын зерттеудегі кемшіліктер. 1953 жылғы ғылыми-теориялар конференцияда проблемаларына арналған конференцияда бұл қателіктердің сыры ашылып, оңтайлы жолға түсуі. Ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеудің ғылымыи жүйесінің жасалуы – қазақ әдебиет сынының қалыптасқандығының көрінісі. Әдеби мұраны игерудің ең күрделі және мәнді саласы – жеке ақын-жазушылар творчествосын тану, зерттеу. Абай творчествосының идеялық бағытын анықтауға пролеткульт теориясының жасаған зиянды ықпалы, Қаз АПП басшыларының теориялық ой-пікіріндегі қате-кемшіліктер. Абайдың ақындық өнерін таныған Ахмет, Мұхтар толғамдары, Сәкен, Сәбит; Ілияс, Ғаббастардың пікірлеріндегі қайшылықтар мен қателіктер. Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің ерен еңбегі және артық-кем пікірлері. Ә.Сағдидің (1923), Б.Кенжебаевтың (1925), Ы.Мұстамбаевтың (1927), І.Қабыловтың (1928), С.Мұқановтың (1932), І.Жансүгіровтың (1933) Абай туралы мақалалары мен ой-пікірлері. Абай творчествосының халықтық сипатын мойындау процесінің басталуы, Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толуын 1934 жылы атап өту және «Әдебиет майданы» журналының қос санының Абай творчествосына арналуы – Абай творчествосын ғылыми жүйеде зерттеудің басталуы. Ғаббас Тоғжановтың «Абай» (1935) атты монографиялық очеркі, оның социлологиялық-эстетикалық талдауындағы орынды һәм орынсыз пікірлер. 1939 жылы Абай шығармаларының екі томдығының жариялануы, оған жазған алғы сөзде С.Мұқановтың «Абай-халық ақыны» екендігін дәлелдеуі. Әдебиеттік жаңа деректердің мол жинала бастауы. Е.Ысмайылов пен Қ.Бекқожиннің 1940 жылы «Абай» атты сын библиографиялық материалдар көрсеткішін жариялауы. М.Әуезовтің Абай өмірін көркем шығармаға арқау етуі - абайтану ілімінің жан-жақты өркендеуге ден қойғандығының белгісі. Абай творчествосының ғылыми тұрғыда зерттеліп, танылуы – сыншылық ойдың үлкен жемісі, сонымен қатар жеке ақын-ажзушылардың шығармаларын кең көлемде зерттеу, сонымен қатар жеке ақын-жазушылардың шығармаларын кең көлемде зерттеу, әдебиет тарихынан орын беру бағытының дәйекті айқындалуы. Сұлтанмахмұт, Ақмолла, Ыбырай Алтынсарин, М.Өтемісов, Шортанбай, Дулат, Шәңгерей Бөкеев, Н.Орманбетов жинақтарының жарық көруі – қазақ әдебиеті тарихын жасау жолындағы қадамдар. Әдеби мұраны ғылыми негізде игеріп, зерттеу ісінің басталуы қазақ әдебиет сынының жанрлық қалыптасуының үлкен көрінісі және оның көлемді зерттеу жұымысына ден қоюы -әдебиеттану ғылымының туып келе жатқандығының белгісі.
