- •1. Қазақ әдеби сыны тарихының зерттелуі.
- •2. Сын жанрлары (проблемалық мақала).
- •3.Қазіргі қазақ әдеби сынының басым бағыттары
- •4.Қазақ әдебиеті сынының көркемдік бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •5.Көне түркі дәуірі әдебиетіндегі сыншылдық-эстетикалық таным
- •6.Шоқан Уалиханов және әлемдік классикалық филология
- •7.Қазақ ағартушылығының тарихындағы маңызы
- •8.А.Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттану ғылымы
- •10.Баспасөз және әдеби сын
- •9.1960-Жылдардағы әдеби сын. Алпыскерлер толқыны
- •11.Әдеби сындағы Абайтану ілімі
- •12.Хх ғасыр басында Алаш ұранды сөз өнері және қазақ әдеби сыны
- •13.Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы"
- •14."Алқа". Өнер эстетикасы мен қаламгер бостандығы
- •15.Коммунистік идеология және әдеби сындағы тұрпайы социалогизм
- •16. Сын жанрларының қалыптасу жолдары
- •18.1970-Жылдардағы әдеби сын
- •19."Алаш ұрынды" сөз өнері зерлерінің әбеби сын табиғаты туралы көзқарастар
- •20. 1920 Жылдардағы қызыл террор және әдеби сындағы қате теориялар салқыны.
- •21. «Жылымық» жылдарындағы әдеби сын сипаты.
- •22."Дала уалаяты" газетіндегі әдеби мұраны игеру және көркем сын мәселелері
- •23.1930-Жалдардағы әдеби сын және сталинизм зардаптары
- •24.1990 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі және тоталитарлық жүйе күйреуі
- •25. "Абай" журналындағы әдеби сын мәселелері
- •29.1940 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі
- •30.Әдебиет тарихын дәуірлеу және сыншылдық-эстетикалық таным
- •31. Алпыскерлер және 1960 жылдардағы әдеби сын болмысы.
- •32. Әдеби сын және әдеби мұраны игеру мәселелері
- •33.Қазақ әдеби сыны тарихы, ғылыми негіздері мен жанрлық зерттелуі
- •34.Әдеби сын бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •35.Жыраулар поэзиясындағы көшпелілер эстетикасы
- •36.Әдеби сын және эстетикалық категориялар
- •37. "Айқап" журналындағы қазақ әдеби сынының мәселелері
- •38.ҚазАпп және әдеби сындағы қате теориялар табиғаты
- •39.Халық мұрасын зерттеудегі партиялық қаулы-қарарлар
- •40.Әдебиет пен өнер бойынша 1950 жылдары қабылданған партиялық қаулы-қарарлар
- •41.Әдеби мұраны игеру тақырыбындағы 1959 жылғы конференцияның маңызы
- •42.1980 Жырдардағы көркемдік даму және әдеби сын
- •43.Әдеби сынның ғылыми негіздері, жанрлық жүйесі
- •44.Алаш қайраткерлерінің ұстанымдары (Алқа)
- •45.Әдеби сын үрдісі және сыншы шеберлігі
- •46.1970 Жылдардағы көркемдік даму үрдісі және қазақ әдеби сыны
- •47.Әдеби сындағы полемикалық мақалалар
- •48.Социалистік реализм әдебиетіне қазіргі көзқарас
- •49.Әдеби сынның ғылыми қағидаттары
- •50.Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолдары
- •51.Ххі ғасырдағы көркемдік даму және әдебмет сыны
- •54."Қазақ" газеті және әдеби сын эстетикасы
4.Қазақ әдебиеті сынының көркемдік бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
Көркем әдебиет жанрлары бірден қалыптаспайды, оның элементтері таным бесігінде ұзақ тербетіледі. Ұсақтан іріге, майдадан күрделіге ұмтылу барысында әр түрлі арналардан нәр алады, қоғамдық-әлеуметтік және эстетикалық ой-пікірлердің оянуына, өсіп-жетілуіне жағдай жасалады. Сын — жазба әдебиетке тән және кенжелеп туатын жанр. Сын элементтерінің халықтық эстетикадан көрінуі, ауыз әдебиеті үлгілерінің молдығы, оның ғасырдан ғасырға мұра болып сақталуы, халықтық түсінік-талғам жасауы. Халықтық эстетиканың негізі — әсемдікті танып-білу, сұлулықты қастерлеу, ажарсыз бен келісізді мінеу, жақсылықты дәріптеп, жаиандықпен күресу. Ол жайында ой-тілек білдіргенімен, эстетикалық талдау жасамайтындығы. Халықтық эстетика элементтері халықтың ауыз әдебиеті үлгілерінде, әсіресе юмор мен сатиралық нұсқаларда жиі кедесуі. Сыншылық ой-пікірдің мол арнасы — ақындар айтысы. Әдеби сын элементтерінің әсері, өнерге қойылар халықтық талап-тілектің айқындалуы. Әдебиет сынының түп-төркіні өнер атаулыны тудырған, оны сұлулықтың сырлы бесігіне бөлеп әлдилеген, өркендеткен халықтық эстетикада жатыр. Қазақ әдеби сынының тарихы әріден, түп-тамырынан бастап зерттеген «Сын сапарында» халықтық эстетика жеке тарауда арнайы қарастырылған. Әдеби сынның дамуы көркем әдебиеттің дамуымен тікелей байланысты. ХХ ғасырдың басында дами бастаған қазақтың профессионалды жазба әдебиеті сыни ой-пікірлердің жандана түсуіне объективті алғышарттар жасады. Басылып шығып жатқан жаңа кітаптар жайлы пікір білдірген материалдар баспасөз бетінде жиілей түсті. Зерттеуші оларды құрылымдық, мазмұндық, мақсаттық ерекшеліктеріне қарай дәйектеме сын, жарнама сын, аннотация, оқушы хаты, рецензия, айтыс мақала, публицистикалық сын, проблемалық мақала, шолу, ғұмырнама, баяндама, сын мақала, зерттеу мақала сияқты жанрлық-формалық түрлерге жіктейді.
5.Көне түркі дәуірі әдебиетіндегі сыншылдық-эстетикалық таным
6-9-шы ғасырлар – бүкіл түркі әдебиетінің тарихи- эстетикалық арнаға шығуы, өзіндік дәстүр қалыптастырған дәуірі. Орхон-Енисей ескерткіштерінің эпостық сипаты және олардың поэзиясын тудырудағы тарихи рөлі. Көне түрік дүниесі мен мәдениетінің тоғысуы, әлеуметтік, ғылыми-эстетикалық салдары. Отырардың шыққан әл-Фарабидің әлемдік екінші ұстазына айналуы. «Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру», «Сөз ғылымын классификациялау», «Музыканың ұлы кітабы», «Өлең өнерінің қағидалары», «Өлең мен ұйқас» т.б. шығармалары. Фарабидің әдебиеттану ғылымы жүйесімен тұжырымдаған ой-пікірлер бүгінгі таным-білікке әсері және ұласу жайлары. Әл-Фарабидің ақындық, сазгерлік және ғалымдық айналасы, олардың түрік, сөз өнеріне жасаған ықпалы және қазақ әдебиетіне қатынасы. Түрік тілінің тұңғыш поэтикалық ұлы ескерткіші- «Құдадғу білік», оның авторы жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның «Құтты білікке» өлеңмен және қарасөзбен жзған алғысөзі, оның сыни танымға қатысы. Әділ-Дәулет-Қанағат ұғымдарының мәні және олардың баламасы. Өлең сөздің қасиеті туралы ойлар. М.Қашқари – түрік лұғатшысы әрі поэзиялық інжу-маржандарды жинаушы. «Жаз бен қыстың айтысы» 1985 жыл жинағындағы нұсқалар. Суфизмнің идеялық және поэтикалық негізін қалаушылардың бірі, әдебиетінің классигі Қожа Ахмет Иассауи және оның «Диуани хикмет» Адамгершілікті ардақтау, даналыққа бас ию, шешендікті қадірлеу, әділдікті насихаттау, қанағатшылдықты пір тұту, тахуалық тәрбие негізі болумен қатар рухани таным-білікті қалыптастыруы. Насреддин Рабғузи, Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан жалғастық Ахмет Иүгінеки, Сайф Сарай, Хорезми, Күли Гали, Лутф көркем туындылары, Захаридден Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жаларидің тарихи еңбектерінің танымдық сипаттары. Қазақ хандығы тұсындағы ұлы жыраулар мен ойшылдарының толғамдарының мәні. Мағыналы шешендік сөздердің мемлекеттік ден көтерілуі, қоғамдық және эстетикалық сананың бұлағына айналуы.
