- •38. Марксизмнің пайда болуының қоғамдық-тарихи және жаратылыстанулық алғышарты.
- •40. К.Маркстің тарихтың материалистік түсінігі. Қоғамдық-экономикалық формация түсінігі.
- •42 Қазіргі заманғы батысеуропалық философиядағы негізгі бағыттар. (қысқаша сипаттама).
- •46. Қазақтардың ертетүрік және ортағасырлық мәдениеттегі философиялық идеялары. (м.Қашғари, Әл-Фараби, ж.Баласағұн, Қорқыт-Ата, Асан-Қайғы және т.Б.).
- •48. 19 Ғ. Қазақстандағы қоғамдық-саяси және философиялық ойлар.
- •51. Абай Құнанбаевтың ағартушылық және демократиялық көзқарастарының қалыптасуы.
- •52. Абай шығармаларындағы философиялық және әлеуметтік-этикалық ойлар.
- •54Адамның әлемдегі орыны және адам әлемі: экзистенциализм, персонализм, философиялық антропология.
- •57. Философиядағы субстанцияның мәні. Монизм, дуализм, плюрализм
- •59. Қозғалыс ұғымы. Қозғалыс және даму. Қозғалыстың негізгі формалары.
- •61.Диалектика барлық байланыс пен өзгеріс, даму туралы ілім ретінде. Диал-ң альтернативтері: софистика, эклектика, метафизика.
- •62.Болмыстың диалектика категорияларында көрінуі. Жалқылық пен жалпылық, құбылыс пен мән.
52. Абай шығармаларындағы философиялық және әлеуметтік-этикалық ойлар.
Абай Құнанбаевтың ф-қ ойлары терең және жан-жақты.А-ң пік-ше,құдай әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты,сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды Таным, А-ң пік-ше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты мен жанының бірден-бір қажеттілігі;әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек.
53.19-20 ғ.ғ. шетелдік философиядағы зерде мен ғылымға деген көзқарас
54Адамның әлемдегі орыны және адам әлемі: экзистенциализм, персонализм, философиялық антропология.
Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы -“адам дегеніміз не” мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтайды. Ол адамды барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді. Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде орын алған. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияның басқа да көптеген ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философияда, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани - тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым. Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Персонализм - XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы американдық буржуазиялық философияда кең таралған діни-идеалистік ағым.[1] Жеке адамды алғашқы шығармашылық күш, ал бүкіл дүние Құдайдың жаратушылық пәрменділігінің көрінісі деп таниды. Экзистенциализм (тіршілік философиясы) – бурж. Интеллигенцияның көзқарасына сай келетін жаңа дүниетаным жасау әрекеті ретінде 20 ғ-да пайда болып,40 – 60ж-дары кеңінен етек алған батыс елдері философиясындағы иррационалистік бағыт. Э.- Ағарту дәуірінің және нем. классификациялық философиясының рационализміне және 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде көп тараған кантшылдық ой философияға қайтарылған жауап болды.
Ф-қ антропология адам ту-ы ғылым-ң дамуына ф-да айтарлықтай жалғастырушылары болмады.Б!рак олар-ң нег-і ид-ы қаз-і замандағы қоғ-ң санасында із қалдырғандығына күмән келтірмейміз.Экзистенциализм – антропологиялық бағыттағы мектептердің ең беделдісі. Э-ң нег-і Ұғымы - экзистенция.Э-я- тұлғаның ішкі рухани тіршілігі,оның терең нег-і.Бірақ,а-м-р күнделікті күйбің тіршілікпен алданып оған мән бермейді.Тұлғаның жасырын қасиеттері қиын-қыстау жағдайда, ө-р мен өлім қыспағында қалғанда ашылады. Адам еркін ал еркіндік деп э-яны айтамыз.Ерк-к адамның басына түскен ауыртпалық.
55. 20 ғ-21 ғ. басындағы негізгі философиялық бағыттар
Феноменология – бұл философиялық бағыт, сірескен натурализмнен философиялық сананы азат ете отырып, рефлексивтік сананың өзіңдік әрекеті мен ондағы мазмұндардың төркіні туралы философияның өрісін кеңейтіп, танымның негізгі көзін адамзаттың өмір сүруі мен мәдениетінен іздейді. Бұл бағыт өз бастамасын неміс философы Э.Гуссерльден (1859-1938) алады. Оның түсінігінше феноменология жаңа, қатаң философиялық ғылым ретінде яғни таза мән күйіндегі әлемді идеалды болмыс ретінде бейнелейтін сана феномені, сананы жекеленген нақты эмпирикалық мазмұндарынан тазартуға мүмкіндік беретін өз өзіне аян логикалық принцип. Бұл көп сатылы “феноменологиялық редукция” методының көмегімен жүзеге асып, нәтижесінде керек емесін тысқары тастап немесе “жақша ішіне алып” барлық қоршаған әлемді, барлық өмір сүруші көзқарасты, ғылыми теорияларды және зерттелудің пәніне айналып, отырған өмір сүру жөніндегі сұрақтың өзін қоса қарастырады.
Позитивизм – бұл принципке негізделген, яғни барлығы шынайы дейтін философиялық бағыт. Позитивтік білім жеке арнайы ғылымның және олардың синтетикалық бірігуінің жемісінен келіп тууы мүмкін, сонымен қатар философия ерекше ғылым ретінде ақиқатты өз бетімен іздеуді ұсынуға, ешқандай құқығы жоқ.
Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде жүйелендіру болып табылады.
Позитивизмнің екінші тарихи формасы — эмпириокритицизм – шетелде Х1Х-ХХ ғасырда пайда болды. Оның алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия физигі Э.Мах (1838-1916ж.) және швейцар философы Р.Авенариус (1843-1896ж.) “Бірінші позитивизмнен” “екінші позитивизмнің” ерекшелігі ғылымның басын таным теориясына тіреп таным процесінің теориялық моделін құрастыруға тырысты. Эмпириокритицизм “әдісті сынау” дегенді білдіріп және метафизикалық табиғатты иеленген әдісті барлық жағдайларынан “тазартуды” ұсынды. Мах бойынша, әдіс, “әлемнің элементі” болып саналатын түйсіктен тұрады деді.
Позитивизмнің үшінші тарихи формасы неопозитивизм – ХХ ғасырдағы философия бағыты болып саналады. Философиялық-методологиялық актуальды мәселелерді шешуді және талдауды ұсынып, қазіргі ғылымдардың дамуымен қатар алға жылжыды: ғылыми ойланудың таңбалық құралын атқаруға, ғылымның теоретикалық аппараты мен эмпирикалық базисінің қатынастарын арттыруға, білімнің формалдануы мен математикалануының табиғаты мен функцияларында көріне бастады. Неопозитивизм ошақтары Х1Х ғасырдың 20-жылдарында бір сәтте Австрияда, Англияда, Польшада пайда болды. Олардың көрнекті өкілдері: М.Шлик, Р.Карнап, Г.Рейхенбах, Л.Витгенштейн. “Үшінші позитивизмнің” өкілдері философияның не қандайда бір ақиқат жөніндегі, не таным теориясы жөніндегі ғылым еместігін айтады. Философия – табиғи және жасанды тілдерді логикалық талдаумен байланысты қызметтің ерекше түрі. Сондықтанда непозитивизмнің бірінші варианты логикалық позитивизм деген атқа ие болды.
Прагматизм – бұл қазіргі философияның ағымы, өкілдері білімнің практикалық пайдалылығында қауіптің негізі жатқандығын айтып, адамзаттың бұл мәселесін шешуге тек фиософияның ғана шамасы келетіндігін айтады. Бұл бағыттың негізгі өкілдері американ философтары: Ч.Пирс (1839-1914), Ч.Джемс(1862-1910), Дж. Дьюи (1859-1952).
Прагматизмнің негізгі идеяларын бірінші айтушы Пирс, интуитивтік таным мен туа бітті идеяны теріске шығарды. Оның айтуынша таным көруге мүмкіншілік болған жағдайда ғана орын алады. Объект туралы ұғымға осы объектінің әрекетінен туындап отырған барлық тәжірибенің салдарын қарастыру арқылы жетуге болады.
Постпозитивизм. ХХ ғасырдың 50-жылдарының аяғы 60-жылдарының басында неопозитивизм философиялық бағыт ретінде ғылыми зерттелуден тысқары қала бастады. Оның орнына “төртінші позитивизм” немесе постпозитивизм, яғни философия мәселесін қайта қарап, оның ғылымдағы, қоғамдағы және ғылыми зерттеулердің методындағы ролін анықтай бастады. Оның ең ірі өкілдерінің қатарына К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун жатады.
Постпозитивизмнің басты мәселесі ғылыми білімнің динамикасы мен дамуы. Оны алдымен жаңа теориялардың пайда болуы, оларды ойшылдардың бірлесе отырып қабылдауы, бәсекеге түскен ғылыми концепциялардың салыстырылуы мен таңдалу критерилері, жалпы ғылыми білімнің әлеуметтік-мәдени детерминациясы қызықтырады.
Сыни рационализм – бұл қазіргі философиядағы қандайда бір “таза” рационалистік моделді өндеп шығарумен айналысатын, барлық уақытта да барығына сенімділік танытатын бағыт. Ол постпозитивизмдегі ең ірі ағымдардың бірі бола отырып, ғылыми танымның методологиялық мәселесін өңдеуге өз үлесін қосады. Оның негізін салушы ағылшын философы К.Поппер (1902-1988ж.). Ғылыми білімнің табиғаты тұтас болып келеді, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ғылыми білімдермен философиялық концепциялар өте тағы “қабыса” отырып және өзара байланыста болады.
Неокантианство – Х1Х ғасырдың соңғы үшінші ширегі мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде орын алған философиялық бағыт, яғни оның өкілдерінің шешпек болған философиялық проблемаларының өзегі сонау классикалық неміс философиясының алғашқы өкілі И.Кант философиясын талдаудан келіп шығады.
56. Болмыс категориясы, оның мәні мен пәні. Болмыстың негізгі формалары. Адам болмысы. Онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос - ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы. Болмыс ‑ санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. «Болмыс» категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндер ‑ ақ дүниеге әкеліп, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндері‑ақ дүниеге әкеліп, оның көптеген ілімдеріне негіз болды. Адам болмысы екіге бөлінеді: 1)Рухани болмыс - сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет - тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады. Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. 2) Әлеуметтік болмыс - екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс - ол жалпы ұғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстылығын байқаймыз.
Болмыс ф-ғы ең көне,дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік деген.Ол белгілі заңдыл-ға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе - болмыс. 1шден, табиғат болмысы,2-н тірі жан-адам болмысы.Табиғат дамуының жемісі,жеңісі бола отрп, а-м өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі.Гетеның әр а-м бұл фәниден аттанғанда,онымен бірге букіл адамзат тарихы да өледі дегенініқ мәні осыда болса керек.,3қоғамдықболмыс.4-нруханилық әлемі
